Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы


жасқа дейінгі баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы



бет5/9
Дата16.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#139722
1   2   3   4   5   6   7   8   9

18 жасқа дейінгі баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы
тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
№ ______ хабарлама

                                           20__ ж. ____________ «___»

Азамат ______________________________________________________________
                (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш берген күні 20__ ж. «___» ___________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (себептерін көрсету)
байланысты 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік
жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартылды.

Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған


______________________________      _________________________________
  (жауапты тұлғаның лауазымы)                   (Т.А.Ә.)

Балалы отбасыларға берілетін


мемлекеттік жәрдемақыларды 
тағайындау және төлеу ережесіне
21-қосымша         

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттік
жәрдемақыны тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін тіркеу
журналы

Р/с


Тіркеу нөмірі

Өтінішті қабылдау күні

Т.А.Ә.

Мекенжайы

Балалар саны

Учаскелік комиссияға беру күні

Учаскелік комиссияның қорытынды қабылдау күні




Уәкілетті органның тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімінің күні

Тағайындау кезеңі

Сомасы

Ескертпе

Балалы отбасыларға берілетін
мемлекеттік жәрдемақыларды 
тағайындау және төлеу ережесіне
22-қосымша         

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау немесе бас тарту туралы
№ ______ хабарлама

                                        20__ ж. _______________ «___»

      18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мынаны хабарлайды

Өтініш берушінің Т.А.Ә. _____________________________________________


Өтініш берушінің туған күні ______ ж. _______________ «___»
Құжаттарды қайтарған күн 20__ ж. ____________________ «___»

      18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы


тағайындалды.
_____________________________________________________________________
                         (себебін көрсету)
_____________________________________ себебі бойынша 18 жасқа дейінгі
балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды.
_____________________________________________________________________

      18 жасқа дейінгі баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы


тағайындау жөніндегі уәкілетті органның жауапты тұлғасының ЭЦҚ-мен
куәландырылған
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы және Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы 


Yкiметiнiң      
2005 жылғы 2 қарашадағы
N 1092 қаулысымен  
бекiтiлген     

Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу ережесi

      Осы Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы) алуға үмiткер отбасылардың жиынтық табысын есептеу тәртiбiн белгiлейдi.



1. Жиынтық табысты есептеу тәртiбi

      1. Отбасының жиынтық табысын балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган есептейдi.

      2. Жиынтық табысқа осы Ереженiң 2-бөлiмiне сәйкес отбасы құрамында есепке алынған барлық адамдардың балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) табысы қосылады.
      Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген отбасы мүшесiнiң табысы келген күнiнен бастап есепке алынады. Есептi кезеңде отбасының мүшесi кеткен кезде отбасының жиынтық табысы кеткен күнiнен бастап отбасының кеткен мүшесiне келетiн орта есеппен жан басына шаққандағы табыс шегерiле отырып есептеледi.

      3. Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы есептi кезеңдегi жиынтық табысты көрсетiлген кезеңдегi айлардың санына және отбасы мүшелерiнiң санына бөлу жолымен есептеледi.

      4. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.

      5. Өтiнiш берушi тексеру жүргiзуге уәкiлеттi органдар анықтаған табысы туралы толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтер ұсынған жағдайда, жиынтық табысты есептеу жүргiзiлмейдi.


      Өтiнiш берушi балаларға арналған жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған табысы туралы толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтер ұсынған кезде, өтiнiш берушiге және оның отбасына балаларға арналған жәрдемақы төлемi тоқтатылады.

2. Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын
отбасының құрамы

      6. Жиынтық табысты есептеу кезiнде балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының құрамында мыналар есепке алынады:


      1) ата-аналар (асырап алушылар) мен олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалары;
      2) оқушылар мен күндiзгi оқу бөлiмiнiң 18 жасқа толмаған студенттерi, оның iшiнде стипендия алатындар (олардың ата-аналарымен (асырап алушылармен, қорғаншылармен (қамқоршылармен) бiрге тұруына немесе басқа елдi мекендерде оқып жүргенiне қарамастан);
      3) отбасында тұратын өгей ұлдар мен өгей қыздар, егер олар басқа ата-анасының отбасында есепке алынбаған болса;
      4) тұрақты медициналық және санаторийлiк-курорттық ұйымдарда емделiп жатқан балалар, сондай-ақ мектеп-интернаттарда ұстау үшiн ата-аналары (асырап алушылары, қорғаншылары (қамқоршылары) iшiнара ақы төлейтiн балалар.

      7. Жиынтық табысты есептеу кезiнде балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасы құрамында мыналар есепке алынбайды:


      1) ата-аналарының (асырап алушылардың) туыстары - еңбекке жарамды ата-аналары немесе зейнетақы алатын ата-аналары, атасы, әжесi, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және басқа да туыстары;
      2) ата-анасы оларға қатысты ата-аналық құқығынан айырылған балалар;
      3) 14 жастағы және одан жоғары жұмыс iстейтiн балалар;
      4) толық мемлекет қарауындағы балалар;
      5) меншiк нысанына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарында толық қамсыздандыру жағдайында ақы төлемей оқитындар;
      6) қорғаншының (асырап алушының) отбасында тәрбиеленушi балалар;
      7) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, оның iшiнде әскери-құрылыс жасақтарында қызмет өткерiп жүргендер.

      8. Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының құрамы жәрдемақы алуға өтiнiш берген сәтте есепке алынады.

      9. Қорғаншылығындағы балаларға жәрдемақы алуға жиынтық табысты есептеген кезде отбасының құрамында қорғаншылығындағы балалар ғана есепке алынады.

      10. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда, балалар анасының немесе әкесiнiң отбасында өздерiнiң нақты тұруына қарай есепке алынады.



3. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде
есепке алынатын табыс түрлерi

      11. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:


      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыс.

      12. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:


      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      3) тұрғын үй көмегi;
      4) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      5) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      6) есептi кезеңде белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнен төмен жалпы сомада көрсетiлген, ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
      Есептi кезеңде көрсетiлген қайырымдылық көмек ең төмен күнкөрiс деңгейiнен асып түскен жағдайда, көрсетiлген көмек сомасы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада есептi кезеңде қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейi арасындағы айырма жиынтық табыста есепке алынады;
      7) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, осы фактi анықталған тоқсандағы жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
      9) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      10) қорғаншылардың (қамқоршылардың) табысы (қорғаншы балаларға арналған жәрдемақы тағайындаған кезде);
      11) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      12) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      13) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      дәрілiк препараттар;
      санаторийлiк-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
      тегiн тамақтандыру мен бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру туралы заңнамаға сәйкес көрсетiлетiн көмек;
      15) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi заңнамалық кесiмдермен оралмандарға:
      тұрақты тұратын жерiне жол жүру және мүлкiн жеткiзу (оның iшiнде малын) жөнiндегi шығыстарды өтеуге;
      келген жерiнде тұрғын үй сатып алуға және бiржолғы жәрдемақы төлеуге көзделген қаражат.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

4. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, еңбекақы,
әлеуметтiк төлемдер түрінде алынған табыс

      13. Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының мынадай (осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:


      1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
      жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
      сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
      жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;
      жұмыс берушi төлеген кредит сомасы. Көрсетiлген төлемдер кредиттi өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;
      2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
      үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
      қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
      жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
      1, 2-топтағы жалғызiлiктi, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;
      жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;
      заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес берiлетiн, осы Ереженiң 12-тармағының 14) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
      осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.

      14. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.

      15. Есептi кезеңнен асып түсетiн кезеңнiң табысы бiр уақытта алынған кезде (оның iшiнде жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар, алимент және т.б. бойынша берешектер), алынған табыс сол табыс алынған айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
      Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердiгерлiк және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.

      16. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.

      17. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.

      18. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.


      Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк төлемдер түрiнде табыс алуы зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлiгiнiң көшiрмесiмен не Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлiмшелерi беретiн анықтамамен расталады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

5. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс

      19. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен:


      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған.
      Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.

      20. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.


      Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.

      21. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.

      22. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
      Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

6. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын,
балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс

      23. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.


      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.

      24. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.


      Жиынтық табыс, егер төлеушi:
      1) жұмыс iстемейтiн және уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген (анықтамасын ұсынған кезде);
      2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы сот орындаушысының немесе түзеу мекемесiнiң бас еркiнен айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңi көрсетiлген анықтамасын ұсынған кезде);
      3) туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), еңбекпен емдеу профилакторийiнде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (анықтамасын ұсынған кезде);
      4) Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiм жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен;
      5) құзыреттi органның анықтамасымен немесе учаскелiк комиссияның қорытындысымен расталған, спирттi iшiмдiктердi, есiрткi заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайда, алименттi есепке алмай есептеледi.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      25. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.

      26. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

7. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, жеке
қосалқы шаруашылықтан алынған табыс

      27. Жеке қосалқы шаруашылықты жүргiзуден алынған табыстың отбасының құрамында ескерiлген әрбiр мүшесiне келетiн үлесi балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

      28. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсiруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.

      29. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган қол қойған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.


      Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      30. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Ережеге 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшалардың негiзiнде есептейдi.


      Нормативтiк карточкаларда келтiрiлген орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын бағаларды жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып, түзете алады.
      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.

      31. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Ережеге 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.

      32. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
      Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
      Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.

      33. Осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.


      Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.

      34. Осы Ереженiң 33-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.

      35. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет