Балғабаева, Г. З



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата29.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#479133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1, 2017 

ВЕСТНИК КГПИ №1, 2017 
ISSN 2310-3353 ISSN 2310-3353
92 
тұрғаны айқын. Ежелгі түркі қоғамының әлеуметтік жүйесінде қаған (хан) әулетіне жататын 
ақсүйек тархандар, буруктар, ябғулар жаие шадтармен қатар халықтың қайнаған ортасынан 
шыққан бектердің де болғаны белгілі жағдай. 
Билер институты ХVІІ-ХVШ ғасырлардағы қазақ қоғамындағы өзіне ғана тән класси-
калық түріне келіп, қоғамда белгілі бір әлеуметтік құрылым болғанға дейін бірнеше сатыдан 
өтті. 
– Билер институтының құқықтық бастаулары сақтар дәуіріне сай келеді деп пайым-
даймыз. Яғни сақтар дәуіріндегі ру-тайпа жетекшілері, ақсақалдар қоғамдағы саяси-құқық-
тық қатынастарда үлкен де маңызды орын алды. Бұл кезеңде ру басылар, ақсақалдар сот ісін, 
ру ішіндегі әр түрлі шаруашылық істерді және де соғыс пен бітім жариялау мәселелерін қа-
растырып отырды. Уақыт өте келе, халық санының өсуі және қоғамдық қатынастардың жан -
дануы, шаруашылықтың ұлғаюы адамдар арасындагы келіспеушіліктің, даулардың кө-
бейуіне себеп болды. Мұндай жағдай осы дауларды басқа мәселелерден жеке дара алып қа-
рауды және онымен кәсіби түрде шұғылданатын адамдар болуын қажет етті. Бұл адамдар топ 
ішінде шешен сөйлей алатын және өзіне дейінгі дауларды шешуде қолданған әдет-ғұрыптар-
ды, әдістерді есінде сақтауға міндетті болды. Ал бұл өз институттарының нұсқасының жаса-
луының алғашқы түрі болып табылды. 
– Ежелгі түркілер дәуіріндегі VІ-ХІ ғасырлардағы Қарлұқ мемлекеті, Түргеш қағанды-
ғы, Қарахан мемлекеті тәрізді саяси бірлестіктердің әлеуметтік құрылымынан орын алған 
бектер мен билер қоғамдағы қаты-настарға біршама араласып қоғамда туындап тұратын дау-
ларды шешумен және де әскери қызметтермен айналысып отырды. Бұл билер институтының 
жеке құрылым ретінде біртіндеп дамып келе жатқан үлгісі болды. Белгілі зерттеуші Л. Гуми -
лев ежелгі түркі қоғамының әлеуметтік құрылымын зерттеу барысында бектерді әскербасы-
лар немесе ел басылар ретінде сипаттайды. Мұны негіздеуге көне түркі жазуларын дәлелге 
келтіреді: «turk bolcar budun», аударғанда «түрік бектерінің халқы» немесе «түркі бектері жә-
не халық» деп аударылады. Мұнда «бектер» мен «будын» үнемі қосақтала аталуы будынның 
қара халықты және қатардағы жауынгерлерді білдіретінін, ал бектерді әскербасылар құра-
мын құрайтындығы көрсетіледі», – деп жазды (В.В. Радлов, 1971, 60 б.). Осы сияқты А.Н. 
Бернштамда: «...Бег является основной фигурой в тюркском обществе, политической фигу-
рой. Буюрики и тарканы имеют в титуле приставку бег» (А.Н. Бернштам, 1946, 111 б.) дей 
келе ««Буюрук» этимологически она значит «тот, кому приказывает хан» как бы «приказ-
чик». Так назывались подчиненные хану, начальники отдельных отрядов, которым давались 
иногда и самостоятельные поручения, наместники хана и тому подобные люди. Возможно 
также, что буюруки были той частью бегства, которая служила своеобразными казиями 
(судьями), также в большинстве своем выходцами из господствующего класса» (А.Н. Берн-
штам, 1946, 111 б.),
 
– деген деректер келтіреді. 
– Түркілер дәуірінен кейін қазақ жерінде бірнеше ұсақ хандықтарға бөлінген ұлыстар-
дың басын біріктіріп, үлкен империя құрған Шыңғысханның кағандық дәуірінде билер 
институты біраз кемелдене түсті. Бұл дәуірде билер институтының көрнекті өкілдері Майқы 
би, Бәйдібек би сияқты тұлғалар айқындалды. 
Оған мысал ретінде қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түрікпен, татар халықтарының 
бас биі болған Майқы биді алсақ, жеткілікті. Ол кісі Шыңғысханның замандасы әрі оны ақ 
киізге отырғызып хан көтерген он екі бидің төбе биі болса керек. Бір ғажабы, осы Майқы би 
мен Шыңғысханның есімі тең аталып, мемлекет басқаруда бірінің ісін бірі толықтырып тұр-
ған. Дәлірек айтқанда, «Майқы би тек қана шешендік сөздің майталманы, білгір би, сот үкім-
кесімдеріне байланысты билік айтып қана қоймай, сонымен қатар ол сол дәуірдегі түркі 
тілдес халықтарының мемлекет басқару ісіне өлшеусіз үлес қосқан, саяси-мәселелерді түйін-
деп, шешімін шығара білген мемлекет қайраткері болды» (Л.Н. Гумилев, 1991, 6-17 б.). 
– ХІV-ХVІ ғасырларда халық ортасынан шыққан билердің беделі күшейе түсті. Өйт-
кені, әрқайсысы өз алдына хандық құрып, билік жүргізгісі келген төре тұқымдары, халықтың 
қайнаған ортасынан шыққан бектер мен билерсіз халықтың қолдауына ие болмайтынын жақ-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет