Балғабаева, Г. З



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата29.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#479133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1, 2017 

ВЕСТНИК КГПИ №1, 2017 
ISSN 2310-3353 ISSN 2310-3353
96 
никами центральной ханской власти и не пользовались делегированными ее полномочиями и 
не являлись в прямом смысле проводником интересов и политики хана. Их решениями нор-
мам обычаев придавали фактически сила обычно-правовых норм». Осы» (С.З. Зиманов, А.А. 
Атишев, 1996, 14 б.). көрсетілген мәліметтен байқайтынымыз, бидің билік шешімі жалпы 
әдет-ғұрып құқығының дамуына әсер етіп қана қоймай, сонымен катар, қазақ даласында құ-
қық түзудің бірден-бір нысанының қызметін атқарғанын көруге болады. Әрине, аталмыш 
шешімдердің мұндай мәнге ие болып, құқықтық дәрежеге көтерілуіне, сөйтіп ел жадында 
сақталуына оның айшықты да әсем сөзбен көркемделіп, кестеленгендігі сң соңғы рөл ойна-
мағандығы белгілі

Бірақ та осында бір назар аударарлық жайт, бұл – құқық жасау қасиетіне 
барлық билердің шешімдері иемдене бермегендігі. Ондай «аталы сөзді», «үлгілі сөзді», 
«үлгілі билікті» бойына срекше қасиет дарыған «азуы алты қарыс» арқалы және әділетті де 
данышпан билер ғана айта алған. 
Жалпы, билер институтының құқықтық қатынастардағы рөлін бағалай келе, олардың 
(билердің) сот қызметін жүргізген кездегі әділеттілігіне, данышпандығына, көрегендігіне 
және оған деген халық сенімінің шексіздігіне таң қалмасқа болмайды. Билер тек кана ел 
ішінде кездесіп отыратын дау-дамайларды шешіп қана қоймай, өз қызметінің аясында қоғам-
дағы қатынастың барлығына араласып отырған. Сонымен қатар, билердің ерте кезден бастап 
құқық түзу органының, яғни, қазіргі тілмен айтсақ, жоғарғы заң шығарушы орган-парламент-
тің міндетін атқарғанын да байқауға болады. 
Қазақ қоғамындағы үлгілі билік шешімдердің, аталы сөздің өзі-белгілі бір мәселеге 
(ел ішінде болып тұратын жер дауы, жесір дауы, қүн дауы, мал-мүлік дауы, ар-ождан дауы 
және тағы басқа да уақиғаларға) байланысты айтылатын кесек ой, тапқырлық шешім ауызша 
айтылып оны халық аталы, үлгілі сөз ретінде қабылдаған билік шешімдер. 
Қазақтың құқық жүйесінде билердің билік шешімдерінің қолданылу сипатына байла-
нысты олардың екі түрін ажыратып көрсетуге болады: 
– Қағидалық билік шешімдер; 
– Жарғылық (нақты) билік шешімдер.
Қағидалық сипаттағы билік шешімдер көбіне мақал-мәтел, айшықты афоризмдер кей-
пін иеленіп, белгілі бір істі шешуде басшылыққа алынып қағида сипатында көрінеді. Мұндай 
қағидалық билік шешімдер айтуға, есте сақтауға жеңіл болып келіп, халық арасында ауызша 
таралып сақталып отырған. 
Сондай-ақ, ел ішіндегі билерден мақал-мәтелге айналып кеткен: «жиғаның болмаса 
да, иманың болсын», «шыннан өзге құдай жоқ», «малым-жанымның садағасы, жаным-арым-
ның садағасы» деген құқықтық мәні бар айшықты афоризмдер мұра ретінде қалған. Мұндай 
адамгершілік қағидаларды кейінгі билер өздерінің істерінде, алдарына келген дауларды қара -
ғанда құқықтық принцип ретінде қатаң ұстанған. Осы қағидалардың негізінде даулы мәселе-
лерді шешіп отырған. 
Билік шешімдердің екінші түрі, бұл – жарғылық билік шешімдер. Жарғылық билік 
шешімдер, негізінен, бұл – билердің шығарған билік шешімдері қазақ әдеп-ғұрып құқығында 
өзінің көрінісін тауып, билермен ұқсас істерді шешкенде, ешбір өзгеріссіз дәл сол күйінде 
қолданылып отырған. 
Мәселен жас төл кезінде жоғалған жылқы малының өскеннен кейін табылып, сол 
бойынша дау шыққанда, оның кімдікі екенін анықтау үшін билер даугерлерді қойдың отары-
на жіберіп, он қой ұстап алып келуді жүктеген. Отардан он қой үсталынып әкелгеннен ксйін, 
дауласушыларга билер отардан әкелген қойларының қозысын тауып әкелуге жібереді. Кім 
қойдың қозысын дұрыс тауып телітсе, онда билер шешімді соның пайдасына шешетін бол-
ған. 
Тағы бір көңіл аударатын жағдай, бұл-жылқы малына байланысты дау туындағанда, 
яғни ұрланған жылқы табылып, оның иесі кім екендігіне талас болғанда, табылған жылқыны 
өз еркімен қоя беретін болған. Мұндай кезде жылқы малы өзі құлын кезінен ескен жеріне 
баратын. Соған байланысты оның иесі кім екендігі анықталатын
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет