Балғабаева, Г. З



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата29.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#479133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ

НАУЧНЫЕ РАБОТЫ 
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ 
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 
97 
4. Қортынды. 
Қазақ қоғамындағы «билер институтының» құқықтық мұрасы болып табылатын би-
лердің жарғылық және қағидалық билік шешімдерін, үлгілі сөздері мен нақыл сөздерін «би -
лер институтының» қалыптасу және даму процесіне орай былай бөлуге болады: 
– Ежелгі түркілер дәуіріндегі бектер мен билердің үлгілі билік шешімдері; 
– Шыңғысхан дәуіріндегі билердің үлгілі билік шешімдері мен нақыл сөздері; 
– Қазақ хандығы пайда болған кездегі билердің үлгілі билік шешімдері; 
– Тәуке хан тұсындағы билердің үлгілі билік шешімдері мен нақыл сөздері. 
– Түркілер дәуіріндегі бектер мен билердің үлгілі билік шешімдері туралы да мәлімет-
тер белгісіз қалып отыр. Дегенмен де, бектер мен билер туралы деректер V-VІ ғасырларға 
жататын көне түркі жазбаларымен біздің заманымызға жеткен. Осы жазбаларға қарай оты-
рып, сол замандағы бектер мен билер ел ішінде жоғары лауазым иелері болып, сот істерін қа-
рап, билік шешімдер шығарып отырғанын білуге болады. 
Ежелгі Түркілер дәуірінен кейін қазақ жерінде бірнеше ұсақ хандықтарға бөлінген 
ұлыстардың басын біріктіріп үлкен империя қүрған Шыңғысханның заманындағы билерден 
билік шешімдері туралы мәлімет-тердің бірен-сараңы ғана біздің заманымызға халқымыздың 
ауызша айтып жеткізу дәстүрі бойынша жеткен. Солардың бірі, Шыңғысханның атақты биі 
болған, билердің биі Майқы биден қалған нақыл сөздері мен өсиет-өнегелі сөздері, мақал-мә-
телдер ата-бабаларымыздың құқықтық мұрасы болып, біздің заманымызға жеткен. 
Қазақ хандығы құрылған тұста (XV ғасырда) өздерінің билік шешім-дерімен және на-
қыл сөздерімен «билер институтының» мына бір көрнекті өкілдері белгілі болды: Бәйдібек, 
Едіге, Жиренше шешен, Қарашаш сұлу, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Досмұханбет (лақап 
аты Дос би), Жиембет. Бұл би-шешен, жыраулардан үлкен көлемде үлгілі билік шешімдер-
мен, нақыл сөздер қалды. 
«Билер институты» Тәуке хан тұсында өзінің дамуының ең биік шыңына жетті. Бұл 
дәуірде билер өздерінің дарындылығымен, ақылдылығымен, тапқырлығымен, ел ішінде кез-
десіп отыратын жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал-мүлік, ар-ождан дауларын бір сөзбен 
айтқанда қылмыстың түр-түрінің бәрін қарап, билік шешімдерін шығарып отырған. Бүл 
дәуірде өмір сүрген: Әнет баба, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би; Тайкелтір би, Досай би, Еді -
ге, Сырымбет, Ескелді, Байдалы сияқты билерден, ата-бабаларымыздан қалған құқықтық мұ-
ра болып табылатын көптеген келісімді жарғылық және қағидалық кесімдер, үлгілі билік ше-
шімдер, нақыл сөздер халқымыздың жадында сақталып қалған. 
Қазақ қоғамындағы билердің ел ішіндегі саяси-құқықтық қызметі ел бірлігін, тыныш-
тығын және адамдар арасындағы өзара ауызбіршілікті сақ-тауға негізделген еді. Билер, ең 
алдымен, ру-руға бөлінген, бір-бірімен таласып-тартысып жаткан ру басшыларының алауыз-
ды қимыл-әрекетін қолдағы бар тәсілдің бәрін қолданып тыюды мақсат етіп, елдің ұлттың 
бірлігін сақтауға аянбай күш салды. Ел бірлігін сақтау үшін, билер қазақ халқының кеңпейіл, 
кешірімді екендігін де пайдаланып «бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп 
шамалы ғана кикілжің нәрсеге көңіл аудармай, қайта екі елді біріктірудің жағына көбірек 
назар бөліп, дауласқан, араз болған жақтарды бірлікке, ынтымақтастыққа шакыра білген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет