Балғабаева, Г. З



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата29.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#479133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1, 2017 

ВЕСТНИК КГПИ №1, 2017 
ISSN 2310-3353 ISSN 2310-3353
94 
Әрине, мұндай сайыста төбе билікті айтқан сөздерін дәлелдей білген және ойға қонымды 
жүйелі сөзді таба білген адамға берген. Сонымен қатар, төбе билікті алған биге дауда соңғы 
шешім шығаруға құқық берілген. Әдетте, даулы мәселені шешкен жерде кемі үш би қатыса-
ды. Соған байланысты халық арасында «би екеу болса, дау төртеу» деген сөз бар. Бұл арада 
даулы мәселені шешкенде би екеу емес, үшеу болсын дегенді меңзейді. Яғни, бірі айып -
таушы, екіншісі ақтаушы болса, үшіншісі ортақ, әділ шешім шығаратын төбе би болады. Ал 
Төбе би болмаған билер, билердің келесі түрі «қатар билер» тобына жатқызылды. Бұған төбе 
биден басқалары яғни бір-бірінен артықшылығы жоқ, тең құқылы билер жатқан. Әр жүз би-
лері құрамында төбе және қатар билері болған. 
Сонымен қатар, әрбір ауылда, кіші рулық бөліністерде өздерінің жеке билері болған. 
Жеке билер өзінің шешендік қабілетімен, ұнамды өнегелі ісіменен елге танылған, билік ету 
ісінде сыналған азаматтарды би деп санап, мойындаған, сөйтіп олар ел сеніміне сай билік 
ісін жүргізіп отырған
.
Жеке билер ауылдағы, кіші рулық бөліністердегі кішігірім кикілжің-
дерді, талас-тартысты үлкен дауға айналмай тұрғанда мәселені сол арада ізін суытпай шешіп 
отырған. Билердің құрылымдық жүйесіндегі бұл түрі дәстүрлі қазақ қоғамында кең тараған 
түрі болып табылады. 
Құрылымдық жүйедегі билердің келесі бір түрі-төтен би (төтенше би деп те аталған). 
Бұл екі ел арасындағы билерден таңдамалы билер тобын кұрып, өкілетті етіп жіберілетін би -
лерді атаған. Бұл тұрақты би емес, мұндай мәртебені билердің кеңесуімен ғана берілген. 
Мұндай тетенше би тобын екі жақ өзінше құрып, кездесуге жіберетін. Уағдаласқан жерге екі 
жағынан төтен билер келіп, мәселені талқылап, тиісті келісім-шешімін (билігін) кабылдай-
тын болған. Аталған билер тобы көбінесе ұзаққа созылған даулы істерді шешіп келу үшін 
іріктеліп жіберілетін
.
Билердің құрылымдық жүйесіндегі соңғы бір түрі бұл бала би болып 
табылады. Бала би билік дәрежесін әлі иеленбеген, билік айтуға талап қылып, өзін әр жерде 
көрсете бастаған жеткеншек. Әдетте, қадірлі билердің алдын керіп, ілтифатына бөленген 
жасты ел бала би ретінде таниды. Бала би ретінде танылу сахара жұртында билер мектебінің 
алғашқы баспалдағы іспеттес болған. Бала билерді үлкен билер қастарына алып жүрген. Би -
лік ісі жүріп жатқанда, бала би бәрін мұқият тыңдай отырын, биліктің жетімсіз жақтары бол-
са немесе билік айтушы би қожырап қалса, жедел сөзге араласып, өз шешімін айтатын бол-
ған. 
Көрсетілген құрылымдық жүйедегі билер көшпелі қазақ халқының дәстүрлі құкық 
жүйесінде маңызды рөл атқарды. Әрине, билердің құқықтық қатынастарда маңызды рөл 
атқаруы олардың (билердің) әдет-ғұрып құқығын талдаушы, кей кездерде мерзім сайын не-
месе тұрақты түрде соттық сарапшы функцияларды атқаруымен байланысты болды. Бұл би -
лердің қоғамдық катынастардағы қызметінің бір түрі болып табылады. Осы қызметтерімен 
қатар би дауда өзінің руласына қорғаушы да немесе руының жоғын жоқтаушы да қызметін 
атқарып отырған. 
Билер өз заманында ел басына күн туған қиыншылық кезде де, ел жиналған айт, ас, 
той тұсында жер дауы, жесір дауы, қүн дауы, мүлік дауы көтерілген кезде ел тағдырын «тура 
жолдан таймай» әділдікпен шешіп отырған. Билер қазақ хандығындағы ішкі саяси -құқықтық 
катынастарды реттеп қана қоймай, сонымен қатар хандықтың сыртқы қарым-қатынастарын 
реттеуде де үлкен үлес қосқан мемлекеттік қайраткерлер болды. 
Қазақ қоғамында билер елдің ішкі және сыртқы істеріне қатыса отырып, хан және 
сұлтандармен тізе қоса отырып, елді басқаруда маңызды мәселелерді кең көлемде шешіп 
отырған. Осы коғамдық катынастардың ішінде билер көп жағдайда құкықтық қатынастарда 
өз басымдылығын көрсетіп отырды. Әрине, билердің құқықтық қатынастарда маңызды рөл 
аткаруы кездейсоқ жағдай емес еді, өйткені билердің басқаруы өмірдің, күнделікті тіршілік-
тің қажеттілігінен туындаған, қазақтың ұлттық табиға-тына сай келген құбылыс еді. 
Қазақ қоғамында негізінде істің қаралуы екі сатыға бөлінген: біріншісі, екі дауласкан 
жақ билердің істі қарауына дейін, өзара келісіп дауды шешуге қимыл – әрекет жасайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет