Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»



бет16/18
Дата23.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#11301
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Он бірінші дәлел


Аллаһ Тағала былай деген: «Саған түсірілгенге және сенен бұрын түсірілгенге иман келтірдік деп, бірақ тағутқа үкім үшін жүгінуді қалайтындарды көрмейсің бе? Оларға оған иман келтірмеу бұйырылған болса да. Шайтан оларды терең адасушылыққа кіргізуді қалайды».245

Әш-Шә‘би, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Екіжүзділерден бір адам мен бір яхудидің арасында тартыс болды және яхуди: «Бізге Мухаммад үкім шығарсын», - деді, өйткені ол Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пара алмайтынын білетін. Ал екіжүзді: «Жоқ, бізге яхудилер үкім етсін», - деді, өйткені ол яхудилердің пара алатынын білді. Нәтижеде олар Жухайна тайпасындағы бір сәуегейге баратын болып және ол оларға үкім шығаратын болып келісті. Осы оқиғадан кейін Аллаһ Тағала осы аятты түсірді».246



Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Олар үкім үшін сәуегейге жүгінгендіктен Аллаһ Тағала оларды екіжүзді деп жариялады.

Жауап

1. Бұл хадис әлсіз (да‘иф — ضعيف). әш-Ша‘би, Аллаһ оны рахым етсін, табиғиндерден еді. Хадис мурсәл247 санаттағыға жатады.

2. Тіпті егер осы хадис сахих деп тұспалдағанның өзінде де, жоғарыда келтірілген аят екіжүзділерге қатысты түскені есте болуы қажет. Ал мүмін адамда екіжүзділерге тиісті кейбір сипаттардың болуы оның өзін екіжүзді етпейді, яғни үлкен екіжүзділік (нифақ акбар — نفاق أكبر) болып табылмайды, егер тек біздің қолымызда осы сипаттауды – екіжүзділікті – қолданудың себебі үкім үшін Аллаһқа емес өзгеге жүгіну болып табылатындығының өзге дәлелі болмаса.

Он екінші дәлел


Бұл аяттың түсуінің өзге себебі: Екі адам тартысып қалды да, олардың біреуі үкім шығару үшін Мухаммад Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) баруды ұсынды, ал басқасы Ка‘б ибн әл-Әшрафқа баруды талап етті. Кейін олар араларында төрелік ету үшін Умарға жүгінді. Олардың біреуі болған жағдайды оған баяндап берді және Умар үкім шығару үшін Аллаһтың Елшісіне жүгінуді қаламаған әлгі адамнан: «Осылай ма?», - деп сұрады. Ол: «Иә», - деп жауап берді. Сонда Умар оны қылышпен шауып, өлтіріп тастады.248

Жауап

Бұл хабар «әл-Кәлби арқылы Абу Салих Базамнан» жолымен жеткізіледі және онда төрт кемшілік бар.



1. Мухаммад ибн әс-Саиб әс-Субки — қабылданбайтын жеткізуші (мәтрук — متروك), бұл жөнінде Йяхья ибн Са‘ид және Ибн Мәхди, Аллаһ оларды рахым етсін, айтқандарындай. Абу Хатим, Аллаһ оны рахым етсін, тіпті былай деген: «Оның хадистері қабылданбайтынына ғалымдар бірауызды келіскен».249

2. Базам – әлсіз жеткізуші, бұл туралы әл-Бухари және Ибн Хажжәр, оларды Аллаһ рахым етсін, айтқанындай. Ибн Ади, Аллаһ оны рахым етсін, тіпті былай деген: «Мен ердетегі ғалымдардың бірде-біреуінің оны жеткізуші ретінде мақұлдағанын білмеймін».250

3. Базам мен Ибн Аббастың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, арасында хадистің иснады үзіледі. Ибн Хиббан, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Ол Ибн Аббастан хадистер жеткізеді, алайда өзі Ибн Аббастан хадистер естімеген».251

4. Базамнан әл-Кәлби арқылы жеткізілген хадистердің ешқандай салмағы жоқ. Йяхья ибн Мә‘ин, Аллаһ оны рахым етсін, Базам туралы былай деген: «Егер одан әл-Кәлби жеткізсе, онда мұндай хабар ешқандай салмаққа ие емес».252

Он үшінші дәлел


Аяттың түсірілуінің тағы бір себебі: Абу Барза әс-Суләми сәуегей болатын және ол өзіне жүгінетін яхудилердің тартыстарын және таластарын шешетін. Оған мұсылмандар да бара бастады, содан кейін Аллаһ Тағала «Саған түсірілгенге және сенен бұрын түсірілгенге иман келтірдік...» деген аяттарды түсірді.253

Әл-Хайсами, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Оның жеткізушілері - сахих хадистің жеткізушілері».254

Ибн Хажжар, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Жақсы (хасан) иснадпен жеткен хадис». 255

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Олар үкім шығару үшін сәуегейге жүгінгендері себепті Аллаһ Тағала оларды екіжүзді деп жариялады.

Жауап

1. Аяттардан бұл адамдар екіжүзділер болып табылатыны және оларда (аяттарда) екіжүзділерге тән сипаттардың бірі аталғандығы шығады. Алайда аятта да, оның түсірілу себептерінде де Аллаһ Тағала бұл адамдарды дәл сәуегейге үкім шығару үшін жүгінгендігі себепті екіжүзділер деп атағанына нұсқау жоқ. Ал мүмін адамда екіжүзділерге тән кейбір сипаттардың болуы оның өзін екіжүзді етпейді, яғни діннен шығаратын үлкен екіжүзділік (нифақ әкбар) болып табылмайды.

2. Олардың үкім үшін тағутқа жүгінуді қалағаны шектелген болып табылады және онда олардың оған иман келтірмеуден бас тартатынына нұсқайтын нәрсе бар. Ал кім тағутқа иман келтірмеу міндетті болып табылады деп санамаса, сол, ешбір күмәнсіз, кәпір болып табылады және бұл енді адамды діннен шығаратын үлкен күпірлік болып табылады.

Он төртінші дәлел


Ибн Касир, Аллаһ оны рахым етсін, моңғолдардың Ясақ деп аталатын заңдар жинағындағы кейбір үкімдерге түсіндірме жасап, былай деген: «Мұның барлығы Аллаһ Тағала Өзінің құлдары - пайғамбарларға, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, түсірген заңдарына қайшы келеді. Кім пайғамбарлардың мөрі Мухаммад ибн Абдуллаһқа түсірілген айқын Шариғатты қалдырып, үкім үшін күші жойылған заңдарға жүгінсе, сол кәпір болып табылады. Ал Ясақты басшылыққа алатын және оны Шариғаттан абзал деп санайтын адам туралы не айтуға болады? Кім осылай істесе, мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша кәпір болып табылады».256

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Бұл – ғалымдардың «Кім Шариғатты қалдырып, басқа заңдарға жүгінсе, кәпір болып табылады» деген пікірі.

Жауап

Осы бірауызды пікір екі жағдайға қатысты:



1. Адам: «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) немесе шешім шығару рұқсат етілген», - деп есептеген жағдайға (истихләл).

2. Адам: «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығару, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес сәйкес шешім шығарудан жақсырақ», - деп есептеген жағдайға (тафдыйль).

  • Ғалымдардың арасында истихләл мен тафдыйль жасаушылар кәпір болып табылатындығына қатысты және бұл оларды Исламнан шығаратын үлкен күпірлік (куфр әкбар) екеніне ешқандай келіспеушіліктер жоқ.

Бұған Ибн Касирдің, Аллаһ оны рахым етсін, мына сөздері дәлел болып табылады. Ол моңғолдар - Ясақты басшылыққа алып, Шариғатты басшылыққа алудан бас тартқандардың дәл өздері екендігін және кім олардың істегендеріндей әрекетті істесе, кәпір болып табылатындығын айтқан. Олардың жағдайы оған түскен адамдар бір мағыналы түрде кәпір болатын жағдайға жатады.

Біріншіден, олар Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) немесе шешім шығару рұқсат етілген деп санайтын (истихләл).

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Олар (яғни моңғолдар – ред.) Ислам дінін яхудилердің және христиандардың дініне теңестіреді және олардың барлығын, мұсылмандардың фиқхындағы төрт мазхаб сияқты, Аллаһқа апарар жол деп санайды. Олардың кейбіреулері яхуди немесе христиан дінін Исламнан жақсы деп, ал кейбіреулері Исламды жақсырақ деп санайды...»257

Екіншіден, олар: «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығару Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім шығарудан жақсырақ», - деп санайтын (тафдыйль).

Ибн Касир Аллаһ Тағаланың «Олар жахилиет дәуірінің үкімін іздейді ме?»258 деген сөздеріне тәпсір жасап, былай деген: «Аллаһ Тағала қандай игілік болса, барлығын түгел қамтыған және кез келген жамандыққа тыйым салған Өзінің дана және әділ шешімдерінен адамдардың ойдан шығарған түрлі пікірлерін, қисынсыз қалауларын және заңдарын абзал көргендерді сөгеді. Олар оларды жасап шығарғанда Исламға дейінгі жәхилиет кезінің адамдары сияқты Шариғатқа сүйенбейді және өздерінің адасушылықтары мен надандығына, пікірлері мен қалауларына сәйкес шешім шығарады. Мұндайды өздерінің әмірі Шынғысханнан мирас етіп алған заң шығару жүйесіне сәйкес шешім шығаратын моңғолдар істейді. Ол соларға Ясақты – бір бөлігі яхудилерден, христиандардан, мұсылмандардан т.б. алынған заңдардан жинақталған кітапты қалдырды. Онда Шыңғысханның өзі жеке көзқарастары мен қалауларын басшылыққа алып, ойдан шығарған үкімдер аз емес. Ол оның ұрпақтары үшін Ясақ Аллаһтың Кітабынан және Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен жақсырақ деп есептеп, абзал көретін бұлтартпас заңдарға айналды. Олардан кім мұндайды істесе, сол кәпір болады және онымен ол Аллаһтың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңдарына қайта оралмайынша және үлкен де кіші де мәселелерде басқа заңдарға жүгінбейтін болғанға дейін шайқасу керек».259

Бұл сөздерді зерделеген адамға Ибн Касирдің сөздері Әһлю-Сунна имамдарының тәфдыйль мен истихләл жасаушы адам кәпір болып табылатындығы және олар адамды Исламнан шығаратын күпірлік екендігі туралы бірауызды пікірдің бар екендігі туралы айтқан сөздерімен үйлесетіні айқын болады.

Бұған қоса, егер «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратын (билік құратын) немесе шешім шығаратын және сонымен бірге осыны рұқсат етілген және Шариғаттан жақсырақ заңдар бар деп санамайтын, яғни истихләлға да, тафдыйльге түспеген адам кәпір болып табылады» деген бірауызды пікір бар болғанда, онда ертедегі де және қазіргі замандағы да ғалымдар, әрине, осы бірауызды пікірді жеткізер еді және ол туралы айтар еді. Бірақ, бұл жоқ. Бұдан қалса, олар «Өзінің басқаруында (билік құруында) немесе шешім шығаруында әділетсіздікке жол беретін адам кәпір болмайды» деген осыған тікелей қарама-қарсы бірауызды пікірді жеткізеді, біз бұл жөнінде бірнеше рет айтқанымыздай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет