Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»



бет13/18
Дата23.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#11301
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Бірінші дәлел


Аллаһ Тағала былай деген: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер».201

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Осы аяттан Шариғатпен емес, өзгемен басқарған (билік құрған) және шешім шығарған адам кәпір болып табылатыны келіп шығады.

Жауап

Аталған жағдайда діннен шығаратын үлкен күпірлік (куфр акбар) емес, кіші күпірлік меңзеліп тұр (куфр асғар) және осыған үш дәлел бар.



1. Аятты сөзбе-сөз түсінбеу қажет екендігі туралы ғалымдардың бірауызды пікірі, бұл туралы жоғарыда айтылғандай.

2. Ибн Аббастың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, түсіндіруі.

3. Сахабалардың, нақтырақ айтқанда Ибн Аббастың кейбір ізбасарларының, Аллаһ олардың барлығын рахым етсін, түсіндіруі.202 Олардың заманында оларға ешкім қайшы келмеді.

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Егер күпірлік түсіндірмесіз аталса, онда негіз ретінде үлкен күпірлікті (куфр акбар) алу қажет.

Жауап

Тіпті егер бұл осылай болғанда да, аталған жағдайда осы ереже қолдануға жарамсыз, өйткені аталған жағдайда мұнымен кіші күпірлік (куфр асғар) меңзелетінін түсіну қажет деген Ибн Аббастың түсіндірмесі бар.



Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, «куфр» сөзі «әл» деген белгілі артиклімен қолданылса, онда ол үлкен күпірлікті (куфр акбар) білдіреді деп айтқан. Және ол осыған орай былай деген: «Егер «куфр» «әл» деген белгілі артиклімен қолданылса, онда оны діннен шығаратын күпірлік деп түсіну керек».203

Жауап

Бұл ереже етістіктен жасалған зат есімге қатысты («куфр», күпірлік), ал аятта онымен түбірлес болған сөз, яғни әрекетті істеп жатқанды білдіретін сабақты етістің есімшесі – («кафир», кәпір) қолданылған. Екі сөздің арасында айырмашылық бар, өйткені етістіктен жасалған зат есім тек әрекетке нұсқайды, ал сабақты етістің есімшесі әрекеттің өзіне де, оны жасаушыға да нұсқайды.

Сондықтан Ибн Таймийяның өзі де, Аллаһ оны рахым етсін, аятта кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеледі деген пікір – бұл «көптеген Сүннет имамдарының» пікірі, бұдан қалса, тіпті «біздің салиқалы саләфтарымыздың барлығының пікірі» екендігін айтқан.204

Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Шейхуль-Ислам Ибн Таймийяға «Егер қосымшасыз тек күпірліктің өзі ғана аталған болса, онда үлкен күпірлік (куфр акбар) меңзелген болады» деген сөздерді телу және осы сөздерді аятта үлкен күпірлік (куфр акбар) меңзеліп тұр дегенге дәлел келтіру – бұл нашар түсініктің салдары. Өйткені аятта бұл «куфр» деп аталмаған ғой! Ал шейхтың сөзіне келер болсақ, ол тек белгілі артиклімен қолданылған «әл-куфр» сөзінің мағынасы мен белгілі артиклісіз қолданылған «куфр» сөзінің мағынасы арасындағы айырмашылыққа нұсқаған. «Кафирун» (кәпірлер) сөзіне келер болсақ, оны біз «әл-кафирун» артиклімен де, онсыз да діннен шығармайтын күпірлік тән болған адамдарға қатысты қолдана аламыз. Сөйтіп, әрекет пен оны істеушінің арасында айырмашылық бар».205


Екінші дәлел


Аллаһ Тағала былай деген: «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды».206

Біздің қарсыластарымыз былай деп айтады: Аллаһ Тағала Шариғатты басшылыққа алмайтындар туралы олар иман келтірмейді деген, ал бұл олардың кәпір болып табылатынын меңзейді.

Жауап

Бұл жағдайда иманның тұтас болмауы емес, оның толыққанды болмауы аталып тұр. Яғни, аятқа сәйкес, мұндай адамның иманы толыққанды емес болып табылады, бірақ тұтас жоқ болмайды.

Шариғатта кейде белгілі әрекеттерді жасаушылар иман келтірмейді деп айтылады және сонымен бірге иманның тұтас болмауы емес, оның толыққанды емес болуы меңзеледі.

Мысал ретінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден ешкім өз бауырына өзіне тілегенді тілемейінше иман келтірмейді», - деп айтқан хадисті келтіруге болады.207

Басқа бір мысал. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Аллаһпен ант етемін, иман келтірмейді, Аллаһпен ант етемін, иман келтірмейді, Аллаһпен ант етемін, иман келтірмейді!» Адамдар: «Кім, уа, Аллаһтың елшісі?», - деп сұрады. Ол: «Көршісі оның жамандығынан қауіпсіздікте болмаған (адам)», - деді. 208

Сөйтіп, Шариғатта «иман келтірмеген» деген сөздердің астарында иманның жоқтығы емес, оның толыққанды еместігі түсінілетін мәтіндер бар. Демек, біз аталған аятта аталғандарды күпірлікте айыптауымыз қажет емес, өйткені бұл «иман келтірмейді» деген сөздердің астарында иманның жоқтығы емес, оның толыққанды еместігі меңзелетін дәл сол жағдай болуы да ықтимал.



Бірінші жағдай:

Аяттағы «иман келтірмейді» деген сөздер адамдардың үш санатына қатысты етілген. Олар - Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өздерінің істерінде үкім шығарушы етіп сайламайтындар; оның шешімдерінен қысылыс сезетіндер; және Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шешімдеріне толық бағынбайтындар.

«Бұл аятта «иман келтірмейді» деген сөздердің астарында иманның толыққанды болмауы емес, оның (тұтас) болмауы түсініледі», - дейтіндердің пікіріне сәйкес үш санаттағы барлық адамдар кәпірлер болып табылады және діннен шығады. Алайда бізде соңғы екі санаттағыларға қатысты олар кәпір болып табылмайды дегенге дәлел бар. Нақты айтқанда бізде екі дәлел бар.

Бірінші дәлел: Анас ибн Малик, Аллаһ оған разы болсын, Мекке бағындырылғаннан кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олжаны құрайштықтардың арасында бөлгені және ансарлар: «Таң қаларлық жайт! Біздің қылыштарымыздан әлі де олардың қандары тамшылап тұр, ал біздің олжамыз оларға беріліп жатыр!», - деп айтқаны жеткізіледі. Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың айтқан сөздері туралы мәлім болған кезде, ол оларды жинап: «Сендерден маған жеткен сөздер нендей сөздер?», - деп сұрады. Олар: «Барлығы – тура саған жеткізілгендей», - деп жауап берді. Ал олар өтірік айтпайтын. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдар өздерінің үйлеріне дүние игіліктерімен, ал сендер Аллаһтың Елшісімен оралатындарыңа разы емессіңдер ме? Егер адамдар (бір) алқаппен және саймен жүрсе, ал ансарлар өзге алқаппен және саймен жүрсе, мен ансарлардың (жүрер) алқабымен және ансарлардың (жүрер) сайымен жүрер едім», - деді.209

Содан соң ансарлар: «Уа, Аллаһтың Елшісі, біз разымыз», - деді.210 Аллаһ ансарларға және Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық сахабаларына разы болсын және оларды разы етсін! Олар өз имандарында қандай ізгі және ықыласты еді және Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалай сүйді!



Екінші дәлел:

Аиша, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі және сәлемі болсын) әйелдері одан «әділеттілікті ұстануды және ол Абу Кухафаның қызына211 қандай қатынас жасаса, оларға да сондай қатынас жасауын» сұрағанын жеткізген.212 Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдеріне Аллаһ разы болсын және оларды разы етсін!

Егер екінші және үшінші санаттағылар кәпір болып табылмаса және «иман келтірмейді» деген сөздердің астарында иманның тұтас болмауы емес, оның толыққанды болмауы ғана түсінілсе, онда біз тура соны бірінші санаттағылар туралы да айтуымыз қажет болады, өйткені үш санаттағылардың барлығына бір нәрсе уәде етілген, ал бұл олардың жағдайы бірдей дегенді білдіреді.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл аятты хауариждер «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқармайтын (билік құрмайтын) әмірлер кәпір болып табылады» дегенге дәлел ретінде келтіреді».213



Екінші жағдай:

Бұл аят Бадр шайқасының бір қатысушысы туралы түскен еді, ал Бадр шайқасына қатысушылардың арасында үлкен күпірлікке (куфр акбар) түскендер жоқ, өйткені Аллаһ оларды бұдан сақтап қалды. Бұл адам бір нәрсе жөнінде әз-Зубайрмен тартысып қалды. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың ісі бойынша шешім шығарды, ал әлгі кісі оған наразы болып, Аллаһтың Елшісіне: «Бұл – ол сенің әпкеңнің баласы болғандықтан», - деді.214

Бадр шайқасының қатысушысы Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шешімімен қалайша қанағаттанбағанына қараңыз. Ол «толық бой ұсынбады».

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, Аллаһ Тағаланың «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды»215 деген Сөздеріне түсіндірме беріп, былай деген: «Кім: «Шариғатқа сәйкес емес билік етуге де болады, - немесе, - шешім (шығару) үшін ата-бабаларға немесе адамдар ойдан шығарған заңдарға - мейлі олар Шығыстың немесе Батыстың заңдары болсын - жүгінуге рұқсат етіледі», - деп айтса, сол бір мағыналы түрде кәпір болып табылады және бұл үлкен күпірлік. Ал: «Шариғатқа қайшы келетін заңдарға немесе қаулыларға жүгінуге және оларға сәйкес басқаруға (билік құруға) және шешім шығаруға болмайды», - деп санаса, алайда сонымен бірге шешім шығарып жатқан адамына деген сүйіспеншіліктің яки жеккөрушіліктің, немесе пара алуының яки саяси т.с.с. себептерімен Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарса және сонымен бірге өзінің әділетсіз әрекет пен қателік жасап, Аллаһ Тағаланың Шариғатына қайшы келіп жатқанын мойындаса, мұндай адамның иманы толыққанды емес және ол кіші күпірлікке (куфр асғар), кіші зұлымдыққа (зульм асғар) және кіші бұзақылыққа (фисқ асғар) түсті».216

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Аллаһ Тағала және Оның Елшісі адамда болуы міндетті болған қандай да бір нәрсенің болмауы туралы айтқан кезде, - мысалы, иманы, діні, намазы, оразасы, дәреті, қажылығы т.с.с. - бұл оның осы әрекеттер міндеттейтін нәрселерді істемей жатқанын білдіреді. Мысал ретінде Аллаһ Тағаланың мына Сөздерін келтіруге болады: «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, одан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды».217 «Иман пәлен немесе пәлен нәрсе болмайынша болмайды» деген хабарды «бұл нәрсе міндеттілік болып табылады, әрі кім сол міндеттілікті орындамаса, онда Аллаһ Тағала уәде еткен Жәннатқа алдын ала жазалаусыз кіру үшін міндетті болған иман жоқ» деп қабылдау керек».218

Ол, Аллаһ оны рахым етсін, сондай-ақ былай деген: «Құрандағы және Сүннеттегі қандай да бір әрекеттерді мойындамау олар міндеттейтін нәрселердің ішінен қандай да бір нәрселердің жоқ екендігін меңзейді. Мысал ретінде Аллаһ Тағаланың «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды»219 деген сөздерін келтіруге болады».220

Егер біреу бізден Аллаһ Тағала Бадр шайқасына қатысушыларды үлкен күпірліктен сақтап қалғанына дәлел келтіруімізді талап етсе, біз келесідей етіп жауап береміз. Аллаһ Тағала оларға Жәннатқа кірулеріне кепілдік берді. Хатыбтың, Аллаһ оған разы болсын, оқиғасын еске алайық. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мүмкін, Аллаһ Бадр шайқасының қатысушыларына қарады да, былай деді: «Қалағандарыңды істеңдер, өйткені мен сендерге Жәннатты кепілдік еттім!»221

Ал кім Бадр шайқасы қатысушыларының осы ерекшілігін және Аллаһ Тағала Бадр шайқасының қатысушыларын үлкен күпірліктен сақтап қалғанын мойындамаса, ол хадис пен Аллаһ Тағаланың «Расында, Аллаһ Өзіне серік қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге күнәларды қалаған кісісіне жарылқайды. Ал кім Аллаһқа серік қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болды!»222 деген Сөздерінің арасында қайшылық жасады. Өйткені үлкен күпірлік пен үлкен көпқұдайшылық (ширк) кешірілмейді ғой, ал Аллаһ Тағала олардың Жәннатқа кірулеріне кепілдік берді!

Біреу былай деп келіспеушілік білдіруі мүмкін: «Бадр шайқасы қатысушыларының біреуі үлкен күпірлікке түсіп, бірақ кейін тәубе еткен болуы мүмкін емес пе? Мұндай жағдайда аяттар мен хадистің арасында қайшылық болмайды ғой».

Мұндай жағдайда жауап екі тармақтан тұрады.



1. Аллаһ Тағала Бадр қатысушыларына олардың күнәларын кешіріп қойды және Ол сонымен бірге тәубені осы кешірудің шарты етіп атамады. Ал Аллаһ Тағала ешқандай шарттармен шектемеген нәрселерді біз тура солай етіп түсініп, өз шарттарымызды ойлап шығармауымыз қажет.

2. Егер біз осы пікірмен келіскенде, онда Бадр шайқасына қатысушылардың басқа адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқ болар еді, өйткені ғалымдар тәубе кез келген күнәның, соның ішінде күпірліктің де кешірілуінің себебі болып табылатынына бірауызды келіскен. Ал егер Бадр шайқасы қатысушыларының күнәлары алдын ала тәубе ету Аллаһ Тағала тарапынан шартымен кешірілгенде, онда Бадр шайқасының қатысушыларының басқа адамдардан еш айырмашылығы болмас еді. Яғни бұл пікірмен келісу арқылы біз іс жүзінде Аллаһ Тағаланың Бадр шайқасының қатысушыларына берген ерекшілігін жоққа шығарамыз.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер біз: «Аллаһ Тағала Бадр шайқасының қатысушыларына: «Қалағандарыңды істеңдер, Мен сендерді кешіріп қойдым», - деп айтып, кіші күнәларды немесе тәубе ету шартымен кешіруді меңзеді», - деп айтсақ, онда олар мен басқа адамдардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ болған болып қалар еді. Сондай-ақ біз: «Хадисте үлкен күпірлік (куфр акбар) меңзеледі», - деп айтуға да құқықты емеспіз, өйткені үлкен күпірлік адамның өзінің тәубе етуінсіз кешірілмейтіні белгілі. Тура сол сияқты біз: «Адам үлкен күнәлардан аулақ болғаны үшін кешірілетін кіші күнәлар меңзеліп тұр», - деп те айта алмаймыз».223

Егер біреу: «Аятта: «Шешім үшін Шариғатқа жүгінбейтінде иман жоқ», - деп айтылып тұр және Шариғаттың бұл үкімінде «айтылғаннан осы нақты сахаба кәпір болды» деген тұжырым мүлде шықпайды, өйткені біз нақты бір адамды күпірлікте айыптауымыз үшін белгілі шарттар орындалуы керек және кедергілер болмауы қажет!» - деп айтса, біз оған келесідей етіп жауап береміз.

Нақты осы сахаба басқа адамдардан бұл аят сол туралы түскендігімен ерекшеленеді, ал біз аятты ол кімге қатысты түскеніне қарамай тәпсірлей алмаймыз. Әрине, біз айтылғанның жалпылығы оның түсірілу себебінен маңыздырақ екенін білеміз, алайда оған қатысты белгілі бір үкім түскен адамға ол бірінші кезекте күшке енеді дегенге ешқандай келіспеушіліктер болуы мүмкін емес.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер аяттың түсірілуінің нақты себебі болған болса, онда егер аятта бұйрық, не тыйым болса, олар ол туралы осы аят түскен адамға және басқа адамдарға қатысты күшке ие болады. Егер аятта мақтау, не сөгіс білдіру болса, олар да ол туралы осы аят түскен адамға және сол сияқтыларға қатысты күшке ие болады».224

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Белгілі бір адамға қатысты түскен үкім басқаларға қатысты күшке ие болып, бірақ оның өзіне қатысты күшке ие болмауы мүмкін емес».225

Әз-Заракши, Аллаһ оны рахым етсін, тіпті бұл туралы ғалымдардың бірауызды келісімі бар деп жеткізген: «Біз өзіміздің ижтихадымызға сәйкес: «Белгілі бір адамға қатысты түсірілген үкім басқа адамдарға қатысты күшке ие болады да, бірақ оның өзіне қатысты күшке ие болмайды», - деп айта алмаймыз, бұл жөнінде қадый Абу Бакр «Мухтасар әт-такрибте» айтқанындай, өйткені белгілі бір адамға қатысты түсірілген үкім, барлық адамдарға қатысты күшке ие болады».226



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет