Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»


БІРІНШІ БӨЛІМ БІЛУГЕ ТИІС ЕРЕЖЕЛЕР



бет2/18
Дата23.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#11301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

БІРІНШІ БӨЛІМ

БІЛУГЕ ТИІС ЕРЕЖЕЛЕР

Мұндай ережелер алтау:

Бірінші ереже:

Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқару (билік құру) және шешім шығару – әрбір мұсылманның жеке парызы (фард айн).


Бұл ереже өзіне алты негізді қамтиды.

Бірінші негіз:

Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқарудың (билік құрудың) және шешім шығарудың міндеттілігі.

Аллаһ Тағала былай деген:

                                   

«Олардың араларында Аллаһтың түсіргенімен үкім ет. Олардың әуестеріне ілеспе және олар сені саған Аллаһ түсірген кей үкімдерден бұзуларынан сақтан! Егер олар жүз бұрса, күдіксіз, Аллаһ оларды кей күнәлары себепті қайғыға ұшыратуды қалайды деп біл. Расында, адамдардың көбі бұзық». 17



Екінші негіз:

Аллаһтың заңына разылық және мойынсұнышылық танытып, шешім үшін Аллаһтың шариғатына жүгінудің міндеттілігі.

Аллаһ Тағала былай деген:

                    «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды».18

Үшінші негіз:

Басқаруда (билік құруда) және шешім шығаруда Шариғатты басшылыққа алмағанға қорқыту бар.

Аллаһ Тағала былай деген:

         

         

         

«Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер»; «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар». «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар».19.

Төртінші негіз:

Аллаһтың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмірлеріне қайшы келуден қатаң ескерту.

Аллаһ Тағала былай деген:

            

«Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер өздеріне бір фитна жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын».20

Бесінші негіз:

Пәк Аллаһ Тағаланың үкімдері – барша үкімдердің ішіндегі ең жақсылары.

Аллаһ Тағала былай деген:

           

«Олар жаһилиет дәуірінің үкімін іздейді ме? Анық сенген ел үшін Аллаһтан жақсы үкім беруші кім?»21.

Алтыншы негіз:

Аллаһ түсірген Шариғаттың үкімдері – рахым және нұр. Аллаһ Тағала былай деген:

                             



«(Мухаммад) саған осылайша әмірімізден бір рух (Құран) уахи еттік. Сен Кітап не, иман не екенін білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында, сен тура жолға бастайсың».22

Екінші ереже:

Егер белгілі бір адам оларды істеген адам кәпір болатын амалдарды (мукаффират) жасаса, бұл бізге мұндай адамды кәпір деп атауға құқық бермейді, өйткені нақты адамды күпірлікте айыптаудың міндетті шарты оған қарсы тиісті дәлел келтіру болып табылады.


Шейхуль-ислам Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Ешкім нақты бір мұсылманды, оған қарсы (шариғи) дәлел келтірілмейінше және оған (оның дұрыс еместігінің) дәлелі түсіндірілмейінше, кәпір деп санау құқығына ие емес, тіпті ол күнә немесе теріс қылық жасаса да. Күмәндар сахих (сенімді) білімді жоймайды және кімнің мұсылман болып табылатындығы нақты мәлім болса, ол күмәндардың туындауымен кәпір болмайды. Ол тек оған қарсы (шариғи) дәлел келтірілгеннен кейін және ол шындығында да мүмін болуын тоқтатқандығы жайлы ешқандай күмәндар қалмағанда ғана кәпір деп саналуы мүмкін».23

  • Дәлел келтіру нақты бір адамды кәпір деп атауға рұқсат беретін төменде келтірілген мына шарттардың орындалғандығын білдіреді:

1. Білместіктің қарама-қарсысы болып табылатын білім. Яғни адам өзі істеп жатқан тыйым салынған істің оны Исламнан шығаратынын нақты білуі қажет. Ал адам күпірлік жасады деген бір ғана фактіден ол сол туралы білді деген тұжырым тіпті шықпайды.

2. Қателіктің қарама-қарсысы болып табылатын қасақаналық. Яғни адам күпірлікті дәл қасақана (саналы) түрде істеуі қажет. Бұл шарт адам Ұлы Аллаһқа иман келтірмеуге жай ғана ниеттеніп жатыр дегенді білдірмейді.

3. Мәжбүрлеудің қарама-қарсысы болып табылатын таңдау еркіндігі.

4. Орынды түсінудің болуына қарама-қарсы болып табылатын орынды түсінудің болмауы.24 Яғни адамда оның ақидасын (сенімін) ұйғартатын шариғи дәлелдерде күмән болмауы қажет.

    • Сөйтіп, мұсылман ғалымдары: «Үлкен күпірлік саласына жатқызған амалды (куфр акбарكفر أكبر) жасаған әрбір адам кәпір бола бермейді, өйткені мұндай адамды күпірлікте айыптау үшін оған қарсы дәлел алу қажет», - дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет