Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»



бет15/18
Дата23.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#11301
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Жетінші дәлел


Аллаһ Тағала былай деген: «Билік Аллаһқа ғана тән».234

Біздің қарсыластар былай дейді: Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) және шешім шығарса, кәпір болып табылады, өйткені Аллаһ Тағалаға ғана тән нәрсеге таласады.

Жауап

1. «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарушы (билік құрушы) және шешім шығарушы, егер ол өзін осыған құқықты деп мәлімдемесе, тек өзінің әрекетімен Аллаһқа ғана тән нәрсеге таласады» дегенмен келісуге мүмкін емес.

2. Кім мұны мойындағысы келмесе, сол өзінің басқаруында (билік құруында) немесе шешім шығаруында әділетсіздікке жол беріп жатқан адамды кәпір деп есептеуі қажет. Алайда Әһлю-Сунна өзінің басқаруында (билік құруында) немесе шешім шығаруында әділетсіздікке жол беретін адам кәпір болып табылмайтынына бірауызды келіскен.

3. Кім мұны мойындағысы келмесе, тірі жандардың бейнесін сомдайтындарды кәпір деп есептеуі қажет. Алайда Әһлю-Сунна тірі жандардың бейнесін сомдаушы кәпір болып табылмайтынына бірауызды келіскен.

Сегізінші дәлел


Аллаһ Тағала былай деген: «Олар Аллаһтан өзге иелері етіп машайыхтары мен монахтарын алды».235

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Кітап иелері өздерінің ғалымдары мен монахтарына олардың Аллаһтың үкімдеріне қайшы келетін үкімдерінде бағынды және Аллаһ Тағала олар соларды Аллаһтан өзге иелері етіп алды деп айтылатын осы аятты түсірді, ал осы Аллаһқа серік қосудың (ширктің) өзі.

Жауап

Егер машайыхтар мен монахтарға бойсұнушылық туралы айтар болсақ, онда біз тек екі жағдайды ғана қарастыра аламыз.



1. Оларға сенімдердегі бойсұнушылық. Яғни машайыхтар мен монахтар мұндай адамға халәл нәрсені харам деп, ал харам нәрсені халәл деп есептеуді бұйырады және ол осыда соларға бағынады. Бұл – адамды діннен шығаратын күпірлік, бұған қатысты ғалымдардың арасында келіспеушілік жоқ.

2. Оларға Аллаһқа мойынсұнбаушылықта, бірақ тиісті сенімдерсіз бойсүну. Яғни олар соларға бойсұнады, бірақ сонымен бірге халәлды харам, ал харамды халәл деп есептемейді. Бұл бір мағыналы түрде күпірлік болып табылмайды және адамды діннен шығармайды, өйткені біз адам бұл жағдайда кәпір болады деген ешқандай дәлелдерге ие емеспіз. Ал егер керісінше айтсақ, онда өздерінің әуестері мен қалауларына немесе күнә жасауға шақырушыларға бойсұнып, күнә жасайтын күнәхарларды кәпір деп есептеу керек болатыны шығады. Бұл біз Әһлю-Сунна тарапынан кәпір деп есептелмейтін, мысалы, өзінің әйеліне, балаларына және т.б. бойсұнып, күнә жасайтын адамдарды, кәпір деп есептеуіміз қажет дегенді білдіреді.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл өздерінің машайыхтары мен монахтарына, олар Аллаһ харам еткенді халәл деп, ал халәл еткенді харам деп санауға бұйырғанда, бойсұнып, соларды Аллаһтан өзге иелері етіп алған адамдарды екі санатқа бөлуге болады.



Біріншісіне машайыхтар және монахтар Аллаһтың үкімдерін өзге үкімдермен алмастыратынын және оларды Аллаһтың үкімдері деп көрсететінін (табдийль жасайтынын) білетін, бірақ сонда да оларға ілесетін және өздерінің жетекшілеріне еріп, Аллаһ тыйым салғанды (харамды) рұқсат етілген (халәл) деп және Аллаһ рұқсат еткенді (халәлды) тыйым салынғанған (харам) деп, елшілердің дініне қайшы келіп жатқандарын біліп тұрса да, есептей бастаған адамдар жатады. Бұл - діннен шығаратын күпірлік.

Екінші санатқа Аллаһтың тыйым салғанын (харам еткенін) тыйым салынған (харам) деп, ал Оның рұқсат (халәл) еткенін рұқсат етілген (халәл) деп сенетін, алайда Аллаһқа мойынсұнбауда өздерінің жетекшілеріне ілесіп кеткен, өздерінің Аллаһқа мойынсұнбаушылық жасап жатқанын мойындайтын күнәхарлар сияқты әрекет жасайтын адамдар жатады. Шариғаттың мұндай адамдарға қатысты үкімі басқа күнәхарларға қатысты үкіміндей».236

Тоғызыншы дәлел


Аллаһ Тағала былай деген: «Сендер тартысқан нәрсе турасында шешім жасау Аллаһқа тән».237

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Кім шешім үшін Аллаһқа емес, өзгеге жүгінсе, сол Аллаһ Тағаланың әміріне қайшы шықты.

Жауап

Аят үкім үшін Аллаһқа жүгінудің міндеттілігіне нұсқайды. Мұнымен ешкім таласпайды. Сондай-ақ ешкім үкім үшін Аллаһқа емес, өзгеге жүгінетіндер күнәхар болып табылатынына да таласпайды. Бұдан қалса, олар үлкен күнәға түсті. Алайда бұл аятта олар кәпірлер болып табылатындығына ешқандай нұсқаулар жоқ.


Оныншы дәлел


Аллаһ Тағала былай деген: «Олар жәхилиет дәуірінің үкімін іздейді ме? Анық сенген ел үшін Аллаһтан жақсы үкім беруші кім?»238

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Аллаһ Тағала Шариғатқа сәйкес емес шешім шығару Исламға дейінгі жәхилиет дуірінің үкімі болып табылады деді, ал бұл оның күпірлік болып табылатынын білдіреді.

Жауап:

Белгілі нәрселерді Исламға дейінгі жәхилиет дәуірімен байланыстыруды немесе қандай да бір іс-әрекетті Исламға дейінгі жәхилиет дәуіріне қатысты деп хабарлауды күпірлікке нұсқау ретінде қарауға болмайды.

Бұған дәлел ретінде бір адамды оның шешесінің қаратүсті екенін айтып кемсіткен Абу Заррға, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен әлемі болсын): «Расында, сен - бойында Исламға дейінгі надандық (жәхилиет) сақталып қалған адамсың», - деп айтқан сөздерін келтіруге болады.239 Бұдан тыс, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламға дейінгі жәхилиет дәуірінің амалдарына Әһлю-Сунна бірауызды түрде олар адамды кәпір етпейді дейтін іс-әрекеттерді, мысалы, шыққан тегін балағаттауды және өлген адамды дауыстап жоқтауды жатқызған. 240


  • Кім: «Іс-әрекеттің жәхилиет дәуірінің амалдарына телінуі оны жасайтын адамның күпірлігін меңзейді», - деп тұрып алса, сол Әһлю-Сунна олар туралы: «олар адамды кәпір етпейді», - деп бірауызды келіскен түрде айтатын кейбір амалдарды, мысалы, шыққан тегін балағаттауды немесе өлген адамды дауыстап жоқтайтын адамдарды да кәпір деп санауы қажет.

Абу Убәйд әл-Қасим ибн Саләм, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Сендер Аллаһ Тағаланың «Олар жәхилиет дәуірінің үкімін іздей(ді) ме?»241 деген сөздерін естімедіңдер ме? Құранның тәпсірлеушілері бұл аяттың мағынасы мынадай деп айтады: кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) және шешім шығарса, сол мұсылман болып қалып, сол мезетте Исламға дейінгі жәхилиет кезінде өмір сүргендерге ұқсайды, өйткені Исламға дейінгі жәхилиет кезінде өмір сүргендер осылайша үкім шығарған және осындай заңдармен өмір сүрген. Тура соны Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Үш амал Исламға дейінгі жәхилиет кезінің амалдарына жатады: шыққан текті сөгу, өлген адамды дауыстап жоқтау және жұлдыздарға сену» деген сөздеріне де қатысты айтуға болады. Бұл хадисте осы амалдарды жасаушы адам надан, кәпір және екіжүзді болып табылады дегенге нұсқау жоқ. Оның мағынасы мынада: бұл – Құран мен Сүннет тыйым салған кәпірлердің амалдары».242

Әл-Бухари, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Аллаһқа мойынсұнбау Исламға дейінгі жәхилиет дәуірінің амалдарына жататындығы, бірақ, ширктен өзгесі, адамды кәпір етпейтіндігі туралы тарау, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, сен бойында Исламға дейінгі жәхилиет сақталған адамсың», - деп айтқан және Аллаһ Тағала: «Расында, Аллаһ Өзіне серік қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге күнәларды қалаған кісісіне жарылқайды. Ал кім Аллаһқа серік қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болды!»243 - деген».244




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет