| 1. Общие положения |
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы осы ереже (бұдан кейін – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының банктік операцияларды жүргізуінің жалпы шарттарын, талаптарын, шектеулерін белгілейді.
|
| -
1.Настоящие Правила об общих условиях проведения операций АО «Банк ЦентрКредит» (далее Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан», другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан и определяют общие условия, требования, ограничения проведения акционерным обществом «Банк ЦентрКредит» банковских операций.
|
2. Осы Ережеде белгіленген банктік операцияларды жүргізудің жалпы талаптары ашық ақпарат болып табылады және танысу, сондай-ақ басшылыққа алу үшін клиенттің алғашқы талабы бойынша ұсынылады.
|
| -
2. Общие условия проведения банковских операций, установленные в настоящих Правилах, являются открытой информацией и предоставляются по первому требованию клиента для ознакомления и руководства.
|
3. Банк операцияларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Банктің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
|
|
3. Банк осуществляет операции в соответствии с законодательством Республики Казахстан, Уставом и внутренними документами Банка, на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на проведение операций.
|
4. Банкке Банкпен айрықша қатынастағы тұлғаларға жеңілдетілген талаптарды ұсынуға тыйым салынады. Банкпен айрықша қатынастағы тұлғалармен жасалатын мәмілелердің үлгі талаптарын Директорлар кеңесі бекіткен жағдайларды есептемегенде, Банкпен айрықша қатынастағы тұлғалармен жасалатын барлық мәмілелерді Директорлар кеңесі бекітуге тиісті.
|
|
4. Банку запрещается предоставление льготных условий лицам, связанным с Банком особыми отношениями. Все сделки с лицами, связанными с Банком особыми отношениями, должны утверждаться Советом Директоров, за исключением случаев, когда типовые условия таких сделок утверждены Советом Директоров.
|
5. Ұсыну (жария ету) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделген немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың осыған ресми сұраныстарының негізінде жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, операцияларды жүргізген кезде Банк банктік құпияны сақтайды және банктік құпия болып табылатын ақпаратты клиенттің (клиенттердің) жазбаша рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға ұсынбайды (жария етпейді).
|
| -
5. Банк при проведении операций соблюдает банковскую тайну и не предоставляет (не разглашает) информацию, относящуюся к банковской тайне, третьим лицам без письменного разрешения клиента(ов), за исключением случаев, когда такое предоставление (разглашение) прямо предусмотрено нормативными правовыми актами Республики Казахстан либо осуществляется на основании официальных запросов уполномоченных на то государственных органов.
|
6. Банктік операцияларды жасаған кезде Банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының заңнамасына, жасалған шарттардың талаптарына, сонымен қатар Банктің ішкі құжаттарына сәйкес реттеледі.
|
| -
6. Отношения между Банком и клиентом при совершении банковских операций регулируются законодательством Республики Казахстан, условиями заключенных договоров, а также внутренними документами Банка.
|
7. Банктік қызметті жүзеге асыру барысында клиентпен іскери қарым-қатынас орнатқан кезде Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында бенефициарлық меншік иесін, түпкілікті меншік иесін немесе бақылаушы тұлғаны (пайда алушыны) анықтауды (сәйкестендіруді) қоса алғанда, клиенттерге, олардың өкілдеріне тиісті тексеру жүргізу бойынша, оның ішінде клиенттерге қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша және/немесе халықаралық құқық/халықарылық шарттар, үкіметаралық келісімдер, мемлекетаралық басқа келісімдер немесе халықаралық ұйымдардың резолюциялары бойынша шаралардың барлық кешенін жүргізуге міндетті.
|
| -
7. При вступлении с клиентом в деловые отношения, которые возникают в процессе осуществления банковской деятельности, Банк обязан проводить весь комплекс мероприятий по надлежащей проверке клиентов, их представителей, включая выявление (идентификацию) бенефициарного собственника, конечного собственника или контролирующего лица (выгодоприобретателя) в целях соблюдения требований законодательства Республики Казахстан, в том числе по противодействию легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма, и/или требований международного права/международных договоров, межправительственных соглашений, иных межгосударственных договоренностей или резолюций международных организаций.
|
8. Клиентті, оның өкілін, бенефициарлық меншік иесін, түпкілікті меншік иесін немесе бақылаушы тұлғаны (пайда алушыны) сәйкестендіру дегеніміз – банктің клиент, оның өкілі, бенефициарлық меншік иесі, түпкілікті меншік иесі немесе бақылаушы тұлға (пайда алушы) туралы мәліметтер жинау және оларды тексеру, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес іскери қарым-қатынастың немесе біржолғы операциялардың (мәмілелердің) болжалған мақсатын белгілеу бойынша іс-шаралар өткізуі.
|
| -
8. Идентификация клиента, его представителя, бенефициарного собственника, конечного собственника или контролирующего лица (выгодоприобретателя) заключается в проведении Банком мероприятий по сбору и проверке сведений о клиенте, его представителе, бенефициарном собственнике, конечном собственнике или контролирующем лице (выгодоприобретателе), установлению предполагаемой цели деловых отношений или разовой операции (сделки) в соответствии с внутренними нормативными документами Банка.
|
9. Клиенттерді, олардың өкілдерін, бенефициарлық меншік иесін, түпкілікті меншік иесін немесе бақылаушы тұлғаны (пайда алушыны) тиісті дәрежеде сәйкестендіру және тексеру бойынша шара қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, Банк іскери қарым-қатынас орнатудан, сондай-ақ операция жүргізуден бас тартады.
|
|
9. Банк отказывает в установлении деловых отношений, а также в проведении операций, в случае невозможности принятия мер по надлежащей идентификации и проверке клиентов, его представителей, бенефициарного собственника, конечного собственника или контролирующего лица (выгодоприобретателя).
|
10. Клиент жүргізетін операцияларды зерттеу барысында клиент іскери қарым-қатынасты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында қолданды деген күдігі болған жағдайда, немесе клиент бенефициарлық меншік иесі, түпкілікті меншік иесі немесе бақылаушы тұлға (пайда алушы) туралы мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайда, немесе шынайы емес және/немесе бұрмаланған деректер көрсетілген құжаттарды тапсырған жағдайда, Банк клиентпен іскери қарым-қатынасты тоқтатуға құқылы.
|
|
10. Банк вправе прекратить деловые отношения с клиентом в случае возникновения в процессе изучения операций, совершаемых клиентом, подозрений о том, что деловые отношения используются клиентом в целях легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, или финансирования терроризма либо в случае отказа клиента в предоставлении сведений о бенефициарном собственнике, конечном собственнике или контролирующем лице (выгодоприобретателе), либо в случае предоставления документов, содержащих недостоверные и/или искаженные сведения.
|
11. Клиенттер терроризмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінде болған жағдайда, Банк клиенттермен іскери қарым-қатынас жасамайды және олардың есепшоттары бойынша шығыс операцияларын жүргізбейді.
|
|
11. Банк не вступает в деловые отношения и не проводит расходные операции по счетам клиентов, в случае наличия последних в Перечне организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма.
-
|
12. Клиент Қазақстан Республикасының заңнамасының және/немесе халықаралық құқық/халықаралық шарттар, үкіметаралық келісімдер, мемлекетаралық басқа келісімдер немесе халықаралық ұйымдардың резолюциялары талаптарының аясында Банктің өз міндеттемелерін орындауы үшін қажет ақпаратты Банкке беруге міндетті.
|
| -
12. Клиент обязан представлять в Банк информацию, необходимую для исполнения последним своих обязанностей в рамках законодательства РК и/или требований международного права/международных договоров, межправительственных соглашений, иных межгосударственных договоренностей или резолюций международных организаций.
|
13. Егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шартта Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде баяндалған ережеден басқа ереже белгіленген болса, халықаралық шарттың ережесі қолданылады.
|
| -
13. Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в законодательных актах РК, то применяются правила международного договора.
|
14. Аталмыш Ереже Банктің операцияларды жүргізуінің жалпы талаптарын белгілейді. Банк қызметінің негізгі бағыттары мен ұстанымдары Банктің Директорлар кеңесі бекіткен келесі саясаттарымен айқындалған:
|
| -
14. Настоящие Правила устанавливают общие условия проведения операций Банком. Основные направления, принципы банковской деятельности определены следующими политиками Банка, которые утверждаются Советом Директоров:
| |
| | -
Несиелеу және несиелік тәуекелдіктерді басқару саясаты,
|
| | |
| | |
| | |
| | |
| | -
Акционерлерге қатысты ақпараттық саясат,
|
| -
Информационная политика в отношении акционеров,
| |
| -
Политика внутреннего контроля,
| -
Комплаенс-тәуекелдікті басқару саясаты,
-
Салықтық есеп жүргізу саясаты,
|
| -
Политика по управлению комплаенс-риском,
-
Налоговая учетная политика,
| -
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты,
|
| -
Политика информационной безопасности,
| -
Ақпараттық технологиялар тәуекелдіктерін басқару саясаты,
|
| | -
Бағалы қағаздар бойынша инвестициялық саясат,
|
| -
Инвестиционная политика по ценным бумагам,
| -
Мүдде қақтығысын реттеу саясаты,
|
| -
Политика по урегулированию конфликта интересов,
| -
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-әрекет ету жөніндегі саясаты,
|
| -
Политика АО «Банк ЦентрКредит» по противодействию легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма,
| -
Операциялық тәуекелдіктерді басқару саясаты,
-
Әлеуметтік саясат,
-
Қаржылық есептілікті ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі саясат,
-
Құқықтық саясат,
-
Ішкі аудит саясаты,
-
Өтімділік тәуекелдігін басқару саясаты,
-
Нарық тәуекелдіктерін басқару саясаты,
-
Кадрлық саясат,
-
Капиталды басқару саясаты,
-
Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдіктерін басқару саясаты,
-
«Банк ЦентрКредит» АҚ және оның еншілес ұйымдары үшін аудиторлық ұйымды тарту саясаты,
-
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Тарифтік саясаты,
-
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың қызметтің үздіксіз болуын басқару саясаты.
|
| -
Политика по управлению операционными рисками,
-
Социальная политика,
-
Политика по организации системы внутреннего контроля финансовой отчетности,
-
Правовая политика,
-
Политика внутреннего аудита,
-
Политика управления риском ликвидности,
-
Политика управления рыночными рисками,
-
Кадровая политика,
-
Политика управления капиталом,
-
Политика управления рисками информационной безопасности,
-
Политика по привлечению аудиторской организации для АО БЦК и дочерних организаций,
-
Тарифная политика АО «Банк ЦентрКредит,
-
Политика управления непрерывностью деятельности АО «Банк ЦентрКредит».
|
Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Банктік операциялардың түрлері, қандай да бір операцияны жүргізу талаптары мен оларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге, Саясатқа сәйкес әзірленген және Банк Басқармасы бекіткен Банктің ішкі нормативтік құжаттарында (Қағидаларда, Регламенттерде, Процедураларда, Тәртіптерде, Нұсқаулықтарда, шарттардың/келісімдердің үлгі нысандарында және т.б.) белгіленеді. Банктің банктік операциялардың әр түрі бойынша операциялар жүргізуінің нақты талаптары клиентпен жасалатын нақты шарттарда белгіленеді.
|
|
Виды, условия и порядок предоставления той или иной банковской операции определяются внутренними нормативными документами Банка (Положениями, Регламентами, Процедурами, Порядками, Инструкциями, типовыми формами договоров / соглашений и др.), которые разработаны в соответствии с законодательством Республики Казахстан, настоящими Правилами, Политиками и утверждены Правлением Банка, если иное не предусмотрено законодательными актами Республики Казахстан. Конкретные условия проведения операций Банком по различным видам банковских операций устанавливаются в конкретных договорах, заключаемых с клиентами.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |