2. Ақша қаражаты мен олардың баламалары. Ақша қаражаты қозғалысын анықтау мақсатында ақша қаражаты мен олардың баламаларына бастапқы аяқталу күні үш айға дейінгі мерзімді құрайтын банктерде орналастырылған қалдықтар, Ресей Федерациясы Орталық банкінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде, Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінде және Тәжікстанның Ұлттық Банк депозиттелетін міндетті резервтер сомасын қоспағанда, ұлттық (орталық) банктердегі ақша қаражаты мен шоттар жатады.
3. Қымбат металдар. Қымбат металдарда көрсетілген активтер АҚШ долларына қатысты теңгенің қолданыстағы бағамын есепке ала отырып, Лондон металл биржасында белгіленген қымбат металдардың ағымдағы бағамы негізінде бейнеленеді. Қымбат металдар бағамының өзгеруі шетел валютасымен және қымбат металдармен операциялар бойынша таза пайда/(залал) ретінде бейнеленеді.
4. Пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері. Пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері мен міндеттемелері негізінен, таяу болашақта пайдалану мақсатында сатып алынған немесе бірлесе басқарылатын сәйкестендірілетін қаржы құралдары қоржынының бір бөлігі және қысқа мерзімде нақты пайда алуға болатынын білдіретін жақын арадағы мәмілелер болып табылатын бастапқы тану кезінде пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтері мен міндеттемелерінің құрамында Топпен жіктелетін туынды құралдар немесе бағалы қағаздарды білдіреді.
Саудаға арналған қаржы активі немесе міндеттемесінен басқа қаржы активі немесе міндеттемесі бастапқы тануда мына жағдайда пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын сияқты жіктеле алады: мұндай жіктелім кері жағдайда туындайтын тану немесе бағалаудың сәйкессіздігін жоққа шығарады немесе елеулі түрде азайтады; немесе қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері тобының, немесе осылардың екеуінің де бір бөлігін қалыптастырады, оларды басқару және бағалау Топтың тәуекелді басқару стратегиясына немесе инвестициялық стратегияға сәйкес әділ құны негізінде жүзеге асырылады және осындай топтастыру ақпарат осы негізде ұйым ішінде беріледі немесе бір немесе бірнеше кіріктірілген туынды құралдан тұратын келісімшарттың бөлігін құрайды және ХҚЕС (IAS) 39 «Қаржы құралдары: тану және бағалау» барлық біріктірілген келісімшарттың (актив немесе міндеттеме) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша көрінетіндей етіп анықтауға мүмкіндік береді.
Пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бастапқыда есептеледі және одан кейін әділ құны бойынша бағаланады. Пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері мен міндеттемелерінің әділ құнын түзету кезең үшін пайда мен залал жөніндегі шоғырландырылған есептілікте көрсетіледі және «Пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша таза пайда/(залал)» жолында көрсетіледі. Әділ құны 35-Ескертуде берілген тәртіп бойынша анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |