«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет46/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

14. Сатуға арналған активтер. Ұзақ мерзімді активтер, егер олардың ықтималдық деңгейі жоғары баланстық құны осындай активтерді алдағы уақытта пайдаланумен емес, сату арқылы өтелетін болса, олар сатуға арналған активтер ретінде жіктеледі және активтер (немесе істен шығу топтары) олардың ағымдағы күйінде тез арада сатуға қолжетімді болады. Басшылық активтерді сатуға арналған ретінде жіктеген кезден бастап бір жыл ішінде активтерді сатуды аяқтауы тиіс.
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер сатуға кететін шығындарды алып тастағанда, баланстық құнының және әділ құнының ең азы бойынша бағаланады. Егер сатуға арналған активті сатуға кеткен шығынды шегергендегі әділ құны баланстық құннан төмен болса, құнсызданудан келетін шығын пайда мен залал жөніндегі шоғырландырылған есептілікте сатуға арналған активтермен операциялардан келген шығындар ретінде танылады. Бұдан кейін сатуға арналған шығындарды шегергендегі әділ құнды кез келген ұлғайту бұрын сәйкес актив бойынша танылған, құнсызданудан жиналып қалған шығындар сомасынан аспайтын сомада танылады.
Сатуға арналған деп топтастырылған айналыстан тыс активтер келесі екі көлемнің ең төмені бойынша бағаланады: осындай топтастыру сәтіне сәйкес баланстық құны мен сатуға жұмсалған шығындары шегерілген әділ құны.
15. Пайдаға салынатын салық ағымдағы және кейінге қалдырылған салық сомасын білдіреді.
16. Өзге (басқа) активтер – негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтер, мерзімі өткен комиссиялық кірістер, секьюритилендірілген активтер, туынды қаржы құралдары мен операциялар жөніндегі талаптар мен дилингтік операциялар, банктің басқа да дебиторлары.
Активтердің көлемі банктің қызметі мен операцияларының ауқымын сипаттайды, Активтердің көлемінің өзгерісі банктік қызметтердің даму жағдайын көрсетеді және банктік қызметтер нарығындағы саясаты мен алатын орнын анықтайды.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нəтижесіне қатынасын сипаттайды.
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
1. касса жəне оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2. берілгенн есиелер;
3. бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4. банктің ғимараты мен жабдықтары.
Банктің активтерінің құрылымы банктік ресурстарды пайдаланудың негізгі бағыттарын анықтайды және ол жекелеген активтер сомасының активтердің жиынтық сомасына қатынасымен есептеледі.
Банктің активтері мен пассивтері бір-бірімен тығыз байланысты болады. Сондықтан банктер активтік операцияларды жүргізгенде пассивтердің көлемі мен құрылымын бақылап отырады және келесі үш қағиданы барынша сақтауға тырысады:
- Активтерді диверсификациялау- активтерді әртүрлі сфераларда орналастыру керек;
- Банктің коршотында, кассасында қалатын қысқа мержімді актитерді барынша тиімді пайдалану керек;
- Ресурстарды мерзімі бойынша реттеп отыру. Егер сырттан тартылған қаражаттардың мерзімі қысқа болса, онда орта және ұзақ мерзімді несиелерді шектеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет