«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


РЕПО және кері РЕПО келісімдері мен кредит беру операциялары



бет43/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

7. РЕПО және кері РЕПО келісімдері мен кредит беру операциялары. РЕПО мәмілелері – бұл алынған ақшалай немесе басқа сыйақы сомасына балама соманы болашақта кері сатып алу бойынша міндеттемелері, плюс жинақталған пайызы бар қаржы активтерін ақшалай немесе басқа сыйақының орнына екінші тарапқа беру туралы келісім. РЕПО келісімдері бойынша операциялар есепте қаржыландыру операциялары сияқты бейнеленеді. РЕПО келісімдері бойынша табысталған қаржы активтері шоғырландырылған қаржы есептілігінде бейнеленуін жалғастыра береді, ал мұндай келісімдер бойынша алынған қаражат Банк пен басқа қаржы институттарының несиелері мен қаражаты құрамында, актив кепілімен қаматамасыз етілген, алынған несие ретінде көрсетіледі.
Кері РЕПО келісімдері бойынша алынған қаржы активтері шоғырландырылған қаржы есептілігінде бағалы қағаздар кепілімен қамсыздандырылған берілген несиелер ретінде көрінеді және клиенттерге берілген банктердегі және басқа қаржы институттарындағы қаражат мен несиелер түрінде жіктеледі. Кері РЕПО келісімдері бойынша алынған қаржы активтері үшінші тұлғаларға сатылған жағдайда, нәтижелері сәйкес қаржы активтері бойынша таза пайда/(залал) құрамына пайда немесе залалды енгізу арқылы есепте көрсетіледі. РЕПО келісімдері бойынша активтерді сатып алу және сату бағасындағы айырмашылықтарды білдіретін кіріс пен шығыс тиімді пайыздық мөлшерлеме негізінде шарттың мерзімі барысында есептеледі және пайыздық кіріс немесе шығыс құрамында пайда мен залал жөніндегі шоғырландырылған есептілікте көрсетіледі.
8. Клиенттерге берілген несиелер. Клиенттерге берілген несиелер тіркелген немесе қаржы құралдарының басқа категорияларына жіктелмейтін активтерді қоспағанда, нарықтық белгіленімі жоқ ақша ағынымен анықталатын туынды қаржы құралы болып табылмайтын қаржы активтерін білдіреді.
Клиенттерге берілген несиелер бастапқыда әділ құны бойынша және осындай қаржы активтерін сатып алуға немесе құруға тікелей қатысты тікелей байланысты шығындар есебінде көрсетіледі. Егер сатып алудың әділ құны клиенттерге берілген несиенің әділ құнына тең келмесе, мысалы, несие нарықтық мөлшерлемеден төмен берілсе, сатып алудың әділ құны мен несиенің әділ құны арасындағы айырмашылық несиені бастапқы танығанда шығын ретінде танылып, осындай шығындар сипатына сәйкес пайда мен залалдар жөніндегі шоғырландырылған есептілікке енгізіледі. Бұдан әрі несиелер тиімді пайыздық мөлшерлемені қолдану арқылы, амортизациялық құны бойынша есептеледі. Клиенттерге берілген несиелер құнсыздану шығындарын шегеріп көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет