«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Сатуға арналған қолда бар инвестициялар



бет44/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

9. Сатуға арналған қолда бар инвестициялар. Сатуға арналған қолда бар инвестициялар белгісіз уақыт кезеңінде ұстап тұру болжанатын борыштық және үлестік бағалы қағаздарды білдіреді. Сатуға арналған қолда бар инвестициялар санатының қаржы активтері сатуға арналған қолда бар инвестициялар ретінде анықталған немесе несие және дебиторлық берешек, өтеуге дейін ұсталатын санаттағы қаржы салымдары ретінде жіктелмеген туынды емес қаржы активтерін немесе пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын санаттағы қаржы активтерін білдіреді. Сатуға арналған қолда бар инвестициялар бастапқыда сатып алу бағасы бойынша танылады, ал кейін қайта бағалау нәтижесін тікелей басқа жиынтық кіріске жатқызу арқылы және қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есептегі капитал бөлімінде «Басқа резервтер» санатына енгізілген қайта бағалау резервіндегі сатуға арналған қолда бар инвестицияларды тану арқылы, құнсызданудан болған залалды, шетел валютасын қайта бағалаудан болған пайда немесе залалдарды, тиімді пайыздық мөлшерлемені пайдалана отырып есептелген купондық кірісті және тікелей пайда мен залал жөніндегі шоғырландырылған есептілікте танылатын сатуға арналған қолда бар үлестік инвестициялар бойынша дивидендтерді қоспағанда, әділ құны бойынша бағаланады. Сатқан кезде сатуға арналған инвестицияларды қайта бағалау резервінде бұрын танылған жинақталған іске асырылмаған кіріс пен шығыс пайда мен залалдар жөніндегі есепке ауыстырылады.
10. Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар. Өтелгенге дейін ұсталатын инвестициялар, егер бағалы қағаздарды өтеуге дейін ұстауға қабілетті және ұстамақ болған жағдайда, анықталатын немесе тіркелетін төлемдері бар борыштық бағалы қағаздарды білдіреді. Мұндай бағалы қағаздар құнсыздану резервін шегеріп тастағандағы тиімді пайыз мөлшерлемесін пайдалана отырып, амортизацияланған құны бойынша есепке алынады. Өтеуге дейінгі мерзім бойы дисконт немесе сыйлықақы амортизациясы тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кіріс сияқты бейнеленеді.
11. Іскерлік бедел. Бизнесті сатып алу кезінде туындайтын іскерлік бедел құнсызданудан жинақталған залалдарды шегере отырып, сатып алу күні белгіленген сатып алу құны бойынша есепке алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет