5.2 Активтердің сапасы. Активтерді басқару әдістері мен тәсілдері.
Активтердің сапасын талдау жіктелінген активтердің орташа құны мен банк капиталының қатынасына негізделеді.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тəуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс əкелуіне қарай анықталады.
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сəйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты жəне өтімділік дəрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. жоғары өтімді активтер;
2. өтімді активтер;
3. ұзақ мерзімді өтімді активтер.
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтерге сəйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:
• қолма-қол ақшалар;
• мемлекеттің бағалы қағаздары жəне Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқада бағалы қағаздар;
• құйма қымбат бағалы металдар;
• Ұлттық банктегі Standard & Poor’s (Standard & Poor’s (S&P) — Қаржы нарығының талдамалы зерттеулермен айналысатын McGraw-Hill корпорациясының еншілес серіктігі. S&P ең беделді үлкен үштік халықаралық рейтинг агенттіктерінің (Standard & Poor's, АҚШ; Moody’s, АҚШ; Fitch Ratings, АҚШ мен Ұлыбритания) қатарына енеді. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан. 2016 жылдың 28 сәуірінен бастап S&P Global Ratings аталады.) жəне басқа рейтингтік агенттіктердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
• Standard & Poor’s жəне басқа рейтингтік агенттіктердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген «овернайт» займдары.
Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.
Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады.
Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бəрі, сондай-ақ 50% кепіл-хат жəне кепілдікпен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Үкіметтің кепіл-хатымен, бағалы қағаздарды жəне бағалы металдарды кепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.
Әлемдік банктік тәжірибеде банктің активін басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Дағдарыс жағдайында депозиттерді мерзімінен бұрын алу қаупі пайда болатындықтан, бұл жағдайда барлық депозиттер талап еткенге дейін депозиттер болуы мүмкін. Сондықтан, банктің бұл міндеттемелерді өтеуге дайын болуы және ол үшін бұл көлемге жеткілікті өтімділігі жоғары қаражаттардың болуы қажет.
Ең бастысы ортақ қор құру қажет. Бұл қордан қаражаттар мынадай бағыттарда үлестіріледі: ең алдымен алғашқы резервтер (қолма-қол ақшалар, Ұлттық банктегі депозиттегі қаражаттар, резвертер), кейінен қысқа мерзімді өтімділігі жоғары бағалы қағаздар есебінен қосымша резервтер құралады. Ары қарай, қор қаражаттары қарыз алуға негізделген барлық өнімдерді қаржыландыруға жіберіледі, бұл жерде несие қоржыны өтімділікті қамтамасыз етудің әдісі болып табылмайды. Несиеге деген сұраныстарды қанағаттандырғаннан кейін қалған қаражаттар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалады. Олар, бір жағынан, табыс көзі болып табылса, екінші жағынан, өтеу мерзімінің қысқа болуына қарай қосымша резервтер қатарын толықтырады.
Ұзақ мерзімді болашақта бірегей резервтік қор әдісін қолданудың елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру кезінде біршама кемшіліктері бар.
• біріншіден, банктің қаржылық тұрақтылығына ұзақ мерзімді перспективада жағымсыз әсер ететін табыстылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін өтімділігі жоғары қаражаттарды максимизациялауға бағыт жасайды;
• екіншіден, әртүрлі депозиттердің түрлерінің мерзімділігі ескерілмейді: талап еткенге дейінгі депозиттер есеп айырысу үшін арналған, ал жинақ және мерзімді депозиттер табыс алу үшін орналастырылады және біршама маңызды сақтау мерзімі бар;
• үшіншіден, бұл әдіс берілген қарыздардың қоржынынің өтімділігін есепке алмайды.
Бірегей резервтік қор әдісінің көмегімен өтімділікті басқару тәжірибесін талдау нәтижесінде келешек табыс теориясы жасалып шығарылады. Коммерциялық банк басқарушысы қаражаттардың орналасуына жауап береді. Қарастырылып жатқан әдіс негізінде барлық ресурстарды біріктіру идеясы жатыр. Сосын жинақ қаражаттар сай келетін активтердің (ссудалар, үкіметтің бағалы қағаздары, қассалық қолма-қолдылық және т.б.) кейбір түрлерінің арасында бөлінеді.
Ортақ қаражат қоры әдісінің үлгісінде нақты активті операцияны жүзеге асыру үшін қаражаттардың, егер оларды орналастыру банктің алдына қойған мақсаттарында жетуге жағдай жасайтын болса, онда олардың қандай көздерден келіп түскені маңызды емес.
Берілген бұл әдіс банк басқармасынан өтімділік және табыстылық қағидаттарын бірдей сақтауды талап етеді. Сондықтан да қаражаттар осы қағидаттарға толық сәйкес келетін активтік операциялардың түрлеріне орналастырылады. Қаражаттарды орналастыру белгіленген бір артықшылықтарға сәйкес жүзеге асады. Олардың белгіленуі бұл оперативті бөлім басқармасына өтімділік және табыстылық сәйкестілік мәселесін шешуге көмек береді. Осы артықшылықтар банк қаражаттарында бар. Әрбір теңгенің қандай да бір үлесі бірінші немесе екінші ретті резервтерге орналасуды қажет етеді, табыс әкелетін ссуда немесе бағалы қағаздар үшін қолданылуы қажет екендігін анықтайды. Жер телімшелерін, ғимараттарға және басқа да жылжымайтын мүліктерге қаражаттарды инвестициялау мәселесі жеке қарастырылады. Қаражаттарды бірінші резервтер орналасу жүйесін анықтау кезінде ең бірінші мәселе бұл бірінші ретті резервтер түрінде бөлінетін олардың үлесін анықтау болып табылады. Активтердің бұл санаты функционалдық сипаттамаға ие және де ол коммерциялық банктердің баланстық есебінде көрсетілмейді. Сонда да банкирлер оларға көптеген мән береді және де бірінші ретті резервтерге алынатын салымдар мен несиеге деген сұраныстарды қанағаттандыруға төлемдер үшін қолданылатын активтерді қосады. Бұл банк өтімділігінің басты көзі болып табылады.
Қаражаттарды орналастыру кезінде екінші бір мәселе бұл белгілі бір табыс әкелетін «кассалық емес» өтімді активтерді жасау болып табылады.
Екінші ретті резервтердің негізгі қолданымы бұл бірінші ретті резервтерді толықтыру көзінің болуында. Соңғысы сияқты бұл бухгалтерлік емес, экономикалық категория және ол да банк балансында көрсетілмейді. Екінші ретті резервтерге бағалы қағаздар қоржынын құрайтын активтер және де кейбір жағдайларда ссудалық шоттағы қаражаттар жатады.
Қаражаттардың ортақ қоры әдісі бойынша қаражаттарды орналастырудың үшінші сатысы несие қоржынын құру. Банк бірінші және екінші реттегі резервтердің мөлшерін анықтағаннан соң, ол өз клиенттеріне ссуданы ұсына алады. Бұл табыс әкелетін банк қызметтерінің маңызды түрі. Займдар бұл банк активтерінің ең маңызды бөлігі, ал займдар бойынша табыстар банк табысының ең ірі құраушысы болып табылады. Займдық операциялар банк қызметінің ең тәуекелді түрі болып табылады.
Ең соңында құжаттарды алмастыру кезінде бағалы қағаздар қоржынынің құрамы анықталады.
Активтерді басқару бойынша қаражаттардың ортақ қор әдісін қолдану банкке активті операциялар санаттарын таңдауда үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл әдіс ортақ қалыптасатын артықшылықтарды белгілейді. Бұл әдісте активтердің санттары бойынша қаражаттарды бөлу үшін нақты критерийлер жоқ және де бұл әдіс «өтімділік – табыстылық» дилеммасын шеше алмайды. Соңғысы банк басқармасының кәсіби белсенділігі мен интуициясына тәуелді болып келеді.
Банк қаражаттарын теңгерімді басқару әдісі бұл бос ақша қаражаттарын тарту көздерінің көп түрлілігіне негізделеді. Әрбір көздің өзіне тән өзгерімділігі, құны бар және оған белгілі бір талаптар қойылады. Сондықтан әрбір қаражат көзі жеке қарастырылады және оларды мерзіміне қарай активтермен сәйкестендіру қажет. Мысалы, талап ететін саламдар депозиттердің үлкен бөлігі бірінші және қосымша резервтерді толықтыруға, ал облигацияларды орналастырудан түсетін түсімдер ұзақ мерзімді несиелерді қаржыландыруға жұмсалады және т.с.с.
Конверсиондық әдісті тәжірибеде қор қаражаттарын теңгерімді басқару әдісі деп атауға болады. Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын «табыстылық-өтімділік» орталары анықталады. Талап ететін салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондықтан талап ететін салымдарының үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастыруға тиіс. Ал, талап ететін салымдарының қалған бөлігі қосымша резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді несиелерге беріледі. Мерзімді салымдардың басым бөлігін қосымша резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды. Жинақ салымдарының басым бөлігін алғашқы және қосымша резервтерге, қалған бөлігін сондай-ақ несиелерге орналастыру қажет. Өзге қарыздарға бұл жерде банктердің Орталық банктен және өзге банктер мен қор нарығынан тартқан қаражаттары жатады. Оларды қосымша резвертерге, несиелерге, бағалы қағаздарға бағыттаған дұрыс.
«Қорды басқарудың теңгерімділік» әдісінің «қаражаттардың ортақ қоры» әдісінен артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге салуға мүмкіндік береді.
Бұл әдістің басты артықшылығы банк табыстылығына жету болып табылады. Активті және пассивті операциялар арасындағы теңгерімділікті ұстау теориясында банктің өтімділігі жүз пайызды қамтамасыз етілер еді деген көзқарас бар. Бірақ, тәжірибе жүзінде оған олардың серпінін болжау қиын болып табылатын факторлар үлкен әсер етеді. Мысалы, клиенттерге несиелерді өз уақытында қайтару банктің қаражаттарына қайтару мүмкіндігіне байланысты емес, ол бірқатар тәуекелдерге байланысты. Соңғы он жылда өтімділікті басқаруда тәжірибе жүзінде барлық теориялар қолданылды деп айтуға болады.
Экономикалық тұрақтану, нарықтық қатынастардың тереңдеуі, несиелік операциялардың дамуы және қаржы құралдарының кең көлемінің пайда болуы жағдайында қаражаттарды сенімді және табысты орналастырудың мүмкіндіктері пайда болады. Сөйтіп, көптеген шетелдік банктер орын алмастыру, күтілетін табыс теорияларын, сонымен қатар банк қаражаттарының аталған әдісін қолданады.
Шетелдік тәжірибеде басқарушы мамандар өндірістік мәселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп аталатын ғылыми әдістерінің бірін қолданады. Бұл әдіс операциялардың табыстылық пен өтімділік жағынан шектеулерді ескеріп, пассивтерді басқарудағы проблемалы активтерді басқару мәселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге әкелетін детерминдеу үлгісін ұйғарады, шектеулердің сипаты дәл анықталуы тиіс. Мақсатты қызметі үздіксіз және нақты анықталуы қажет, яғни шешімді анықтайтын әр айнымалы мақсатты қызметке және шектеулерді көрсететін теңдеуге өз үлесін қосуы керек. Сонда бағдарламаны бірнеше рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын әрекеттестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.
Жоғарыдағы аталған өтімділікті басқару үлгілеріне қарағанда соңғы үлгі біздің тәжірибемізде қолданылмай отыр, себебі оған сәйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметшілер және ірі үлгілерді есептеуге қуаттылығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты.
Отандық банктер тәжірибесінде бүгінгі күні өтімділікті басқару жоғарыда аталған бастапқы екі әдістің көмегімен іске асырылуда:
- жиынтық қор әдісі, яғни бұл әдіс басымдықтармен қолданылуда;
- конверсиондық әдіс, яғни бұл әдіс жекелеген жағдайларда ғана қолданылуда.
Жиынтық қор әдісі бұл банктің өтімді қаражаттарға деген жалпы қажеттілігін, банктің өзінде бар барлық өтеу көздерімен салыстыруды сипаттайды. Ол үшін банктің балансының өтімділігін бағалау көрсеткіштері қолданылады. Әр түрлі көздерден алынған банктің барлық қаражаты туралы ақпарат жинақталып, банктің өзінде бар жиынтық қор ретінде қарастырылады. Сөйтіп, өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында алғашқы және қосымша резервтер құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |