Басылымы: бесінші


«Абай атындағы Қазақ ұлттық



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата13.11.2022
өлшемі0.85 Mb.
#464711
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Магист.дисс. ережелері

«Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университеті» КеАҚ 
Күні: 12.10.2021 
Басылымы: 
бесінші 
Магистрлік диссертацияны қорғау туралы ереже Е ҚазҰПУ 5001-20 6-бет барлығы 20 
2.9 Негізгі бөлімнің құрамына: 
- зерттеу бағытын анықтау және оны негіздеу, міндеттерді шешу әдістері және олардың 
салыстырмалы бағалануы, жұмысты жүргізудің жалпы әдістемесінің сипаттамасы, демек 
тиісті ғылыми бағыттың қазіргі теориясын таңдауда теориялық негіздемелерді талдау, 
жинақтау немесе зерттеудің ұстанымдары мен әдістерін интеграциялайтын әдіснама (1 бөлім) 
енеді. Теориялық ББ бойынша 2-тарауда зерттеудің қолданбалы аспектілері қарастырылуы 
тиіс: мемлекеттік мекемелерде, компанияларда, фирма немесе білім беру жүйесінің түрлі 
деңгейіндегі оқу курстарының мазмұнында өндірісте алынған нәтижелерді қолдану туралы 
ұсыныстар. Мамандарды даярлау бағыттарының ББ диссертациялық зерттеулерінің 2-
тарауында барлық білім беру деңгейлеріндегі пәндер бойынша заманауи компьютерлік
мультимедиялық технологиялар, интернет-дереккөздер және т.б. ақпараттық технологиялар 
қазақстандық білім беру жүйесіне бейімделіп, қолданылуы тиіс. Бұл жалпы педагогикалық 
немесе жеке дидактикалық экспериментпен негізделуі шарт; 
- құрамындағы теориялық зерттеулердің сипаты мен мазмұнын анықтау, зерттеу, есептеу 
әдістерін, эксперименттік жұмысты жүргізудің қажетілігін анықтау, әзірленген обьектілердің 
іс-әрекет принциптері мен олардың сипаттамаларынан тұратын теориялық және/немесе/ 
эксперименттік зерттеу үдерісі; 
- зерттеудің нәтижелерін жалпылау және бағалау, яғни қойылған міндеттердің толық 
шешімін анықтауды бағалау және жұмыстың болашақ бағыты бойынша ұсыныстар беру, 
алынған нәтижелердің дәлелділігін бағалау және оларды отандық ұқсас нәтижелермен 
салыстыру; 
- әрбір тарау, тармақ бойынша қорытынды енеді. 
2.10 Қорытынды құрамына: 
- диссертациялық зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша қорытынды жасау; 
- нәтижелерді нақты қолданысқа енгізу бойынша ұсыныстар мен бастапқы мәліметтерді 
жасау; 
- нақты қолданылған нәтиже бойынша ұсыныстар мен бастапқы мәліметтерді әзірлеу. 
2.11 Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде диссертацияны жазуда қолданылған 
әдебиеттер көрсетілуі қажет. Тізім В қосымшасына сәйкес рәсімделеді. 
2.12 Қосымшаға диссертациялық жұмыстың орындалуына байланысты, белгілі бір 
себептермен негізгі бөлімде көрсетілмей қалған материалдарды қосу ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет