«Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті» КеАҚ
Күні: 12.10.2021
Басылымы:
бесінші
Магистрлік диссертацияны қорғау туралы ереже Е ҚазҰПУ 5001-20 8-бет барлығы 20
4.4 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ТАРАУЛАРЫ МЕН ТАРАУШАЛАРЫН,
ТАРМАҚТАРЫ МЕН ТАРМАҚШАЛАРЫН НӨМІРЛЕУ
4.4.1 Барлық құжаттар шегінде магистрлік диссертация тараулары нүктесіз және азат
жол басынан бос жер қалдырылған араб цифры арқылы ретті нөмірлермен белгіленеді.
Тараушалар әрбір тараудың шегінде нөмірленуі керек. Тарауша
нөмірі тарау және тарауша
нөмірінен тұрады, олар нүктемен бөлінеді. Тарауша нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды.
Тараулар да, тараушалар да бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.
4.4.2 Егер құжатта тарауша болмаса, ондағы тармақ нөмірі
әрбір тараудың шегінде
болуы керек және тармақ нөмірі нүктемен бөлінген тарау және тармақ нөмірінен тұру қажет.
Тармақ нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Егер құжатта тарауша болса, тармақтың нөмірі
тараушаның шегінде болуы керек және тармақ нөмірі нүктемен бөлінген тарау, тарауша және
тармақ нөмірінен тұру қажет.
4.4.3 Егер мәтін тек тармақтарға бөлінетін болса, олар барлық магистрлік диссертация
жұмыс шегінде ретті нөмірлермен нөмірленеді.
4.4.4 Қажет болған жағдайда тармақтар тармақшаларға бөлінуі мүмкін, олар әрбір
тармақтың шегінде ретті нөмірлермен белгіленеді, мәселен, 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.б.
4.4.5 Магистрлік диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен)
бастаған дұрыс.
4.4.6 Магистрлік диссертация құрамына кіретін беттердің
және қосымшалардың
нөмерлері алмаспайтын болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: