Басылымы: бесінші



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата13.11.2022
өлшемі0.85 Mb.
#464711
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Магист.дисс. ережелері

4.5 КӨРНЕКІЛІКТЕР 
4.5.1 Көрнекіліктер (сызбалар, карталар, графиктер, диаграммалар, фотосуреттер) 
мәтінде суретпен аталады. Магистрлік диссертация мәтінінде оларды тікелей бірінші сөз 
болғаннан кейін немесе келесі бетке орналастыру қажет. Көрнекіліктер компьютермен, соның 
ішінде түрлі түсті боямен орындалуы мүмкін. Барлық көрнекіліктерге диссертацияда сілтеме 
берілуі керек. Әрбір көрнекілік үшін суретасты қолтаңба келтіріледі. 
4.5.2 Әрбір суретасты қолтаңба сурет нөмірінен басталады, айталық, «1-сурет». Одан әрі 
тырнақшасыз суреттің атауын беру керек. Егер сурет біреу ғана болса, тек «Сурет» сөзімен 
белгіленеді. «Сурет» сөзі және оның атауы азат жол басынан бос жер қалдырылмай (кгель 12) 
жолдың ортасына орналастырылады. Көрнекіліктер нөмірі магистрлік диссертация шегінде 
алмаспайды (араб цифрымен). Мәтінде әрбір көрнекілікке сілтеме міндетті. Көрнекіліктерге 
сілтеме жасау кезінде «Сурет 2 сәйкес ...» түрінде жазылуы тиіс. 
4.6 КЕСТЕЛЕР 
4.6.1 Ереже бойынша сандық материал кесте түрінде рәсімделеді. Кестелерді рәсімдеудің 
үлгісі Сурет 1 келтірілген. 
4.6.2 Кестені тасымалдау кезінде тақырып бағанасынан кейін бағана нөмірін көрсете 
отырып, жолақ қосу керек. Кестенің жалғасында бағананың атауы тасымалданбайды, алайда 
бағана нөмірі көрсетіледі. 
4.6.3 Диссертацияда барлық кестелердің сілтемесі болуы керек. Сілтеме жасауда нөмірін 
көрсете отырып, «кесте» деп жазу қажет. 
4.6.4 Саны жағынан көп жолақты кестені басқа параққа (бетке) тасымалдауға жол 
беріледі. Кестенің бір бөлігін басқа параққа (бетке) тасымалдау кезінде «Кесте» (кегль 12) 
сөзін және оның нөмірін кестенің бірінші бөлігінің оң жағына бір рет көрсетеді, ал басқа 
бөлігіне «Жалғасы» сөзін жазып, кесте нөмірін көрсетеді, мысалы, «1-кесте жалғасы». Кестені 
басқа параққа (бетке) тасымалдау кезінде тақырыбы тек бірінші бөлігінің астына қойылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет