«Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті» КеАҚ
Күні: 12.10.2021
Басылымы:
бесінші
Магистрлік диссертацияны қорғау туралы ереже Е ҚазҰПУ 5001-20 5-бет барлығы 20
тақырыбы ББ бойынша ғылымның қазіргі ахуалына және бітіруші кафедралардың ғылыми-
зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес өзекті болуы тиіс.
1.7 Магистратураның бейіндік бағытында магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері
кем дегенде бір ғылыми мақалада және/немесе ғылыми-практикалық конференцияда
баяндалуы тиіс.
Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытында магистрлік диссертацияның
негізгі нәтижелері кем дегенде бір ғылыми мақалада және бір ғылыми-практикалық
конференцияда баяндалуы тиіс.
2. МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
2.1 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері:
- мұқаба парағы;
- мазмұны;
- нормативті сілтемелер;
- анықтамалар, атаулар мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- тұжырым және қорытынды;
- қолданылған әдебиеттер тізімі;
- қосымша.
2.2 Мұқаба парағы диссертацияның бірінші парағы болып табылады және құжатты
өңдеуге және іздеуге қажетті ақпарат көзі ретінде қызмет етеді. Мұқаба парағы
диссертацияның жалпы парақ нөмірлеуіне кіреді. Мұқаба парағына парақ нөмері қойылмайды.
Мұқаба парағы А қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
2.3 Диссертацияның мазмұнында кіріспе, барлық тарауларының, тараушалары мен
тармақтарының атаулары мен оның тізбекті нөмірлері, бөлімшелері (егер оның атауы болса),
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалары нөмірі белгіленіп көрсетіледі.
Магистрлік диссертацияның мазмұны Б Қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
2.4 «Нормативті сілтемелер» атты құрылымдық элементте диссертацияның мәтініндегі
сілтемелер көрсетіліп, стандарттар тізімі кездеседі. Сілтемелер стандартының тізімі мына
сөзден басталады: «Бұл диссертацияда келесі стандарттардың сілтемелері қолданылған».
Тізімде стандарттардың атаулары мен олардың атаулары белгілердің тіркеу нөмірлерінің өсу
тізбегімен беріледі.
2.5 «Анықтамалар» атты құрылымдық элементте магистрлік диссертацияда қолданылған
терминдерді айқындап алуға анықтамалар көрсетіледі. Анықтамалардың тізімін келесі сөзден
бастайды: «Бұл магистрлік диссертацияда келесі терминдер анықтамаларымен бірге
қолданылады».
2.6 «Атаулар мен қысқартулар» атты құрылымдық элементте магистрлік диссертацияда
қолданылған атаулар мен қысқартулардың тізімі көрсетіледі. Атаулар мен қысқартулар
диссертацияның мәтінінде кездескен тәртіп бойынша қажетті толық атауымен түсіндіріліп
жазылады. Анықтамалар, атаулар мен қысқартуларды «Анықтамалар, атаулар мен
қысқартулар» атты құрылымдық элементте біріктіріп көрсетуге болады.
2.7 Диссертацияның кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, зерттеудің
мақсаты мен міндеттері, зерттеу пәні мен нысаны, қорғауға шығарылатын негізгі
тұжырымдар, зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі, жұмыстың құрылымы және
зерттеу нәтижелерінің апробациясы көрсетілуі тиіс.
2.8 Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, әдістері мен негізгі
нәтижелерін танытатын мәліметтер көрсетілуі тиіс.
|