«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»



бет4/9
Дата09.06.2016
өлшемі4.91 Mb.
#125866
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жарияланымды ашу
Бұрынырақ өзіміз жасаған Unititled1 файлын ашайық. Ол үшін Файл => Открыть командасын орындаңдар немесе CTRL+О пернелер комбинациясын басыңдар. Файл таңдалуға тиісті терезе (Cурет 6) пайда болады.


Сурет 6. Открыть публикацию терезесі
Жүйеден шығу

PageMaker жүйесінен шығу келесі әдістердің бірімен іске асырылады:



  • Файл => Выход командасын таңдаумен немесе бағдарламаның жүйелік менюі батырмасын екі рет шертумен;

  • бағдарламаның терезесін жабу батырмасын шертумен.
    Егер кейбір өзгертулерің сақталмай қалса, жауаптар нұсқалары бар терезе (Сурет 5) пайда болады.


Бекіту сұрақтары

  1. Баспа жүйелерінің қызметі кандай?

  2. Баспа жүйелерінің мәтіндік процессорлардан айырмашылығы?

  3. «Басу жолағы» мен «құрастыру орны» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.

  4. Жарияланымды құрайтын PageMaker объектілерін атап шығындар.


Дәріс 13

Тақырыбы: Adobe PageMaker-де графикалық элементтермен жұмыс істеу

Мақсаты: Adobe PageMaker-де графикалық элементтермен жұмыс істеудің әдістерімен таныстыру.

Дайын жарияланымды құрайтынның бәрі объект деп аталады. Объектілер негізгі үш түрге бөлінеді:



  • мәтіндік блоктар,

  • иллюстрациялар (кескіндер),

  • графикалық элементтер.

Графикалық элементтер дегеніміз — неше түрлі сызықтар, тікбұрыштар, сопақшалар және көпбұрыштар. Олардың бәрі PageMaker жүйесінде инструменттер палитрасы (немесе панелі) көмегімен жасалады (Дәріс 12, сурет 1 қараңдар).

Егер экранда Палитра инструментов жоқ болса, онда Окно —> Показатъ инструменты командасын орындаңдар. Палитра инструменов командасын экраннан алып тастау үшін, Окно => Спрятать инструменты командасын орындау керек.

Қайсыбір инструментті таңдау үшін, сол инструменттің палитрадағы кескіні бар батырманы тышқанмен шертіңдер. Таңдалған батырма «басулы» қалады, ал маустың меңзері осы инструментке тән қалыпқа түседі.
«Көрсеткіш» инструменті

«Көрсеткіш» («Стрелка») инструменті PageMaker жүйесінде негізгі жұмыс құралы болып табылады. Объект немесе объектілер тобын ерекшелеуді, оларды жылжытуды немесе жоюды, өлшемдерін өзгертуді тек соның көмегімен жасауға болады.



  • Ерекшелеу үшін тышқан меңзерімен объектіні шерту керек. Объект барлық жағынан шектеуіштермен (маркерлермен) ерекшеленді.

  • Объектіні жылжыту үшін оны алдымен ерекшелеу қажет. Кейін тышқанның сол жақтағы батырмасымен объектіні шертіп, оны босатпаған күйде тышқанды қажетті бағытта жылжытыңдар. Тышқан батырмасын объектіні қажетті жерге жеткізгенде ғана босатыңдар.

  • Жою үшін объектіні ерекшелеп, DELETE пернесін басу қажет.

  • Өлшемдерді өзгерту үшін объектіні ерекшелеп, объектінің қажетті шектеуішін тышқанмен «ұстап алу» қажет. Тышқан батырмасын босатпай, шектеуішті қажетті бағытта сүйреңдер, кейін босатыңдар.

Соңғы жасалынған әрекетті орындатпау (жылжыту, өзгерту, жою) Редактирование =>Отменить <название операции> командасы бойынша іске асырылады. Естеріңде болсын: соңғы операцияны ғана орындатпай тастауға болады.

PageMaker бағдарламасын одан әрі игеру барысында біз бұл инструментті тұрақты пайдаланамыз.


Сызықтар

Көлденең, тік, сондай-ақ бұрышы 45° сызықтар «Перпендикуляр» инструменті көмегімен сызылады. Еркін бұрышты сызықтар түсіру үшін («Линия») инструменті қолданылады. Осы инструменттің көмегімен Shift пернесін басып тұрып, сендер дәлме-дәл көлденең, тік немесе 45° сызықтар жасай аласыңдар.



  1. Инструменттер палитрасынан қажеттісін таңдаңдар. Меңзер ( + ) қалпын алады.

  2. Жолақтың кез келген жерінде маусты шертіп, батырманы босатпай, оны қажетті бағытта «созыңдар». Егер сызылған сызықтың ұзындығы мен еңістігі көңілден шықса, онда тышқан батырмасьш босатуға болады. Жаңа ғана сызылған сызық белсенді объект болып табылады, оның ұштарында орналасқан шектеуіштер соның куәсі.

  3. Егер сызықтың қалыңдығы немесе фактурасы ұнамаса, оны түзету оңай. Объектіні ерекшеленген күйі қалдырып, Элемент Граница командасын орындап, ашылған сызықтар стилі тізімінде (Сурет 7) қажет нұсқаны белгілеңдер.Сызықтар қалыңдығы пиксельдерде беріледі. Егер сендер қалағандай қалыңдықтағы сызықтар тізімде болмаса, онда Выброчно... нұсқасын пайдаланыңдар. Бұл жағдайда экранда сызықтың барлық сипаттамалары жеке-жеке берілетін қосымша терезе (Сурет 8) ашылады. Тышқан арқылы таңдалған сызық нұсқасы тұсына белгі қойыңдар.




Сурет 7. Сызықтар стилінің тізімі


Сурет 8. Сызықтардың ерікті сипаттамаларын беру


  1. Сызық ерекшеленуін экранның сызықтан тыс жерінде шертіп, орындатпаңдар.

  2. Бұрынырақ сызылған сызықтың ұзындығын, бағытын, қалындығын және стилін өзгертіп, оны редакциялауға болады.

    • Белсенді объектіні ғана редакциялауға болады. Сондықтан ең алдымен «Стрелка» инструментіне көңіл аударып, сызықты мауспен шертіп, ерекшелеңдер.

    • Егер мақсаттарың сызықтың ұзындығын немесе еңкішін өзгерту болса, тышқанмен оның бір шектеуішін «ұстап алып», тышқан батырмасын босатпай, қажет бағытта оны жылжыта беріңдер.


Тікбұрыш

Инструменттер палитрасынан «Прямоугольник» инструментін таңдаңдар. Жолақтың кез келген жерін тышқанмен шертіп, тышқан батырмасын босатпай, болашақ тікбұрыштың диагоналы бойынша қажет бағытта «созыңдар». Егер пайда болған фигураның өлшемдері талап етілетіндей болса, маус батырмасын босатыңдар. Төртбұрыш салу үшін Shift батырмасын басулы күйінде ұстаңдар.

Тікбұрышты бояуға — «фон құюға» және де оның шегі бойынша сызық стилін өзгеруге болады. Сызық түрін өзгерту үшін, сызықпен жұмыс істеу барысында өздеріңе танымал болған Элемент –Граница командасы қолданылады. Фонды өзгерту үшін Элемент => Заливка командасы қажет. Егер төртбұрыштың шегін ғана өзгертіп қоймай, ішкі бөлігін «бояу» қажет болса, Элемент => Граница и Заливка командасын пайдаланыңдар (Сурет 9).


Сурет 9. Граница и Заливка терезесі

Бұрын жасалған тікбұрыштың өлшемдерін, фонын, сызық сипаттамаларын өзгертіп, ұштарын жұмырлап, редакциялай аласыңдар.


  1. «Стрелка» инструментіне ауысып, тікбұрышты ерекшелеңдер.

  2. Тікбұрыш фоны мен шекараларын өзгерту Элемент = > Граница и Заливка командасымен іске асырылады.

  3. Тікбұрыш өлшемдерін өзгерту үшін, мауспен шектеуіштердің бірін «ұстап алып», маус батырмасын босатпай, оны қажет бағытта жылжытыңдар.

  4. Тікбұрыш бұрыштарын жұмырлау үшін, Элемент=> Сгладить углы командасын орындаңдар. Ашылған терезеде (Сурет 10) төртбұрыштың өздеріңе тура келетін нұсқасын шертіңдер де, ОК батырмасын басыңдар.



Сурет 10. Сгладить углы терезесі.
Сопақша

Сопақшаларды жасау «Овал» инструменті көмегімен тікбұрыштар құрылатын ережелер бойынша орындалады.

Шеңбер салу үшін Shift батырмасын басулы күйде ұстаңдар.
Көпбұрыш және сынық сызықтар
инструментін («Многоугольник») көпбұрыштар және сынық сызықтар жасауға қолдануға болады.
Көпбұрыш жасау

Көпбұрыш жасау үшін екі әдісті қолдануға болады.



Бірінші әдіс. Көпбұрыш сипаттамалары диалогтік режимде беріледі. Инструменттер палитрасынан «Многоугольник» құралын таңдаңдар. Элемент => Установка Многоугольника командасын орындаңдар. Диалогтік терезе ашылады (Сурет 11), онда сендер болашақ көпбұрыштын параметрлерін беріңдер. Число сторон өрісінде көпбұрыш жақтарының саны - 3-тен 100-ге дейін көрсетіледі. Глубина лучей өрісінде пайызбен көпбұрыштың «сәулелігі» беріледі.

Сурет 11. Көпбұрыш параметрлерін беру
Просморт (Preview) өрісінде көпбұрыш бейнесінің параметрлерін беру үшін модификациялау сызықтарын пайдаланыңдар. Жүгірткіні жылжытып немесе көрсеткіштері бар батырмаларды шерте отырып, сендер тап сол сәтте Просмотр (Preview) терезесінде пайда болып жатқан нұсқаларды көріп отырасыңдар. Көздеген мақсаттарыңа жеткенде ОК батырмасын басыңдар. 12-суретте бірнеше көпбұрыштардың кескіндері және олардың параметрлері берілген. Құрылған фигуралар түсімен, шектеуші сызықтар қалыңдығымен және фонымен де ерекшеленеді.


Сурет 12. Көпбұрыш түрлері және олардың параметрлері:

а — жақтар саны 6, тереңдігі 0;

б — жақтар саны 10, тереңдігі 50;

в — жақтар саны 5, тереқдігі 55.
Меңзерді басу жолағының бос жеріне орнатып, тышқан батырмасын басындар да, оны босатпай, көпбұрышты ойша кірістіргілерің келетін қиялдағы тікбұрыш диагоналы бойымен жылжыңдар. Меңзер соңынан көпбұрыш кескіні де «созылды».

Дұрыс көпбұрыш салу ушін, Shift батырмасын басулы күйі ұстаңдар.
Екінші әдіс. Бұл әдіс көмегімен еркін пішінді тұйық контур алуға болады:



Сурет 13. Еркін пішінді көпбұрыштар
«Көпбұрыш» инструментіне ауысыңдар. Көпбұрыш сүйір ұштарының бірі шамаланған орынға меңзерді орнатыңдар. Тышқан батырмасын шертіп, меңзерді көпбұрыштың көршілес сүйір ұшы тұратын орнына жылжыта беріңдер. Меңзер соңынан екі сүйір ұшты біріктіретін сызық — көпбұрыш жағы (Сурет 14, а) созылды. Қажет нүктеде тышқан батырмасын басыңдар. Меңзерді келесі сүйір ұш орнына жылжытып, тағы да тышқан батырмасын басыңдар. Көпбұрыштың екі сүйір ұшы дайын (Сурет 14, б) деуге болады.Көпбұрыш қүруды бірінші жасалған сүйір ұш контуры тұйықталғанша осылай жалғастыра беріңдер. Тию дәлдігі жөнінде меңзер барынша жақындағанда бастапқы сүйір ұш маңайында пайда болатын тік бұрышты контур мәлімдейді (Сурет 14, в және г).



а) б) в) г)
Сурет 14. Еркін пішінді көпбурыш құру тізбег.
Сынық сызық жасау

Егер көпбұрыш жасау барысында сызылған құрылымнан бас тартсаңдар, ESC батырмасын басыңдар. Егер салынған жақтар саны бірден көп болса, бітпеген көпбұрыш сынық сызық қалпына енеді.




Көпбұрыш және сынық сызықты редакциялау

Көпбұрыштың фоны мен шектеуші сызығының (сынық сызық) түрін өзгерту тікбұрыш жағдайындағыдай жасалады. Көпбұрыш пен сынық сызық пішінін мынадай жолмен редакциялауға болады:

  1. Көпбұрыш (сынық сызық) сүйір ұштарын оның шектерінде екі рет шертіп, ерекшелеңдер.

  2. Қойылған мақсатқа қатысты төменде берілген нұсқауларды пайдаланыңдар:

    • Жаңа сүйір үш косу үшін жақтардың біріндегі қажет нүктені тышқанмен шертіңдер.

    • Көпбұрыш (сынық сызық) пішінін өзгерту үшін тышқан көмегімен оның кез келген сүйір ұшын жылжытындар.

    • Сүйір ұшты жою үшін жойылатын сүйір ұшты шертіңдер.


Бетті қарау

Қазір экрандарыңда басу жолағын тұтастай көріп тұрсыңдар. Объектілерді толық көріп алу үшін экрандағы жарияланымның бейнелеу масштабын өзгерту қажет. Масштабты бірнеше әдіспен өзгертуге болады:



  1. Вид менюін ашып, командалардың бірін таңдаңдар: Увеличить, Уменьшить, Реальный размер, Вписать окно, Монтажный стол және де Масштаб тізімінде ең дәлірек (пайызбен) бейнелеуді таңдап алуға мүмкіндік бар (Сурет 15). «ЬІстық» пернелерге назар аударыңдар, олармен жылдамырақ жұмыс істеуге болады.


Сурет 15. Вид менюі


  1. Егер «Стрелка» инструментімен жұмыс істесеңдер, онда тышқанның оң батырмасын басыңдар. Экранда меню пайда болады, оның ішіндегі тізімнен сендер өздеріңе ең ыңғайлы масштаб таңдауларыңа мүмкіндік бар. Егер Другой вид командасын таңдасаңдар, ішінен кез келген масштабқа тапсырыс жасауға болатын терезе (Сурет 16) пайда болады.



Сурет 16. Масштаб терезесі


  1. Инструменттер панелінен «Лупа» инструментін таңдаңдар. Тышқан меңзері ішінде «қосушасы» бар лупаға айналады. «Лупамен» жұмыс істеудің екі әдісі бар:

    • Тышқан меңзерін үлкейтілуге тиісті орынға апарып, сол жақтағы батырманы шертіңдер. Бейнелеу масштабы үлкейеді. Бұл әдісті 400% максимал масштабқа жеткенше қолдануға болады.

    • Тышқанмен үлкейтілуге тиісті аумақты сызыңдар. Экранның сызылған тікбұрышқа кірістірілген аумағы бүкіл экранға үлкейеді. «Лупамен» масшабты кішірейтуге де болады. Ол үшін CTRL пернесін басып тұрып, сол жақтағы батырманы шертіңдер.

      1. «Лупадан» өзге инструментпен жұмыс істегенде, CTRL пернесін басып тұрып, тышқанның оң батырмасың басыңдар. Осы әрекетті бірнеше рет қайталаңдар. Масштабтың біресе үлкейіп, біресе кішірейгенін көресіңдер. Үлкейгенде масштаб «Реальный размер» мәніне, кішірейгенде «Целая страница» мәніне тең.


Бет бойынша жылжу

«Реальный размер» масштабына өтіңдер. Егер экрандарың онша үлкен емес болса және де алдыңғы жұмыстарда өз беттеріңмен масшабты өзгертуге тырысқан болсаңдар, онда бүкіл бетті көре алмайсыңдар. Манипуляцияларыңның нәтижесінде экраннан «сырғып» кеткен объектілеріңді де көре алмайсыңдар. Алдарыңда - беттің толтырылмаған бөлігі.

«Жоғалған» объектілерді іздеудің бірнеше әдісі бар. Айталық, экранның оң және сол жақтарындагы шектерінде орналасқан айналдыру жолақтары көмегімен іздеу. Айналдыру жолақтарының ұштарындағы көрсеткіштерді шертумен немесе тышқанпен жүгірткіні жылжыта отырып, құрастыру орны экран бойынша қозғалады.

Егер экрандарыңда өткізу жолақтары болмаса, Просмотр => Показать полосу прокрутки командасын орындандар. Егер оларсыз жұмыс істеп үйренген болсаңдар, жолақтарды Просмотр = > Спрятать полосу прокрутки командасы арқылы дәл солай алып тастауға болады.

«Рука» инструменті көмегімен іздеу әдісі. Оны инструменттер палитрасынан таңдап алуға болады немесе ALT пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақтағы батырмасын басу керек - меңзер орнына «Рука» кескіні пайда болады. Тышқанның батырмасын босатпай, меңзерді қажет бағытта жылжытыңдар. Оған дейін жасырулы объектілерді ашып, Қолмен бірге құрастыру орны да қозғалады.
Объектіні бұру

PageMaker бағдарламасының кез келген объектісін кез келген жаққа кез келген бұрышта бұруға болады. Объектіні бұру үшін, оны «Стрелка» инструментімен ерекшелеңдер - объект шектеуіштермен ерекшеленеді. Инструменттер панелінде «Поворот» инструментін таңдаңдар. Меңзерді айналасында айналым жасалатын шектеуішке орнатыңдар. Тышқан батырмасын басып, оны босатпай, меңзерді тандалған нүктеден алысырақ «жылжытып қойып», бұрылысты бастаңдар. Неғұрлым меңзерді объектінің шектеуішімен біріктіретін сызық (басқаша айтқанда - рычаг) ұзын болса, объектіні бұру соғұрлым дәлірек орындалады


Бекіту сұрақтары

  1. Объектілердің кандай түрлерін білесіңдер?

  2. Қандай графикалық элементтер бар?

  3. Графнкалық инструменттерді атаңдар?

  4. Әр графикалық инструментті сипаттап шығыңдар?

  5. Бетті қарауды қалай іске асыруға болады?

  6. Объектіні қалай тексеруге болады?


Дәріс 14

Тақырыбы: Adobe PageMaker-де мәтінді енгізу, мәтіндік блоктармен жұмыс істеу. Объектілермен жұмыс істеу тәсілдері
Мақсаты: Adobe PageMaker-де мәтінді енгізу ережелері және мәтіндік блоктармен және объектілермен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру

Мәтіндік блоктар PageMaker бағдарламасының негізгі үш объектісінің бірі болып табылады. Мәтіндік блокты екі әдіспен:

- пернетақтадан тікелей жарияланымға енгізу;

- мәтін редакторында жасалған дайын мәтінді импорттау арқылы алуға болады.

Бұл бөлімде біз мәтінмен жұмыс істеудің негізгі әдістерін: мәтінді енгізу мен пішімдеуді қарастырамыз. Мәтінмен PageMaker объектісі ретінде жұмыс істеу. Басқа бағдарламаларда жасалған мәтіндерді импорттауды кейінірек «Объектілерді импорттау» тақырыбында қарастырамыз.
Мәтінді пернетақтадан тікелей жарияланымға енгізу
Жаңа жарияланым жасайық. Енді, алдарыңда бос бет тұрғанда, мәтінмен жұмыс істеуге кірісуге болады.

Инструменттер панелінен «Буква» инструментін таңдаңдар.

Мәтін орналасуға тиісті басу жолағының бос жерінде тышқанмен тікбұрыш сызыңдар. Тышқанды босатқанда тікбұрыш жоғалып, жаңа ғана сызылған тікбұрыштың сол жақтағы жоғарғы бұрышында меңзер жыпылықтап қалады. Жыпылықтап тұрған мәтіндік меңзер мәтін енгізілетін орынды көрсетеді. Жоғалған тікбұрыш мәтін енгізу шектерін белгілейді.

Екі абзацтан тұратын төмендегі мәтінді енгізіңдер. Мәтінді енгізгенде мына ережелерді сақтаңдар:



    • жолдардың соңына көңіл аудармаңдар, PageMaker мәтінді бір жолдан бір жолға қалай көшіретінін өзі шешеді;

    • абзацты аяқтау үшін оның соңында ENTER пернесін басыңдар.


Сегіз ферзі туралы есеп
Шахматта ферзі бір катарда, бағанада немссе диагональда тұрған кез келген фигураны «жей» алады. Сегіз ферзіні шахмат тактасында бірін бірі «жей алмайтындай» етіп орналастыру қажет.

Сегіз ферзі туралы есеп классикалық логикалық проблема болғандықтан, логикалық есептер шешуін иллюстрациялау үшін жиі қолданылады.


Енгізілген мәтін басу жолағында дәл өздерің оған белгілеген шектерде орналасты.

Мәтінді экраннан енгізу үшін тікбұрыш салу шарт емес еді. Құрастыру орнының кез келген жерінде мауспен шерту жетіп жатыр. Үнсіздік бойынша мәтін енгізу аумағы басу жолағының шектерімен белгіленеді.


Мәтінді редакциялау

Теру жолағына орналасқан мәтінді редакциялауға болады. Мәтінді басу жолағында редакциялау үшін «Буква» инструменті қолданылады.

Мәтінді редакциялағанда мынадай ережелерді сақтаңдар:


  1. Жасалынып қойған мәтінге символдарды енгізу кез келген басқа мәтіндік редактордағыдай орындалады. Меңзерді қажет позицияға орнатып, мәтінді пернетақтадан енгізу керек.

  2. Символдарды жою үшін BackSpace (меңзердің сол жағындағы символды жою) немесе Delete (меңзердің оң жағындағы символды жою) пернелерін қолданыңдар.

  3. Бірінен соң бірі орналасқан символдар тобын жоюды оларды алдын ала ерекшелеп барып орындаған ыңғайлы.

  4. Мәтінді ерекшелеу үшін төмендегі тәсілдерді қолданыңдар:

    • Мәтін фрагментін ерекшелеу үшін меңзерді оның шегіне — басына немесе соңына орнатыңдар. Кейін маус батырмасын басып, оны босатпай, меңзерді фрагменттің қарама-карсы соңына дейін «сүйрелеңдер». Мәтін қара фонмен ерекшеленді - енді маус батырмасын жіберуге болады.

Дәл осыны пернетақтамен жасауға болады. SHIFT пернесін басып тұрып, меңзерді қажетті бағытта «оңға», «солға», «жоғарыға», «төменге» пернелерімен жүргізіңдер. Мәтін қара фонмен ерекшеленгенде SHIFT батырмасын босатуға болады.

  • Бір сөзді ерекшелеуді оны екі рет мауспен шертіп жылдамдатуға болады. Меңзерді сөздің басы немесе соңына орнатып, басыңдар, кейін екі пернені CTRL және SHIFT басулы күйде ұстап тұрып, «оңға» немесе «солға» көрсеткішін басыңдар.

  • Абзац өз шегінде үш рет шертумен ерекшеленеді.

  • Бүкіл мәтінді ерекшелеу үшін Правка-Выделить все командасын орындаңдар.

Егер мәтінді ерекшелеу дұрыс жасалмаса, теру жолағының кез келген жерін мауспен шертіңдер ерекшелену орындалмайды.

DELETE пернесі ерекшеленген мәтінді жою операциясын орындайды.



  1. Мәтінді ауыстыру екі операциядан - жою және жаңа мәтінді кірістіруден тұрады. PageMaker жасалынатын әрекеттер санын азайтуды ұсынады. Ауыстырылатын мәтінді ерекшелеп, оны жою, ерекшеленуді орындатпау әрекеттерін жасамай-ақ, жаңаны енгізе беріңдер.

  2. Бір абзацты екіге болу үшін меңзерді бірінші абзацтың соңғы символынан кейін орнатып, ENTER пернесін басындар.

  3. Абзацты аяқтамай тұрып жолды аяқтау үшін, меңзерді жолдың соңғы символынан кейін орнатып, SHIFT + ENTER пернелерін басыңдар.

  4. Екі абзацты біріктіру үшін меңзерді бірінші абзацтың соңғы символынан кейін орнатып, DELETE пернесін басыңдар немесе меңзерді екінші абзацтың бірінші символының алдына қойып, BackSpace пернесін басыңдар.

  5. Бос жол енгізу үшін мензерді енгізілетін жолдың алдындагы абзацтың соңына немесе енгізілетін жолдан кейінгі абзацтың алдына қойып, ENTER пернесін басу керек.

  6. Егер өзгертулер дұрыс жасалмаған болса, ең соңғы редакцияны орындатпауға болады. Ол үшін Правка => Отменить редактироеание командасын орындау керек.


Қаріп сипаттамаларын өзгерту
Мәтінді пішімдеумен біз WordPad және Word мәтіндік редакторларында жұмыс істедік. Енді PageMaker бойынша мәтінді безендірумен айналысайық. Бұрынырақ біз «Сегіз ферзі туралы есеп» мәтінін теріп едік.

«Сегіз ферзі туралы есеп» тақырыбын ерекшелеңдер. Қаріп сипаттамаларын өзгерту үшін Текст =>Шрифт командасын орындаңдар. Шрифт гарнитурасының тізімі шығады.

Гарнитура (немесе Шрифт) дегеніміз — белгілі кескін символдарының толық жиынтығы. Барлық қаріптерді екі негізгі топқа бөлуге болады; антиква (кәдімгі) — осы типтің қаріп символдарының тік және көлденең штрихтарының ұштарында керткен таңбалары бар, гротеск (шабылғандар) — керткен таңбасыз қаріптер. Негізінде, керткен таңбаның болуы көздің әріптерді сөзге байланыстыруына көмектесіп, үлкен мәтіндерді оқуды жылдамдатады деп саналады. Керткен таңбасыз қаріптер тақырып безендіруде жиірек қолданылады. Мысалы, Arial — гротеск, ал Times New Roman — антиква.

Осы сәтте орнатылған қаріп аты Гарнитура өрісінің ішінде болады. Егер қаріп атының оң жағында орналасқан көрсеткіші бар батырманы шертсеңдер, компьютерлерінде орнатылған барлық қаріптердің тізімі шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет