«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»



бет5/9
Дата09.06.2016
өлшемі4.91 Mb.
#125866
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кегль немесе символдар биіктігі. Кегль пункттермен өлшенеді. Отандық теру жүйесінде бір пункт 0,376 мм-ге тең, англоамерикандық жүйеде 0,353 мм-ге тең. Жасаушының қай қаріпті қай жүйеге икемдегенін ешкім анық білмейді, сондықтан кегль таңдағанда нақты үлгілер басылмаларына сүйеніңдер.

Символ кескіні қалыпты, курсивтік, жартылай қалың, жартылай қалың курсивтік, асты сызылған, сызып тасталған болуы мүмкін. Егер мәтінге инверстік кескін берсек (лат. inverso - «аудару»), символдар қағаз бетінің түсін (әдетте бұлақ түс) қабылдайды. Белгі атының жанында орналасқан төртбұрышты шерту оны қосып-өшіреді. Атының тұсындағы қанатбелгі параметр қосылғандығын мәлімдейді. Кейбір параметрлер бір мезгілде қосылуы мүмкін. Мысалы, жартылай қалың еңкіш қаріп алу үшін Полужирное және Курсив мәндерін белгілеу жеткілікті. Нормальное параметрі тұсындағы қанатбелгі барлық басқа параметрлерді өшіреді.

Интерлиньяж дегеніміз — жолдар арасындағы қашықтық. Үнсіздік бойынша Авто таңдалып, оның мәні абзацтың орнатуларында қойылады (онымен кейінірек танысамыз).

Егер жеке символдарды негізгі мәтін орналасқан деңгейден жоғарырақ немесе төменірек орналастыру қажет болса, өрістің ашылатын Позиция тақырыбындағы тізімге кіріп, Нормальный, Надиндекс, Подиндекс нұсқаларының бірін таңдап алыңдар.

Мәтінді пішімдегенде кейде кіші әріптерді бас әріптерге ауыстыру қажеттілігі туады. Регистр тізімінде әріптердің қажетті регистрін: Прописные, Нормальные (әріптер пернетақтадан енгізілгендегі өлшеміне сәйкес), Капитель (жазылуы бас әріптердікі, өлшемі — кішілердікі) таңдауға болады.

Ширина өрісінде символдар енін өзгертуге болады. 100%-ға теңі қалыпты болып саналады.

Мәтінді кез келген түске, оның ішінде кағаз түсіне де, бояуға болады. Бұл жағдайда әріптерді тек қанық фонда көруге болады. Түс ашылатын Цвет тізімінен таңдалады. Таңдалған түспен бояу интенсивтілігі Оттенок өрісінде беріледі.

Ашылатын Символы тізімінде екі мән бар: На одной строке және Произвольно. Егер ерекшеленген мәтінді (әдетте бұл - сөз) бір жолдан бір жолға көшіргенде бөлшектеуге болмайтын болса, «На одной строке» таңдалады. Үнсіздік бойынша жүйе «Произвольно» командасына шығады. Бұл жағдайда сөзді берілген ережелерге сәйкес бөлуге болады.

Жолдағы символдар тығыздығын өзгерту трекинг деп аталады.

Arial Cyr қаріпін таңдаңдар (Cyr қосылса – бұл қаріп белгілері жиынтығында орыс алфавитінің әріптері бар болғаны). Кегль өлшемін 18 пунктке тең етіңдер. Кескіні — жартылай қалың, асты сызылған. Түсі — Cyan, 100% реңкімен. Символдар ені - 120%. Қалған параметрлерді өзгертусіз қалдырамыз. Мынадай тақырып пайда болуы керек (Сурет 18):
Сегіз ферзі туралы есеп
Шахматта ферзі бір катарда, бағанада немссе диагональда тұрған кез келген фигураны «жей» алады. Сегіз ферзіні шахмат тактасында бірін бірі «жей алмайтындай» етіп орналастыру қажет.

Сегіз ферзі туралы есеп классикалық логикалық проблема болғандықтан, логикалық есептер шешуін иллюстрациялау үшін жиі қолданылады.


Сурет 18. Қаріп сипаттамаларын қолданудан кейінгі тақырып
Абзацтармен жұмыс істеу
Абзац дегеніміз кез келген ENTER пернесін басқаннан кейін пайда болып, абзац аяғының маркерімен аяқталатын мәтін. Абзац сипаттамалары «Буква» инструментінің қатысуымен Текст – Параграф... командасымен беріледі. Параметры абзаца терезесінде орнатылатын абзац сипаттамалары (Сурет 19) төмендегілерге әсер етеді:

  • ерекшеленген абзацтарға;

  • меңзер орнатылған абзацқа;

  • барлық жаңадан жатқан мәтіндерге.




Сурет 19. Параметры абзаца терезесі

Отступы дегеніміз мәтіннің мәтіндік блоктың тік шектерінен ара қашықтығы.

Слева — мәтіндік блоктың сол жақ шегіндегі бос жер.

Абзацный — бірінші жолдағы абзацтың сол жақ шетінен бос орын.

Справа — мәтіндік блоктың оң жақ шетінен бос орын.

Интервалы параграфа дегеніміз абзацтар арасындағы арақашықтықтар.

До — жоғарыда орналасқан мәтін мен абзац арасындағы бос орын.

После — төменде орналасқан мәтін мен абзац арасындағы бос орын.

Мынаны естеріңде сақтаңдар:



  • көршілес абзацтар арасындағы ара қашықтық абзацқа дейінгі және одан кейінгі бос орындардан тұрады;

  • егер абзац жаңа бағанада немесе бетте басталса, До қашықтығы ескерілмейді.

Выравнивание дегеніміз - мәтіннің жол ішінде мәтіндік блоктың тік шектеріне қатысты орналасу әдісі. Оның түрлерімен мәтіндік редакторлармен жұмыс істегенде таныстыңдар.

Влево — мәтін тек сол жақ шеті бойынша тураланады; оң жағы үзік-үзік болады.

Вправо — мәтін тек оң жақ шеті бойынша тураланады; сол жақ шеті үзік-үзік болады.

По центру - мәтін мәтіндік блоктың дәл ортасы бойынша орналасады.

По формату - абзацтың соңғысынан өзге барлық жолдары сол жақ және оң жақ шеттері бойынша тураланған; соңғы жол сол жақтағы шетке қысылған.

Полная — абзацтың барлық жолдары бір мезгілде және оң жақтағы да, сол жақтағы да шеттері бойынша тураланған.

Словарь тізімінде компьютерлеріңде орнатылған тіл сөздіктері тізілген. Олар орфографияны тексеруде және тасымалдарды орналастыруда қолданылады. Линии батырмасын шерту Линии абзаца терезесін ашады (Сурет 20).

Сурет 20. Линии Параграфа терезесі

«Линия над абзацем» және «Линия под абзацем» өрістерінде қанатбелгі қою абзацқа дейін немесе абзацтан кейін сызық қосады (я болмаса екеуін бірдей). Бұл сызықтардың әрқайсысының өз сипаттамалары: стилі, түсі, ұзындығы болуы мүмкін.



Длина линии екі нұсқада ұсынылады:

  • мәтін ені бойынша — сызық ұзындығы мәтіннің бірінші немесе соңғы жолының ұзындығына тең;

  • бағана ені бойынша — сызық ұзындығы мәтіндік блоктың еніне тең.

Отступы сызық ұштары бағана немесе мәтіндік блок шектерінен қандай қашықтықта екенін белгілейді.

Сызықтар абзацтан қандай арақашықтықта орналасуы қажет екенін де көрсетуге болады. Ол үшін Опции... батырмасын шертіп, пайда болған Расположение линии параграфа терезесінде (Сурет 21) қажетті қашықтықтарды таңдап алу керек.



Сурет 21. Расположение линии параграфа терезесі
Объектілермен жұмыс істеу тәсілдері

Үлкен жарияланымдарда теру жолағында бір мезгілде әртүрлі объектілер (мәтіндік блоктар, кескіндер және графикалық элементтер) көп мөлшерде орналасуы мүмкін. Оларды дұрыс ара қашықтықта және жылдам орналастыру, объектінің көшірмесін жасау, топтарға біріктіру және т.б. біз осы бөлімде үйренеміз. Тәжірибе үшін бізге бос жарияланым қажет болады. Pub2 атымен жаңа жарияланым жасандар.


Объектілерді бірінің үстіне бірін қою

Объектілер жартылай немесе толық бірінін үстіне бірі қойыла алады. Мұндай жағдайда олардың орналасу орнына тәуелді болып қалмай («үйіндінің» ең жоғарғы деңгейінде ме әлде көптеген басқа әлементтермен жасырулы ма), кез келген объектілермен жұмыс істей білу керек. Басқа элементтермен жабулы объектіні ерекшелеуден бастайық.

Басқа объектінің астында орналасқан объектіні ерекшелеу үшін CTRL пернесін басып, ерекшеленетін объектінің шекарасында жоғарғы деңгейдің корінетін объектісін мауспен шерту керек. Егер объект бір емес, бірнеше объектілермен жасырылған болса, CTRL пернесі басулы тұрғандағы маус батырмасының әр шертуі томендегі объектілерді ерекшелей береді.

Қажетті объектіні ерекшелеп; оның деңгейін ауыстыруға болады. Ол үшін Элемент – Порядок командасын орындап, қажет деңгейді таңдаймыз(Сурет 22).





Сурет 22. Объектінің деңгейін өзгертуге арналған командалар
Объектілер тобын ерекшелеу

Кез келген операция тек ерекшеленген объектілерге жасалады. Ал егер бірден бірнеше объектіні ерекшелеу (мысалы, олардың өзара орналасуын бұзбай жылжыту) қажет болса ше? Объектілер тобын ерекшелеудің бірнеше әдісі бар.



Бірінші әдіс талап етілетін объектілер тікбұрышты жақтауға сыятындай бір топ кұрғанда қолданылады, бұл жағдайда бөтен объектілер оған толық кіре алмайды.

Мысалы, тікбұрышты, «РаgеМаkеr» мәтінін және көпбұрышты басқа объектілерді қамтымай ерекшелеу қажет. 23-суретте көрсетілгендей, біздің объектілер тікбұрышты жақтауға толық кіріп, қалғандары тікбұрышқа кірмей немесе толық кірмей қалған.

«Стрелка» инструментін осы тікбұрыштың сүйір ұшына орнатындар, бірақ ол жерде бірде-бір объект орналаспауы шарт. Тышқан батырмасын басып, оны босатпай, нұсқағышты диагональ бойынша жылжытыңдар. «Стрелканың» жетегінде пунктирлік контур сабақтасады. Талап етілетін объектілердің бірі контурмен қамтылғанда, батырманы жіберуге болады.



Сурет 23. Объектілер тобын контуры арқылы ерекшелеу

Ерекшелеудің екінші әдісін объектілер жеке тұратын жағдайда қолданады. Әр объект «Стрелка» инструменті көмегімен әдеттегі әдіспен, бірақ басулы CTRL пернесімен, ерекшеленеді. Объект ерекшеленуін орындатпау үшін, оны солай тағы бір рет шерту керек.



Үшінші әдіс сол сәтте бетте және құрастыру орнында орналасқан барлық объектілерді активтендіру қажет болған жағдайда қолданылады. Оны Правка => Выделить все командасы бойынша орындауға болады.

Кейде бұл әдістерді араластыруға тура келеді. Мысалы, объектілер бөлігі 1-әдіспен ерекшеленеді, қалғандары ерекшеленген топқа 2-әдіс көмегімен қосылады. «Түгел дерлік» объектілерді ерекшелеу үшін алдымен 3-әдіс қолданылады, кейін «артық» объектілердің ерекшеленуін оларды SHIFT пернесін басып тұрып мауспен шерту арқылы орындатпайды.

Объектілер тобын ерекшелеуді орындатпау үшін, тышқанмен бос кеңістікті шертіңдер. Бірақ кейде объектілер теру жолағын соншалықты тығыз толтырып тұрады, сол бос орынды табу үлкен проблема болады. Сол кезде Правка => Снять выделение командасын қолданыңдар.
Объектілерді топқа біріктіру

Объектілердің сәтті композициясын бұзып алмау үшін, оларды топтастыруға болады. Топпен біртұтас объект ретінде әрекет жасауға — жылжытуға, өлшемін өзгертуге, буферге көшіруге болады.

Объектілерді топтастыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:


    1. Арасында қалыптастырылган топтар болуы мүмкін осы объектілерді ерекшелеңдер.

    2. Элемент - Группироватъ командасын орындаңдар.

Топтың объектілері редакциялауға ашық. Өзгешелігі — мұндай объектіні ерекшелеу әдісі. Топ ішіндегі объектіні тышқанмен шерткенде, топ тұтас ерекшеленеді. Бір ғана объектіні ерекшелеу үшін, шертуді CTRL пернесін басып тұрып жасау керек. Ерекшеленген объектіні редакциялауға, жылжытуға, бір деңгейден басқасына топ ішінде тасымалдауға болады. Тіпті оны жоюға да болады.

Объектілер тобын тарату үшін мына әрекеттерді орындау қажет:



  1. Топтық объектіні ерекшелеу.

  2. Элемент => Разгруппировать командасын орындау.


Объектілерді көшіру және жылжыту

  1. Алмасу буферін пайдалану. Біз бұрынырақ Paint, WordPad, MS Word бағдарламаларында алмасу буферімен жұмыс істеген едік. Windows бағдарламаларының бәрінде онымен жұмыс істеу принциптері бірдей, сондықтан өз тәжірибелеріңді батыл қолдана берсеңдер болады. Алмасу буферінің командаларын тек қана ерекшеленген объектілерге немесе мәтіннің ерекшеленген фрагментіне қол дануға болады.

Алмасу буферін жылдам пайдалану үшін мынадай пернелер комбинациясын қолданыңдар: CTRL+ С - көшіру, CTRL + X - ойып алу, CTRL + V - буферден кірістіру.

Бір жарияланым ішінде алмасу буфері көмегімен объектілер немесе мәтін фрагменттерінің көшірмелерін жасай аласыңдар және де сол объектілерді басқа орынға, мысалы, басқа бетке немесе тіпті басқа жарияланымға көшіре аласыңдар.



  1. Объектілерді алмасу буферін қолданусыз көшіру. Бұл әдісті көшірмені буферде бар нәрсені өзгертпей, экран шегінде жасау қажет болғанда пайдаланған тиімді.

  1. Объектіні «Стрелка» инструменті көмегімен ерекшелеу.

  2. CTRL + ALT пернелер комбинациясын басып тұрып, объектіні мауспен қажетті жерге «жеткізу». Маус батыр масын босатқанда экраннан ескі орындағы объектіні және оның жаңа орындағы көшірмесін көресіңдер.


Бекіту сұрақтары

  1. РМ-де мәтіндік блок калай жасалады?

  2. Мәтінді редакциялау РМ-де қалай іске асырылады?

  3. Қаріптің қандай сипаттамалары бар?

  4. Қаріп сипаттамаларын өзгерту калай орындалады?

  5. Абзац немен сипатталады?

  6. Абзац сипаттамаларына анықтама беріңдер.

  7. РМ-де мәтінмен жұмыс істеу қалай ұйымдастырылған?

  8. Объектілерді бірінің үстіне бірін қою қалай жүргізіледі?

  9. Объектілерді қалай топтаймыз және бөлектеуге болады?

  10. Объектілер тобының үстінен қандай операциялар жасауға болады?

  11. Объектілерді жылжыту және көшіру қалай жүргізіледі?


Дәріс 15

Тақырыбы: Adobe PageMaker-де кескіндермен және көп бетті жарияланыммен жұмыс істеу
Мақсаты: Adobe PageMaker-де кескіндермен жұмыс істеу әдістерім енжәне көп бетті жарияланыммен жұмыс істеудің тәсілдері және ерекшеліктерімен таныстыру танысу
Бұрынырақ біз PageMaker бойынша Линия, Прямоугольник, Овал, Многоугольник инструменттері кемегімен салынған суреттермен жұмыс істедік. Мұндай суреттер жарияланымды безендіру үшін (мысалы, жақтаулар, көлеңкелер, фон және т.б.) қолданылады. Одан күрделірек кескіндер алу үшін мамандандырылған бағдарламалар - графикалық редакторлар бар. Ең қарапайымы - Windows операциялық жүйесінің қүрамына кіретін Раіnt бағдарламасы.
Кескінді орналастыру

Кескін графикалық редакторда жасалынған (салынған) немесе сканерлеу жолымен алынған болуы мүмкін. Кейін ол графикалық пішімдердің – tif, gif, jpg, bmp, wmf, eps, emf - бірінде сақталады.

Кескінді жарияланымда орналастыру үшін, Файл => Поместить командасын орындаңдар. Диалог терезесі (Сурет 24) пайда болады, онда кескін бар қажетті файлды таңдау керек.


Сурет 24. Жарияланымда орналастыратын файлды таңдау терезесі
Файл таңдағаннан кейін «Открыть» батырмасын басыңдар — файл тандау терезесі жабылып, меңзер кескіннің орналасу пиктограммаларын қабылдайды.

Меңзерді қажетті орынға қойып, тышқанның сол жақ батырмасын шертіңдер. Бетте өздерің таңдаған файлдағы кескін пайда болады (Сурет 24).

Кескін периметрі бойынша төртбұрыш шектеуіштер орналасқан. Олардың болуы сол сәтте кескін ерекшеленгенін, яғни активті екенін мәлімдейді. Егер экрандарыңда объект ерекшеленбеген болса, онда ерекшелеңдер. Объектіні ерекшелеу үшін, объект ішінде тышқанмен шерту жеткілікті. Объектінің ерекшеленуін орындатпау үшін, құрастыру орнының объект шекараларынан тыс кез келген жерінде тышқанмен шерту жеткілікті.
Кескін өлшемін өзгерту

Орналастырылған кескіннің өлшемі әркашан талапқа сай бола бермейді. Сендер оны өз қалауларыңша өзгертулеріңе болады.

Меңзерді шектеуіштердің біріне орнатып, тышқан батырмасын басындар да, оны босатпай, шектеуішті қажетті бағытта «тартыңдар». Меңзер екі бағытты көрсеткішке айналып, кескін көз алдарында өз өлшемдерін өзгерте бастайды. Оның пропорциялары тышқан қозғалысының бағытына байланысты не ол, не бұл жаққа қарай бұзылып жатқанын байқау қиын емес. Тышқан батырмасын босатып, алынған өлшемді бекітіңдер.

Егер өлшем өзгерту операциясын Shift пернесін басып тұрып жасаса, кескін пропорциялары сақталады.

Бұрмаланған суретті бүрынғы пропорционалды қалпына оралтыңдар. Ол үшін пернесін басып тұрып, ерекшеленеген кескіннің кез келген шектеуішін, жаңа ғана жасағандай, мауспен «тартыңдар» да, оны «созу» біткенде ғана босатыңдар.

Соңғы операцияны орындатпаудың тағы бір жолы — Правка -> Отменить редактирование командасы.


Кескінді кадрлеу

Кейде жарияланымға кескінді тұтас емес, белігін ғана орналастыру қажет болады. Қажетті фрагментті кескінді редакциялауға арналған арнайы бағдарламалар көмегімен ойып алуға болады, бірақ бұл ең жылдам және қарапайым әдіс бола бермейді. PageMaker бағдарламасы кескін фрагментін тікелей басу жолағында ерекшелеуге мүмкіндік береді. Бұл операция кадрлеу деп аталады.

Инструменттер панелінде «Рамка» инструментін таңдаңдар. Меңзер-жақтауды кескін шектеуіштерінің біріне шектеуіш жақтау шекараларының ішіне түсетіндей етіп орналастырындар. Тышқан батырмасын басып тұрып, суреттің шеттерін қырқу үстінде меңзерді жылжытыңдар. Қажетті фрагментті алған соң, батырманы босатындар. Иллюстрацияның бөлігі көзден жасырылса да, шын мәнінде PageMaker оны толық «есінде сақтайды» және де кез келген сәтте бұл кескін қайтадан толық немесе жартылай дәл сол инструмент қолданылуымен ашыла алады.
Кескіндермен және графикалық объектілермен жұмыс істеуде басқарушы палитраны қолдану

Біз орындаған менюдің барлық командалары меню командалары немесе пернелер комбинациясы көмегімен іске асырылған. Бірақ одан басқа да — Басқарушы палитраны қолдануга негізделген ыңғайлы әдіс бар. Егер мұндай палитра экранда жоқ болса, онда Окно => Показатъ набор управления командасын орындаңдар.

Басқарушы палитраның сыртқы көрінісі таңдалған инструментке және ерекшеленген нәрсе болу-болмауына байланысты. Қазір біз басқарушы палитраны ерекшеленген объектілермен - мәтіндік блоктармен, графикалық объектілермен, иллюстрациялармен - жұмыс істеуде пайдалануды қарастырамыз. «Буква» инструментімен және мәтіннің ерекшеленген фрагментімен жұмыс істеуде қолдануды мәтінмен жұмыс істеу бөлімінде қарандар.

«
1




2


3


4


5


6


7


8


9


10


14












С
трелка» инструментімен кайсыбір объектіні ерекшелеңдер. Басқарушы палитра 25-суреттегідей қалыпқа енеді.

С




11


12


13




урет 25. Мәтінмен жұмыс істеудегі басқарушы палитраның сыртқы көрінісі.


1 модификация батырмасы;

2 — белгіленген активті нуктесі бар объектінің схемалық көрсетімі;

3 — активті нүкте координаттарын модификациялау батырмалары;

4 объектінің активті нүктесінің координаттары;

5 объектінің ені мен биіктігін модификациялау батырмалары;

6 — объектінің ені мен биіктігі;

7— объектінің ені мен биіктігі өзгеруін бейнелеу өрістері бастапқы өлшеміне қатысты процентте;

8 — объекті өлшемінің пропорционалды өзгеруінің белгісі;

9 — бұрылыс бұрышын модификациялау батырмалары;

10 — бұрылыс өрісі;

11 — еңкіш бұрышын модификациялау батырмалары;

12— еңкіш өрісі;

13 көлденеңінен айналық бейнелеудің батырмасы;

14 — объектіні тігінен айналық бейнелеудің батырмасы.
Объектінің активтілігінің белгісі — объектінің периметрі бойынша орналасқан шектеуіш-нүктелер екенін сендер білесіңдер. Солардың біреуі, ерекшесі активті нүкте деп аталады. Оның тұрған орнына бұрылыс, еңкіш және айналық бейнелеу операцияларының орындалу нәтижесі тәуелді. Егер активті нүктенің үлкендеуі болып бейнеленсе, онда аталған операциялардан кейін бұл нүкте қозғалмайтын болып қалады. Егер де активті нүкте екі бағытты немесе төрт бағытты көрсеткіш болып бейнеленсе, онда орнында активтіге қарама-қарсы нүкте қалады. Активті нүктенің жағдайы нақты объектінің тиісті шектеуіш-нүктесін немесе объектінің баскарушы палитрадағы схемасын шертумен беріледі.

Басқарушы палитрада координаттар, өлшемдер немесе бұрыштардың сандық мәндері бар өрістер бар, ал олардың сол жағындағы көрсеткіші бар батырмаларды сол мәндерді үлкейту/кішірейту үшін пайдалануға болады. Ерекше дәлдік қажет кезде бұл кейде пайдалы болады. Жаңа мәндерді тікелей өрістерге ескілердің орнына енгізуге де болады. Бірақ бұл жағдайда объект тек қана модификациялау батырмасын шерткеннен кейін немесе ENTER пернесін басқаннан кейін жылжиды.

Басқарушы панельде объект өлшемі өзгеруіне әсер ететін мына белгілердің бірі бейнеленеді:

объект өлшемінің пропорционалды өзгеруінің белгісі;

объект өлшемінің пропорционалды емес өзгеруінің белгісі.

Панельде бірінші белгінің болуы объект еніндегі немесе биіктігіндегі кез келген өзгеріс басқа параметрдің пропорционалды езгеруіне себепші екенін мәлімдейді.

Панельде екінші белгі болса, объектінің ені мен биіктігі бір-біріне тәуелсіз өзгере береді.
Көп бетті жарияланыммен жұмыс істеу

Алдыңғы бөлімдерде біз объектілердің барлық түрлерін — мәтіндік блоктарды, графикалық элементтерді, кескіндерді жасап, олармен жұмыс істеуді үйрендік. Бірақ барлық мысалдарда бір бетті жарияланым колданылды. Енді көп бетті жарияланыммен жұмыс істеу әдістерін үйренуге өтейік.

Жаңа жарияланым жасайық — Файл => Новый. Мына параметрлерді орнатайық:


  • А4 пішімі;

  • Книжная бағдары;

  • екі жақты (қанатбелгі қою);

  • айқармабет (қанатбелгі қою): бір беттің екі жағын да көру үшін;

  • бірінші беттің нөмірі — 1.

Да батырмасын басыңдар экранда бір бетті жарияланым пайда болады.

Бұл режимді қосу үшін Макет => Автозаполнение командасын орындаңдар (осы команданын жанындағы қанатбелгі — автотолтыру қосылғанының белгісі). Бұл жағдайда импортталынып жатқан мәтін бір беттен бір бетке «жылжып», өз бетінше жарияланымға орналасып алады. Егер бет жеткіліксіз болса, PageMaker оларды өзі қосады.

Енді Файл - Поместить командасын орындап, РМ65 каталогынан readme.doc файлын таңдаңдар да, Открыть батырмасын басыңдар. Диалог терезесі жабылып, меңзер иілген көрсеткіші бар мәтіңді орналастыру пиктограммасының түріне енеді. Меңзерді басу жолағының сол жақ жоғарғы бұрышына орнатып, тышқан батырмасын басыңдар. Мәтін жарияланымда автоматты түрде түп-түгел орналасты. Ол үшін PageMaker бағдарламасына тағы 15 бет жасауға тура келді.

Жарияланым беттері жөніндегі ақпаратты бағдарлама терезесінің сол жақ төменгі бұрышында көруге болады (Сурет 26). Әр бет ішінде нөмірі бар ақ бос парақша түріндегі өз таңбашасымен көрсетілген. Ағымдағы беттің пиктограммасы қара түске боялған.



Сурет 26. Беттер пиктограммалары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет