«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»


Жарияланым бетттері бойынша жылжу



бет6/9
Дата09.06.2016
өлшемі4.91 Mb.
#125866
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жарияланым бетттері бойынша жылжу
Экранға қажетті бетті шығарудың бірнеше әдістері бар.

Бірінші әдіс. Пиктограммалар тізіміндегі (Сурет 26) қажетті беттің пиктограмммасы бойынша мауспен шерту. Бет өте көп болып, олардың пиктограммалары терезенің төменгі шекарасы бойына сыймай жатса, тізімнің сол жағынан және оң жағынан айналдыру батырмалары пайда болады. Олардың көмегімен әрқашан қажетті беттің пиктограммасын көруге болады. Дәл соны РаgеUр және РаgеDown пернелері көмегімен жасауға болады. РаgеUр пернесі бойынша шерту сендердІ нөмірі бойынша келесі бетке апарады. РаgеDown пернесі алдыңғы бетке өту үшін арналған.

Екінші әдіс. Макет => Перейти к странице командасын орындау. Ашылған терезеде қажетті беттің нөмірін енгізіңдер. Сендер Да батырмасын шерткеннен кейін, бет экранда пайда болады.

Үшінші әдіс. Макет => Пролистать назад командасы көмегімен ағымдағы бетке өткенге дейін экранда бейнеленген бетке (немесе айқармабетке) оралуға болады. Беттермен жұмыс істегендеріңдегі реттілікті PageMaker жадына сақтап қойып, өздеріңнің жолдарың бойынша кез келген бағытта «қыдыруға» мүмкіндік бсреді. Егер сендерге бірнеше қадамға артқа оралуға тура келсе, қажетінше орындалған Макет => Пролистать вперед командасы жұмыс істеген соңғы беттеріңе оралтады.

Дәл сол әрекетті пернелер комбинациясы көмегімен орындауға болады: CTRL + РаgеDown — беттер тізбегі бойынша артқа өту, CTRL +РаgеUр— беттер тізбегі бойынша алға өту.


Беттерді кірістіру және жою

Жарияланымға жаңа беттерді кірістіру үшін мынадай әрекеттердІ орындау қажет:



  1. Кіріспе жасалуға тиіс бетті ашу.

  2. План => Вставить страницы командасын орындау, оның ашылған терезесінде Вставитъ өрісіне жаңа беттердің қажетті санын енгізу. Ашылатын тізімде ағымдағы беттің алдында және одан кейін немесе ағымдағы беттер арасына (айқармабет үшін жаңа бетті кірістіру бір парақтың беттері арасына жасалады) кірістіру нұсқасын таңдау.

  3. Вставить батырмасын шерту.

Жарияланымнан беттерді жою үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет:



  1. План => Удалитъ страницы командасын орындау.

  2. Ашылған терезеде жойылатын беттер көлемінің бастапқы және соңғы беттерін көрсетіп, Да батырмасын шерту. Беттер ішінде орналасқан материалдарымен бірге жойылады.

Беттерді жою және кірістіруде PageMaker автоматты түрде кейінгі беттердің барлығын нөмірлеп шығады.
Элементтерді шаблон-бетте орналастыру

Кез келген кітапта, газет немесе журналда қайталанатын элементтер болады. Бұл - бір орыннан жылжымайтын, бір қаріппен терілген беттердің нөмірлері. Бұл - кітаптың және кітап бөлімінің аты бар колонтитулдар. Әр бетте объектілерді жеке-жеке орналастыру жұмысынан сендерді босату үшін, РаgеМаker жүйесі әр жарияланымда автоматты түрде шаблон беттерін жасайды. Ол бір немесе екі кәдімгі беттерден тұрады. Оларға бір рет түсірген элементтердің барлығы автоматты түрде жарияланымның қалған беттеріне түсе қояды.

Беттер пиктограммалары тізімінде бұл беттер L (сол жақ бет) және R (оң жақ бет) әріптері бар пиктограммалармен белгіленеді (Сурет 26).

Тиісті пиктограмманы шертумен шаблон беттерін ашыңдар. РаgеМаker жүйесінде болуы мүмкін кез келген объектілер шаблон-беттердің элементтері: мәтіндік блоктар, кескіндер, графикалық элементтер және басылмайтын элементтер бола алады. Элементтерді шаблон-беттерде орналастыру кәдімгі беттегідей жасалады.

Жарияланым бетінде тұрып, сендер шаблон-беттегі объектілерді өзгерту, жою немесе жылжыту операцияларын жасай алмайсыңдар. Олар қөзғалмайды, оларды ерекшелеуге де болмайды. Жарияланым беттерін нөмірлеудің ең қарапайым әдісі - шаблон-беттерде бет номірлерінің маркерлерін қойып шығу. Бұл жағдайда PageMaker жүйесі нөмірлерді өздерің таңдаған пішінде жарияланымның барлық беттері бойынша автоматты түрде қойып шығады.

Бет нөмірінің маркерін енгізу айқармабеттің сол жақ және оң жақ беттері үшін мынадай жолмен жеке-жеке жасалады:


  1. «Буква» инструменті көмегімен қажетті жерде бет нөмірін орналастыру үшін мәтіндік блок салынады.

  2. CTRL+SHIFT+S пернелер комбинациясын басқаннан кейін белгіленген жерде бет нөмірінің маркері пайда болады: ЛШ — айқармабеттің сол жақ бетінде, ПШ — оң жақ бетінде. Оны пішімдеуді, яғни қалаған қаріпті, өлшемді, кескінді беруді ұмытпаңдар. Бет нәмірі қалай тураланғанына ерекше назар аударыңдар. Оның сол жақ шеттен бос орынсыз, жол ортасы бойынша орнатылғаны дұрыс.

  3. Параметры документа терезесінде бет номірлерінің көрсетімі әдісі сипатталады: араб, рим сандарымен немесе латын әліпбиінің әріптерімен. Нөмір батырмасы бойынша шертіңдер — алдарыңда терезе ашылады, онда қай нұсқаны таңдайтындарыңды көрсетулерің керек.

Терезенің томенгі бөлігінде Префикс өрісі бар. Оған енгізілген кез келген мәтін бет нөмірінің алдында бейнеленеді.



Бекіту сұрақтары

  1. Кескіндермен қандай жұмыс жүргізуге болады?

  2. Кескіндерді қалай орналастыру керек?

  3. Кескін өлшемін өзгерту үшін не қажет?

  4. Кескінді кадрлеу деген не?

  5. Басқарушы палитра деген не?

  6. Басқарушы палитраны қалай қолданады?

  7. Көп бетті мәтін қалай жүктеледі?

  8. Жарияланым беттері бойынша жылжу калай іске асырылады?

  9. Беттерді кірістіру және жою қалай жасалады?

  10. Шаблон бетінде элементтерді қандай жолмен орналастыруға болады?


3. Зертханалық сабақтары

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Қазіргі заманғы басылымдарға талдау жасау
Мақсаты: Студенттерді қазіргі заманғы баспа жүйелерімен, олардың қолданылу облыстарымен таныстыру. Студенттерге баспа жүйелерінің мәтіндік редакторлардан айырмашылығын түсіндіру.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher, Microsoft Word, Adobe Page Maker
Қысқаша теориялық түсініктеме:

Соңғы жылдарда мультимедиялық және желілік электронды басылымдардың таралуына байланысты полиграфиялық басылымдарды дайындайтын баспа жүйелерін және электронды құжаттарды беттеу жүйелерін ажыратып қарастырамыз.

Ең танымал баспа жүйесіне Adobe PageMaker-ді жатқызуға болады. Беттеу кезінде дайын шаблондар ұсынатын MicroSoft Publisher офистік программасында қолдануға болады. Келесі суреттерде осы аталған программалардың терезелері көрсетілген (Сурет 1, Сурет 2).




Сурет 1. Adobe PageMaker терезесі


Сурет 2. MicroSoft Publisher терезесі

Баспа жүйелерінің мәтіндік редакторлар мен процессорлардан айырмашылығы - олар мәтін енгізіп оны өңдеуге емес, құжаттарды өңдеп, құруға арналғандығы. Алайда мәтін өңдеуді баспа жүйелері де атқара алады.

Құжатты беттеу үрдісі мәтінді өңдеу және мәтінмен кескін немесе суреттердің орналасу шарттарын беруден тұрады.

Беттеу мақсаты құжатты полиграфиялық әдіспен көбейту үшін макеттің түпнұсқасын дайындау болып табылады.

Баспа жүйелерінің жұмыс істейтін негізгі объектілері: мәтіндік блоктар, суреттер, өңдеудің стандартты элементтері. Стандартты элементетрді баспа жүйесінде қойсақ, мәтіндік блоктарды алдын-ала мәтіндік редакторларда дайындап алуға болады. Мысалы, MicroSoft Word мәтіндік процесоры.

Дайын құжат объектілер орналасқан беттерден тұрады. Объект мазмұны мәтін немесе суреттен тұрады. Объектілер шектеулермен қоршалған. Шектеулер көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін.


Тапсырма:

  1. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.

  2. Іскерлік құжаттарды дайындауды әр түрлі программалық жабдықтарда орындауға мысал келтіріңіз


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Дәріс №1 және жоғарыда берілген теориялық нұсқауларға қараңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,5,6,7]


Бақылау сұрақтары:

  1. Электронды және баспа құралдарының айырмашылығы неде?

  2. Электронды және баспа құралдарына мысалдар келтіре аласыздар ма?

  3. Үстелдік баспа жүйелері неге арналған?

  4. Компьютерлік беттеу үрдісі неден тұрады?

  5. Баспа жүйелері қандай объектілермен жұмыс жасайды?


Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: MicroSoft Word програмасының құралдары көмегімен басылымдар дайындау
Мақсаты: Студенттер тізімдерді түрлерін білулері керек және мәтіндерден тізім құра алуылары керек
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Word
Қысқаша теориялық түсініктеме:

Реттелген ақпаратты көп жағдайда тізім түрінде берген өте қолайлы. Себебі әрекеттер реті, объектілер тізімі берілуі мүмкін.

MicroSoft Word мәтіндік процессорында келесі тізімдер түрлері бар: маркерленген тізімдер, номерленгер тізімдер. Маркерленген тізімдерде әр пункт маркермен белгіленеді. Ал номерленген тізімдерде тізім элементтері ретімен номерленеді.

Терілген мәтінді тізімге аудару керек болса, сол мәтінді ерекшелеп аламыз да Формат – Тізім (Список) командасын немесе Форматтау тақтасындғы сәйкес батырмаға шертіңіз.


Тапсырма:

MicroSoft Word мүмкіндіктерін пайдалана отырып Қосымша №1 тапсырмасын орындаңыздар.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Мәтінді өңдеу керек:

    • Қаріп өлшемі – 16;

    • Түрі – жартылай қарайтылған, көлбеу;

Мәтінді маркерленген тізімге келтіру үшін мтәінді ерекшелеп алып, Формат – Тізім (Список) командасын орындаңыз. Ашылған терезеден маркерленген тізім, соның ішінде керек маркер белгісін таңдаңыз. Егер ол маркер жоқ болса Өзгерту (Изменить) батырмасын шертіңіз де керек маркерді таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  1. Мәтінді теріңіз.

  • Қаріп атауы - Courier New;

  • Қаріп өлшемі – 13;

  • Түрі – жартылай қарайтылған.




  1. Мәтін көпдеңгейлі тізім түрінде терілген. Мәтінді теріңіз. Оны ерекшелеп алып, Формат – Тізім (Список) командасын орындаңыз. Ашылған терезеден көпдеңгейлі тізім, соның ішінде керек тізім белгісін таңдап, ОК батырмасын шертіңіз.

  2. Мәтінді теріңіз. Бірінші телефон номерін ған ерекшелеп алыңыз, Формат – Тізім (Список) командасын орындаңыз. Ашылған терезеден маркерленген тізім, соның ішінде керек маркер белгісін таңдаңыз. Содан кйін келесі телефон номерін белгілеп керек маркерді таңдаңыз т.с.с.

  3. Сурет салу (Рисование) тақтасынан Автофигуралар – Жұлдыздар және ленталар (Звезды и ленты) сәйкес лентаны таңдаңыз. Жанама мәзірден Мәтін қою (Добавить текст) командасын таңдап, мәтінді теріңіз.

  • Қаріп атауы - Comic Sans MS;

  • Қаріп өлшемі – 14;

  • Түрі – жартылай қарайтылған.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[2,3,5,6,7]/[6]


Бақылау сұрақтары

    1. Тізім дегеніміз не?

    2. Тізімнің қандай түрлері бар?

    3. Автофигураға мәтінді қалай енгізуге болады?


Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Microsoft Word: беттеудің және макеттеудің мүмкіндіктері

Мақсаты: Microsoft Word программасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып беттеу, стиль құрып үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Word
Қысқаша теориялық түсініктеме:

Сурет салу тақтасының элементтері: автофигуралар, жазу (надпись), көлңке т.б. қолданасыз. Microsoft Word анықтама бөліміне барып, сурет салу тақтасы жайлы оқып танысыңыз.
Тапсырма:

Қосымша №4 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Автофигура ішіне WordArt компонентін қоюға болады. Ол үшін автофигураның жанама мәзірінен Мәтін қою командасын орындап, керек мәтінді теріңіз. Оны ерекшелеп алып, Сурет салу тақтасындағы WordArt компонентін таңдаймыз. Керек WordArt компонентінің түрін таңдап ОК батырмасына шертеміз.

  2. Мәтінді теріңіз. Формат – Стильдер және форматтау командасын орындаңыз. Ашылған терезеде Стиль құру (Создать стиль) батырмасына шертіңіз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 3).




Сурет 3. Стиль құру терезесі
Ашылған терезеде келесі параметрлерді орнатыңыз:
Аты – ФОРТУНА;

Стиль – Абзац;

Қаріп атауы - Courier New;

Қаріп өлшемі – 18;

Жоларалық интервал – 1;

Туралау – ортасы бойынша;

Қаріп түсі – көк.

Шаблонға қосу өрісіне жалауша белгісін қойыңыз. ОК батырмасын шертіңіз. Мәтінді ерекшелеп алып, Форматтау тақтасындағы стильдер тізімінен өзіңіз құрған ФОРТУНА стилін таңдаңыз.



  1. Тізімдерді теріңіз. Оларды ерекшелеп алып, Формат – Бағандар (Колонки) командасын орындаңыз немесе стандарттау тақтасындағы сәйкес батырмаға шертіңіз.

  2. Мәтінді теріңіз. Өз бетіңізбен осы мәтінге стиль құрыңыз.

  3. Автофигураны форматтаңыз, мәтінді енгзіңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[2,3,5,6,7]/[6]


Бақылу сұрақтары

  1. Бағандарға мәтінді қалай бөлуге болады?

  2. Автофигураның түсін, шектеуін қалай өзгертуге болады?

  3. Microsoft Word программасында стильді қалай құрамыз?

Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы: Microsoft  Office Publisher-де жаңа құжат дайындау. Басылым құжатымен жұмыс жасау
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-дің терезесімен танысу. Басылым құжатымен жұмыс істеп үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher


Қысқаша теориялық нұсқау:

Microsoft фирмасының версткалау программасы - Microsoft Publisher 2003. Бұл программаның негізгі мақсаты - толық кітапты, газетті версткалау емес, қолданушыға жарнама жасауға, визитка, буклет жасауға, өңделген мәтінді жасауға көмектесу. Бұл программа QuarkXPress, PageMaker, Adobe InDesigh программаларының мүмкіндіктерін де қамтыған. Microsoft фирмасы әмбебап версткалау программаларының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін бір программаға жинақтаған. Пуск – Программы – Microsoft Office - Microsoft  Office Publisher 2003 командасын орындаңыз. Келесі терезе (Сурет 4) ашылады:





Сурет 4. Microsoft  Office Publisher 2003 терезсі
Бұл терезе Microsoft  Office Publisher 2003-тің негізгі терезесі болып табылады. Бірінші жол – тақырып жолы. Онда қосымшаның атауы және басқару батырмалары орналасқан. Екінші жол – меню қатары. Үшінші жол – стандартты саймандар тақтасы. Бұл тақтада басылымдарды ашу, сақтау, алдын-ала көру, кері қайтару, өшіру, қиып алу, қою т.б. саймандар орналасқан. Төртінші жол – форматтау тақтасы. Онда қаріпті форматтауға керекті саймандар орналасқан. Келесі жұмыс аумағы орналасқан. Онда құрылатын жариялыммен (публикациямен) жұмыс жасаймыз. Соңғы жол – қалып күй қатары. Бет номері және объектінің орналасуын көрсетеді. Келесі суреттерден (Сурет 5, 6, 7, 8, 9, 10) Microsoft  Office Publisher 2003 қолданылатын тақталарды көре аласыз:


Сурет 5. Стандартты саймандар тақтасы


Сурет 6. Форматтау тақтасы

Сурет 7. WordArt тақтасы






Сурет 9. Объектілер Сурет 10. Байланыс

Сурет 8. Өлшеу

Есептер облысы (Область задач) терезесінде келесі қандай жариялым құратыныңызға байланысты қажет пунктті таңдайсыз Мысалы, жаңа жариялым құру (Создание новой публикации): 1- баспаға жіберуге арналған жариялымдар (публикации для печати), 2 – веб-тораптар және электронды почта (веб-узлы и электронная почта), 3 – макеттер жиыны (набор макетов), 4 – бос жариялымдар (пустые публикации).



  • Баспаға жіберуге арналған жариялымдардың ішінде дайын үлгілер орналасқан: күнтізбелер, визиткалар, открыткалар, іс қағаздары, буклеттер, хабарландырулар т.б. Осы дайын үлгілерді пайдаланып, өзіңізге қажетті жариялымды көрнекі түрде жылдам жасай аласыз.

  • Келесі веб-тораптар және электронды почта үлгілері бар.

  • Макеттер жиыны жаңағы аталған үлгілердің макеттерін өзгертуге мүмкіндік береді. Мұнда дайын макет үлгілері бар. Өз қалауыңыз бойынша таңдау жасай аласыз.

  • Бос жариялымдар түрлерін таңдау мүмкіндігі бар.



Тапсырма:

Қосымша №5 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:


  1. Пуск – Программы – Microsoft Office - Microsoft  Office Publisher 2003 командасын орындаңыз.

  2. Баспаға жіберуге арналған жариялымдардың ішінен Күнтізбелер (Календари) – Бүкіл бетке (На всю страницу) – Календарь. Волны таңдаңыз.

  3. Параметры: Календарь терезесінде келесі параметрлерді орнатыңыз: Бағдары (ориентация) – альбомная; Ай немесе жыл – жылға; Шаралар күнтізбесі (календарь событий) – включить.

  4. Дата аралығын өзгерту (изменить диапазон дат) сұхбат терезесін ашыңыз (Сурет 11). Келесі терезе ашылады:

2008 жылын көрсетіңіз.



Сурет 11. Дата аралығын өзгерту

  1. Эмблема суретін белгілеңіз (Сурет 12).



Сурет 12. Эмблема суреті
Эмблеманың параметрлерін өзгерту үшін батырмасын шертіңіз.

  1. Эмблеманы келесі түрге келтіріңіз (Сурет 13)




Сурет 13. Эмблеманың өзгертілген түрі

Мәтінге екі рет шерту арқылы немесе жанама меню көмегімен СМПИ мәтінін енгізіңіз. Форматтау тақтасындағы саймандар көмегімен Arial– қарібін, өлшемін – 16, туралау – ортасы, түрі – жартылай қарайтылған (полужирный) деп таңдаңыз. Қаріп түрін таңдағанда толық күнтізбедегі мәтіндердің қарібі өзгергенін байқаймыз.



  1. Шрифтер схемасынан Arial қарібін таңдаңыз.

  2. Семей мемлекеттік пеадгогикалық институты: қаріп өлшемі – 16, туралау – ортасы, түрі – жартылай қарайтылған.

  3. Оқы, оқы және оқы: қаріп өлшемі – 14, туралау – ортасы, түрі – жартылай қарайтылған.

  4. 2008: қаріп өлшемі – 20, туралау – ортасы, түрі – жартылай қарайтылған.

  5. Шаралар: қаріп өлшемі – 16, туралау – ортасы, түрі – жартылай қарайтылған.

  6. Адрес және телефон: қаріп өлшемі – 12, туралау – ортасы.

  7. Ай аттары қазақша атаумен берілген. Қаріп өлшемі – 7.

  8. Тышқан курсоры көмегімен объектілерді жариялымда қосымша №1 –дегі сияқты орналастырыңыз.

  9. Басылымды сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындаңыз. Ашылған сұхбат терезесінде Басылымды КАЛЕНДАРЬ деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз. Басылымның типі өрісінде Файлы Publisher таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[3]/[7,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Microsoft  Office Publisher программасын не үшін қолданылады?

  2. Программаның қандай мүмкіндіктері бар?

  3. Жариялым дегеніміз не?


Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы: Microsoft  Office Publisher программасында буклет жасау
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-дің дайын шаблондарын пайдаланып, өз беттерімен бос басылымдарда буклет жасауды меңгеру. Форматтау тақтасының компоненттерін буклет жасауда қолдануды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher


Қысқаша теориялық нұсқау:

.

Microsoft  Office Publisher 2003 программасында дайын шаблондар көмегімен басылымдар дайындауға болатыны белгілі. Солардың бірі буклеттер жасау. Буклет (Booklet) - бір бетке шығарылатын көркем басылым. Екі немесе одан да көп беттерге бүктеуге болады. Буклеттің түрлері: ақпараттық (информационный), прейскурант, оқиға (событие), қамқорлық (благотворительная).



Microsoft  Office Publisher 2003 программасында шаблондар есептер облысында (область задач) орналасқан. Ол терезенің сол жақ бөлігінде орналасады. Бұл терезені шығару үшін Түр (Вид) мәзірінің Есептер облысы командасын орындаймыз немесе CTRL+F1 пернелерін басамыз.
Тапсырма:

Қосымша №7 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Microsoft  Office Publisher 2003 программасын жүктейміз.

  2. Есептер облысынан Жаңа басылым құру (Создание новой публикации)-Басылымдар (Публикации) – Буклеттер – Ақпараттық (Информационные) командасын таңдаймыз.

  3. Ашылған шаблондардың ішінен Затмение шаблонын таңдаңыз. Дайын шаблон ашылады.

  4. Енді осы шаблонға Семей мемлекеттік педагогикалық институтының информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы жайлы қажетті ақпараттарды енгізіңіз.

  5. Ұйым атын жазуға арналған мәтіндік өріске Семей мемлекеттік педагогикалық институты мәтінін теріңіз. Қаріптің аты - Courier New, өлшемі – 16, түсі – қызыл түсті, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  6. Келесі өріске информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы мәтінін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Bookman Old Style, өлшемі – 18, түсі – жасыл, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  7. Суреттің орнына осы кафедраның саласына байланысты сурет орналастырыңыз. Ол үшін Кірістіру (Вставка) - Сурет (Рисунок) – Картиналар командасын орындаңыз. Ашылған терезеден қосымшадағы суретті тауып қойыңыз. Форматтау тақтасынан Көлеңкелер (тени) компонентінен екінші стильді таңдаңыз.

  8. Ұранға арналған мәтіндік өріске «Оқы, оқы және оқы» мәтінін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Comic Sans MS, өлшемі – 16, түсі – көк, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  9. Келесі өріске телефон номерін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Courier New, өлшемі – 14, түсі – қара, туралау – ортасы бойынша.

  10. Алдыңғы зертханалық жұмысты еске түсіре отырып, сол тәсілмен эмблеманы қосымшадағы түрге келтіріңіз.

  11. Адрес көрсетуге арналған өріске адресті енгізіңіз. Қаріптің атауы - Times New Roman, өлшемі – 12, түсі – қара, туралау – ені бойынша. Тышқан курсоры көмегімен объектілерді белгілеп алып орнын, көлемдерін қосымшадағыдай етіп орналастырыңыз.

  12. Келесі беттегі өріске Кафедра жайлы... мәтінін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Bookman Old Style, өлшемі – 16, түсі – жасыл, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  13. Келесі өріске кафедра жайлы ақпаратты тереміз. Қаріптің атауы - Kz Times New Roman, өлшемі – 16, түсі – қара, жартылай қарайтылған, көлбеу, туралау – ені бойынша. Форматтау тақтасындағы Жоларалық интервал компоненті көмегімен интервалды 1,35–ке өзгертіңіз.

  14. Буклеттің бірінші және соңғы беттерінің шектеулерін өзгертіңіз. Ол үшін сол беттердегі сыртқы тіктөртбұрышты белгілеп алып, Форматтау (Форматирование) тақтасындағы Түзудің немесе шектеудің түрі компоненті көмегімен қажетті шектеуді таңдайсыз.

  15. Форматтау тақтасынан Көлеңкелер (тени) компонентінен эмблемаға өз еркіңізбен стиль таңдаңыз.

  16. Буклеттің ішкі бетін өз еркіңізбен толтырыңыз.

  17. Басылымды БУКЛЕТ деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет