Бастапқы әскери дайындық кафедрасы. Кафедра меңгерушісі Таукейулы С. Т


Дәріс 5 Сарбаздың әр түрлі ұрыстағы әрекеті тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі



бет18/33
Дата25.12.2022
өлшемі136.45 Kb.
#467869
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Бастап ы скери дайынды кафедрасы. Кафедра ме герушісі Таукейул

Дәріс 5 Сарбаздың әр түрлі ұрыстағы әрекеті тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі
Тактикалық дайындықты оқытудың әдістемесі, пәні және мақсаты. Тактикалық саптық сабақты жүргізуде ұйымдастыру және оның әдістемесі студенттердің шабуылда, қорғаныста, барлауда және басқада әскери жағдайлар түрінде даралық дайындығы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ұрыс – соғушысы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің (ұшақтарының, кемелерінің), әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден-бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды (объектілерді, шептерді) ұстап тұру мақсатында жүргізіледі. Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлер, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери-теңіз күштері қатысады.
Қазіргі заманғы ұрымста қарсыластар жағы ядролық қару және жеңіліске ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар қолданып жүргізілуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа ені 20 – 40 см болатындай алаңқай қалдырылады. Атқылау секторында топырақ қалқаның биіктігі 10 см дейін азайтылады да, ашық атыс саңылаулары – жайпақ құламаны құрайды.
Орлануды бастамас бұрын жауынгер әуелі атыс үшін орын таңдап алуы (егер оны командир көрсетпесе) және жағдай осыны талап етке,жасырын сол жерге баруы керек, содан кейін қаруын өзінің оң жағына қоюы тиіс, бұл кез келген уақытта атыс жүргізу үшін ыңғайлы болады. Бұдан кейін қаруын өзінің оң жағына қоюы тиіс, бұл кез келген уақытта атыс жүргізу үшін ыңғайлы болады. Бұдан кейін жауынгер сол бүйіріне аударылып, күректі сыртқы қабынан шығарып, екі қолымен сапты ұстап, өзіне қарай ұрып, жердің тығыз жоғарғы қабатын ашуы тиіс, алдынан және екі бүйірден ордың шекараларын белгілеп алуы қажет: содан кейін өзінен ары сыртқы ұра отырып, жердің шым қыртысын алып, оны алға немесе екі жаққа тастап, қазуға кірісуі қажет. Оқпана қазу кезінде жерді күрекпен қиғаш қазу керек; ал топырақты, ең алдымен алға, сосын екі жаққа тастау қажет, бұл кезде 1-1,5 м болатын топырақ – қалқа пайда болады. Ол сарбазды қарсылас оғынан сақтауды қамтамасыз етеді(оқтың тесіп өту қабілеті – тығыздалмаған топырақты және құмды 70 см-ге дейін); басты мүмкіндігінше жерге жақын ұстап, қарсыласты бақылауды тоқтатпау қажет.
Оқпана шұңқырлардың алдыңғы бөлігінде қажетті тереңдік жасап алғаннан кейін жауынгер артқа жылжып, қажетті ұзындыққа дейін щұңқыр қазуды жалғастыра береді, бұл шұңқыр жауынгердің денесі мен аяқтарын тасалайтындай болуы тиіс. Жатып ату үшін қазылған оқпана жергілікті жермен бүркемеленеді. Бұл үшін шұңқырды қоршаған шым қыртысты, шым және шөп,ал қыста қар қолданылады. Зақымданған жерде орлану жеке қорғаныс құралдары арқылы жүзеге асырылады. Оқпана қазу үшін, ең әуелі жердің жоғарғы зақымданған қабаты алынып, жел жаққа жайлап тасталады. Бұл кезде мүмкіндігінше өзін және жолдастарын шаңдатпау үшін шаң көтермеу керек.
Мотоатқыш бөлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін бақылаушы тағайындалады. Міндеттерді белгілеу кезінде бақылаушыға бағдармен жергілікті заттардың шартты атаулары; қарсылас орналасқан немесе оның пайда болу мүмкін жері, оның не істейтіндігі, өз әскері мен көршілердің алдыңғы бөлімшелері орналасқан жері; бақылау орны және оны қалай жабдықтау керектігі; бақылау секторы, қай уақытта нені білу немесеанықтауы, не нәрсеге назар аударуы,бақылау нәтижелерін қалай баяндау керектігі түсіндіріледі.
Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, бақылаушы бақылау орнын бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың орнын бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттейді, бағдар мен жергілікті жердің сызбасын құрастырады. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті орнын анықтайды да, бөлімше командиріне баяндайды. Осыдан кейін ол нысананы сызбаға шартты белгімен түсіреді де бақылау журналына жазады.
Бақылаушы, әдетте, бақылау нәтижелерін дауыстап баяндау үшін командирге жақын орналасады. Оның дауыстап баяндау үшін командирге жақын орналасады. Оның қолында бақылау аспаптары (дүрбі, стереотүтік немесе перикоп), жергілікті жер картасы немесе сызбасы, бақылау журналы, құлабыз (компас) және сағат болуы керек. Бақылау үшін өзі қарсыласқа көрінбейтіндей, бірақ мүмкіндігінше көбірек естіп, көре алатындай болып орналасуы керек.
Бақылау үшін орын таңдаған кезде жақсы шолу мен сенімді бүркеніш мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге авиация, артиллерия атысынан және ядролық қарудың зақымдағыш факторланынан жергілікті жердің қорғаныштық қасиетін де ескеру қажет. Бақылау үшін қарсыласқа бағдар болып табылатын және оның назарын аударатын (ағаш, тал, құрылыс, жол қиылысы және т.б.) жекелей тұрған заттарға, сондай-ақ биік жоталар, төбелер мен қорғанның шыңдарында орналасуға болмайды. Егер жергілікті жердің жекелеген заттарды бақылау үшін өте ыңғайлы болса, онда оның жанына көлеңке тұстан орналасу керек. Оқпанда, шұңқырда немесе арықта арттан үйінде биіктей немесе тал, яғни бақылаушының басы байқалмайтын болып орналасуы қажет. 20 – суретте әртүрлі жергілікті жерде бақылаушының дұрыс емес орналасуы көрсетілген.
Бақылаушының негізгі тасалайтын орны – оқпана. Ядролық қарудан қорғану үшін, сондай-ақ артиллерия мен авиация шабуылынан қорғану үшін оқпана жабу тиімді, ал оның тік жерлерін тақтаймен жауып, қазық және таяныш бекіту керек. Бұдан басқа оқпана қару, оқ-дәрі жән еядролық қарудың зақымдаушы факторын бақылау аспаптарын жасыратын сөре жасауға болады. Оқпана жергілікті жер заттарымен бүркемеленеді. Бақылау және жүйелі түрде жергілікті жерді бақылау тиімді болу үшін бақылаушыға бекітілген сектор қашықтығына қарай 2 – 3 аймвққа бөлінеді. Аймақ шекаралары, әдетте, бағдар немесе жергілікті жер бойынша белгіленеді[25].
Бақылаушы, ең алдымен өзіне берілген сектордағы жерді асықпай зерттеуі және барлық жергілікті жер заттарының санын, мөлшерін, формасын, өлшемінжәне өзара орналасуын еске сақтауға міндетті. Бұл дер кезінде қарсыластың пайда болуын байқауға немесе оның қимылы мен орналасуындағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін бақылаушы жақын аймақтан бастап,оңға, солға қарсылас жағына қарап жерді және жергілікті заттарды жүйелі бір ізбен тексере отырып, бақылау жүргізеді. Осылай жақын аймақты байқайды.
Тәуліктің күндізгі уақытында сарбаз өз қаруын және түнгі кору аспаптарын түнгі атысқа дайындайды. Түнде автоматтан атыс жүргізу үшін топырақ қалқадан науа алынады, одан автомат берілген бағытта көзделуі тиіс және шектегіш – қазықшалар (ағаш мүйізшелер) – автоматтың дүмі мен құндағына қағылады. Автоматты жоғары қарата тесігі бар тақта, шым қыртыс арқылы бекітуге болады.
Шабуылға өтер алдында қарсылас, әдетте, атыстық дайындық жүргізеді, кейде ядролық соққы жасауы да мүмкін. Ядролық жарылыс жарығын байқаған сәтте оқпананың (ордың) түбіне бетті жерге қаратып, дереу жату қажет, ал ядролық соққы толқыны өткеннен кейін қарсылас шабуылын тойтаруға дайындалу керек. Қарсыластың атыс дайындығы басталған кезде егер жауынгер барлаушы болып тағайындалмаса, онда ол командир пәрменімен бөлім мен взвод бекінісінде жабдықталған жертөледе, тесікте немесе оқпана түбінде тасаланып, шабуылға тойтарыс беру үшін тез өз орнына ие болуға дайын болуы керек.
Қарсылас шабуылға шыққан кезде жауынгер ұрысқа дайындалады. Қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне командирдің пәрмені бойынша, ал қарсылас өз қаруының нақты атыс қашықтығына жақын келгенде өзі өз бетімен оқ атады.
Егер оқпанаға танкілер жақындаса, жауынгер оны 15 – 20 м қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтті таңдап, танкінің шынжыр табаны астына танкіге қарсы гранатты лақтырады. Егер танкіге оқ тимей, оқпанаға тақап келсе, сарбаз секіріп шығып, оның неғұрлым осал бөлігіне қарсы гранат лақтырады. Танкіні зақымдағаннан кейін жауынгер өз қаруынан атып, танк соңынан жақындап келе жатқан жаяу әскерді жояды. Зақымдалған танк экипажын шынжыр табанды жөндеуі немесе машинаны тастап кетуі кезінде автоматтан атыс арқылы жою керек.
Жақын жердегі танк үлкен қауіп төндірмейтінін ұмытпау керек. Жақын қашықтықта танк экипажы пулемет пен зеңбіректен көздеу атысын жүргізе алмайды. Оқпана қабырғалары танк өткеннен кейін құламайды.
Қарсылас жаяу әскері оқпанаға 30 – 40 м жақындаған кезде, жауынгер оларға қарсы гранаттар лақтырып, оларды өз қаруынан атып жояды. Егер қарсыластың жекелеген жауынгерлеріне қорғаныстың алдыңғы шебіне шығуға мүмкіндік туса, жауынгер оларды атыспен, гранатпен, сондай-ақ сүңгі және дүмімен жояды. Көршілер бекінісіне жақындаған қарсыластың жаяу әскерін жауынгер қапталдан және тылдан атыс жүргізу арқылы жояды. Айланып өтіп келе жатқан не тылдан шабуыл жасаушы қарсыласқа қарсы атыс жүргізуге ыңғайлы болу үшін жауынгер қосалқы оқпана немесе байланыс жолдарындағы ұяға орналасуы мүмкін.
Шабуылды ұрыс кезінде жауынгер бөлімше құрамында әрекет етеді. Жауынгер іс-әрекетінің, қимылының табысты болуы оның шабуылға дайындығына байланысты.

4

6



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет