Дәріс 2. Орта оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты жоспарлау
БӘД бағдарламасы. Жоспарлаудың мақсаты және міндеттері. БӘД бойынша сабақты ұйымдастыру және өткізуге қажетті жетекші құжаттар. Бастапқы әскери дайындық оқутышысының сабақты ұйымдастыру және өткізу бойынша талдайтын негізгі құжаттары, олардың формасы және мазмұны.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жоспарлау - жастарды алғашқы әскери дайындау бағдар-
ламасының негізінде құрылады.
Жалпы білім беру мекемелеріндегі «Алғашқы әскери дайындық» пәні мен патриоттық тәрбие жұмыстарының маңызы жыл сайын
арта түсуде. Жастарды әскери қызметке даярлауда алгашқы әскери дайындықтың белімдері негізгі рөл атқарады.
Алғашқы әскери дайындық кезінде жастардың теориялық
білімдері мен тәжірибелік дағдылары шындалып, әскери-спорттықжарыстарға қатысу арқылы әскери қызметке деген қызыгушылығы арта түседі.
Алғашқы әскери дайындық - Қазақстан Республикасының аза-
маттарын Қазақстан Ресгтубликасы Қарулы Күштерінде (ҚР ҚК),сол Қарулы Күштердің әскери қүралымдарында әскери қызмет етуге даярлау жүйесінің қүрамдас бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан, жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептердегі, орта арнайы оқу орындарындағы міндетті пән болып табылады.
1998-1999 оқу жылдарынан бастап бағыныштылығы мен
меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептерінде, кәсіптік-техникалық мектептерінде (лицейлерінде) және арнайы орта оқу орындарында (колледждер) алғашқы әскери дайындық жөніндегі «оқытушы- үйымдастырушы» атты ресми штаттық лауазым енгізілген.
Оқытушы-үйымдастырушыға өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша оқу сабақтарын жүргізу және әскери патриоттық жүмысты ұйымдастыру жүктеледі.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағына жалпы бiлiм беру оқу орындарында 98 сағат берілген, 10-сыныпта 64 сағат, оның ішінде 30 сағат дала-оқу жиынына. 11- сыныпқа 34 сағат берілген.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу пәнінің 10- сыныпқа арналған бағдарламаның базалық мазмұны 8 бөлімнен тұрады.
«Кіріспе сабағы» келесі тақырыптан тұрады (1 сағ.):
Білім алушыға алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұны (1сағ.). «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Алғашқы әскери дайындық пәнін жүргізу және ұйымдастыру» және оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығы. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.
|