Дәріс 8 Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу әдістемесі Атыс қаруынан ату негіздері. Ішкі және сыртқы баллистика мағлұматы бойынша оқыту әдістемесі.
Атыс қаруының материалдық бөлігі. Атыс қаруының тактика-техникалық сипаттамасы және құрылысы, жарықшақты қол гранатасы. Күту және сақтау. Атыс қаруларынан ату тәсілдері және ережелері және жарықшақты қол гранаталарын лақтыру тәсілдері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Бөлімшелер мен атыс құралдарының арасындағы өзара қимылды қолдаудың шенгуші мәні - жауынгерлік міндеттерді өзара түсіну, қажетті кемек көрсету, әсіресе атыспен үзіліссіз байланысты қолдау.
Бөлімшелер арасындағы өзара қимыл ЖҰМ (БТР), пулеметшілер, гранататқыштар жэне атқыштар арасында ұйымдастырылады [39].
Бөлімшелерді және атысты басқару. Бөлімшелердің жауынгерлік міндеті табысты орындалуына командиржауап береді. Сондықтан ол бөлімшені және атысты шеберлікпен және сенімді түрде басқара білуі қажет. Ұрыстағы командирдің маңызды міндеті - атысты басқару. Атысты басқаруға: нысана барлау, оның маңыздылығын бағалап, зақымдау кезектілігін анықтау, нысананы мүмкіндігінше тиімді қирата алатын қару түрін таңдау, атыспен маневрлеу, оқ-дәрінің жұмсалуына бақылау жасау жатады.
көтерілунүктесі дегеніміз — бағытталған қарудың ұңғы арнасы осінің жалғасы болып табылатын түзу сызық;
ату жазықтығы дегеніміз — көтерілу сызығы арқылы өтетін тік жазықтық;
көтерілу бұрышы дегеніміз — көтерілу сызығы мен қару белдеуінің арасында орналасқан бұрыш;
лақтыру сызығы дегеніміз — оқтың ұшу сәтіндегі ұңғы арнасының осі болып табылатын сызық;
лақтыру бұрышы дегеніміз — лақтыру сызығы мен қару белдеуінің арасындағы бұрыш;
ұшу бұрышы дегеніміз — лақтыру бұрышы мен көтерілу сызығының арасындағы бұрыш;
ұшу бұрышы дегеніміз — түсу нүктесіндегі траекторияға қатысты және қару белдеуінің арасындағы бұрыш;
траекторияның төмен түсу бұтағы дегеніміз — траектория шыңынан түсу нүктесіне дейінгі траектория бөлігі;
көздеу нүктесі дегеніміз — қару көзделетін нысанадағы не одан тыс нүкте;
көздеу сызығы дегеніміз — атқыш көзінен көздеуіш ойығының ортасынан және қарауыл ұшынан көздеу нүктесіне дейінгі өтетін түзу сызық;
көздеу бұрышы дегеніміз — көтерілу сызығы мен көздеу сызығының арасынан өтетін сызық;
нысана орны бұрышы дегеніміз — көздеу сызығы мен қару белдеуінің арасындағы бұрыш;
көздеу қашықтығы дегеніміз — ұшу нүктесінен траекторияның көздеу сызығымен қиылысқанға дейінгі қашықтық;
көздеу сызығынан траекторияның асып түсуі дегеніміз — траекторияның кез келген нүктесінен көздеу сызығына дейінгі қысқа қашықтық.
Достарыңызбен бөлісу: |