Бастапқы әскери дайындық кафедрасы. Кафедра меңгерушісі Таукейулы С. Т


Дәріс 9 ҚРҚК жалпыәскери жарғылар бойынша сабақ өткізу әдістемесі



бет23/33
Дата25.12.2022
өлшемі136.45 Kb.
#467869
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Бастап ы скери дайынды кафедрасы. Кафедра ме герушісі Таукейул

Дәріс 9 ҚРҚК жалпыәскери жарғылар бойынша сабақ өткізу әдістемесі
Әскери қызметшілердің міндеттері және жалпы ережелерін үйрету, оқыту әдістемесі, Қарауыл, тәуліктік кезекшілердің әрекеттері мен міндеттері, сонымен қатар қазіргі жағдайдағы жоғары әскери тәртіп. Қарумен және қарусыз саптық тәсілдер мен қимыл-қозғалыстарды дұрыс орындауды оқушыларға (сарбаздар) үйрету әдістемесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жалпыәскери жарғылар төрт жарғыны қамтиды, олар: Ішкі қызмет жарғысы, Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы, Саптық жарғы және Тәртіптік жарғы. Жалпыәскери жарғылар - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті басшылықка алатын, олардың қызметінің мазмұнын ашып, белгіленген талаптарға сай оны өтеу тәртібін анықтайтын заңдық сипаты бар ресми құжаттар. Жалпәскери жарғылар Қазақстан Республикасы күштік құрылымдарының бәріне ортақ ережелерді, әскери қызметтегі қарым-қатынасты, әскери қызметшілердің жауапкершілігін, міндеттері мен құқықтарын анықтайды.
Жалпыәскери жарғыларда Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тәжірибелері, әскери ғылым жетістіктері, жауынтерлерді оқыту мен тәрбиелеудің көп жылғы тәжірибелері талданып, қорытындыланған. Олардың бүкіл мазмұны ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесіне сай келеді. Жалпыәскери жарғылардың негізгі мақсаты – жоғары жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету және Отан қорғаушысының бойында шынайы патриоттық сезімдер мен қасиеттерді тәрбиелеу. Оқыту барысында күтілетін нәтиже - әрбір жауынгердің әскери борышына, әскери антына шексіз берілгендігі. Жалпыәскери жарғыларды толық әрі сапалы игерген азаматтың құзіретті әскери қызметші болатынына күмен жоқ. Аталған нәтижеге қол жеткізудің басты шарты - әскер қатарында темірдей берік тәртіпті сақтау, жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеуде заманауи оқыту технологияларын пайдалану, әскери істі қазіргі әскери өнер мен әскери ғылым талаптарына сай ұйымдастыру және жүргізу.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет