Бастапқы әскери дайындық кафедрасы. Кафедра меңгерушісі Таукейулы С. Т



бет24/33
Дата25.12.2022
өлшемі136.45 Kb.
#467869
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Бастап ы скери дайынды кафедрасы. Кафедра ме герушісі Таукейул

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысы осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысында:
32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адыммен қозғалыс жасау минутына 95-105 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 60-70 см.»;
33-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын анағұрлым еркін, созбай, аяқты жерден 10-15 см биіктікке алға көтеру және табанды нық басу керек.
Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға қарай – оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп еркін, шынтақтан бүгу; артқа қарай – иық буынында 25-30о бұрышқа қатайтпай еркін жазу керек (бел ортасынан 15-20 см). Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп (3-сурет), басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.»;
35-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 10-15 см көтеру және оны ұшынан бастап табанды толық басу керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (4-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болуы керек.»;
76-тармақ алып тасталсын;
78-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ТҮЗЕЛ» командасы бойынша оң жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын оңға бұрады және түзеледі. «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы бойынша сол жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын солға бұрады».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



2

10





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет