Бастапқы әскери дайындық кафедрасы. Кафедра меңгерушісі Таукейулы С. Т


Тура ату және оның тәжірибелік маңызы



бет22/33
Дата25.12.2022
өлшемі136.45 Kb.
#467869
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Бастап ы скери дайынды кафедрасы. Кафедра ме герушісі Таукейул

Тура ату және оның тәжірибелік маңызы.
Тура ату дегеніміз — оқтың (снарядтың) ұшу траекториясы өзініңбар ұзына бойында нысанадан жоғары көздеу сызығынан көтерілмейтін атыс (37-сурет).



Тура атудың тәжірбиелік мәні сонда ұрыстың шиеленісті жағдайында атыс көздеуішті қоймай-ақ жүргізілуі мүмкін. Бұл нысананы жоюды жеделдетіп, қарсыластың жауап атысының алдын алуға мүмкіндік береді.
Атыс құбылысы. Бастапқы жылдамдықты оқып-үйрету алдында қысқаша кіріспе беру қажет. Бұл кезде мынадай көрнекі құралдар пайдалануға болады: дәрілі газ қысымының өзгерісі мен ұңғыдағы оқтың қозғалыс жылдамдығын көрсетуге арналған электрленген макет, диафильмдер мен плакаттар.
Осы сұрақты түсіндіре келе, мұғалім оқушылардың назарын қаруды күтіп ұстау ережелері мен оны атысқа дайындау ережелеріне аударуы керек. Мысалы, оқушылар атыс кезінде жоғары қысымның пайда болуы мен газ температурасы қандай көлемге көтерілетініне көз жеткізіп, бекіту торабының сенімді және тоқтаусыз жұмыс істеуі мен ұңғының тозу себебі туралы қорытынды шығаруы және қаруды дұрыс, уақытында майлап тазалау, оны атыс алдында тексеру маңыздылығын, ұңғыда басқа заттар болуының қауіпін түсінуі қажет. Осы жерде мұғалім қару мен оқ-дәрілерді атыс алдында тексеру және атылмай қалу кезіндегі әрекеттер туралы тұжырым шығарады.
Ұңғыдағы оқтың қозғалысына байланысты сұрақтарды қарастырған соң, оқтың бастапқы және ең жоғарғы жылдамдығы мен бастапқы жылдамдығының өзгеруіне әсер ететін факторларды қарастыру қажет. Оқтың бастапқы жылдамдығы туралы әңгімені практикалық тұжырымдар жасаумен аяқтау керек. Мысалы, бастапқы жылдамдықтың өзгеруіне дәрілі зарядтың ылғалдылығы мен температурасы әсер ететінін анықтап, оқ-дәрілерді әдеттегі температура жағдайында сақтау және оларды ылғал түсуінен қорғау қажеттілігі туралы тұжырым шығару керек.
Қарудың серпуі туралы сұрақты түсіндіргенде, мұғалім мынадай тұжырым шығарады: бір күшпен екі затқа берілген жылдамдықтар олардың салмағына кері пропорционал, яғни қарудың серпу жылдамдығы оқтың алғашқы жылдамдығынан қаншама рет аз болса, соншама рет оқ қарудан жеңіл болады.
Сонымен қатар атыс қаруы үшін серпу жылдамдығы 2-3 м/с құрайтынын, ал серпу күші 2 кг-нан артпауын және ол атушыға ауыртпалықсыз әсер етуін хабарлайды. Содан соң 29-, 32-суреттерді пайдалана отырып, оқушыларға оқ серпуді тудыратын дәрілі газдың қысым күші мен серпу кедергісінің күші бір тік осьте орналаспағаны мен қарама-қарсы жақтарға бағытталғанын және олар қарудың ауыз бөлігі жоғары жаққа көбірек ауытқыған сайын күштер жұбының иыққа тебуі де үлкен болуына әсер ететін күштер жұбын түзейтінін түсіндіріңіздер. Сонымен қатар ұшубұрышының жасалу себептері туралы әңгімелеңіздер де, оқушылар назарын қаруды иыққа төсеу және тіректі пайдалану ережелеріне, сондай-ақ қаруға күтім жасау және оны күтіп сақтау ережелерін бұзу кезінде ұшу бұрышының көлемі өзгеруіне әкеп соқтыратынына аударыңыздар. Сондықтан ұшу бұрышының біркелкілігін қамтамасыз ету және атыс нәтижесінде серпу әсерін азайту үшін оқулықта сипатталған атыс тәсілдері мен қаруға күтім жасау ережелерін сақтау керек.
Сыртқы баллистика туралы негізгі жағдайларды білу траектория қасиеттері мен оның элементтерін, бастапқы мәліметтерді дайындау ережелері мен атыс ережелерін меңгеруге ықпал етеді.
Сыртқы баллистика негізін траектория қасиеттері мен оқтың ұшу заңдылығын (30-сурет) оқып-үйрену құрайды. Сыртқы баллистика атыс кестелерін құрастыру, қарудың көздеуіш шкалаларын есептеу және атыс ережелерін дайындау үшін жіберілетін мәліметтер береді. Сыртқы баллистика туралы тұжырымдар ұрыста атыс қашықтығына, желдің жылдамдығы мен бағытына, ауа температурасы мен атыстың басқа жағдайларына байланысты көздеуішті және көздеу нүктесін таңдау кезінде кеңінен пайдаланылады.
Оқтың ұшу қашықтығын қамтамасыз етуінде көздеу бұрышы қарастыратынын айтып кету керек. Атыс қашықтығына байланысты көздеу бұрышының өзгеруін көздеу станокта орнатылған және көздеуіштің түрлі қондырғыларымен нысанаға бағытталған қаруда көрсетуге болады. Көздеу бұрышы туралы айтқанда, оқтың қиратқыш әрекетіне әсер етуі туралы әңгімелеу керек.
Оқушыларға сыртқы баллистика мәні туралы айтып беріп, траектория мен оның элементтерінің пайда болуы жөнінде сұрақты баяндауға көшу керек.

2

9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет