Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбы үшін


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет46/63
Дата28.01.2024
өлшемі2.5 Mb.
#490068
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
Бастауыш оқу бағдарламалары №266 бұйрығы 08.04.2016

5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



  1. Оқу жүктемесінің бөлінуі:

1) бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:
1-кесте

Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

2-сынып

6 сағат

204 сағат

3-сынып

6 сағат

204 сағат

4-сынып

6 сағат

204 сағат

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» бойынша қойылатын нормативтер:

2-кесте

Сынып

Оқу шапшаңдығының
міндетті деңгейі

Жазылым

І
жартыжылдықсоңы

ІІ жартыжылдық соңы

Сөздік диктант

Диктант

Мазмұндама
мәтін көлемі

Шығарма

2

40-45 сөз

50-55 сөз

5-7 сөз

25-30сөз

40-60 сөз

25-35 сөз

3

55-60 сөз

65-70 сөз

9-12 сөз

35-50 сөз

60-80 сөз

35-55 сөз

4

70-75 сөз

80-90 сөз

12-15 сөз

55-70 сөз

80-100 сөз

55-70 сөз

  1. Оқу материалдарының сыныптар бойынша топталуы

3-кесте

2-сынып

3-сынып

4-сынып

  1. Өзім туралы

  1. Тірі табиғат

1. Менің Отаным – Қазақстан

  1. Менің отбасым және достарым

  1. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)

2. Адами құндылықтар

  1. Менің мектебім

  1. Уақыт

3. Мәдени мұра

  1. Менің туған өлкем

  1. Сәулет

4. Мамандықтар әлемі

  1. Дені саудың – жаны сау

  1. Өнер

5. Табиғи құбылыстар

  1. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

  1. Атақты тұлғалар

6. Қоршаған ортаны қорғау

  1. Қоршаған орта

  1. Су – тіршілік көзі

7. Ғарышқа саяхат

  1. Саяхат

  1. Демалыс мәдениеті. Мерекелер

8. Болашаққа саяхат

  1. Көркем шығарма бөлімі балалар әдебиетінің екі саласын қамтиды:

1) Ауыз әдебиеті үлгілері.
2) Жазба балалар әдебиеті үлгілері.

  1. Ауыз әдебиеті үлгілерінен:

1) балаларға арналған тақпақ, санамақ, мадақтау, мазақтау, өтірік өлеңдер, төрт-түлік жырлары: төрт түлік туралы өлеңдер, мал, жан-жануарлар айтысы, Наурыз жыры;
2) ертегілер: хайуанаттар жайындағы ертегілер мен қиял-ғажайып оқиғалы ертегілер;
3) аңыз-әңгімелер: Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр, Асан қайғы, Қорқыт туралы;
4) мақал-мәтелдер (әртүрлі тақырыптағы);
5) жұмбақ-жаңылтпаштар (әртүрлі тақырыптағы);
6) шешендік сөздер: әйгілі шешендер мен билер сөздері;
7) жырлар: батырлар жырларынан үзінділер.

  1. Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:

1) Қазақ ақын-жазушылары: Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Бегалин, Б.Соқпақбаев, Ш.Смаханұлы, Қ.Мырза Әли, М.Әлімбай, Ө.Тұрманжанов, Ж.Смақов, Қ.Баянбай, Ә.Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Ә.Табылдиев, А.Асылбеков, Ө.Қанахин, Т.Молдағалиев, Е.Өтетілеуов, Б.Кірісбаев, Е.Елубай, С.Қалиев, С.Сейітов, Б.Ысқақов, Д.Жұмагелдинова, М.Айымбетов, М.Абылқасымова өлең-жырлары, ертегі-мысалдары, әңгімелері.

  1. Ғылыми-танымдық шығармалар:

1) мақала, очерк, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, адамзат сырлары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).

  1. Әлем халықтары балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің үлгілі шығармалары: әңгіме, мысал, ертегілері.

  2. Бағдарламаны білудің негізгі ұстанымдары «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген мәселелерді қарастырады. Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері ары қарай жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.

  3. Бағдарламада «Оқу мақсаттары» қолдануға, мониторинг жасауға тиімді болу үшін төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 3.2.1.1. кодында «3» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқу мақсатының реттік саны:

4-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет