Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбы үшін


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін «Дене шынықтыру» пәні бойынша үлігілік оқу бағдарламасы



бет41/63
Дата28.01.2024
өлшемі2.5 Mb.
#490068
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Бастауыш оқу бағдарламалары №266 бұйрығы 08.04.2016

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін
«Дене шынықтыру» пәні бойынша үлігілік оқу бағдарламасы



1. Түсіндірме жазба




  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

  3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.

  4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруға негізгі бағдарлар болып табылады.

  5. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарланған коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

  6. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.

  7. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін.

  8. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

  9. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқыту мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

  10. Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.

  11. Көптілді оқу ортасын құрудағы әр пән қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидасы ретінде қарастырылады.

  12. Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

  13. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.

  14. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидасын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.

  15. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу мен шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

  16. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.

  17. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

  18. Органикалық бірлік пен кең ауқымдағы дағдыларда жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.



2. «Дене шынықтыру» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері





  1. «Дене шынықтыру» бағдарламасының мақсаты оқушыларды дене шынықтырудың негіздерімен таныстыру болып табылады, нақты айтқанда, олардың спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі (физикалық) қабілеттерін меңгеруімен қатар, салауатты денені шынықтырудың дамуына ықпал етеді.

  2. «Дене шынықтыру» пәні бойынша бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын оқу жоспарын ұсынады, бұл жоспар оқушылардың физикалық іс-әрекеттің түрлері бойынша білімдерін, түсініктерін және дағдыларын дамытуға ықпал етіп, сол уақытта олардың жеке гигиена, психикалық денсаулық және салауатты өмір салтының қағидалары сияқты аспектілер тұрғысында жалпы дамуын жақсартады.

  3. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бастауыш мектеп оқушыларды оқытуға арналған оқу бағдарламасының келесі міндеттерін іске асыруы тиіс:

1) дене денсаулығының және рухани денсаулықтың негізін қалайды, бұл әлеуметтік дағдыларды дамытуға, тұлғалық дамуға оң әсер етеді;
2) оқушыларды өздерінің физикалық және психологиялық денсаулықтарын түсінуге және нығайтуға ынталандырады;
3) дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды;
4) оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытады, атап айтқанда, олардың төзімділігін, ширақтығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін дамытуға әсер етеді;
5) оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін құрметтеуге, командалық жұмыс дағдыларына, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелейді;
6) оқушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандырады;
7) оқушылардың жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде дене шынықтыру пәні туралы өз көзқарастарын қалыптастырып, осы саладағы білімдерін дамытуға мүмкіндік береді.

  1. «Дене шынықтыру» пәнін оқыту оқушыларға:

1) пән туралы білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті өмірлерінде қолдануға;
2) қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсарту және оқушылардың дене дамуын жетілдіру қажеттіліктерін бағалауға;
3) адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығын түсінуге және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге;
4) жеке гигиена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге;
5) дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның дене және дене энергиясының жүйелеріне әсерін білуге;
6) өзінің және басқалардың дене жағдайын бағалауға;
7) сыни тұрғыдан, шығармашылық ойлау қабілеттерін және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.


3. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер





  1. Құндылықтарға бағытталған тәсілдер:

1) оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады;
2) құндылықтарға бағытталу – ол тұлғаның өз әрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарды бағдарлау қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті) және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі;
3) құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады;
4) құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды;
5) «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену – орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.

  1. Тұлғаға бағытталған тәсіл:

1) тұлғаға бағытталған тәсілдің мақсаты оқу процесін дараландыру, оқу процесінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.

  1. Іс-әрекеттік тәсіл:

1) іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұны – оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді;
2) оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «синтездейді», «бағалайды».

  1. Саралап оқыту тәсілі:

1) саралап оқыту тәсілі – оқу процесін оқушылардың әртүрлі топтарына мамандандырылуын, оқушылардың жеке қабілеттіліктерін ескеру мақсатында әртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді;
2) саралап оқыту тәсілі әртүрлі оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану – сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.

  1. Коммуникативтік тәсіл:

1) білім берудегі коммуникативтік тәсіл дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екі және одан көп адамның сөйлеу арқылы атқаратын әрекеттесу процесі. Коммуникативтік тәсілдің нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады;
2) коммуникативті тәсілге сәйкес ұйымдастырылған оқу процесі қатынасу икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіру керек.

  1. Ортақтақырыптар арқылы оқыту:

1) «Дене шынықтыру» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. 6-7 жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.

  1. Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту:

1) оқу процесінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді;
2) педагогикалық ойын технологияларының басты элементтері – ойын алдында оқушыларға нақты оқыту мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өздік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.

  1. Жобалық тәсіл:

1) оқу жобасы – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген әдістер мен іс-әрекеттердің реттілігімен, кеңейтілген шешімдер мен белгілі тәсіл бойынша рәсімделген нәтижелермен сипатталынады. Бұл әдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны шешуде өздік іс-әрекетін танытуымен сипатталады;
2) бастауыш деңгей білім алушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес жобалау әдісі толығымен жүзеге асырылмайды. Бірақ, жобалау іс-әрекетінің алгоритімі (жоба – мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өздік іс-әрекет кешені) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдық/топтық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ-сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады;
2) оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді;
3) бұл «Дене шынықтыру» пәні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:
БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;
дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;
сандық және интернет дереккөздері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану; заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар, жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды мен мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;
басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;
аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.


4. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері





  1. «Дене шынықтыру» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

  2. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында құрылған. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

  3. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

  4. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процесін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

  5. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.



5. «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру





  1. Оқужүктемесінің бөлінуі:

1-кесте

Сынып

Апталық жүктеме

Жылдық сағат саны

1-сынып

3 сағат

99 сағат

2-сынып

3 сағат

102 сағат

3-сынып

3 сағат

102 сағат

4-сынып

3 сағат

102 сағат

  1. Арнайы медициналық топтарда (денсаулығына байланысты, әр деңгейдегі оқушылармен) сабақ ұйымдастыру:

1) жүйелі түрде жүргізілетін және ғылыми негізделген педагогикалық бақылаудың арқасында ғана дене шынықтыру балалар мен жасөспірімдердің денсаулықтарын сақтау мен нығайтудың, олардың физикалық дамуын жақсартудың тиімді әдісі бола алады. Осыған байланысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі физикалық жаттығулардың өсіп келе жатқан ағзаға әсері туралы жеткілікті деңгейде хабардар болуға тиіс. Сонымен қатар, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері өздерінің педагогикалық әдістерін бақылап, оларды оқушылардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өзгертіп отырулары тиіс;
2) арнайы топтағы оқушылар үшін дене шынықтырудың басты міндеттері төмендегілер болып табылады:
салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар, оқушылардың физикалық даму процесінде көмек көрсету құқықтарын білуі;
аурудан әлсіреген органдары мен жүйелерінің функционалдық деңгейін арттыру;
физикалық және ақыл-ой қабілеттерін арттыру;
оқушылардың ағзалары аллергияларға, суық тию ауруларына және созылмалы инфекцияларға қарсы тұра алуы үшін олардың иммундық жүйелерін жақсарту;
дұрыс мүсін қалыптастыру және оны түзету;
дұрыс тыныс алу техникасына үйрету;
негізгі қимыл-қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын игеру;
рухани және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
оқушыларды өздігінен денені шынықтыратын іс-әрекеттерді жасау және оны күнделікті өмірде қолдануға тәрбиелеу;
барлық оқушылар үшін тиімді жұмыс істеу жағдайларын жасау.
3) арнайы медициналық топтағы оқушылардың шалдыққан сырқаттарының ауырлығына және сипатына байланысты дене шынықтыру сабақтарында дифференциалды оқыту үшін оларды А және Б кіші топтарына бөлу ұсынылады:
А кіші тобы – денсаулықтарында түрлі ахуалы бар, қалпына келтіруге болатын ауытқулар бар оқушылар;
Б кіші тобы – сыртқы және ішкі ағзалар жүйесінде ауыр сырқатқа шалдыққан, қалпына келтіруге болмайтын өзгерістері бар оқушылар (мысалы, жүрек-қан тамырлары ауруы, несеп шығару жолдарының аурулары, бауыр аурулары; көз түбінің өзгеруі салдарынан көру қабілетінің жоғары деңгейде бұзылуы).

  1. «Дене шынықтыру» пәнінің мұғалімдері төмендегілерді орындауға тиіс:

1) оқушыларды олардың денсаулық жағдайларына сәйкес кіші топтарға бөлу (жоғарыда көрсетілгеніне сәйкес болуы тиіс);
2) оқушылардың сырқаттану диагнозына байланысты оқушыларға жаттығулар белгілеу;
3) оқыту, сабақ беру және бағалау процесіндегі әдістерін дараландыру;
4) сабақтарда орындалатын қимыл қозғалыс әрекетінде өз білімдерін жетік қолдана алатын, медициналық білімі бар мамандардың қолдауымен сабақ өткізу.

  1. «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны:

1)пәндікбілімніңмазмұныбөлімдергебөлінген. Бұлбөлімдерөзішіндебілім, түсінікжәнедағдылардықалыптастырудыкөздейтінбөлімшелердентұрады. Оқытумақсаттарыәрбөлімше ішінде мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді:
2-кесте

Бөлім

Бөлімше

  1. Қозғалыс әрекеттері

1.1. Негізгіқозғалысдағдыларындамыту: тірек-қозғалысаппараты, дененіжәнеобъектінібасқарабіледі

1.2. Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды

1.3. Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды

1.4. Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды

1.5. Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерін бағалауды дамытады.

1.6. Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді

  1. Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау




2.1. Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдейді

2.2. Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді

2.3. Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дағдыларын біледі және түсінеді

2.4. Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдаланады, қолданады және жасайды

2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды

2.6. Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады

2.7. Физикалық жаттығулар кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында топпен жұмыс істеп, әділ жарыса біледі, патриоттық сезімін дамытады

2.8. Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді

3. Денсаулық және салауатты өмір салты

3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсінеді

3.2. Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді

3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі

3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі

3.5. Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады

  1. Оқыту мақсаттарының жүйесі:

1) 1-бөлім «Қозғалыс әрекеттері»:
3-кесте

Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1.1. Негізгіқозғалысдағдыларындамыту: тірек-қозғалысаппараты, дененіжәнеобъектінібасқарабіледі.

1.1.1.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындауда негізгі қимыл-қозғалыс машықтарын біледі, жасай алады.

2.1.1.1 Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде негізгі қозғалыс машықтарының сапасын жақсартады.

3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын біледі, түсінеді және жақсартып жалғастырады.

4.1.1.1 Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде негізгі қозғалыс машықтарын түсінеді және көрсетеді.

1.2. Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды

1.1.2.2 Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын біледі

2.1.2.2 Өз бетінше байланыстыруды үйреніп, негізгі қозғалыс машықтарын түсінеді және жақсартады

3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін біледі және түсінеді

4.1.2.2 Дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсінеді және көрсетеді

1.3. Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды

1.1.3.3 Дене жаттығулары-ның әр түрінде қозғалыстарды орындау мәнмәтінінде уақыт, кеңістік, салмақ пен бір қалыптылық түсініктері туралы біледі

2.1.3.3 Қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсетеді

3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамытады және жетілдіреді

4.1.3.3 Қимылды орындаудың уақыт, кеңістік және бір қалыптылық туралы түсініктерін көрсететін бірқатар тиімді машықтарды және жүйеліліктерді түсінеді және қолдана біледі

1.4. Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды

1.1.4.4. Қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай біледі

2.1.4.4 Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді

3.1.4.4 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтайды және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылайды

4.1.4.4. Дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстырады

1.5. Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерін бағалауды дамытады.

1.1.5.5 Түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-қимылдарды біледі және орындай алады

2.1.5.5 Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістермен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе біледі

3.1.5.5 Орындау және бағалау кезінде бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсетеді және анықтай біледі

4.1.5.5 Қолданылатын бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсете және түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының іс-қимылдарды орындауына ортақтасады

1.6. Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді

1.1.6.6. Қарапайым, өзгертілген дене жаттығуларын орындау кезінде туындауға мүмкін тәуекелдерді және қиындықтарды біледі

2.1.6.6. Тәуекелдердің туындау мүмкіндігін түсінеді, қарапайым және өзгертілген дене жаттығуларын жетілдіру кезінде машықтар мен шеберлікті нығайтады.

3.1.6.6 Қозғалыс қызметін оқытудың түрлі кезеңдерінде тәуекелдердің туындауын қысқартады және қиындықтарды еңсеру шеберлігі мен машықтарын жетілдіреді

4.1.6.6 Жаттығулар-дың әр түрін орындау кезінде тәуекелдерді қысқарту және туындайтын қиындықтарды еңсеру қабілеттілігін көрсетіп орындалатын жаттығулардың күрделілігінің деңгейін тани біледі

2) 2-бөлім «Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау»:
4-кесте

Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

2.1. Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдейді

1.2.1.1 Дене қызметін орындау және оған қатысу кезінде қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын біледі және түсінеді

2.2.1.1 Баламаларды түсінетінін көрсетіп, қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларды талқылайды және көрсетеді



3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегиялар-мен және жоспарлармен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолданады

4.2.1.1 Баламаларды анықтап және жасап қозғалыс идеяларын, стратегияларды және жоспарларды анықтайды және ұйымдастырады.

2.2. Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді

1.2.2.2. Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі

2.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімін нығайтады

3.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсінеді. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастайды

4.2.2.2 Көшбасшылық рөлдерімен кезектесіп алмасып, әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше және топта жұмыс істей біледі

2.3. Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын біледі және түсінеді

1.2.3.3 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, кеңістік, ресурстар мен идеяларды біледі және бөліседі

2.2.3.3 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстарды кеңістікте аусыстыру білімін бекітеді

3.2.3.3 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстарды кеңістікте ауыстыру білімін қолданады

4.2.3.3 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстарды кеңістікте ауыстыру айырмашылығын біледі.

2.4. Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдаланады, қолданады және жасайды

1.2.4.4. Таңдалған дене жаттығуларын орындау кезінде қарапайым ережелерді және құрылымдық тәсілдерді атап өтеді және пайдаланады

2.2.4.4. Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді талқылайды және көрсетеді

3.2.4.4. Бірқатар дене жаттығуларына қатысқан кезде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді білетінін қолданады және пайдаланады

4.2.4.4 Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелер мен құрылымдық тәсілдерді жасайды және қолданады

2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды

1.2.5.5. Өзінің шығармашы-лық тапсырмалары-ның күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды

2.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті ұсыныс жасайды

3.2.5.5. Өзінің шығармашы-лық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдаланады және қолданады

4.2.5.5. Орындаушылар-ға конструктивтік ұсыныстар жасау үшін шығармашылық тапсырмаларға қатысты өзінің сыни тұрғыдан көзқарасы мен басқаларының көзқарастарын біріктіреді

2.6. Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады

1.2.6.6 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысады және пайдаланады

2.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу қабілеттігін көрсетіп, өзінің композициялық идеяларын түсінеді және талқылайды

3.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасайды



4.2.6.6. Белгілі бір тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін бірқатар композициялық идеяларды анықтайды және құрайды

2.7. Физикалық жаттығулар кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында топпен жұмыс істеп, әділ жарыса біледі, патриоттық сезімін дамытады

1.2.7.7 Дербес және топтық қызметті орындау кезінде өзара қалай әрекет етуді біледі. Патриоттықтың негізделуін түсінеді

2.2.7.7. Патриоттық сезімнің не екенін біледі, бір-бірімен әрекет ету, адал бәсекелестіктің мағынасын түсінеді

3.2.7.7. Патриотизмнің мағынасын түсіндіреді, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсетеді

4.2.7.7. Топтық және дербес дене қимылдарында патриоттық сезімін, өзара іс қимылдар мен адал бәсекелестікті көрсетеді

2.8. Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді

1.2.8.8 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін білу және басқаларының рөлін анықтап тани бастайды

2.2.8.8 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде олардың айырмашылық-тарын біле отырып, өзінің және басқаларының рөлін түсінеді және көрсетеді

3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылық-тарын түсіндіруе отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсетеді

4.2.8.8 Түрлі әрекеттерді орындау кезінде олардың айырмашылықтарын сезіне отырып, түрлі рөлдермен эксперимент жасау

3) 3-бөлім «Денсаулық және салауатты өмір салты»:
5-кесте

Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсінеді

1.3.1.1 Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белседілігін ұғынады.

2.3.1.1 Дене жаттығуларын жасау барысында сауықтыру артықшылығын талқылап, сипаттайды.

3.3.1.1 Дене жаттығулары-ның, сауықтырудың пайдасын денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете біледі және түсінеді

4.3.1.1 Дене жаттығулары үшін денсаулық және салауатты өмір салтының маңыздылығын талдайды және түсінеді

3.2. Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді

1.3.2.2 Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып шынықтыру-дың маңызын сипаттайды.

2.3.2.2 Дене қызметін орындаған кезде денені қыздыру және босаңсыту процесін анықтайды

3.3.2.2 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіреді

4.3.2.2 Дене қызметімен айналысқан кезде, денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін көрсетеді және талқылайды

3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі

1.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді анықтайды

2.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі

3.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсетеді және түсіндіреді

4.3.3.3 Дене қимылдарын орындау кезінде немесе орындағаннан кейін белгілі бір физикалық өзгерістерді көру үшін бірқатар бақылау стратегияларын қолданады

3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі

1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды

2.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды

3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсінеді және көрсетеді

4.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдайды және қолданады

3.5. Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады

1.3.5.5. Дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін анықтайды

2.3.5.5. Мектептен тыс және мектеп кезінде дене қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастайды және анықтайды

3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарайды және түсіндіреді

4.3.5.5.Дене қимылдарына қатысудың түрлі мүмкіндіктерін зерттейді және салыстырады, оларға қатысу мүмкіндіктерін алу жолдарын қарастырады


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет