Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбы үшін


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері



бет44/63
Дата28.01.2024
өлшемі2.5 Mb.
#490068
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
Бастауыш оқу бағдарламалары №266 бұйрығы 08.04.2016

2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері



  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні білім беру бағдарламасындағы жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі болып табылады. Оқушының сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін жетік меңгеруі және кез келген басқа пәнді игеруі, негізінен, тілді меңгеру деңгейіне байланысты. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінде әдеби туындылар мен жеке-жеке бөліктер арқылы түсіндірілетін тіл теориясы интегративті ұштастырыла беріледі.

  2. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты – оқушыларды түсініп, мәнерлеп оқуға, жазбаша сауаттылығы және ауызша сөйлеу дағдыларын сабақтастыра қалыптастыру және сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертуге үйрету және әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету.

  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытуміндеттері:

  1. айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту;

  2. басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуге және өз ойын толық

жеткізуге үйрету;

  1. тілдің қоғамдық мәнін түсінуге, тіл нормаларын сақтап, қолдана білуге

үйрету;

  1. тіл сауаттылығы мен сөз байлығын жетілдіру;

  2. тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білу, топтай және

жинақтай білуге үйрету;

  1. шығарманың түп мазмұн-мәнін түсінуін, кейіпкерлердің көңіл-күйіне

ене отырып оқуын қамтамасыз ету;

  1. ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық

үлгілерімен таныстыру арқылы оқушылар бойында адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;

  1. оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі

нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;

  1. оқушылардың көркем және сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

  1. Оқу бағдарламасының мазмұны көркем шығармалар арқылы

оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытуды, көркем туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, шығармадағы негізгі ойды өз бетінше тұжырымдауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, көркем шығармаларды басқа өнер түрлерімен салыстыруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін меңгеру:

1) тілдің ерекшеліктері, оның элементтері мен тілдік қызметі жөнінде жалпы мағлұматты қалыптастыруға, тілдік категориялардың көпжақты екенін түсінуге;
2) сөздік қор мен грамматиканы пайдалану құзыреттілігін қалыптастыруға;

  1. ауызша және жазбаша тіл ережелеріне сай тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауға;

  2. алған білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде қолдануға;

5) өмірде қажетті тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқу барысында оқушылар әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады, қоршаған ортаны тану, әртүрлі мәселелерге деген көзқарасын дәлелдеу құралы ретінде тілдің және әдеби мұраның құндылығын ұғынады. Ана тілінің байлығы мен әдебиеті арқылы оқушының рухани деңгейі артады.

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні:

1) ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерін меңгертуге;
2) түсінікті, шапшаң, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруға;
3) сауатты және көркем жазу дағдыларын жетілдіруге;
4) сөздік қорын молайтуға;
5) айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;
6) диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет