Бастауыш сынып оқушыларының мәдени-бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері



бет6/16
Дата20.06.2022
өлшемі225.95 Kb.
#459360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Бастауыш сынып оқушыларының мәдени-бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері

Сырты істер клубы.
Бұл ұзақ мерзімде жүргізіледі, мақсаты бір елдің тілін, мәдениетін меңгеру. Барлық клуб отырыстары меңгерілетін тілде жүргізіледі. Жаз кезінде меңгерілген тілде ғана сөйлейтін лагерь ұйымдастырылады. Клуб әр түрлі концерт, спектакль, ғылыми конференцияларды әзірлейді.
Ғылым, өнер, техника және спорт кіші академиясы.
Акдемияның атына сәйкес, төрт бөлім қарастырылады. Академиядағы барлық істерді, оқушылар атқарады, ол үлкендердің кеңесші, ғылыми жетекші ролін атқарады.
Академия өз шешімімен орталықтар: зертхана, театр, шеберхана, клуб, секция, парк, командалар құрады. Академия бөлімдері өз жұмыстарын сайыстар, олимпиядалар, интеллектуалдық ойындар, турнир, конференция, пікірталастарды жоспарлайды. Академия ғылыми, әдістемелік кеңестер құрады. Мектеп академиясы зерттеу және істелген жұмыстар қорытынды- сы бойынша мектептің ғылыми, шығармашылық, спорттық атақтарын береді.
Ғылыми техникалық іс- әрекеттер бойынша, кіші ғылым кандидаты, кіші ғылым докторы, профессор, академия корреспондент мүшесі атақта- рын береді. Шығармашылық салада еңбек сіңірген және халық әртісі, режиссер, суретші атағы беріледі.
Спорт саласында: мектептегі спорттық жетістіктер үшін разрядтар, спорт шебері атақтары беріледі. Академия ғылыми орталықтармен байла- ныс орнатады. Академияның алдына қоятын мақсаты оқушылар академия орталықтарындағы жылдарды, таңдаған мамандықтары бойынша жоғары кәсіби дайындықтан өту, оқушылардың бос уақыты шығармашылыққа толы болу және әрбір оқушының әр- түрлі іс- әрекетте өзін сынауына мүмкіндік беру.
Әдеби- музыкалық қоғам
Бұл өздерін- өздері басқаратын клуб, оған өнерді сүйетін оқушылармен оқытушылар қатысады. Қоғам шығармашылармен көрермендерге бөлінеді: шығармашылдар әртүрлі қойылымдар, концерт, кеш, би кеші сайыстары, көрмелер ұйымдастырады.
Мектеп жәрмеңкесі
Оқушылар талантты шебер мұғалімдер басшылығымен әртүрлі қолөнер туындыларын жасайды.
а) Оқу сан - салалы авторлық буындар ( көйлек, шалбар ) немесе теріден түрлі бұйымдар дайындайды.
б) Мектептегі «орман дәріханасы» дәрігер басшылығымен емдік шөптер кептіріп, дайындайды.
в) Саз балшықтан түрлі мүсіндер жасау.
г) Жұмсақ ойыншықтар және қуыршақтар театрына кейіпкерлер дайындау.
д) Ағаштан түрлі жабдықтар: орындық, шахмат мүсіндері тақтасын жасау.
Оқушылар қолынан жасалған бұйымдар жәрмеңкесін ұйымдастырып, түскен қаражатты мектеп қажетіне жаратуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет