Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Оқушыға бос уақытта тәрбие беру үздіксіз білім беру жүйесінің толық құқылы саласы, ол барлық оқушылар мен жасөспірімдерге өз мүмкіндігін анықтауға, сабақтан тыс уақытта бос уақытта әр оқушының қызығушылығына, қабілетіне, дарындылығына қарай жан – жақты дамуына мүмкіндік береді.
Зерттеудің көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың, әдіскерлердің еңбектері мен қосымша әдебиеттері.
Зерттеудің құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1.1 Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және оның формалары
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне,
жалпы жан – жақты болына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушыларының демалысын тиімді етіп ұйымдастырылына күш жұмсалуы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт- олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Біз өмірімізде бос уақыттың рөлін айрықша танимыз. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру- қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс.
Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақтты әлеуметтік құбылыс ретінде
қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғалымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік- экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасын қамтамасыз етуде.
Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі – бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыт- бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейі мен мамандығын көтеруге, қоғамдық
жұмыстарды атқаруға, дене тәрбиесімен, спортпен айналысуға, шығармашылық еңбек пен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, көркем өнермен айналысуға, көңіл көтеруге бағытталған уақыттың бір бөлігі. Ғылыми- техникалық дамудың жеделдеуіне орай адамның бос уақытын тиімді пайдалануы К.Маркс айтқандай рухани өмірді және жеке қабілетті дамы- тудың негізгі қоғам мүшелерінің жан- жақты дамуының басты шарты болмақ. Бос уақытты тиімді пайдаланудың қызықты түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу мен теледидар көру болып келеді. Теледидар көрсетілуінің молдығы мен бейнелеу сапасының жақсаруы тұрғындардың демографиялық
құрамының өзгеруі, яғни жасы ұлғайған адамдар мен зейнеткерлердің көбеюі, келешекте мәдени- ағарту және ойын- сауық мекемелерінің басты бәсекелесі теледидар болуы ғажап емес.Сондықтан адамдар рухани өмірдің жай тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді жасаушысы да болу үшін
оларды міндетті түрде бос уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыру орынды. Осыған орай, мектепте атқарылатын маңызды мәселелерді ескере отырып, енжарлыққа,тұтынушылыққа, маскүнемдікке қарсы ымырасыз күрес
жүргізуді жолға қою керек. Бұл үшін міндетті түрде балалардың бос уақытында орындалатын іс- шараларды ұйымдастыру, тәрбиелік бағыттағы
жұмыс түрлеріне адамдарды көптеп тарту, әлеуметтік белсенділікті жандандыруға бағытталған тәрбие және мәдени- ағарту жұмыстарының сапалық деңгейін көтеру қажет.
Бос уақыт дегеніміз еңбек етуге, үй жұмысы мен басқа да тұрмыстық қызмет, сонымен қатар физиологиялық қажетімізді (ұйықтау, тамақтану, жеке адам гигиенасы, т.б) қанағаттандыруға кететін уақыттарды есептемегендегі жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі. Бос уақыттың жұмыстан тыс уақыттың басқа түрлерінен айырмашылығы- мектеп оқушылары оны өз қалауынша еркін пайдалана алады.
Сабақтан тыс уақытты қалай ұйымдастыруы керектігі озық ойлы адамдарды ертеден-ақ толғандырған. Босқа өткен уақыт ішінде адам қандай жұмыстарды атқара алар еді. Осы тұрғыдан біздің қоғамымызда бос уақыттың зая кетуін болдырмау шаралары қандай нәтиже беретінін анықтауды қажет етеді. Бұл- өмірдің барлық жақтарын түгел қамтитын зор міндет.
XX ғасырдың екінші жартысында прогресс жедел қарқынмен дамыды.
Өмір сүріп отырған дәуірімізде ақпараттың берілу көлемі, жылдамдығы, тездігі, ірі ғылыми жаңалықтардың жиі ашылуы, уақыттың тез өтуі мен оның құны барған сайын артып отыр. Уақытын бекер өткізген адам ұтыл- ған адам болып есептелінеді.
Бос уақыт адамның қалауына сай ұйымдастырылады. Кейбіреулер бос уақытын көркем шығарма оқумен өткізуді қаласа, кейбіреулері телевизор көруді, ал енді біреулері табиғат саясында жан сергіткенді ұнатады.
Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі өздерінің бос уақыттарын ең алдымен оқуға, білімін жетілдіруге, көркем әдебиетті және күнделікті баспасөз жаңалықтарын оқып- білуге, музейлерге, парктерге, көрмелерге баруға пайдаланады.
Ал қазіргі уақытта ата- аналардың балаларымен қарым- қатынасы бас- қаша. Жастар еңбекке бұрынғыдан әлдеқайда аз араласады және олар ата –аналарымен үнемі бірге бола бермейді. Заман ағымына сай әлеуметтік желілерге көптеп уақытын арнайды. Жасөспірімдердің дене бітімінің жетілуі тез өсуде, яғни акселерация құбылысы, сондай- ақ, кебір ата- аналар мен балалардың білім деңгейінің арасындағы айырмашылықтар қосымша қиындықтар тудырып отыр.Сондықтан барлық ата- аналардың педагогика- лық және психологиялық білімге ден қоюы, олардың тәрбиелеу дағдыларын жетілдіру айрықша маңызды. Бұл тұрғыдан келгенде ата- аналардың арнайы оқу жүйесі, бәлкім мектептерде педагогикалық кеңестер ұйымдастыру қажет сияқты. Бұған жұмсалған күш зая кетпесе керек. Бос уақытты барынша тиімді пайдалану көптеген жастарды толғандыруда. Ол ең алдымен адамның өзіне, оның қажеттілік сипатына және мақсат ауқымына, оның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Адам бос уақытында тау аралап, сырғанақ тебуге де, фильм немесе спектакль көруге де немесе өзі ұнататын тақырыпта реферат жазуға да не қызықты ғылыми әдеби - көркем кітап оқуға да үлгереді.
Бос уақыттың пайдалануы көп ретте жеке адамның өндірістегі іс - қызметі мен ол жүзеге асыруға атсалысатын мәселелерге тәуелді және белгілі бір ұжымның сол адамға деген талап- тілегімен айқындалады. Бос уақыттығы әрбір іс – әрекет, қимыл ( мақсатсыз демалыстан басқасы) осы екі міндетті де атқарады. Мысалы, серуендеу, дене шынықтырумен шұғылдану- тынығумын қатар, жеке адамның этикалық тәрбиесіне де игі әсерін тигізеді. Бос уақытта қандай тиімді жұмыспен айналысуға болады?
Мұнда ең алдымен қоғамға пайдалы шығармашылық іспен шұғылдануға, материалдық жеке рухани байлықтарды ( техникалық творчество, өзіндік білімдерін жетілдіру, қоғамдық жұмыстармен, алаларды тәрбиелеумен) немесе мәдени қазыналар ( кітап, газет – журналдар, театр, телевизорлық хабарлар,т .б) пайдалануға болады. Адамның өзін- өзі толығымен меңгеруі, өзінің икемділігін, ептілігін ұштауы, адамгершілік қасиеттердін жан- жақты қалыптастыруы, эстетикалық жағынан дамуы үшін адамға, қоғамға пайдалы қызмет етудің тигізетін ықпалы зор.
Бос уақытта демалыстың кең тараған түрлерімен- туризм, саяхат, серуендермен өткізуге болады. Осы аталғандардың барлығы адамның
эстетикалық талғамын ұштап, қасиеттерін биіктете түседі.
Бос уақытта адам бойындағы көркемдік бастаманы көркемөнерпаздар үйірмесінде де ұштай түсуге болады. Рухани қажеттеріміз түрлі мәдениет мекемелері, жалпы ақпарат пен насихат құралдары көмегі арқасында қанағаттандырылуда.
Дене тәрбиесі, спортпен айналысу бос уақытты мәнді өткізудің бірден –бір тиімді жолы. Өйткені адамның жан- жақты қалыптасуында, оның дене бітімін жетілдірудің орны ерекше. М.Жұмабаевша айтқанда «Сау жан сау денеде ғана болады» деген.
Бос уақытты тиімді пайдалану әр оқушының қалауынша жүзеге асырылатын жұмыс дедік. Өйткені бұл әлеуметтік мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |