1.2. Қосымша морфема және оның түрлері
Негізгі түбір сөз де, қосымшалар да тарихи категория. Олардың тұлғасы да, мағынасы да тарих көшіне ілесіп өзгеріп отыруы табиғи нәрсе. Сондықтан қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде қандай сипаттары арқылы ерекшеленеді және түбір морфемадан қандай қасиеттері мен белгілері арқылы ажыратылады? Міне осыдан барып қосымшаларды жіктеуге қажетті нақты критерий туындайды. Осы жағынан келгенде қосымша морфеманың ең бірінші және басты лексика-грамматикалық белгісі - мағыналық және тұлғалық дербестігі жоқ болуы. Қосымша морфема түбірге жалғанбай ешбір мән-мағына білдіре алмайды. Демек, өз бетімен жеке дара қолданылмайды және түбірдің дыбыстық ыңғайына, әуеніне лайық үндестік заңы негізінде құбылып, нұсқаланып барып түбірге жалғануы арқылы жаңа мағына білдіріп негізгі мағынаны өзгертпей, оған әр түрлі қосымша мағына үстеу болып табылады. Соның нәтижесінде барып қосымшалар белгілі юызмет аткдра алады. Сөйтіп қосымшалардың білдіретін мағынасы оның ең бірінші қасиеті болса, атқаратын қызметі сол мән-мағынасы арқылы жүзеге асатын екінші қасиеті болып саналады.
Сонымен қосымша морфемалар дегеніміз — өз алдына жеке тұрып ешбір мағына бере алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып, оған әр түрлі қосымша мағыналар үстейтін морфемалар. Демек, қосымша морфемаларда не мағыналық, не тұлғалық, не қолдануда дербестік болмайды, оның мән-мағынасы, қызметі түбір морфеманың ыңғайында ғана ашылып, анықталады. Ол тек түбірге жалғанып қолданылатындықтан, түбір морфеманың дыбыстық ерекшелігіне лайық әуеніне еріп, өзгеріп, нұсқаланып, түрленіп отырады. Сондықтан да бір қосымша морфеманың бірнеше дыбыстық нұсқасы болады. Мысалы, көптік жалғаудың лар, лер, дар, дер, map, тер (6 нұсқасы), ал сөйлеу тілде одан да көп - ерін үндестігіне байланысты 1 - жақ тәуелдік жалғаудың -ым, -ім, -м (3 нұсқасы), сын есім тудыратын деп танылып жүрген қосымшаның -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті (6 нұсқа) нұсқалары араларында не мағыналық не қызметтік, не стильдік айырма жоқ. (Исаев, 1998, 211-6.).
Сондай-ақ түбір морфема дербестігімен, атап айтқанда, қосымша морфемаға қарағанда мағыналық қолданыстық, тұлғалық дербестігі арқылы ерекшеленеді. Бұл түбірдің мағыналық дербестігі. Тұлғалық дербестігі де оның дыбыстық өзгеріске түспей, керісінше оның дыбыстық сипатына қарай қосымша морфеманың күбылып, әр нұсқада жалғануы болып табылады. Сондай-ақ түбір морфема осындай дербестігімен бірге жалқылығымен де ерекшеленеді. Ал қосымша морфемада жалқылық болмайды, белгілі бір грамматикалық топқа тәндік байқалып отырады. Мысалы:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Осындағы жаз-ба-й-мын, өлең-ді, бар-ды, ерте-гіні тер-мек сөздері осындай бірнеше морфемадан тұрады. Мұндағы қосымша морфемалар тек осы сөздерге ғана емес, сол тектес басқа да көптеген сөздерге жалғана алады: жаз-ба-й-мын, жаз-ба-й-мын, бар-май-мын, айт-пай-мын т.б. өлең-ді, сөз-ді, үй-ді, т.б. тер-мек, бер-мек, сөй-ле-мек т.б.
Морфемалардың түр-түрлеріне тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен түбір морфемалар мен қосымша морфемалардың қосылуында кездейсоқтық болмайды, ол белгілі зандылыққа сүйенеді де, жүйе құрайды. Бір тектес қосымша морфемалар грамматикалық қасиеттері бірыңғай, біркелкі түбір морфемаларға жалғана алады. Мысалы, болымсыздықты білдіретін -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе шарттылықты білдіретін -са, -се шақтық мағынаны білдіретін -ған, -ген, -қан, -кен, -ды, -ді, -ты, -ті т.б. қосымша морфемалар тек қимылды білдіретін сөздерге және қимылды білдіретін сөздердің баршасына (етістіктерге), ал меншіктік тәуелдікті білдіретін -ым, -ім, -ың, -ің, -ы, -і, -сы, -сі тура обьектіні білдіретін -ды, -ді, -ты, -ті -н т.б. зат атауын білдіретін және барлық зат есімдерге, тағы сондай сөздерге ғана жалғана алады, керісінше жалғанбайды. Өйткені тілдің талай ғасыр даму барысында негізгі сөздің мағыналық топталу ерекшеліктеріне байланысты, олардың өзгеруі, түрлену жүйесі қалыптасып, тұрақталуы, сол жүйелердің көрсеткіштері болып саналатын, грамматикалық мағынаны білдіретін тұлғалар мағыналық жағынан сүрыпталып, белгілі топтағы, грамматикалық қасиеті жағынан бірыңғай, бір тектес сөздерге жалғануға икемделіп қалыптасады.
Негізінен алғанда, түбір морфема жалқы болып келетіндіктен оған қанша қосымша морфема қосылса да, сыртқы тұлғасын өзгертпейді, ал керісінше, қосымша морфема түбірдің тұлғалық ерекшелігіне сай формасын өзгертіп отырады: бар-ған, айт-қан, көр-ген, бала-ның хаттың, іні-нің т.б. Кейінді ықпал заңы бойынша қ, к, ң дыбыстарына біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда қ дыбысы г-ға, к дыбысы г-ге, п я 6-га я у-га айналып кетуі түбірдің тұлғалық дербестік сипатына, қосымша морфеманың дербестігі жоқтығына нұқсан келтірмейді. Тек кейде тілдің даму барысында негізгі түбірдің өлі түбірге айналуына байланысты кейбір дыбыстық өзгерістер деформациялар болуы мүмкін, бірақ олардың өзгерісінде қосымша морфемалар тікелей роль атқармайды. (Исаев, 1998, 212-6.).
Қосымша морфема қай түбірге және қанша түбірге жалғанса да, олардың әрқайсысына жаңа - әр түрлі мағына үстемейді, жалпы түрлі грамматикалық мағына үстейді: кел-ді, көр-ді, сөй-ле-ді, оқы-ды, және Maл-дap, үй-лер, ауыл-дар. Бұлардың әрқайсысы әр мағынадағы сөз болғанмен және оларға үстелген қосымшалардың дыбыстық ерекшеліктері болғанмен, оларға қосымша бір түрлі грамматикалық мағына үстеген, ол -қимылдың жаңа ғана болуы. (Шақтық мағына) және заттың көптігі.
Бір түбір морфемаға кейде бір емес бірнеше қосымша морфема қосыла алады. Ондайда сөзге, (түбіргі) қосымша морфемалардың жалғану тәртібі белгілі қалыптасқан дәстүр бойынша және тілдің тұрақтанған негізінде болады.
Оқы-т-у-шы-лар-ымыз-да-ғы айт-ыл-ған-дық-тан т.б.
Бұндағы қосымша морфемаларды керісінше етіп тізбектеуге бола бермейді, өйткені бұл мағынаны білдіретін осы сөзді құрауда әрбір қосымша морфемалардың өзіне тән тиісті мән-мағынасы, алатын орны, атқаратын кызметі бар.
Түбір морфеманың мағынасы нақтылы, ол мағына түбірдің тікелей өз бойында және өзі дербес болса, қосымша морфеманың мағынасы тым жалпы, тек сөздің құрамында ғана анықталады, түбір білдіретін мағынаны ғана негізделеді олар дербес қолданылмайды. Осымен байланысты тілімізде түбір морфемалар сан жағынан қосымша морфемалардан әлдеқайда көп.
Тарихи жағынан бұл екеуі де жетіліп отырады, олар көбейіп, өзгереді. Кейбір морфемалар тілімізден шығып қалса, кейбір морфемалар екінші бір морфемамен қосылып кетіп, өлі морфемаға айналады: уан, yam, -оят, -оян -ұзын, -ұзақ, - қызыл, - қыздар, барғаннан соң- барған соң - барғасын, шейін - ша/ше т.б.
Қосымшалар белгілі топтағы сөздерге жалғанады, олардың өз ішінде де мағыналары мен қызметтері бірдей емес. Біразы өздері жалғанған сөздерге жаңа лексикалық мағына үстесе (жылқы-шы, апта-лық, шеге-ле, біл-ім) сөйтіп, сөзжасам тәсілінің бір түрі болып танылса, енді біразы сөздің мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей, таза грамматикалық мағына үстеп, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырып тұрады. Осындай мағыналары мен қызметтеріне қарай қосымшалар көпшілік грамматикаларда жұрнақ-жалғау болып бөлініп жүр. Демек, морфемалық құрамы жағынан түбір, қосымша (жалғау жұрнақ), сөз деген бөліктер мен ұғымдар болады.
Бұлардан басқа кейбір еңбектерде сөз, туынды түбір деген ұғымдармен сәйкес келетін негіз (сөздің негізі) деген термин де ара-кідік қолданылып жүр. Сондай-ақ мағыналық жағынан қосымша морфемалардың яғни қосымшалардың өз ішінде омонимдік, синонимдік, антонимдік, моносемиялық-полисемиялық сипаттары, құрама жағынан жалаң, күрделі, құрамы, шығуы жағынан төл және кірме қосымшалар да болады. Қосымша морфемаларды өз ішінде жұрнақ, жалғау деп атау ертеден қалыптасқан. Жұрнақтар өзара жаңадан сөз тудырушы және функциональді сөз түрлендіруші жұрнақтар болып тағы да екі салаға бөлінеді де, жалғаулар септік, көптік, тәуелдік және жіктік болып сараланады. (Ысқақов, 1974.).
Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі А.Қалыбаева мен Н.Оралбаеваның 1986 жылы шыққан монографиясында арнайы талданған еңбекте морфемаларды негізгі морфемалар, көмекші морфемалар деп екіге бөліп - қарайды. Мұндағы көмекші морфемалар дегені бұрынғы қосымша морфемалар (А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, 1986). 1989 жылы шыққан "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" деген ұжымдық еңбекте жоғарыдағы авторлар сөз тудыратын қосымшаларды жұрнақ, форма тудыратын қосымшаларды жұрнақша, сөз байланыстыратын қосымшаларды жалғау деп атауды ұсынса (ҚҚТСЖ, 1989, 77-78); профессор С.Исаев өзінің бір мақаласында қосымшаларды сөз тудырушы, форма тудырушы деп екіге бөледі де, форма тудырушы қосымшаларды жұрнақ, жалғау деп атайды. (Исаев, 1987, 32-36-6.).
С.Мергенбаев сөзөзгерім жүйесіне арналған еңбегінде сөзжасам қосымшаларынан басқа сезөзгерім тұлғаларын бөліп қарастырады. Сөзге функциональді грамматикалық мағына үстейтін қосымшаларды тұлғажасам қосымшалары, сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылатындарын сөзбайлам қосымшалары деп атайды. (Мергенбаев, 1994, 20-6.) Сөздің морфологиялық құрылымын көптен зерттеп жүрген А.Ибатовтың "Сөздің морфологиялық құрылымы" атты монографиясы орта ғасыр ескерткіштеріндегі сөздердің морфологиялық құрылымын ажыратуға арналған. (Ибатов, 1983). Одан кейінгі шыққан бір мақаласында да автор осы тақырыпқа қайта соғып, сөз құрамын қайта карап, сөзжасамдық тұрғыда атау беру мәселесін сөз етеді. Сөйтіп сөзді екі бөлікке бөліп, оны негізгі морфемалар, қосымша морфемалар деп атауды ұсынады, әрқайсысына түсіндірмс береді. Мысалы, түбір морфеманы 3-ке бөледі. Түпкі түбір немесе бірсыпыра зерттеулерде өлі түбір деп атап жүр. (Бұл қазіргі кезде жеке айтылмайтын, тарихи тұрғыдан зерттеуді қажет ететін
сөздің түпкі тұлғасы.)
Негіз түбірлер немесе түбір негіз. (Бұл әрі түбір әрі негіз дәрежесінде
қолданылатын дербес мағыналы түбір тұлғасы.)
Туынды негіздер немесе туынды түбірлер. (түбір негіз тұлғаларға
сөзжасам қосымшаларын қосу арқылы жасалған туынды түбір сөздер.)
Қосымша морфемаларды екіге бөліп қарастырады.
1. Қосымшалар (негізгі морфемаға қосылатын)
2. Қосалқылар (негізгі сөзге тіркеліп қолданылатын) Ал қосымшаларды
мынадай топтарға бөледі
Сөзжасам қосымшалары
Сөзтүрлем қосымшалары
3. Сөзбайлам қосымшалары (Ибатов, 1989, № 1) Ибатовтың
қосымшаларды жоғарыдағыдай атауына профессор М.Оразов қарсы
болады: "Бұл атаулардың бүрынғы сөз тудырушы, сөз түрлендіруші.
жалғау дегеннен не айырмашылығы бар, бұл тек терминге
қызығушылық",- дейді. (Оразов, 2000, №3).
Достарыңызбен бөлісу: |