Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері Түркістан 2008 мазмұны кіріспе кіріспе


Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын кезең бойынша қалыптастыру әдістері



бет7/10
Дата29.04.2023
өлшемі251.5 Kb.
#473007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -bastauysh-synyptarda-qazaq-tilin-oqytu-adisteri (1)

2. Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын кезең бойынша қалыптастыру әдістері

Сабақта оқу икемділіктерін қалыптастыру процесінің ішкі мазмұнын қалай ашуға болады? Алдымен осы сұраққа жауап ойластырмайынша, сабақ жоспарларын талдап көрейік. Сабақты талдау - өте күрделі процесс. Мұғалім сабақ барысында оқушыларды «тиімді оқуға үйрете алды ма» деген тұрғыдан талдасаймыз. Мысалы, ІІ сынып мұғалімі сабақтың бірінші кезеңінде байланыстырып сөйлеу мен жазудың, өзара бақылау іскерлігінің жай және шапшаң түрлеріне жаттықтырады. Практикада осындай жеке мақсат қалай жүзеге асырылды? Дұрыс жазу минуттары, мақал-мәтелдердің мағыналық мәнін түсіну туралы ауызша баяндау, сондай-ақ соңғы буында, сөз соңында дауысты дыбыстарды жаза білу икемділіктерін бекіту үшін сөздік жұмысын жүргізу кезінде мұғалім машықтандырудың бірізділік принципін пайдаланды. Алдымен, ол жалпы оқу икемділіктерін орындаудың тиімді әдістерін түсіндіріп, сол әдістерді орындау «үлгісін» көрсетті. Жаттығулар өткізіп, оның барысына бақылау жасады. Мұғалім сабақ үстінде оқушыларды басқа икемділіктерге, атап айтқанда, информациялық және интеллектуалдық икемділіктерге (қорытынды жасай білу, талдау, салыстыру, оқулық пен жұмыс) де жаттықтырды.


Бірнеше сабаққа талдау жасау арқылы жалпы оқу шеберліктері мен дағдылары қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтап, оларды бір жүйеге келтіріп назар аудардық.
Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасу барысының негізгі кезеңдері мыналар:
1. Оқушыларды қалыптастырылатын икемділіктер мен машықтардың мазмұны және маңызымен таныстыру. Олардың бұл икемділіктерді меңгеру ықыласын туғызу.
2. Негізгі жалпы оқу икемділіктері мен машықтары жөніндегі ереже заңдылықтарды түсіндіру.
3. Жалпы оқу икемділіктерінің орындалу тәртібі «үлгісін» көрсету, оны машыққа айналдыру.
4. Оқу икемділіктері мен машықтарын меңгеру үшін жеңіл жатығулар орындату.
5. Меңгерілген икемділіктерді іс жүзінде қолдану мақсатында жеке және топталған жаттығуларды белгілі бір жүйемен орындату.
6. Машық пен икемділікті қалыптастыруға бақылау жасау және байқалған кемшіліктерді жою.

Бірінші кезең – оқушыларды қалыптасатын икемділік пен машықтың мәні және мазмұнымен таныстыру.


Бастауыш сыныпта оқушылардың әлеуметтік, моральдық соның ішінде, танымдық ықыласы қалыптасатыны белгілі. Осы кезде баланың көптеген психологиялық қасиеттерінің негізі салынады.
Соған байланысты мұғалім алдында оқушылардың икемділіктері мен машықтарын қалыптастыратын әрекеттерді байқай алатындай жұмыстың айқын да қолайлы түрлерін табу міндеті тұрады. Тәжірибелі мұғалім үшін бұл міндеттерді жүзеге асыру қиынға түспейді.
Оқудағы әрбір міндет балаларды қызықтыруы тиіс. Икемділік мазмұнын түсіндіруге оқушылардың өзін қатыстыруға болады. Мысалы, ІІ, ІІІ сынып оқушыларынан «Әңгіме жоспары деген не?» екенін сұрағанда мұғалім бірінші сыныпта әңгімеге жоспар құруға бағытталған істерінен есте қалғандарын жаңғыртуға тырысады. Оқушылар тексті бөліктерге бөліп, ат қойғандарын, содан соң мұғалімнің қойған сұрағына қарай жоспар жасағандарын, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрғандарын еске түсіреді.
Мұғалім ІІ, ІІІ сынып оқушыларын текст мазмұнын жоспар арқылы әңгімелеудің мәнін түсіндіруге осылайша жетелейді.
Екінші кезең – тұтас іс-әрекетті құрамды бөліктерге бөлу. Әңгіме оқушылардың тәуліктік күн тәртібін сақтау икемділігі жайлы болса, онда мұны ұзақтығы және мазмұны, психологиялық сапа-қасиеті жағынан түрліше: ұйқы, жеке бас гигиенасы, тамақтану, ауада серуендеу, экскурсия, ойындар т.б. сияқты атқрылған сан қырлы икемділіктің жиынтығы деп қарау керек.
Күн тәртібінің әрбір сәті бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке ауыса білу, уақытты тиімді пайдалану және соған оқушының бейімделуі, іс-әрекеттің бір ізділігін, жүйелілігін сақтау сияқты икемділіктерді талап етеді.
ІІ, ІІІ сынып оқушыларының үй тапсырмасын орындау кезінде суретпен жұмыс істеу икемділіктерін қалыптастыру үшін бұл икемділікті мынадай құрамды бөліктерге бөліп, оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігі былай анықталады:
І. Кітаптан сурет мазмұнына жақын келетін тексті оқу.
ІІ. Суреттегі оқиғаның мезгілі мен орнын анықтау үшін онымен тұтас танысу.
ІІІ. Суреттің алдымен көзге түсетін бейнелерін қарау.
ІV. Оның соңғы шепте бейнеленген бөліктеріне көңіл бөлу.
V. Балалардың суреттен алған әсерлерін қорытындылау.
Ойлауға негізделген икемділіктердің тұтас топтарын бір мағыналы және нақты іс-әрекет түрлеріне ажырату қиынға түседі. Сондықтан мұғалімдерге көмек беру мақсатында әрбір пән бойынша логикалық ойлау икемділігін қалыптастыруды жеңілдететін нұсқаулар үлгісін жасадық. Мысалы ІІІ сынып оқушыларын қазақ тілі сабағында талдаужасай білу икемділігіне үйрету үшін мыналарды ескеру керек.
1. Сөзді дыбыс пен әріпке талдау (жеке сөздегі дыбыстарды атау, олардың айтылу ерекшеліктерін байқау, дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың өз ішіндегі түрлерін айыра білу, сөзде қанша дыбыс, қанша әріп бар екенін санай білу).
2. Сөзді буынға талдау (сөздерді буынға бөліп айту және жазу, буын санын анықтау, дауыс екпіні түсетін буынды бөлу, екпін түсіре айту т.с.с.).
3. Сөйлемді талдау (сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін табу, сөз таптарына талдау, сөйлем түрлеріне талдау).
4. Суреттерді талдау (сурет бойынша әңгіме құру, сурет мазмұнын текст бойынша талдау).
5. Тексті талдау (тексте нүкте, сұрақ, леп белгісі т.б. белгілерді қою).
6. Сөз мағынасын талдау (дыбыс өзгерісіне қарай сөз мағыналарының өзгеруін талдау, мағыналас, қарама-қарсы сөздерді табу).
7. Дауыс екпінін айыра білу (хабарлы, сұраулы лепті сөйлем. Сөйлем мағынасына сәйкес екпін түсіре білу).
8. Сөз немесе сөйлемді талдау арқылы ереже, қорытынды жасауға үйрету.

Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастырудың үшінші кезеңіне, жаднама, заңдылық, алгоритмді түсіндіру жатады. (Мысалы, қайшымен немесе инемен жұмыс істеу тәсілдері). Ережелерді, алгоритмдерді түсіндіргенде, оқушылардың жалықпауы үшін көптеген мұғалімдер ойын сценариін жасап, рольдерге бөліп орындатқызады. Мысалы, мұғалім оқушылардың күн режимін орындаудағы психологиялық ерекшеліктерін байқау мақсатында жаднама, ереже, заңдылықтар арасындағы айырмашылықтарды түсіндіру үшін рольге бөліп, қиын ойын өткізеді.


Егер икемділік пен машықтың үлгісі көрсетілсе, онда оқушы оның мәнін терең ұғынатын болады. Демек, оқушыларға икемділік пен машықты қалыптастыратын іс-әрекеттің орындалу тәртібін үйрететін кезең – төртінші кезең. Мысалы, оқушының партаға қалай отыруы керектігін бейнелейтін плакат мұғалімдердің бәріне белгілі. Ал, біздің сөз етіп отырған мәселенің тұрғысынан алғанда, яғни жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру ісінде бұл плакатты пайдаланудың маңызы ерекше. (Мысалы, мұғалім оқушылар жазуға кірісер алдында, «Балалар, маған қараңдар!»деп, оқушылар назарын өзіне аударады да, әлгі плакатты нұсқайды. Оқушылар сол сәтте мұғалімнің үнсіз айтқанына түсінеді.)
Қазақ тілі сабағында оқушылар түрлі кесте-өрнек үлгілерімен танысады. Мысалы, сөз құрамы мен сөз таптарын өткенде мынадай кесте-өрнектер пайдаланылады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет