Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері Түркістан 2008 мазмұны кіріспе кіріспе


ІІІ, ІV сынып оқушыларында оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасу кестесі



бет9/10
Дата29.04.2023
өлшемі251.5 Kb.
#473007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -bastauysh-synyptarda-qazaq-tilin-oqytu-adisteri (1)

ІІІ, ІV сынып оқушыларында оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасу кестесі.
Кестедегі шартты белгілер: ж – икемділіктер мен машықтар жүйелі түрде байқалады; о – икемділіктер мен машықтар орташа түрде байқалады; н – икемділіктер мен машықтар нашар түрде байқалады; н/ж – икемділіктер мен машықтар нормадан жоғары түрде байқалады; н/с – икемділіктер мен машықтар нормаға сай түрде байқалады; н/т – икемділіктер мен машықтар нормадан төмен түрде байқалады.
Бұл әдіс мұғалімге оқушылардың белгілі бір топтағы оқу икемділіктері мен машықтарының қандай деңгейде екендігінен мәлімет береді және машықты әрі қарай қалай дамытуды ойластыруына мүмкіндік туғызады.
Сонымен, жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру және оны тексеру үшін қолданылған әдістер мен тәсілдер өз нәтижесін берді. Қазіргі дидактика және жеке пән методикасы жөніндегі ғылыми еңбектерде бұл жұмысты, ең алдымен, логикалық икемділіктен бастау керектігі айтылған. Бірақ бұл шаралар оқу-ұйымдастырушылық, оқу-информациялық және оқу-коммуникативтік топтарға жататын икемділіктер мен машықтардың қалыптасуын тексеруді жоққа шығармайды, өйткені олар шартты түрде жеке-жеке аталғанымен, бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Өзін-өзі және өзара тексеру, бақылау икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру үшін практикада қолданылған жұмыс формалары мыналар: жолдасының ауызша жауабына талдау жасату, орындалған жұмысты тексерту. Ал, оқушының берген түсініктемесі, талдауы, көзқарасы жүйелі, бірізді болуы үшін мына ескертпелерді, талдау жоспарын пайдалану ұсынылады. Мысалға жолдасының берген жауабына талдау жасау жоспарын келтірейік.
1. Берілген жауап мұғалім қойған сұраққа сай ма?
2. Қойылған сұраққа жүйелі жауап берілді ме?
3. Жауап мысалдар және деректер арқылы дәлелденді ме?
4. Жауап бергенде қателік жіберілді ме, жіберілсе, олар қандай қателіктер еді?
Оқушылар өзара тексеруге жаттықтыру, жоғарыда мысалға келтірілген жоспарларды пайдалана отырып тексеру, талдау оқушылардың танымын дамыту процесіндегі өзара қарым-қатынасына оңтайлы психологиялық өзгерістер енгізеді. Оқушы өзінің жауабын жолдасы тексеретінін біліп, өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қателеспеуге тырысады.
Үй тапсырмасын тексеру үшін мынадай жаднама пайдаланылады:
1. Үй тапсырмасын кім орындамаған – қазақ тілінен (ІІІ, ІV сыныптар)?
2. Үй тапсырмасы не себепті орындалмаған?
3. Үй тапсырмасын орындауда оқушы қандай қиыншылыққа кездескен?
4. Жолдасына қандай көмегі болды?
Жұмыс қорытындысын осылайша өзара тексерумен қатар, бір партада отырған оқушылардың бір-бірінің жұмысын тексеруі практикада кеңінен қолдау тапты. Ол үшін мұғалім алдын ала оқушыларды қабілетіне, өзара үйлесушілігіне қарай отырғызады. Бұлай топтағы негізгі мақсат оқушылар дүниетанымдық қатынаста бір-бірін толықтырылып, өзара көмек көрсетулеріне жету. Алайда дүниетанымдық процесті қалыптастырудан туындайтын қиыншылықты өзара көмектесу арқылы жеңу істелген жұмысты өзара тексеруді қажет етеді, демек, мұғалімге тапсырма бұрын, жазылған диктантты тексеріп, кеткен қателерді түзету т.б. Осылайша өзара тексеру нәтижесінде оқушының ойлау қабілеті, оқуға деген ынтасы артады.
Оқушылардың жаңа сабақты түсіндіре салысымен «жақсы ұғындым, бәрін білемін» деген пікірі кейде жаңсақ болуы мүмкін, мұндай қолайсыз жағдайды болдырмау үшін оқушыларды өз жұмысын бағалау икемділігіне үйрету керек.
Тәжірибе барысында мұғалімдердің жүргізген тұрақты жаттығу жұмыстарының нәтижесінде ғана бұл міндетті жүзеге асыруға болатынын байқадық. Төменде тәжірибе жасалған сынып мұғалімдерінің пайдаланған кейбір тәсілдерін баяндап отырмыз.
Қазақ тілі (ІІ сынып). Ойын: «Кім көп сөз біледі?»
1. Сөздің соңында «і» дауысты дыбысы жазылатын 5 сөз және соңғы буыны «і» дауысты дыбыстан басталатын 5 сөз ойла.
2. Ол сөздерді дәптеріңе жаз.
3. Орындалған жұмысқа баға қой, тексеруге парталас жолдасыңа бер.
4. Бірлесе отырып қойған бағаны тақтадағымен салыстыр.
«5» бағасы – барлық 10 сөз дұрыс табылған және жазылған болса; «4» - сөз оннан кем болса және жазылғанда қатесі болса; «3» - азғана сөз (4-5) табылса, жазғанда қате көбірек жіберілсе; «2» бағасы – табылған сөз төрттен аспаса, жазғанда қателер жіберілсе қойылады.
Қорытынды шығаруға оқушылардың бәрі қатысады. Мұғалім өз дәптеріне нәтижені өзін-өзі бағалаудың мына сияқты топтарына бөлініп жазады (оқушыларға жарияламайды).
1-топ – жұмысын жоғары бағалаған оқушылар.
2-топ – жұмысын дұрыс бағалаған оқушылар.
3-топ – жұмысын төмен бағалаған оқушылар.
Сонымен, оқу процесі кезінде баға беру іскерлігіне жаттығу арқылы және сынып ұжымының бағалауы нәтижесінде оқушылар өзін-өзі бағалау икемділігіне үйрене бастайды.
Тәжірибе барысында өзін-өзі бақылау икемділігін қалыптастыру үшін төмендегідей бір топ машықтарды жүзеге асыру керектігін байқадық:
- Жұмысты үлгімен салыстыра білу. Мұнда жазу үлгісін, оқушылардың таза, көркем, сауатты жазылған дәптерлерін, бұрын жазылған шығарма, мазмұндама үлгілерін пайдалануға болады;

  • Өз жұмысын тексеруді мүмкіндігіне қарай жұмыс барысында-ақ бастауға үйренуі тиіс;

  • Оқулықтағы ереже, сурет, сұрақтар, мысалдарды пайдалана білу керек. Сондай-ақ оқулық бетіндегі шартты белгілерді айыра білу де оқушының өз жұмысын тексеруіне көмектеседі;

  • Көп мағыналы сөздерді қолданғанда сөз емлесінен қате жібермеу үшін түрлі сөздіктерді пайдалана білген жөн;

  • Өрнек, кесте, ережелерді дұрыс ажырата білу керек;

  • Талдау жоспарын жасап, оны тапсырманы орындау кезінде пайдалану,, есте сақтау, тез оқу сияқты әдістерді меңгеру.

Сынып жоғарылаған сайын өзін-өзі тексеру тәсілдері өзгеріп отырады. Мәселен, І-ІІІ сыныптарда дауыстап оқу және іштей мазмұндау бірден жаттаудың, өзін-өзі тексерудің тәсілі болады.
ІІІ сыныпта оқушының өзін-өзі тексеру икемділігін бекіту үшін «Мен күн режимін қалай орындаймын», «Мен сабаққа қалай даярланамын», «Кезекшілік міндетті қалай атқарамын», «Мен сыныпта сабақты қалай тыңдаймын» тақырыптарында әңгіме өткізіледі. Жұмыстың осындай түрлері үлгілі оқушыларды өзінің оқу қызметін одан әрі жақсартуға жұмылдырып жетелесе, нашар оқитын оқушылардың жолдастары алдындағы жауапкершілігін сезінуіне көмектеседі. Сөйтіп, біз жалпы икемділіктері мен машықтарының қалыптасу процесінің барлық жеті кезеңін бақылау және тәжірибе жасалған сыныптарда кездескен, байқаған мысалдармен дәлелдей, тұжырымдай отырып көрсетуге тырыстық.
Оқушыларда жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру кезеңіне талдау жасағанда мынадай қорытындыға келдік:
1. Белгілі бір икемділікті толық, кезең бойынша қалыптастыру – тек икемділікке жаңадан үйрете бастағанда қажетті жағдай.
2. Икемділіктер мен машықтарды тұрақты қалыптастыру процесі ұзақ уақытты қажет етеді. Есте болатын жайт, жаттығуларды жиілетіп, күрделендіріп беруден гөрі тұрақты, белгілі бір жүйемен орындатқан тиімді.
3. Тәжірибе көрсеткеніндей, мұғалім жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру ретін жақсы меңгерсе және бұл жұмысты белгілі жүйемен, кезеңге бөле отырып жетілдірілсе, жұмыс нәтижелі болмақ.
Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру кезеңін толық әңгіме еттік. Өйткені осы процесс арқылы ғана оқушының оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру жөнінде мектеп реформасы алға қойып отырған міндеттерді шешуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет