Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



бет7/9
Дата29.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#165474
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8. Құрылыс паспорты

318. Әзірленген жобаның (жұмыс жобасының) паспорты оның міндетті бөлігі болып табылады. Жобаның (жұмыс жобасының) паспорты жобаның (жұмыс жобасының) негізіне алынған техникалық шешімдер, қабылданған негізгі күш түсетін конструкциялар мен техника-экономикалық көрсеткіштері туралы қысқаша ақпаратты ұсыну мақсатында құрастырылады.

Паспортта жоба (жұмыс жобасы) бойынша жалпы мәліметтер, соның ішінде: нысанның атауы; оның орналасу орны; тапсырыс беруші; бас жобалаушы; мердігер (нысан құрылысының мердігерлік тәсілі кезінде); жобаның авторлары; инвестициялар түрі; құрылыстың ерекше шарттары; негізгі бастапқы мәліметтер; нысанның техника-экономикалық көрсеткіштері және қажет болған жағдайда, ғимараттар мен құрылыстардың тізімі олардың техникалық параметрлерімен; нысанның ерекшеліктерін көрсететін негізгі эскиздік графикалық материалдар; құрылыс процессіне авторлық бақылау жасайтын және технологиялық сүйемелдейтін тұлғалар; жүргізіліп жатырған құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы мәліметтер; авторлық қадағалау нәтижелері; технологиялық сүйемелдеу;жүргізіліп жатырған құрылыс-монтаждау жұмыстарының Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама талаптарына, өндірістік, коммуналдық, тұрғын үй (үш және одан да көп қабаттар) мақсатындағы құрылыс нысандарындағы мемлекеттік стандарттар мен нормативтерге сәйкестігікөрініс табады.

Ғимараттарды кеңейту, қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жобалары бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштер қуаттылықтың ұлғаюын (азаюын) және нысанның басқа да көрсеткіштерінің өзгеруін есепке ала отырып, келтіріледі.

Құрылыс нысанының мақсатына қарай техникалық-экономикалық көрсеткіштер тізбесіне қолданыстағы нормативтерге сәйкес нысандардың кейбір көрсеткіштер енгізілуі мүмкін.

319. Құрылыс паспортының формасын, мазмұнын, есептеу тәртібін, жүргізілуін, ресімделуін және сақталуын облыстың қала құрылысы кеңесі анықтайды.

320. Нысандардың мақсатына және ақпараттың көлеміне қарай, тапсырыс берушінің (бас жобалаушының) қалауы бойынша жобалардың (жұмыс жобаларының) паспорттары әр түрлі нысандарда құрастырылуы мүмкін. Алайда паспорттың көлемі А-4 пішіміндегі 2 беттен аспауы тиіс. Бұл ретте ақпараттар қысқа әрі нұсқа мазмұндалуы тиіс.
9. Құрылыс алаңдарын ұстау және жүктерді тасымалдау бойынша талаптар

321. Құрылыс алаңы құрылыс басталған кезден бастап құрылыс салушының басқаруында болады. Құрылыс алаңының шекаралары қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес әзірленген, барлық мүдделі органдар және қызметтерімен келісілген және құрылыс салушымен (тапсырысшы) бекітілген құрылыстың бас жоспарымен анықталады.

322. Құрылыс бас жоспарында қаралған көшелерді жабу, көліктердің жүруін шектеу, қоғамдық көліктердің жүруін өзгерту іс шаралары жұмыс басталар алдында қаланың (ауданның) жол полициясы органдарымен,көлік, байланыс мекемелерімен келісіледі.

Шектеу қажеттілігі аяқталғаннан соң аталған органдар ескертілуі қажет.

323. Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталмас бұрын құрылыс алаңдары мен оның сыртындағы жұмыстардың қауіпті аймақтары қоршалуы тиіс. Құрылыс алаңына кірер кезде нысанның атауы, нысан бойынша құрылыс салушының (тапсырысшының), мердігердің (бас мердігердің) атаулары, нысан бойынша жұмыс жасауға жауаптылардың аты-жөні, лауазымы мен телефоны көрсетілген ақпараттық қалқандар орнатылуы тиіс.

324. Құрылыс алаңы және онда орналасқан ғимараттар, уақытша құрылыстар мен құрылыстар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасы талаптарына, мемлекеттік стандарттармен нормативтерге, қолданыстағы өрт, санитарлық-эпидемиологиялық нормалармен ережелер талаптарына сәйкес келуі тиіс.

325. Нысандардың құрылысын салу кезеңінде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаланың абаттандырылуына теріс әсер етуін болдырмау, ластануларға жол бермеу, қолайлы технологиялық процесс пен құрылыстың эстетикалық қабылдануы мақсаттарында құрылыс алаңдарының периметрі бойынша биіктігі екі метрден кем емес, көлденең толқынды, мырышпен қапталған, боялмаған профильден жасалған қоршау орнатылады.Қоқысты жинау үшін құрылғылармен немесе бункерлермен, сонымен қатар шыға берісте көлік құралдарының дөңгелектерін тазалау немесе жуу пунктерімен жабдықталуы тиіс, ал желілілік нысандарда – қалалық (аудан) жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда.

Бұдан басқа, атмосфералық ауаның шаң-тозаңмен ластануын болдырмау мақсатында құрылысы салынып жатырған нысанды шаңнан қорғау экранымен жабу түрінде табиғатты қорғау шаралары орындалады.

326. Құрылыс материалдарын және құрылыс қоқысын тасымалдау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралының жүк бөлігі жолдың көлік жүретін бөлігінің ластануын және авариялық жағдайлардың туындауын болдырмайтын тиісті арнайы материалмен жабылуы тиіс.
10. Жер қазу жұмыстарын және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар.

327. Жер қазу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу тиісті уәкілетті орган берген ордер негізінде жүзеге асырылады.

328. Жұмыс өндірісіне ордер келесі жағдайларда ресімделеді:

1) құрылысты бұзу (құрылыс қоқысын ретке келтіру мақсатында);

2) инженерлік коммуникациялар мен құрылыстарды жүргізу, ауыстыру және авариялық жөндеу бойынша қазаншұңқырларды ашу, аумақтарды жоспарлау бойынша жер қазу жұмыстары;

3) инженерлік (технологиялық) туннельдердің, дәліздердің құрылысы;

4) құрылыс жүргізу кезеңіне уақытша қоршау және күрделі қоршау орнату.

329. Жерасты және жерүсті инженерлік коммуникациялар мен құрылыс салуға (қайта құру, кеңейту, жаңарту, күрделі жөндеу) ордер келесі құжаттардың негізінде ресімделеді:

1) қаланың (ауданның) мүдделі қызметтерімен келісілген жұмыс түрлері көрсетілген жұмыс жүргізу ордерін ресімдеуге өтініш;

2) құрылысқа рұқсат ету құжаты (жаңа құрылыста); сәулет-жоспарлау тапсырмасы; жобалау құжаттамасы, жоба бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындысы; мердігерлік ұйымның рұқсат етілген қызметтерінің тізімі қоса тіркелген лицензиясының көшірмесі.

330. Ескірген құрылыстар мен бұзуға жататын нысандарды бұзуға ордер келесі құжаттардың негізінде рәсімделеді:

1) қаланың мүдделі қызметтерімен келісілген, жұмыс түрлері көрсетілген жұмыс жүргізу ордерін рәсімдеуге өтініш;

2) бұзуға жататын жер теліміне және құрылыс салуға құқық куәландыру және құқықбелгілеу құжаттары;

3) жұмыс жүргізудің әзірленген жобасы;

4) құрылысты бұзу қорытындысы (қажет болған жағдайда);

5) құрылыс қоқысын шығаруға арнайы ұйымдармен келісім шарт;

6) құрылысты бұзу бойынша жұмыстарды орындауға мердігерлік ұйыммен келісім шарт;

7) рұқсат етілген қызметтер тізімі қосымшасымен мердігерлік ұйымның мемлекеттік лицензиясы.

331. Қазаншұңқырларды ашу ордері келесі құжаттар негізінде ресімделеді:

1) қаланың (ауданның) мүдделі қызметтерімен келісілген жұмыс түрлері көрсетілген жұмыс жүргізу ордерін ресімдеуге өтініш;

2) жер теліміне құқықкуәландыру құжаттары;

3) сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы;

4) аймақтың топографиялық түсірілімі;

5) заңнамада анықталған тәртіпте келісілген және бекітілген жұмыс жобасы (жұмыс құжаттары құрылыстың бас жоспары және қасбетінің паспорты2 данада, тіркеу үшін түсіндірме жазба);

6) жасыл желектерді (бар болған жағдайда) бұзуға уәкілетті органдардың рұқсаты;

7) қазаншұңқырларды ашу бойынша жұмыстарды орындауға мердігерлік ұйымдармен келісім шарт;

8) рұқсат етілген қызметтер тізімі қоса берілгенмердігерлік ұйымның лицензиясы;

9) ескірген құрылыстар мен бұзуға жататын нысандарды бұзу ордері(қажет болған жағдайда);

10) инженерлік желілерді шығару ордері(егер қарастырылған болса).

332. Инженерлік коммуникациялар мен құрылыстарды авариялық және жоспарлы жөндеу бойынша ордерді ресімдеу үшін құқық куәландыру және құқықбелгілеу құжаттары қажет етілмейді. Желілер зақымдалуының ситуациялық жоспары, жұмыстарды жүргізу келісімшарты, тендерлік комиссияның шешімі (егер ондай көзделген болса) ұсынылады.


11. Аяқталған құрылыс нысанын қабылдау.

333. Нысандар мен кешендерді олардың құрылысын салу, қайта құру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, қалпына келтiру және күрделi жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң пайдалануға қабылдап алу заңда белгіленген тәртіпте іске асырылады.

334. Пайдалануға енгізілген нысандарды (кешендерді) тіркеу есебін жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

335. Мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз салынып жатырған (салынған), бірақ мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қозғайтын нысандар мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына жатады.

336. Нысандарды пайдалануға қабылдап алуды мемлекеттік қабылдау немесе жұмыс комиссиясы нысан (кешен) толық дайын болған жағдайда ғана жүргізіледі

337. Нысанды (кешенді) пайдалануға қабылдап алу екі кезеңде жүргізіледі:

1) жұмыс комиссиясымен;

2) мемлекеттік қабылдау комиссиясымен.

338. Қабылдау және жұмыс комиссиясының өкілеттіктерін, міндеттемелерін, міндетті құрамын, нысанды қабылдау тәртібін, сондай-ақ бұл үшін қажетті комиссия қорытындысы мен актісінің үлгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қайта қабылдауды қоса алғанда, қабылдау және жұмыс комиссияларының жұмыс процессінде жасалған шығындарын тапсырысшы өтейді.

339. Құрылыс салушы (тапсырыс беруші) мердігерге жұмыс комиссиясымен анықталған ақаулардың тізімін оларды мердігермен келісу бойынша анықталған мерзімде жою үшін ұсынады.

340. Қабылдау және жұмыс комиссиялары құрамына сонымен қатар, қажет болған жағдайда, елді мекеннен тыс жерде құрылыс салумен айналысып жатырған жобалаушы ұйымның тапсырыс берушінің (инвестор, құрылыс салушы) атына жазған жазбаша өтініші бойынша салынған нысанның жоба әзірлеушісі қосылады, оның өкілінің орнына жұмыс комиссиясына жергілікті жобалау ұйымының өкілі қосылуы мүмкін.

341. Мемлекеттік қабылдау (қабылдау) комиссиясының қабылдауына нысанды дайындауға:

1) құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) шешімімен немесе тапсырыс берушінің техбақылауымен құралған жұмыс комиссиясының нысанның жобалық құжаттама талаптарына, құрылыс нормаларына, ережелер мен стандарттарға сәйкестігін бағалау;

2) нысандарды пайдалануға қабылдап алу барысында мемлекеттік қабылдау (қабылдау) комиссиясына ұсынылатын құжаттар кешенін әзірлеужатады.

342. Мемлекеттік қабылдаа алу актісін ресімдеу алдында тапсырыс берушілер мердігермен және қала және аудан қызметтерімен бірлесе:

мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының нысанның пайдалануға қабылдауға дайын екені туралы жұмыс комиссиясының қорытындысы;

қажетті атқарушы құжаттарды дайындайды.

343. Мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына мемлекеттік инвестиция есебінен немесе олардың қатысуымен салынған барлық нысандар жатады.

344. Қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдайтын нысандары:

1) қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдауына «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 74 және 75-баптарымен қарастырылған нормалар қолданылатын нысандардан басқа, мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз салынып жатырған (салынған) нысандар жатады.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 75-бабының 2-тармағының 2 және 1-тармақшаларында көрсетілген нысандар санаты, шығарылған өнім немесе көрсетілген қызметтің жылдық көлеміне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленеді;

2) мемлекеттiк инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын нысандар дақабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына жатады, егер олар:

тұрғын үйлердегітұрғылықты және тұрғылықты емес үй-жайларды қайта бейiндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) байланысты болса;

үй-жайлардың (үйдiң бiр бөлiгiн) тiреу және (немесе) қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелері мен жабдықтарын өзгертудi талап ететiн қайта құрумен (қайта жоспарлаумен, қайта жабдықтаумен) байланысты болса;

құрылысын салу және (немесе) пайдалану кезiнде басқа меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғаса;

әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық) сипаттағы мемлекеттік немесе қоғамдық мүддедегі нысандарды білдірсе;

сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары не өзге де геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары ерекше аудандарда, сондай-ақ өзге де ерекше реттелетiн аймақтарда салынып жатырса (салынса);

адамдар мен қоршаған ортаға ықтимал қаупi бар өндiрiстiк процесстерге байланысты болса.

Көрсетiлген шектеулердi жергiлiктi атқарушы органдар тапсырыс берушiге (құрылыс салушыға) сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру кезiнде белгiлейдi және олар осы тапсырмада көрсетiлуге тиiс.

345. Қабылдау комиссиясының уәкілеттігі тек қабылап алуы үшін комиссия тағайындалған нысанға (кешенге) ғана қолданылады.

Қабылдау комиссиясының уәкілеттігі тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) тағайындаған уақыттан басталады және нысанның пайдалануға дайындығы туралы қорытындысы бар қабылдау актісі бекітілгеннен кейін аяқталады.

346. Қабылдау комиссиясы салынған нысандарды пайдалануға қабылдап алуды іске асыру үшін бас мердігерден қажетті құжаттарды талап етуге құқылы.

Газқұбырлары, автомобиль жолдары, көпірлер, электр және телефон желілері нысандарын мемлекеттік қабылдауға санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тартылмайды.

347. Нысандар мен кешендерді пайдалануға қабылдау жұмыс комиссиясының ескертулері жойылғаннан кейін және мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдау комиссиясының белгіленген тәртіпте бекітілетін актілерін ресімделгеннен кейін іске асырылады.

348. Құрылысы аяқталған немесе қайта жөндеуден өткен нысандарды тиісті комиссия қабылдап алғанша, қолданысқа беруге тиым салынады.

Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмi болған жағдайда меншiк иесi (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) техникалық жағынан күрделi емес құрылысы аяқталған нысандарды өз бетінше пайдалануға қабылдап алуына құқығы бар.

349. Салынған нысанды пайдалануға қабылдаудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлiк құқықтарын тiркеу үшін негiз болып табылады. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының актіні бекіткен күнi нысанның пайдалануға қабылданған күн болып есептеледi. Нысанды пайдалануға қабылдау актiсiне мемлекеттiк қабылдау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.

Мемлекеттiк қабылдау комиссиясы мүшесiнiң нысанды пайдалануға қабылдау жөнiнде ерекше пiкiрi болған жағдайда, ол актiге қол қоймайды және ерекше пiкiрiн комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынады.

Ерекше пiкiрдi мемлекеттiк қабылдау комиссиясы пiкiр ұсынушы комиссия мүшесiнiң және комиссияны тағайындаған мемлекеттiк басқару органы өкiлiнiң қатысуымен қабылдау актiсiне қол қойылғанға дейiн қарауға тиiс.

350. Құрылыс нысандарын пайдаланудың кепілді мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

351. Нысан құрылысы аяқталғаннан кейін және оған құқығы рәсімделгеннен кейін құрылыс салушы жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі атқарушы органдарға қала құрылысы паспортын жасау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды заңнамада қарастырылған тәртіпте ұсынады.

352. Салынған нысанды қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдайтын болса, жұмыс комиссиясы талап етiлмейдi.
10. Жеке тұрғын үй құрылысы

1. Жеке тұрғын үй құрылысын салу

353. Жеке тұрғын үй құрылысын салу барысындағы құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) іс-әрекеттері келесі бірізділікте жүзеге асырылады:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер телімін беру туралы жазбаша өтінішпен әкімдікке жүгіну, не жер телімдерін жеке немесе заңды тұлғалардан сатып алу;

2) жер теліміне құқық белгілейтін және құқық куәландыратын құжаттарды ресімдеу және тіркеу органында оларды тіркеу;

3) қажетті топогеодезиялық жұмыстарды орындауға тапсырыс беру;

4) жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарынан жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу;

5) сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама не нобай (жобаның нобайы) әзірлеу;

6) құрылыс-монтаждау және абаттандыру жұмыстарын толық көлемде орындау;

7) салынған жеке тұрғын үйлерді барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары, абаттандыру және жер учаскесін қоршау жұмыстары атқарылғаннан кейін меншік иесі жобаға сәйкес өз бетімен пайдалануға қабылдау;

8) жаңадан салынған жылжымайтын мүлік нысанын тіркеу органында тізімдеу және тіркеу.

354. Құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жеке тұрғын үйді тек көліктік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталғаннан кейін ғана пайдалануға енгізуге құқылы.

355. Көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарды салу құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) қаражаттары есебінен ерікті негізде жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар нысандары құрылысының жобасы сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен келісілуі тиіс.

356. Жеке тұрғын үй құрылысы кезінде іргелес аумақтардағы тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы технологиялық үдеріс және құрылыс алаңының эстетикалық қабылдануы мақсаттарында құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жер телімін қоршайды және елді мекенді абаттандыру ережелеріне сәйкес басқа да шараларды жүзеге асырады.
2. Жеке тұрғын үйдің аяқталған құрылысын қабылдау

357. Жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерді барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары, абаттандыру және жер учаскесін қоршау жұмыстары атқарылғаннан кейін меншік иесі жобаға сәйкес өз бетімен пайдалануға қабылдайды.

358. Меншiк иесi заңнамада белгіленген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейтін жеке тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдап алғаны үшін өз бетінше жауапты болады.

359. Меншiк иесi салынған нысанды пайдалануға өз бетiнше қабылдау актісін ресімдегенге дейін қаланың (ауданның) сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органы рұқсат құжаттарының болуын және нысанның табиғи орындаушылық түсірілімдерін және салынған жылжымайтын мүлік нысанының жобаға сәйкестігін тексереді.

360. Жеке тұрғын үй құрылысын қабылдау 2011 жылғы 2 қарашадағы №1278 Қазақстан Республикасының қаулысымен бекітілген, меншiк иесiнiң салынған нысанды пайдалануға өз бетiнше қабылдау актісімен ресімделеді.

361. Меншiк иесiнiң салынған нысанды пайдалануға өз бетiнше қабылдау актісі тапсырысшының жеке тұрғын үйге жеке меншік құқығын ресімдеу үшін негіз болып табылады.


11. Көлік құралдарын орналастыру

1. Тұрғындарға тиесілі көлік құралдарын сақтау және оларға қызмет көрсетуге арналған құрылыстарды орналастыру.

Автокөлікке жанармай құю станциялары мен техникалық тексеру орталықтарының құрылысы.

362. Елді мекендер аумағында автопаркингілер, гараждар және автотұрақтар жобалау және құрылысын салу бас жоспарларға, қала құрылысы регламенттеріне және осы Ережеге сәйкес, құрылыс нормалары мен ережелерін, экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарды сақтау арқылы іске асырылады.

363. Тұрғын кварталдарда, шағынаудандарда, тұрғын аудандарда гараждар мен автомобильдерді тұрақты сақтауға арналған алаңшаларды орналастыру мемлекеттік бақылау органдарымен келісілген және бекітілген учаскесін таңдау актісіне сәйкес қалалық (аудандық) жергілікті атқарушы органының қаулысы болған жағдайда жүзеге асырылады.

364. Кооперативтік гараждар мен автотұрақтарды жобалау және құрылысынсалу құрылыс және басқа да нормалар мен ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

365. Гараждар мен автотұрақтарды заңсыз салуға, сондай ақ қолданыстағы автотұрақтарға бастырма орнатуға тиым салынады.

366. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді, ірі сауда және қоғамдық ғимараттарын жобалау кезінде кіріктіре, жапсарластыра салынған жер асты гараждары мен автопаркингтерін көздеу қажет.

367. Автопаркингтерді, гараждарды және автотұрақтарды салуға тапсырыс берушілер белгіленген тәртіпте тіркелген - гараж-құрылыс кооперативтері, ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ бір машина орнына есептелген бокстық типтегі жеке тұратын гаражды салу кезінде жеке тұлға бола алады.

368. Тұрғылықты орны бойынша уақытша металл гараждарды орнатуға және пайдалануға тек Ұлы Отан соғысына қатысушылар және әлеуметтік-медициналық сараптаманың растайтын анықтама қағазы (қорытындысы) бар, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектер ғана құқылы.

369. Гараждарды жобалау үшін жер телімдерін таңдау заңнамамен белгіленген тәртіпте елді мекендердің бас жоспарларына және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

370. Автокөлікке жанармай құю тұрақты станциялары және техникалық қызмет көрсету станциялары қолайлы көлік кіре берістерін ұйымдастыра отырып, бекітілген нормативтерге сәйкес жалпы қалалық магистральдарда арнайы бөлінген алаңдарда орналастырылуы тиіс. Халық көп жүретін нысандардың, өзендер мен су қоймаларының жанындағы орталық жалпы қалалық магистральдарда салынуына жол берілмейді.

371. Нормативтерге сәйкес бір алаңда техникалық қызмет көрсету станциясы пунктін, автокөлікке жанармай құю тұрақты станцияларын, автокөліктерді жуу пунктін және қызмет көрсетудің басқа да нысандарын біріктіруге болады.

372. Контейнерлерлі автожарнармай құю станцияларының құрылысына тиым салынады.

373. Автомобильге жанармай құю станциясы мен техникалық қызмет көрсету станцияларын орналастыру оларды орналастырудың бекітілген схемасына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Инженерлік желілер аварияларын жою бойынша құрылыс, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары.

1. Инженерлік желілер аварияларының алдын алу.

374. Инженерлік желілер мен құрылыстардың зақымдануының алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаттарында жұмыстардың жүргізілуіне жауапты тұлға:

жұмыстар басталғанға дейін 48 сағаттан кешіктірмей жұмыс жүргізілетін орынға пайдаланушы ұйымдардың өкілдерін шақырады;

бірлесе отырып қолданыстағы желілер мен құрылыстардың нақты орналасқан жерлерін анықтайды;

олардың толық сақталуы бойынша шаралар қабылдайды.

375. Жұмыстарды жүргізу кезінде желілер мен құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етудің жазбаша шарттарын тиісті пайдаланушы ұйымдар береді.

376. Жұмыс жүргізілетін орынғаөкілдерінің келуін қамтамасыз ету пайдаланушы ұйымдардың басшыларына жүктеледі.

377. Жол төсемдерін қопару, көшелерді, алаңдарды және жалпы пайдаланыстағы басқа да жерлерді қазу бойынша жұмыстар мүдделі қызметтермен келісілген жағдайда жүзеге асырылады.

378. Жұмыстар басталғанға дейін жұмыстардың жүргізілуіне жауапты ұйым мыналарды орындайды:

1) уәкілетті органнан пайдаланушы ұйымдармен келісу негізінде жұмыстарды жүргізуге құқық беретін ордерді алады;

2) қазылған жерлердің шекаралары бойында қатты қоршаулар мен белгіленген үлгідегі тиісті ескерту жол белгілерін орнатады;

3) жаяу жүргіншілер жүретін жерлерге тұтқалары бар жаяу жүргіншілер көпірлерін орнатады және қазылған жерді түнгі уақытта жарықтандыруды қамтамасыз етеді;

4) арық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;

5) тетіктер жұмысы аймағында жас көшеттер болған жағдайда, оларды жас көшеттердің сақталуына кепілдік беретін саңылаусыз қалқанмен қоршайды;

6) жолдардың жабылуын қажет ететін қазу жұмыстары кезінде тиісті белгілер арқылы айналып өту схемасын белгілейді;

7) жолаушылар автокөлігі бағыттарын өзгерту қажет болған жағдайда тапсырыс беруші, азаматтарды міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыра отырып, берілген өзгертулерді қаланың тиісті қызметтерімен және жол полициясымен келіседі.

379. Жол төсемінің барынша сақталуына кепілдік беретін алдын ала дайындықсыз траншеяларды әзірлеуді бастауға тыйым салынады.

380. Жұмыс жасалатын орынға материалдарды жеткізуге жұмыстар басталғанға дейін 24 сағаттан ерте емес мерзімде рұқсат беріледі.

381. Көшелерде, алаңдарда және басқа да абаттандырылған аумақтарда жер асты коммуникацияларын өткізу үшін траншеялар мен қазаншұңқырларды қазу келесі шарттарды сақтай отырып, жүргізілуі тиіс:

1) жұмыстар, жұмыстарды жүргізу жобасына сәйкес, қысқа телімдерге бөліп орындалады;

2) келесі телімдердегі жұмыстарды, алдыңғы телімдегі қалпына келтіру мен аумақты жинау жұмыстарын қоса алғанда, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана бастауға рұқсат беріледі;

3) траншея мен қазаншұңқырлардан алынған топырақ жұмыс орнынан іле-шала шығарылуы тиіс;

4) траншеяны қайта көму құмды, ұсақ жұмыр тас топырақпен, еленген қиыршық таспен немесе цементтеуші қасиеттерге ие емес басқа да қатты тығыздалмайтын жергілікті материалдармен (деформация модулі 20 МПа және одан көп), нығыздалып жүргізілуі тиіс;

5) жолдың асфальт-бетон төсемінің ені төрт метрден жеті метрге дейін болатын болса, көшелер бойында магистральдық инженерлік желілерді өткізу кезінде асфальт-бетон төсем қолданыстағы жолдың күллі ені бойынша қалпына келтіріледі, ал ені 7 метрден асатын болса, асфальт-бетон төсемді қалпына келтіру траншея бойында және құрылыс тетіктерінің жұмыс істеу аумағында орындалады;

6) асфальт-бетон төсемнің ені бір жарым метрден екі метрге дейін болатын болса, тротуарлар бойында телефон кәрізін, электр кабельдерін және басқа да инженерлік желілерді өткізу кезінде, асфальт-бетон төсем тротуарлардың бүкіл ені бойынша қалпына келтіріледі, ал ені екі метр және одан астам болатын болса, асфальт-бетон төсемді қалпына келтіру траншея бойында және құрылыс тетіктерінің жұмыс істеу аумағында орындалады.

Жас көшеттерді, жер асты құрылыстары құдықтарының қақпақтарын, су ағатын торларды және науаларды топырақпен немесе құрылыс материалдарымен көмуге тыйым салынады.

382. Жұмыстар аяқталғаннан (траншея жасалғаннан) кейін жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлға жүргізілген жұмыстардың инженерлік желі жобасына сәйкестігі актісін ресімдейді.

383. Өндіріс барысында немесе құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін инженерлік желі трассалары жобамен сәйкес келмеген жағдайда, тиісті мемлекеттік органмен қайта төсеуге ұйғарым беріледі. Инженерлік желілерді қайта орнатуға және олардың жобамен сәйкестікке келтіру үшін құралдар шығыны осы жұмысты іске асырып отырған ұйыммен орындалады.

384. Қара жолдарды қазу кезінде жұмыстарды жүзеге асыратын ұйым жұмыстар аяқталғаннан кейін, топырақты қабат-қабатымен нығыздай отырып, қайта көмеді. Топырақты нығыздау мүмкін болмайтын жағдайда, қайта көмуді «қатты тығыздалмайтын» топырақпен орындалуы тиіс.

385. Жұмыстарды жүргізуші асфальт-бетон төсемді сапалы қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Инженерлік желілерді өткізу орындарында асфальт-бетон төсемнің жоғарғы қабатын қалпына келтіргеннен кейін отырулар, қираулар пайда болған жағдайда, жұмыстарды жүргізуге рұқсат алушы бір жылдың ішінде асфальт-бетон төсемді қалпына келтіру бойынша қажетті қосымша жұмыстарды жүргізеді.

386. Құрастырылған инженерлік желілер мен салынған инженерлік құрылыстарда траншея топырақпен көмілгенге дейін, нысанның электрондық және қағаз түрінде топографиялық түсірілімі (атқарушы түсірілім) жасалуы тиіс. Люктары мен құдықтары бар (бұрылыс бұрыштарынсыз тік телімдерде) коммуникациялардың атқарушы түсірілімі траншеялар көмілгеннен және сыртқы абаттандыру элементтері толық қалпына келтірілгеннен кейін жүргізіле алады.

387. Барлық инженерлік желілер мен олардың құрылыстарының атқарушы түсірілімі сәулет және қала құрылысы органына беріледі. Атқарушы сызба инженерлік желінің немесе құрылыстың паспорты болып табылады және салынып жатырған нысанның аспаптық геодезиялық түсірілімінің негізінде орындалған жоспары және профилі болады.

388. Құрылысы аяқталған инженерлік желілер мен құрылыстарды пайдалануға қабылдауды жұмыс және қабылдау комиссиялары жүргізеді.

389. Қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктері мен міндетті құрамы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен анықталады.

390. Инженерлік желілерді пайдалануға қабылдау, люктарды, құдықтарды орнатуды және абаттандыру элементтерін толық қалпына келтіруді қоса алғанда, барлық жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жүргізілуі тиіс.

391. Ұсынылған құжаттарды қарап, комиссия салынған ғимараттарға тексеру жүргізеді және мыналарды белгілейді:

1) атқарушы сызбалармен атқарылған жұмыстардың сәйкестігі;

2) атқарылған жұмыстың сапасы;

3) кемшіліктері;

4) комиссия ескерткен кемшіліктерді жойғаннан соң инженерлік желі тұрақты пайдалануға қабылданады.

392. Қала көшелеріндегі және кварталішілік аумақтарындағы құдықтардың, жылу камераларының, люктардың жай-күйі үшін жауапкершілік пайдаланушы ұйымға немесе осы инженерлік желі иелігіне қарайтын ведомствоғаартылады.

393. Кварталдардағы асфальт-бетон төсемдерін қазумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыстарды жүргізуге жауапты ұйым қазылған жерлерде траншеяның бүкіл ені бойынша бетон тақталар төселуін және асфальт-бетон төсем толық қалпына келтірілгенге дейін оларға қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді.



прямая соединительная линия 7394. Үйлер мен ғимараттар құрылысы кезінде, сондай-ақ инженерлік жерасты желілері аймақтарын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде, қалалық (аудандық) сәулет органында тіркелген жобададан ауытқумен салынғандығы және пайдалануға қабылданғаны анықталған жағдайда, бұл желілерді қайта жүргізу пайдалануға қабылданған ұйымның есебінен жүргізіледі. Аталған жұмыстарды заңмен белгіленген тәртіп бойынша тартқан шығындарының кейін өтелуі арқылы қаланың (ауданның) коммуналдық қызметтері жүргізе алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет