Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Инженерлік желілер аварияларын жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары



бет8/9
Дата29.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#165474
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Инженерлік желілер аварияларын жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары

395. Өндірістің тоқтауына, сәтсіз оқиғаларға себеп болған жер асты инженерлік желілері мен құрылыстарының бұзылуы кезінде осы құрылыстарды пайдаланушы ұйымның басшылары немесе басқа да өкілетті өкілдері авария туралы дабыл белгісін ала салысымен:

1) бұзылған желілерді ажырату және ауыстырып қосу үшін жауапты тұлғаның басшылығымен дереу авариялық бригада шақырады;

2) авария туралы техникалық инспекцияға, абаттандыру қызметтеріне, жол полициясына, өртке қарсы қызметке, сондай-ақ авария орнында іргелес жерасты шаруашылығы бар басқа да ұйымдарға хабарлайды. Көрсетілген ұйымдардан басқа, қоршаған ортаға зиян келетіндей болса қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органға хабарланады, егер авария су құбыры және/немесе кәріз желілерінде болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметке хабарланады. Егер үлкен авария түнгі уақытта болған жағдайда, аварияны жою жөніндегі ұйымның іс-қимылын үйлестіру үшін қала (аудан) әкімі аппаратының кезекшісіне телефонограммажіберіледі.

396. Аварияны жою жұмыстары жолды жабуға әкелген жағдайда тиісті көлік қозғалысы органдары мен басқармалары авария туралы хабарлама алған бойда жолды жабу және ақауды жою мерзімін белгілеу жөніндегі мәселелерді шешу үшін жауапты тұлғаларын авария орнына жібереді, жол полициясы органдары жолды уақытша жабу және айналып өту бағыты туралымәселелерді шешу жөнінде іс-шаралар қолданады.

397. Аварияны жою бойынша жұмыстар осы инженерлік желілерді, коммуникацияларды және құрылыстарды пайдаланушы ұйымға немесе осы инженерлік желілер, коммуникациялар және құрылыстар соның қарауына жататын ведомствоға жүктеледі. Авария салдарын жою жұмыстарын инженерлік желілердің және құрылыстардың зақымдануына жол берген ұйым жүзеге асырады.

398. Аварияны жою жұмыстарын жүргізудің барлық жағдайларында жұмыстарды жүргізетін ұйым жұмыстарды жүргізуге ордер алуы тиіс.

399. Жабындарды, сондай-ақ абаттандырудың басқа да элементтерінқалпына келтіру жұмыс аяқталғаннан соң екі күннен кешіктерілмей басталуы тиіс.Аталған жұмыстарды заңмен белгіленген тәртіп бойынша тартқан шығындарының кейін өтелуі арқылы қаланың (ауданның) коммуналдық қызметтері жүргізе алады.

400. Жер асты инженерлік желілерін, коммуникациялары мен құрылыстарын ауыстырған жағдайда, ауыстырылатын желілер, коммуникациялар мен құрылыстар пайдаланудан шығарылады және топырақтан алынуы тиіс болады.

401. Ауыстырылған инженерлік желілер мен құрылыстарды ацдандық (қалалық) сәулет және қала құрылысы органында тіркелгеннен кейін пайдалануға болады.

402. Қазумен байланысты жұмыс істемейтін құрылыстарды ойып алу жұмыстары осы Тәртіппен белгіленген тәртіпте тиісті органнан рұқсат алғаннан кейін ғана жүргізіледі.

13. Сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметінің жүзеге асырылуын бақылау.

403. Сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметінің жүзеге асырылуын бақылау бас жоспарларға және басқа да бекітілген қала құрылысы, құрылыс құжаттарына сонымен қатар осы Ережеге сәйкес сәулет қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

404. Бақылау органдарының лауазымды тұлғалары өз өкілеттіктерінің шегінде:

1) Қазақстан Республикасының 30.01.2001 ж. №155-II «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 06.01.2011 ж. № 377-IV «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына және «Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 қаулысына сәйкес,қала құрылысы және жобалау құжаттамасы, мемлекеттік құрылыс нормативтері мен ережелері талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысы, қайта құру, күрделі жөндеу сапасына бақылау жүргізуге;

2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы, жіберілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде қалпына келтіру жөнінде, мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, құрылғылар мен құралдарды пайдалануға тиым салу туралы ұйғарым енгізуге;

3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларды белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартуға;

4) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының бұзылуымен іске асырылып жатырған қала құрылысы қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату бойынша шешім қабылдауға;

5) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларды тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін материалдарды құзырлы органдарға жіберуге;

6) егер өмір сүру ортасына келтірілген залал Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу арқылы келтірілген жағдайда, залалды өтеу туралы сотқа шағым ұсынуғақұқылы.
Қорытынды ережелер

405. Осы Құрылыс салу ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың ережесіне 1-қосымша

Сілтемелік заңнамалық, нормативтікқұқықтық актілермен нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасының 20.06.2003 ж. № 442-II Жер кодексі.

Қазақстан Республикасының 09.01.2007 ж. № 212-III ҚРЗ Экологиялық кодексі

Қазақстан Республикасының 30.01.2001 ж. №155-II «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі №1488-XII «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 19 желтоқсанындағы № 508-II «Жарнама туралы» Заңы.

Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесі // ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №121 қаулысымен бекітілген.

Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру; Жаңа объектiлер салуға және қолданыстағы объектiлердi өзгертуге рұқсат беретiн рәсiмдердi өткiзу ережесi // ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері» қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 «Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы» қаулысы

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы №48-1 «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV Заңы;

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 Қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.

ҚР ҚНжЕ 3.01-02-2001 Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын жайғастырып жоспарлау және құрылысын жүргізу.

ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2008 «Қала құрылысы, қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылыстарын салу».

ҚР ҚБҚ 1.02-01-2002 Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы ескерткіштерін қайта құруға және қайта жаңартуға жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу, бекіту тәртібі және құрамы туралы нұсқаулық.

ҚР ҚН 3.01-07-2011Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы жобаларының құрамы, әзірлену, келісілу және бекітілу тәртібі туралы нұсқаулық.

Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың ережесіне 2-қосымша



Терминдер мен анықтамалар

Уақытша сауда және қызмет көрсетунысандары - пайдалану мерзімі шектеулі, бөлшектеу мүмкіндігі қарастырылған, жеке тұрған, кіріктіре және жапсарластыра салынған объектілер; аталған объектілерді нақты телімде пайдалану мерзімі жергілікті атқарушы органдардың шешімімен, уақытша сауда (қызмет көрсету) объектісі паспортымен, жер телімін (үй-жайды) жалға беру келісімшартымен анықталады.

Жазғы алаңы бар уақытша сауда нысандары - бір бөлігі сатушы сөрелерін, үстелдерді, орындықтарды, шатырларды (қалқаларды) және басқа да жылжымалы мүлікті орналастыру үшін пайдаланылатын жалға берілген жер телімінде орналасқан уақытша объектілер.

Қала - таратып орналастыру жүйесінің белгілі бір аумақтық тұтастықтағы орталығы болып табылатын, бір орталықтық, әдетте, қалалық агломерациядан басымдықты көлемімен және экономикалық әлеуетімен айрықшаланатын, орнықты әлеуметтік, еңбектік, өндірістік, экономикалық және инфрақұрылымдық байланыстарға ие қала маңы аймағының барлық елді мекендеріне ықпал ететін басымдықты қала, жалпыұлттық, өңірлік деңгейдегі көшбасшы немесе жергілікті деңгейдегі тірек қала.

Қала құрылысы негіздемесі -белгіленіп отырған құрылыс объектісінің пайдалану талаптарына сәйкестігін негіздеу үшін қажет болатын аумақтың негізгі қала құрылысы сипаттамалары (параметрлер, пайдалану шарттары және шектеулер) анықталатын қала құрылысы жұмыстарының түрі.

Қала құрылысы жағдайы -тиісті сәулет-кеңістіктік ортаны және белгілі бір уақыт кезеңінде аумақты пайдалану және құрылыс салу шарттарынқалыптастыратын нақты аумақ элементтері қасиеттерінің жиынтығы (құрылыс салу, табиғи ландшафт, жер телімдері, жол-көлік желісі, инженерлік орналастыру және т.с.с.).

Құрылыс салушы (тапсырыс беруші, өтініш беруші) -өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органмен берілген жер телімдерінде, өз қаражаттарының, мемлекет немесе үлескерлер қаражаттарының есебінен жаңа құрылысты жүзеге асыруға не қолданыстағы объектіні өзгертуге ниетті, мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі).

Жер комиссиясы - заңмен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен құрылған және жер телімдеріне құқық берумен байланысты мәселелерді қарастыратын комиссия.

Қолданыстағы нысанды өзгерту - (өмір сүру, қызметтер көрсету, өнім шығару, пайда табу және т.с.с.) мақсаттарында қолданыстағы ғимараттың (құрылыстың) жекелеген үй-жайларын немесе басқа да бөліктерін қайта құру, қайта жоспарлау немесе қайта жабдықтау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.

Инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар -елді мекеннің тұрақты дамуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инженерлік жабдық құрылыстары мен коммуникацияларының (су құбырлары желісі, кәріз, жылумен жабдықтау, электр желілері, байланыс коммуникациялары), жол-көлік жүйесінің (автокөлік, электр, су және әуе көлігі мен жаяу жүргіншілер қозғалысы жүйесі), сондай-ақ халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету нысандар кешені.

Сәулет және қала құрылысы істері бойынша жергілікті органдар - облыс, аудан, қала және басқа да елді мекендер аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органы–облыс, аудан, қала және басқа да елді мекендер аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бақылау және қадағалау функцияларын және лицензиялауды орындауға уәкілетті мемлекеттік орган.

Құрылыс салуға ордер –дайындық жұмыстарын, аумақты абаттандыру жұмыстарын, желілік құрылыстар салу, бұзуға жататын құрылыстарды кейіннен кәдеге жарату, сондай-ақ басқа техникалық қиын емес нысандарды білдіретін жер қазу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру құжаты.

Мердігер - заңнамамен белгіленген тәртіпте мердігерлік келісім-шарты және (немесе) мемлекеттік контракт бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді орындайтын жеке және заңды тұлғалар (бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда).

Толық дайындық - ішкі өңдеу (қаптау, майлау, түсқағаз жабыстыру) жұмыстары аяқталған, таза едендер төселген, санитарлық-техникалық жабдықтар мен құралдар, тұрмыстық мақсаттағы электротехникалық құралдар, ас үйлік газ немесе электр плиталары және пәтерішілік есік блоктары орнатылған, салынып біткен ғимараттар.

Жарнама - адамдардың белгісіз санына арналған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қызығушылықты қалыптастыруы немесе қолдап отыруы және олардың сатылуына септігін тигізуі тиіс, кез келген тәсілдермен, кез келген нысанда таратылатын және орналастырылатын ақпарат.

Мамандандырылған кәсіпорын -бақылау және қадағалау функцияларын есепке алмағанда, мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекет функциясы болып табылатын (соның ішінде жер телімдерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлі түрде алу бойынша жұмыстарды жүргізу) салаларда қызметтерін жүзеге асыратын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.

Құрылыс -жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салу және (немесе) қолданыстағыларын өзгерту, құрастыру (бөлшектеу), онымен байланысты технологиялық және инженерлік жабдық, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (жасап шығару), сондай-ақ аяқталмаған объектілердің құрылысын тоқтатып қою және өз ресурстарын сарқыған объектілерді кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстарды жүзеге асыру арқылы өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру бойынша қызмет.

Құрылыс алаңы - салынып жатырған объектіні, уақытша құрылыстарды, техниканы, топырақ үйінділерін орналастыру, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, жабдықтарын жинақтау және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін пайдаланылатын аумақ.

Абаттандыру – жұмыстар жиынтығы (аумақтарды инженерлік дайындау бойынша; жол құрылғылары, коммуникациялық желілер мен сумен жабдықтауды дамыту, кәріздер, энергиямен жабдықтау және т.б.) және (тазалау, аумақтарды кептіру және көгалдандыру, микроклиматын жақсарту, ауа бассейінінің ластануынан қорғау, ашық су қоймалары мен топырақ, санитарлық тазалау,шуылды төмендету және т.б. бойынша) басқа аумақтарды жай күйін келтіру мақсатында іске асырылатын іс-шаралар. Құрылыс үшін жарамды, орташа қолдану немесе пайдалысын, тұрғындар өміріне қолайлы және мәдениетті жағдай жасау.

Tелерадио хабар тарату саласы мен техникалық реттеу–

1) жеке жерсеріктік және эфирлік қабылдау құрылғысы –жеке теле-, радиосигналды қабылдауға арналған құрылғы (телевизиялық байланысты қабылдаушы аспап);

2) кабельді коммуникация – теле-, радиоканалдардың ғимарат(құрылыс) ішінде таралуын қамтамасыз ететін кабельді байланыс жүйесі;

3) теле-, радиоканалдардың ұжымдық қабылдау жүйесі –теле-, радиоканалдарды қабылдауды бір немесе бірнеше ғимарат көлемінде қамтамасыз ететінтехникалық құралдар жиынтығы;



4) міндетті теле-, радиоканал –Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпканалды хабар тарату үшін міндеттіҚазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тиісті тізбеге кіретін теле-, радиоканалдар.

Қала құрылысы регламенті - (режим, шектеулерді қоса алғандағы рұқсат, ауырлық түсу, тиым салу және сервитуты) жер телімдері аумақтарын және басқа да жылжымайтын нысандарды пайдалану, сондай-ақ белгіленген заң талабына сәйкес олардың барлық өзгеруі мүмкін жағдайлары.

Жер телімдерін және басқа да жылмайтын нысандарды пайдалануға рұқсат - жылжымайтын нысандарды қала құрылысы регламентіне сәйкес пайдалану, аталған нысандарды пайдалануға белгіленген Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес шектеулермен сервитуттар.

Заңсыз құрылыс (өзбетінше құрылыс) - құрылыс (өз бетінше құрылыс жүргізу) осы мақсатқа арналмаған, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген, сондай-ақ қажетті рұқсаттар алынбай жер телімінде жасалған жеке тұрғын үй, басқа да құрылыстар, ғимараттар немесе басқа да жылмайтын мүліктер.

Құрылыс нормалары мен ережелері - құрылысты жобалауды іске асыру барысында міндетті түрде орындалуға жататын нормативтік-техникалық құжат.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiңсубъектiлерi - Батыс Қазақстан облысы аумағында адамның мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасын қалыптастыруға және дамытуға қатысатын мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар.

Пайдаланушы ұйым - инженерлік коммуникация (суқұбырлары және электрлік желілер, газ және жылумен жабдықтау, байланыс және т.б.) ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануды іске асырушы ұйым.

Құрылыс салуды реттейтiн сызық (құрылыс салу сызығы)–кварталдар, шағынаудандар аумағы және жоспарлау құрылымындағы басқа да элементтер шекарасынан,көшелерден, жолдардан, алаңдардан шегiндiре отырып үйлердi (ғимараттарды, құрылғыларды) орналастыру кезiнде белгiленетiн құрылыс салу шекарасы(қызыл сызық) және жер сілкінісі, табиғи немесе техногендік сипаттағы басқа даапаттар нәтижесінде ғимараттардың (құрылыстар, құрылғылар) құлаған үйінділерінің таралуы мүмкіндігінің барынша көп болатын аймағының шекарасы (сары сызықтар) немесе жер учаскесi шекарасы.

Жоба – сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есептер) түрінде ұсынылған адамның тұруы және өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің ойы.

Нобай (нобайлық жоба) - жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, әшекейлiк немесе басқа) шешiмнiң оңайлатылған схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн түрi.

Авторлық қадағалау - құрылыстың барлық кезеңінде және аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдаукезіндежобаны әзірлеуші тұлғалармен іске асырлатынжүргізіліп жатырған құрылыс-монтаждау жұмыстарыныңжобалау шешімімен сәйкес келуін қадағалау.

Техникалық қадағалау - орындалған жұмыстың сапасын, мерзiмiн, құнын, қабылдап алынуын және объектiнiң пайдалануға берiлуiн қоса алғанда, жобаны iске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау.

Елді мекендердің аумақтарында құрылыс салу мониторингі - тіршілік іс-әрекеті ортасының ахуалын біріңғай әдістеме бойынша зерттеумен жүргізілетін жылжымайтын нысандардың өзгеруі мен жағдайларын бақылау жүйесі.

Жол органдары - автокөлік жолдары бойынша мемлекеттік уәкілетті орган, , жалпы пайдалымдағы мемлекеттік автокөлік органдарын басқаруды жүзеге асратыноның аумақтық органдары.

Жобалаушы - жобалау-іздестіру қызметтерінің тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы- объектiнiң мақсатына, негiзгi өлшемдерiне және оны нақты жер учаскесiне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешенi, сондай-ақ осы елдi мекен үшiн қала құрылысының регламенттерiне сәйкес белгiленетiн, жобалау мен құрылысқа қойылатын мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеулер.

Жол бойындағы жолақтар –тұрғындар көліктерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жерлерді пайдаланудың шектеулері, ерекше шарттары орнатылған шекаралардағы автомобиль жолдарының бөлу сызықтарына жанасқан жер телімдері.

Бөлу сызығы–автомобиль жолдарының тиісті конструктивтік элементтерін және инженерлік құрылғыларынорналастыру үшін, сондай-ақ ғимараттар, құрылыстар, қорғалатын декоративті екпе ағаштарын және пайдалану үшін қажеттіжол байланысы құрылғыларын орналастыру үшін автомобиль жолдары өтетін көліктік жолдар.

Сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары аймақтар (аудандар) - сейсмикалық әсерiнiң жиiлiгi жетi және одан да көп балл болуы мүмкiн (күтiлетiн) аудандар.

Сәулет жобасы - ғимаратты (монументтi) жасаудың дербес жобасы ретiнде, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бiр бөлігi ретiнде құрылыс жобасын немесе құрылысқа арналған өзге де құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажеттi көлемде объектiге қойылатын әлеуметтiк, экономикалық, функционалдық, инженерлiк, техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, сондай-ақ энергия тиімділігі және өзге де талаптар кешендi түрде ескерiлетiн сәулеттік-көркемдiк, композициялық және көлемдiк-жоспарлау шешiмдерін қамтуға тиіс.

Құрылыс жобасы (құрылыстық жоба)- құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының негiзгi бөлігi ретiнде нысанның орналасқан жерiнiң қала құрылысы тұрғысынан негiзделуi, құрылыс жүргiзу және нысанды пайдалануға беру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау, энергия үнемдейтін және өзге де шешiмдерді қамтуға тиiс.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау).

Сараптамалық жұмыстар - ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жөніндегі жұмыстар.

Жобалардың мемлекеттік сараптамасы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілдік берген заңды тұлғалар жүргізетін жобаның қандай да бір басқа қызметін (жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттамасын) жүзеге асыру құқығынсыз және қызметін қайталауға жол берілмейтін бірыңғай мемлекеттік жүйе болып табылатын кешенді бағалаудың міндетті түрі.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары -жалпықұрылыс, әрлеу, санитарлық-техникалық, арнаулы, сондай-ақ монтаждау жұмыстарын қамтитын ғимараттар мен құрылыстарды салу бойынша орындалатынжұмыстар кешені.

Атқару құжаттамасы –сызбалар бойынша болмысында жасалған жұмыстардың немесе оларға енгізілген өзгерістердің сәйкестілігі туралы жазбалары бар жұмыс жүргізуге жауапты тұлғалар жасаған нысан құрылысының жұмыс сызбалар кешені, сертификаттар, техникалық паспорттар және материалдардың сапасын куәландыратын басқа да құжаттар, жасырын жұмыстарды куәландыру актілері, жұмыстар журналы, аралық, түпкілікті қабылдау, жүйелерге сынақ жүргізу актілері және басқалар.

Жұмыс комиссиясы - нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн нысанның дайындығына кешендi бағалау жүргiзетiн уақытша алқалы орган.

Қабылдау комиссиясы- нысанның (кешеннің) дайындығына кешенді тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлік жүйелерге бақылау сынағын жүргізетін және салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын алқалы орган.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясы - мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық мүддедегі басқа да құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдау үшін белгіленген тәртіпте тағайындалатын комиссия.

Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың ережесіне 3-қосымша



Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет