Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Құрылыс мақсаттары үшін қала құрылысы құжаттарын жүзеге асыру



бет2/9
Дата29.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#165474
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. Құрылыс мақсаттары үшін қала құрылысы құжаттарын жүзеге асыру

1. Жер телімдерін пайдаланудың талаптары

49. Елді мекендердің шектеріндегі жерлерді пайдалану және қорғау Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Батыс Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен осы мақсаттарға бөліп берілмеген жер телімдеріне салынған әр түрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың немесе жобадан ауытқып салынған, сонымен қатар тиісті қажетті құжаттар алынбай салынған құрылысқа жол берілмейді.

Құрылыс салу және жер телімдерін пайдалану тек қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жер телімдерінің құқығын куәландыратын құжаттарда көрсетілген нысаналы мақсаттарына қатаң сәйкестікте жол беріледі.

50. Жер телімдерін пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары оларды құрылыс үшін ұсыну кезінде бекітілген қала құрылысы жобалау құжаттары негізінде анықталады:

елді мекендердің бас жоспарлары, бірінші кезектегі құрылыстарды орналасу жобалары, нақты жайғастыру жобалары, құрылыс салу жобалары, өндірістік, рекреациялық және қорғау аймақтарын жоспарлау жобалары (сызбасы), ғимараттар мен кешендердің бас жоспарлары, абаттандыру мен көгалдандыру жобалары, аумақтарды жер-шаруашылық орналасу жоспарлары және басқа да жобалау-сметалық құжаттар жобалары.

Тапсырыс берушінің (заңды және жеке тұлға) қаржысы есебінен орындалатын кешендерге және жекелеген нысандарға да орналастыруды негіздеу үшін, белгіленген тәртіпте нақты жайғастыру жобаларына немесе аумақта құрылыс салу жобаларына сәйкес жұмыс жоспарын әзірлеу қажет.

51. Жердi пайдалану кезiнде келесі экологиялық талаптар сақталуы қажет:

1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетiн өндiрiс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуi, қолжетiмдi озық технологияларды енгiзуi;

2) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуi;

3) қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай-ақ арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу талаптарын сақтауы тиiс.

52. Елді мекен аумақтарының қала құрылысы жобалары Ережелердің әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілерінің құрамы мен құрылымының ең төменгі қажетті нормативтік параметрлерге сәйкестігіне қойылатын талаптарды ескеруі тиіс, сондай-ақ мыналар көзделуі қажет:

1) аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, инженерлік даярлау;

2) аумақтарға кешенді құрылыс салуды;

3) халықтың әр түрлі әлеуметтік, демографиялық және кәсіби топтары мүдделерінің ескерілуін;

4) аумақтарға құрылыс салудың қала құрылысы регламенттерінің сақталуын;

5) қызмет көрсету саласындағы бәсекелі ортаны дамыту үшін қажетті жағдайларды.

53. Қолданыстағы үйлер мен құрылыстарды, жас көшеттерді кейіннен кәдеге жарату, сондай-ақ үйлер мен құрылыстардың, жер телімдерінің иелеріне (пайдаланушыларына) келген шығынның орнын толтыру заңмен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

54. Жер телімдерінің пайдаланылу мақсаттарының өзгеруіне байланысты оларды жоспарлауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес нысаналы мақсатының өзгеруі тәртібін қатаң сақтай отырып осы жер телімдерінің иелері немесе пайдаланушылары жүзеге асырады.

Үй иелері немесе пайдаланушылары жеке жер телімін жоспарлауды, онда үйлер мен құрылыстарды салуды оған тікелей жапсарласатын басқа да жер телімдері, үйлер мен құрылыстар иелерінің немесе пайдаланушыларының мүдделерін есепке ала отырып жүзеге асырады.

55. Құрылыс объектісін орналастыру мүмкіндігін белгілеу қала құрылысы құжаттамаларына (бас жоспарларға, нақты жайғастыру жобаларына, құрылыс салу немесе кварталдарды, шағын аудандарды қайта құру жобаларына) сәйкес сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органның құзырына жатады.

56. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес елді мекендердің инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға тапсырыс берушілердің қаражаттарын тарту, соның ішінде конкурстар, тендерлер өткізу арқылы елді мекендердің инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға тартылатын тапсырыс берушілер қаражаттарының шекті мөлшерін белгілеу тәртібін бекітеді.

57. Нысанды қолданыстағы құрылыстары бар немесе олардың бос алаңдарына орналастырған кезде Ережелер мен бекітілген қала құрылысы құжаттамалары болмаған жағдайда, тапсырыс беруші қала құрылысы негіздемесін жасайды, ол нобайлық жобамен бірлестірілуі мүмкін.

58. Қала құрылысы негіздемесін әзірлеудің қажеттігін, мақсатын, оның материалдарының тиісті көлемдерін сәулет және қала құрылысы жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша жергілікті атқарушы орган немесе тапсырыс беруші анықтайды.


2. Жобаларды әзірлеу үшін бастапқы құжаттар тізбесі

59. Жобаларды әзірлеуге арналған бастапқы материалдар (деректер) мыналарды қамтиды:

1) шекарасының шегіндегі аумақты пайдалану және жоспарланған объектіні белгілеу жөніндегі регламенттерді коса алғанда, жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі;

2) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;

3) жобалауға және құрылысқа қажетті (жер учаскесінің және коммуникация төселген трассаның шекарасында) құрылыс алаңын инженерлік іздестіру материалдары;

4) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар;

5) аумақты инженерлік жағынан дайындау шарттарын, абаттандыру мен көгалдандыруды қоса алғанда, жергілікті (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

6) жобалауға (жобалау құжаттамасын әзірлеуге) арналған бекітілген тапсырма.

60. Көрсетілген бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру тегін жүргізіледі.

3.Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері

61. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

62. Нысандардың құрылысына арналған жер телімдерін таңдауды қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен жер қатынастары органдарымен бірлесе отырып және елдi мекеннiң бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және оларда құрылыс салудың осы жоспарларын алмастыратын схемасы) негiзiнде орындалған нақты жайғастыру жобалары және (немесе) құрылыс жобалары, сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобаларына сәйкес сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.

63. Құрылыс салу үшін жер телімін беру немесе оның нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулының жобасы мына уәкілетті органдар комиссияларының қорытындысы негізінде әзірленеді.

64. Нысан құрылысының кешенді қорытындысы мен қаулы жобасын сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган дайындайды.

65. Көрсетілген талаптар жер телімдері құқығының басқа тұлғаларға өту жағдайында да сақталады.

66. Жер телімдеріне жеке меншік немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығы бар заңды тұлға оны игеруді жергілікті атқарушы органның қаулысына және қала құрылысы құжаттамаларына сәйкес жүзеге асырады.

67. Жер телімдерін беру немесе олардың шекараларының және параметрлерінің өзгеруі кезінде қызыл сызықтар, құрылыс салуды реттеу сызықтары және қала құрылысы регламенттерінің талаптары міндетті түрде сақталады. Жылжымайтын мүлік нысандарын бөлген жағдайда олардың бөліктерінің дербес жылжымайтын мүлік нысаны ретінде жұмыс істеуінің шарттары қамтамасыз етілуі тиіс.

68. Құрылыс салуды жүзеге асыру немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта құруды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) жүргізу ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлғаның (өтініш берушінің) жазбаша өтініші бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері:

1) өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы;

2) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиісті шешім қабылдайды.

69. Құрылыс салуды жүзеге асыру немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта құру (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ниеті бар тұлғаның (өтініш берушінің) жазбаша өтінішінде, тиісінше:

1) жеке тұлғалар үшін: өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) не жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

2) заңды тұлғалар үшін: ұйымның атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы мен телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);

3) құрылысын салуға көзделген нысанның мақсаты және негізгі параметрлері (есептік қуаты, жалпы алаңы, қабаттылығы, сыйымдылығы, өткізу қабілеті және тағы сол сияқтылар);

4) құрылысқа арналған жер телімін орналастыру болжамдалған (қаланған) орын негіздемесі;

5) қайта құруға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жататын қолданыстағы ғимараттардың, үй-жайлардың (жекелеген бөліктерінің) мекенжайы (орналасқан жері) көрсетіледі.

Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім алу үшін өтінішке:

1) өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды көрсете отырып, өтініш берушінің өзгертілетін нысанға меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері немесе нысанның меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

2) егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) шектес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса беріледі.

70. Егер өтiнiш берушi сұратылып отырған жер телімiнiң нақты орнын және мөлшерiн (шекарасын) көрсеткен жағдайларда, онда сәулет және қала құрылысы саласындағы жергiлiктi атқарушы орган одан құрылыс жүйесiндегі жер телімінiң орналасқан жерiне қатысты өтiнiш берушiнiң тiлектерiне және көзделген (жоспарланып отырған) құрылыс нысанының негiзгi параметрлерiне негiзделген нобайларды сұратады.

71. Объектiлер салу үшiн жер телімiн сұраған кезде жергiлiктi атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер телімiн таңдау алдын ала жүзеге асырылады.

72. Өтiнiш берілген нысанның құрылысы үшін жер телімін беру туралы өтiнiштердi қарау, сондай-ақ оларды беруден уәждi бас тарту мерзiмдерi қатаң түрде мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкетікте Жер кодексiмен айқындалады.

Өтініш берушіге меншік құқығында немесе жер пайдалануға құқығында тиесілі жер телімін құрылыс салу үшін пайдалануға беру өтініш түскен сәттен бастап 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде қаралады.

73. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органның өтінім берілген нысанның құрылысына ведомстволық бағыныстағы аумақтан жер телімін (аумақтар, трассалар) беру туралы шешімі немесе өтiнiш берушiге меншік құқығында немесе жер пайдалануға құқығында тиесілі жер телімін құрылыс салу үшін пайдалануға берілген рұқсат жобалау (жобалық-сметалық) құжаттаманың құрамында бекiтiлген құрылыстың нормативтiк ұзақтығының бүкiл мерзiмi iшiнде әрекет етеді.

74. Жеке тұрғын үй құрылыстарына жер телімдерін беру Қазақстан Республикасының Жер кодексімен және басқа да заңнамалық актілермен реттеледі.

Жеке тұрғын үй құрылыстарына беру үшін резервтегі жер телімдерінің саны, сонымен қатар елді мекендерде оларды игеру кезегі бас жоспар, егжей тегжейлі жоспарлау жобасы және басқа да тиісті қала құрылысы құжаттамалары негізінде анықталады және жер ресурстарының болуы мен аумақтарды кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүдделері негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдарымен реттеледі.

75. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншікте болуы мүмкін жер телімдерінің шекті (ең жоғарғы) өлшемдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жергілікті жердің шарттары мен ерекшеліктеріне қарай облыстық уәкілетті және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен белгіленеді.

Саяжайлық және бақшалық жер телімдерінде меншік құқығындағы үйлері бар азаматтар үйлері тұрғын үй ғимараттары мен құрылыс салу нормативтеріне сәйкес болған жағдайда осы жылжымайтын мүліктерін жеке тұрғын үй ретінде қайта ресімдеу құқығы беріледі.

76. Жер телімін беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде қабылданады.

77. Мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық беру мынадай кезектілікте жүргізіледі:

1) жер теліміне тиісті құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;

2) аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер телімін өтініш берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;

3) жер телімін алдын ала таңдау (нысандар құрылысы үшін жер телімі сұралған кезде);

4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер телімін беру туралы қорытындысын дайындау;

5) жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;

6) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің жер теліміне құқық беру туралы шешім қабылдауы;

7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану туралы шартын жасасу;

8) жергілікті жердегі жер телімінің шекарасын белгілеу;

9) жер теліміне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру.

78. Жер телімдеріне меншік құқығының және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер телімі орналасқан жердегі ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдеріне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігіне өтініш береді.

Өтініште: жер телімін пайдалану мақсаты; оның болжамды өлшемдері; орналасқан жері; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер телімінің болуы (болмауы) көрсетілуі қажет. Пайдалы қазбаларды өндіретін жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі өтінішке қоса беріледі.

Жер теліміне құқық беру туралы өтініш аймақтық аумақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер телімін өтініш берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп) жер телімі орналасқан жердегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде түседі.

Жер теліміне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды.

Өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық құжат түрінде берген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге келісім беру не одан бас тарту туралы шешімі ол қабылданған күннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей электрондық құжат түрінде өтініш берушіге жіберіледі.

Комиссия қорытындысын дайындау барысында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының және сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарының жер телімінің орналасқан жері бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалану мүмкіндіктері туралы ұсыныстары ескеріледі.

79. Жеке тұрғын үй құрылысына бөліп беруге арналған дайындалған алаңдар болған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы орган жер телімін беру туралы келіп түскен өтініштердің кезегіне сәйкес азаматтардың тізімін жасап, соған сәйкес тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарынан Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабы 8-тармағында қарастырылған мәліметтерді сұратады.

80. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына сәйкес жер учаскесiн мемлекет мұқтаждары үшiн алып қою жағдайларын қоспағанда, жер телімдеріне құқық беруден бас тарту тиісті жергілікті атқарушы органдарының шешімімен ресімделеді және дәлелді болуға тиіс, ал көшірмесі шешім қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде өтітініш берушіге ұсынылу қажет.

Өтініш беруші жер теліміне құқық беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда жер телімі орналасқан жердегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары өтініш берушіге екі жұмыс күнінің ішінде оның өтінішін қараудан бас тартылғандығы туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді.

81. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер теліміне құқық беру туралы шешімі ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органы бекіткен жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде қабылданады.

Жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген алаңға орналастырудың жерге орналастыру жобасы (схемасы) болған жағдайда, әрбір жер телімдеріне жерге орналастыру жобасын жасақтау қажет етілмейді.

Жергілікті жердегі жер телімінің шекарасын белгілеу Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Жер теліміне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алты жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылады.

82. Тапсырыс берушіге меншік құқығында және жер пайдалану құқығыда тиесілі жер телімдерін құрылыс үшін пайдалануға рұқсат беру туралы шешім қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар өтініш түскен сәттен 7 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге (тапсырыс берушіге) осы құрылысты іске асыру ниетіне қарама қайшы келетін заңнама нормаларын (ережелер, шарттар, сервитут шектеулері) көрсете отырып, дәлелді жауап қайтаруы тиіс.

Өтініш берушінің жергілікті атқарушы органдарға жеткіліксіз, дәйексіз не заңнамаға немесе мемлекеттік нормативке сәйкес келмейтін өтінім құжаттарын ұсынуы, рұқсат құжаттарын беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

83. Жер телімін беру туралы бұрын қабылданған шешім немесе тапсырыс берушінің өз жер телімін құрылыс салуға пайдалануға бұрын берілген рұқсат егер сол жер телімінде басқа санкциясыз құрылыс жүргізіліп жатса кері қайтарып алынады (жер телімін нысаналы мақсатта пайдаланбау).

84. Елді мекендердің бас жоспарлары (немесе оларды алмастырушы тұрғындар саны бес мыңға дейінгі елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемалары) негізінде орындалған нақты жайғастыру жобалары және/немесе құрылыс салу жобалары, сонымен қатар аудандық ауыларалық аумақтар жобалары жоқ құрылыстарды салу үшін жер телімдерін беруге тиым салынады.

4. Жер телімдеріне құқық беру

85. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер телімдерiне тиiстi құқықтар беру не оларды беруден бас тарту туралы шешімінің көшірмесі шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күнінің ішінде өтініш берушіге тапсырылады (жіберіледі).

Жер телімдерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi өз шешiмiмен бiрге жерге орналастыру iсiн жоғары тұрған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң жер телімiне құқық беру туралы шешiмi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиiстi уәкiлеттi органы бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейiнгi мерзiмде қабылданады.

Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жер теліміне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей сол шешімнің негізінде жасасады.

86. Жергілікті жердегі жер телімінің шекарасын белгілеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жер телімiне сәйкестендiру құжатын дайындауды және беруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алты жұмыс күнiнің iшiнде жүзеге асырады.

87. Жер телімінің шекараларын белгілеу бойынша жерге орналастыру жұмыстары және жер теліміне жеке меншік құқығы актісін әзірлеу жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімі берілген тұлғаның қаражаты есебінен іске асырылады.

88. Жобалау алдындағы пысықтау жұмыстары, қайта құру мен кеңейтуге арналған нобайлық жобалар, таңдау актісі бар жаңа құрылыстар және жағалау белдеулерінде (елді мекендердің аумақтарын қоса алғанда), ортақорғау аймақтарының шекараларында (емдеу-сауықтыру орындары, курорттар), мәдени мұра ескерткіштерін қорғау аймақтарында орналасқан нысандарға арналған, сонымен қатар қала қалыптастырушы мәндегі нысандарға арналған жер телімдерін тексеру және жол сервисі нысандары міндетті түрде жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарымен, автомобиль жолдары қызметімен (жол шаруашылығы жерлерінде немесе бөлу сызығы шекарасы аумақтарында орналасқан нысандар үшін) және инжернерлік инфрақұрылым қызметін көрсететін басқа да тиісті қызметтермен келісіледі, ал құрылысты орналастыру алаңдары геопатогенді аймақ шекараларын белгілеу мақсатында сараптамалық бағалауға жатады.

89. Мәдени мұра ескерткіштерін қорғау аймақтары және санатына байланысты оларды пайдаланудың арнайы режимі Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра обектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес әзірленген мәдени мұра ескерткіштерін қорғау аймақтары жобаларының негізінде елді мекенді тарихи деп таныған тәртіпте, шекараларын анықтау және тарихи ареалдарды пайдалану режимін және елді мекен аумағында олардың шаруашылық қызметін шектеу тәртібінде анықталады.

Тарихи мәдени мұра обектілерін қорғау аймақтарының шекараларын және олардың қорғау аймақтарын санаттарына байланысты пайдалану режимін Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра обектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес тарихи мәдени мұра обектілерін қорғау жөніндегі тиісті жегілікті атқарушы органдар бекітеді.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының аумағын пайдалану режимінен ауытқу тек арнайы әзірленген, қабылданған шешімдерінің қажетті композициялық және басқа да негіздемелері бар және олардың санатына байланысты тарихи-мәдени мұра обектілерін қорғау жөніндегі жегілікті атқарушы органдармен келісілген тиісті қабылданған шешімнен тұратын жобалар бойынша мүмкін.

Мұндай жоба, жобаланушы ғимараттар мен құрылыстардың ескерткіштермен қатыстығын, олардан ансамбльдер құрастыруға, елді мекен келбетіне әсерін көрсететін ізденістермен сүйемелденуі қажет.

90. Өндірістік кешендердің және басқа да шаруашылық нысандардың құрылысын салу және жер пайдалану тек құрылыс жоспарланған алаңдағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың бар-жоқтығы немесе маңыздылы туралы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган қорытындысын алған соң ғана жол беріледі.

Пайдалы қазбалар тереңдігі алаңдарында құрылыс салу, сонымен қатар жер асты құрылыстарын тереңдігі жерлеріне орналастыру, жер қойнауын пайдалану және зерделеу бойынша өндірісте жұмыс жүргізу қауіпсіздігін қадағалау және пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігін қамтамасыз ету шарттары тау қадағалау бойынша немесе құрылыс салудың экономикалық тұрғыдан орындылығы дәлелденген жағдайда, уәкілетті орган келесімімен жол беріледі.

91. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар беретін мынадай құжаттар:

- жер телімi жеке меншiкте болған кезде - жер телімiне жеке меншiк құқығы актici;

- тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi;

- уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде - уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;

- уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер телімiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады.

Жер телімiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер телімiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерiстер болмаған жағдайда, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер теліміне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі. Жер теліміне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді енгізу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.

92. Мемлекеттiк меншiктегi жер телімдерiн жер телімдерiн жеке меншікке (жер пайдалануға) алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғалардың жеке меншiгiне (жер пайдалануға) беру мына негізде жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда тегiн (өтеусіз);

2) өтем төлеу негізінде сауда-саттық өткізусіз;

3) өтем төлеу негізінде сауда-саттық өткізумен.

Құрылыс салу үшін жер телімдерін иелену құқығын сату бойынша сауда-саттық өткізу барысында, сатып алу сату типтік шартында міндетті түрде жер телімін берудің келесі шарттары қарастырылуы керек:

1) инженерлік, транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарының құрылысы (заңнамада көзделген жағдайлардан басқалары);

2) жылжымайтын нысан құрылысының мерзімдерін сақтау;

3) жалпы пайдаланудағы аумақтарды абаттандыру.

93. Қала құрылысы регламенттері талаптарын есепке алу мақсатында жер қатынастары органдары жер телімінің бөлінуін міндетті түрде сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен келіседі.

94. Өндірістік және басқа да нысандардың құрылыстарына тиым салынған немесе шектелген қалаларда жер телімдерін беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте іске асырылады.

95. Қажет болған жағдайда жер комиссиясының шешімі бойынша қоғамдық талқылау және қоғамдық тыңдауларды өткізу жер телімін бөлу туралы шешімді қабылдауға дайындау сатысында жүргізілуі тиіс.

96. Нысан құрылысына жер телімінін таңдауға байланысты мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы орган Жер кодексіне сәйкес комиссия құрады.

97. Комиссия сәулет және қала құрылысы істері және жер қатынастары жөніндегі органдардың (автомобиль жолдары қызметімен бірге –жол шаруашылығы жерлерінде немесе бөліну сызығымен шекаралас аумақтарда орналасқан нысандар үшін) және инженерлік инфрақұрылым қызметін көрсететін басқа да қызметтердің ұсыныстарын қарайды. Комиссия жұмысының қорытындылары жер телімін таңдау және зерттеу актісімен ресімделеді. Актінің ажыратылмас бөлігі ретінде топотүсірілімі және басқа графикалық материалдар қоса беріледі.

98. Нысандарды орналастыру орнын алдын ала келісу материалдарының құрамына елді мекеннің бас жоспарының, нақты жайғастыру жобасының немесе басқа да қала құрылысы құжаттарының (қызыл сызық, құрылыс салу сызығы және т.б.) көшірмесі, жер телімі жоспарының көшірмесі (қажет болған жағдайда - мәдени мұра ескерткіштерін қорғау аймақтарының шекаралары енгізілген тарихи-сәулеттік тірек жоспарының көшірмесі) қосылуы тиіс.

99. Жер телімін таңдау актісін жасамас бұрын жерінен жер телімін бөліп беру көзделген жер пайдаланушыға, іргелес жер пайдаланушыларға (меншік иелері) (ауыл шаруашылығы жерлерін алдын ала алып қойған жағдайда) келтірілген шығын өлшемі, алынатын қабаттың қалыңдығы, көлемі, жинау немесе тасымалдау орындары және актіде көрсетілетін басқа да бөлу шарттары анықталады.

Нысан құрылысына жер телімін таңдаумен бір мезгілде актіде көрсетілетін инженерлік коммуникацияларын (кіре беріс жолдары, су құбырлары, кәріздер, электр желілері және т.б.) жүргізуге арналған орындар мен трассалар алдын ала таңдалады.

100. Егер бөлінетін аумақта тұрғын үйлер, меншік тиісілігіне және түріне қарамастан, бұзуға немесе көшіруге жататын басқа да ғимараттар мен құрылыстар (соның ішінде өндірістік кәсіпорындар үшін алаңдарды бөліп беру кезінде санитарлық зиянды аймақтарға ілігетін), сонымен қатар жасыл екпелер орналасқан жағдайда, құрылыс салушы қосымша келесі құжаттарды ұсынады:

1) 3 данада жергілікті атқарушы органдармен бекітілген (немесе олар белгілеген тәртіпте) бұзуға жататын үйлерде тұратын тұрғындар тізімін;

2) жергілікті әкімдік атына жазылған бұзуға жататын үйлердің тұрғындарына тұрғын алаңдарын беру және басқа да шығын түрлерін өтеу туралы жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-жайларын есептеу және бөлу жөніндегі тиісті қызметімен келісілген, іске асыру мерзімі көрсетілген кепілдеме хат;

3) тұрғын үйдің немесе үй бөлігінің (пәтердің) әрбір иесінің оның тұрғын үйді бұзуға келісімі (келіспеушілігі, басқа да шешімі) туралы құрылыс салушының атына жазған мәлімдемесі;

4) құрылыс салудың болжамдалған аумағынан ұйымдар немесе кәсіпорындарды олардың келісімімен басқа жерге ауыстыру мерзімі мен шарттары туралы анықтама (кепілдік міндеттеме);

5) құрылыс салуға жататын ғимараттар, құрылыстар және коммуникацияларды басқа жерге көшіру немесе жаңадан салу шығындарын қарастыру, осындай жұмыстарды іске асыру мерзімдері мен көлемі жөніндегі келісім, келтірілген шығындарды төлеу міндеттемелері.

101. Жер телімін таңдау актісіне сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі, санитарлы эпидемиологиялық станциясы, мәдени мұра ескерткіштерін қорғау, жер қатынастары жөніндегі жергілікті атқарушы органдарының қорытындылары, қажет болған жағдайда су қорғау органдарының (жеке тұрғын үйден басқа) және инженерлік инфрақұрылым қызметін көрсететін басқа да тиісті қызметтердің қорытындылары қоса беріледі.

102. Шешім қабылданған күннен бастап құрылыс салуды бастағанға дейін құрылыс салушының меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығында болатын құрылыс салуға жер теліміне беру туралы аудан (қала) жергілікті атқарушы органдары шешімінің әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес белгіленеді, белгіленген тәртіпте жобалаудың және жобаны бекітудің нормативтік ұзақтығы ескеріледі және рұқсат беру құжатында көрсетіледі.

103. Жергілікті атқарушы органдар құрылыс салушыға (тапсырыс берушіге) жер теліміне құқық беру шешімін (қаулысын) шығару барысында сол жер телімін нысаналы пайдалануы (жеке тұрғын үй құрылысы, кіші кәсіпкерлік субъектісімен құрылыс нынасы, гараждар, саяжай құрылыстары және т.б.) бірге көрсетіледі.

104. Құрылыс салуға арналған жер телімі екі жыл бойы тиісті мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында ұзартылған мерзім қарастырылмаса, жер телімі Жер кодексінде қарастырылған тәртіпте мақсатына сәйкес пайдаланбаған меншік иесінен және жер пайдаланушыдан қайтарылып алынуы мүмкін. Бұл кезеңге аумақты игеруге қажетті мерзім, сондай ақ, табиғи апат әсерінен немесе осындай пайдалануға болмайтын басқа да жағдайлар себебінен жер телімдерін пайдалана алмау мерзімдері қосылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет