Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Жобалау тапсырмасын жасау және бекіту



бет3/9
Дата29.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#165474
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. Жобалау тапсырмасын жасау және бекіту.

105. Аумақтың жер теліміне құқық белгілейтін және құқық куәландыратын құжаттар тапсырыс берушінің көзделген объектіні жобалау тапсырмасын құрастыруына негіздеме болып табылады.

Жобалау тапсырмасын тапсырыс беруші не оның уәкілетті тұлғасы (құрылыс салушы) құрастырады және тапсырыс беруші бекітеді.

Жобалау тапсырмасы жобалау алдындағы және (немесе) жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы әзірлеу бойынша тапсырысты орындауға келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Жобалау тапсырмасы қала құрылысы регламенттерін, объектінің талап етілетін параметрлерін, басқа да бастапқы мәліметтерді қамтуы тиіс.

106. Жергілікті атқарушы органның жаңа құрылыс салу үшін жер телімін беру (бөліп беру) туралы шешімі (жер телімін пайдалануға рұқсат), жер пайдалану құқығы актісі, құрылыс салушының жер телімі меншік иесімен (жер пайдаланушымен) жасасқан аумақты игеру туралы келісімшарты, қолданыстағы объектілерді өзгертуге берілген шешім (рұқсат) тапсырыс берушінің жобалау тапсырмасын жасауына және бекітуіне және оның не оның уәкілетті тұлғасының (құрылыс салушының) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттарды алуына негіздеме болып табылады.


6. Жобалау алдындағы рәсімдер және бастапқы материалдарды (мәліметтерді) беруге өтініштерді қарастыру мерзімдері. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.

107. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 31 тамыздағы №1128 қаулысымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет Стандартының негізінде әзірленіп облыс әкімдігі қаулысымен бекітілетін «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламентімен жүзеге асырылады. Қаладағы объектілерді жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы нақты жер теліміндегі (алаңда, трассада) объектінің мақсатына, негізгі параметрлеріне және орналастырылуына қойылатын талаптардың, сондай-ақ жобалауға қала құрылысы регламенттерімен және басқа да нормативтік актілермен белгіленетін міндетті талаптардың, шарттардың және шектеулердің кешені болып табылады.

108. Сәулет-жоспарлау тапсырмасында қажеттілігіне байланысты табиғи-климаттық, сейсмикалық, қала құрылысы жағдайларын,санитарлық, экологиялық және басқа да талаптарды есепке ала отырып, әр қилы мақсаттағы объектілерді жобалау бойынша жалпы ұсынымдар қамтылады.

109. Сәулет-жоспарлау тапсырмаларын және нысанды инженерлік-коммуналдық қамтамасыз етудің техникалық шарттарын сәулет және қала құрылысы жөніндегі жергілікті атқарушы орган құрылыс салушыға (тапсырыс берушіге) сегіз жұмыс күнінің ішінде әзірлеп береді.

110. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мыналарға берілмейді:

1) құрылысы басталып қойған объектілерге;

2) заңсыз салынған объектілерге.

111. Сәулет-жоспарлау тапсырмасымына жағдайларда әзірленеді және тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) беріледі:

егер ол жер телімінің меншік иесі (пайдаланушысы) болып табылса - тапсырыс берушінің ниеттері бекітілген қала құрылысы құжаттамасына, аумақтық құрылыс салу Ережелеріне қайшы келмеуі тиіс;

егер ол жер телімінің меншік иесі (пайдаланушысы) болып табылмаса - жергілікті атқарушы орган көрсетілген жер телімінде объектінің орналасу орнын алдын ала келісу шешімін (бұдан әрі - келісу туралы шешім) берілген жағдайда. Бұл шешімге сәулет объектісінің орналасу орнының схемалық жоспары қоса беріледі.

112. Сәулет-жоспарлау тапсырмасында рұқсат етілген құрылыстың шекті параметрлері және бөлінген аумақты, оның жеке бір бөлігін жобалау және құрылыс салу шарттары мынадай негізде белгіленеді:

1) қолданыстағы құрылысты, қала құрылысы регламенттерін есепке ала отырып жобаланатын ғимараттың, құрылыстың, кешеннің жалпы көлемдік-кеңістіктік композициясы бойынша;

2) ұсынылған жер телімін (оған жапсарлас бекітілген аумақты) абаттандыру бойынша;

3) аумақтарды инженерлік даярлау, жер асты сулары деңгейінің төмендеуі, шатырдан және объектіге жапсарлас аумақтардан жаңбыр және қар суының ағуы, сайлардың көмілуі, аумақтың құрғатылуы, көгалдандырылуы және абаттандырылуы, жас көшеттерді суғарудың ұйымдастырылуы, көшелердің машиналар жүретін бөлігі мен тротуарлар жабыны, шағын сәулеттік нысандар, жарнама, тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру және көмескі жарық түсіру және басқа да жұмыстар бойынша;

4) қаржыландыру көздерін анықтай отырып жалпы қалалық қажеттіліктерге арналған ғимараттарға кіріктіріле салынған үй-жайлар құрылысының функционалдық мақсаты бойынша;

5) тапсырыс беруші мемлекеттік қадағалау органдарынан, инженерлік және коммуналдық объектілер мен желілерді пайдаланатын инженерлік қызметтер мен ұйымдардан алған құрылыстың техникалық шарттары, санитарлық, экологиялық және өртке қарсы талаптар, инженерлік желілерге қосылу шарттары бойынша.

113. Бөлінген аумақта тұрғын және өзге де құрылыстар, инженерлік коммуникациялар мен көп жылдық көшеттер болған жағдайда, сәулет жоспарлау тапсырмасына тапсырыс берушінің орындауға тиісті талаптары көрсетіледі:

құрылыс алаңын босату (шығындарды өтеу бойынша бағалау актілерін, қолданыстағы желілерді, көп жылдық ағаштарды алып тастау жөніндегі шешімдерді құрастыру және т.б.) жөніндегі барлық мәселелерді реттеуге тиіс;

сонымен қатар:

оның жаңа құрылысты орналастыруға байланысты, су-энергетикалық объектілер мен инженерлік-көліктік қамтамасыз ету, халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің басқа да объектілерін салуда үлестік қатысы болуы тиіс;

салынып жатқан қала қалыптастырушы мәндегі нысандарды (соның ішінде мәдениет объектілері, ірі спорт, ойын-сауық құрылыстары, қабаттылығы жоғары ғимараттарды және т.б.) орналастыру бас жоспардан ауытқуы көзделген жағдайда (немесе бас жоспар әзірленбесе) - мұндай шешімді қабылдау үшін тиісті негіздемелерді (сәулет-жоспарламалық пысықтауларды) қоса бере отырып, тиісті сәулет және қала құрылысы жергілікті органдарының қала құрылысы кеңесі мәжілісі хаттамасының талаптарын сақтауға тиіс;

қажетті жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық органдар қортындыларын алуға тиіс.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасында түсінің шешімдері мен ғимараттардың (құрылыстар) қасбеттерін өңдеу материалдарының пайдаланылуы, сондай-ақ олардың көлімдік-кеңістіктік шешімдері бойынша талаптар белгілеуге жол берілмейді.

114.Сәулет-жоспарлау тапсырмасының құрамында айрықша шарттар ретінде кезеңнен тыс жоба алдындағы пысықтауды орындау талаптары және басқа да шарттар белгіленуі мүмкін (соның ішінде «Нобайлық жоба», «Сәулеттік тұжырымдама», осы кезеңдерде конкурс өткізу).

115. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы құрылыс салушыға беріледі және жобалау және құрылыс салу мерзімінде жарамды болып табылады.

116. Cәулет-жоспарлау тапсырмасын ұзарту жаңа сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру шартымен іске асырылады.

Құрылыс салу аумағында қала құрылысы өзгерістері болған жағдайда сәулет-жоспарлау тапсырмасының әрекет ету мерзімін ұзартудан бас тартылады.

117. Жобаларды бекітуде сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді талап етпейтін сәулеттік нысандар тізібесіне:

1) елуге дейінгі жеңіл автокөліктер орындары бар ашық түрдегі автотұрақтар;

2) үй жанындағы аумақтарды аббатандыру (қолданыстағы инженерлік желілерді ауыстырусыз);

3) қолданыстағы ғимараттарда(құрылыстарда) орналасқан өндірістік емес мақсаттағы жалғап салынған үй-жайлар (тірек конструкциялары өзгертпей қайта жобалау);

4) жеке жеңіл транспорт үшін 1-2 боксті бөлек тұрған гараждар (инженерлік желілері қосылмаған);

5) кіші сәулет нысандары;

6) аумақтарды қоршау;

7) жобалары санитарлық-гигиеналық сараптауға жататын жарықтандыру, электротехникалық, электронды немесе лазерлі қондырғылары бар құрылғылардан басқа жеңіл құрамалы-бөлшектеу конструкциялы көше жарнамаларына арналған қондырғылар;

8) іргетассыз және инженерлік желілерге қосылмаған жеңіл құрамалы-бөлшектеу конструкциядан жасалған сауда кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсететін бір қабатты құрылыстар (30 ш/м. аумағында).

118. Сәулет-жоспарлау тапсырмалары жол шаруашылығы жерлерінде немесе бөлу сызығымен шекаралас аумақта орналасқан нысандар бойынша арнайы уәкілетті органдармен, ал мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салынып жатырған нысандар үшін облыстық сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі органмен келісіледі.

119. Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары үй-жайларды немесе тұрғын үйдің басқа да бөліктерін өзгерту (қайта құру, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге сәулет-жоспарлау тапсырмасының бастапқы мәліметтерін беруі немесе беруден дәлелді түрде бас тартуы үшін құжаттарды қарау мерзімі өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.

120. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық шарттарды ресiмдеу және беру мерзiмдерi мынадай объектiлер бойынша өтiнiш берiлген сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды:

1) электр және жылу энергиясын өндiретiн өндiрiстiк кәсiпорындар;

2) тау-кен өндiру және байыту өндiрiстiк кәсiпорындары;

3) қара және түстi металлургия, машина жасау өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк кәсiпорындары;

4) елдi мекендер мен аумақтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);

5) елдi мекендердiң шекараларынан тыс орналасқан желiлiк құрылыстар:

қызмет көрсету объектiлерi бар магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);

жоғары вольтты электр беру желiлерi және талшықты-оптикалық байланыс желiлерi;

қызмет көрсету объектiлерi бар темiр жолдар;

көпiрлердi, көпiр өткелдерiн, тоннельдердi, көп деңгейлi айрықтарды қоса алғанда, республикалық желiге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары.

121. Жаңа құрылыс салу немесе қолданыстағы объектіні өзгерту үшін жер телімін бөлу (кесіп беру) қажет болмайтын, сондай-ақ бұл мақсаттарда инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосылудың немесе жүктемені арттырудың қажеттілігі болмаған жағдайларда, cәулет-жоспарлау тапсырмаға тиісті жазба енгізіледі.
6. Құрылыс салуды жүзеге асыру кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің міндеттері, жауапкершілігі және құқықтарын қорғау

1. Құрылыс барысын мемлекеттік реттеу

122. Аумақтарда құрылыс салуды жүзеге асыру халықтың қауіпсіздігі бойынша заңнамамен белгіленген талаптарды қамтамасыз ету шарттарын негізінде жүргізілуі тиіс. Осы талаптарды орындау бойынша іс-шаралар мемлекеттік нормативтермен регламенттелетін және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерімен жүзеге асырылатын жобалық құжаттамада көрініс табуы тиіс.

123. Адамдардың өмір сүру және мекендеу ортасын қалыптастыру мен дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар елді мекендердің аумақтарында құрылыс салу барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері болып табылады.

124. Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы, сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдарының (жергілікті атқарушы органдармен бірге) міндеттеріне ведомствоға қарасты аумақта заңнама мен осы Тәртіп талаптарының сақталуын, елді мекен аумағында жер телімдерін бас жоспар немесе нақты жайғастыру жоспары бойынша бөлу процедурасын бақылау жатады, соның ішінде:

1) елді мекен шектерінде құрылыс салушылардың берілген жер телімдерін мақсаттық пайдалануын;

2) берілген техникалық шарттардың инженерлік желілер мен су-энергия көздерінің жобалау-жоспарлау құжаттарында бекітілген даму схемаларына сәйкестігін, құрылыс объектісінің орналасуы мен жобалануын.

125. Сараптау органдарының функцияларына құжаттаманы талдау және инвестициялардың тиімділігін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адамның өмір сүруінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын, жобаланатын объектілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік нормативтердің шарттары мен талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтау арқылы жобалардың сапасын бағалау жатады.

126. Құрылыс барысындағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының функцияларына мыналар жатады:

жергілікті атқарушы органдар өздерінің бақылау қызметі шегінде, жергілікті маңызы бар нысандар құрылысы бойынша:

- тапсырыс беруші құрылысқа техникалық қадағалауды және объектіні пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру арқылы. Мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауы тиіс объектілердің құрылысы кезінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылуы тиіс;

- жобалық құжаттаманы әзірлеушілер құрылысқа авторлық қадағалауды жүргізу арқылы. Мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектілердің құрылысы барысында жүргізілетін авторлық қадағалау шарт негізінде жүзеге асырылады;

- өз құзіреті шегінде, жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиялары нысандарды қабылдау барысында.

127. Мемлекеттік сатып алуларға жатпайтын құрылыстағы мердігерлік жұмыстармен (құрылыстағы жобалау, іздестіру, сараптау, зерттеу жұмыстарын, тапсырыстар бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын жасап шығаруды қоса алғанда) байланысты қатынастардың негізгі қатысушылары жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы не оның уәкілетті тұлғасы және мердігер (бас мердігер) болып табылады.

128. Құрылыстағы мердігерлік жұмыстардың тапсырыс берушілері Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, отандық және шетелдік заңды тұлғалар бола алады.

129. Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар (бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда) құрылыста мердігерлік жұмыстарды орындайтын мердігерлер бола алады.

130. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері міндетті:

1) жобалау және іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру кезінде:

аумақтарды пайдалану мен оларда құрылыс салудың бекітілген қала құрылысы құжаттамасында белгіленген регламенттерінің, функционалдық аймақтарға бөлудің шешімдері мен талаптарын сақтауға;

сәулет-техникалық құжаттаманың, атқарушы-өкімдік органдар, мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік сараптама органдары, сәулет және қала құрылысы қызметі жөніндегі органдар шешімдерінің талаптарын сақтауға;

2) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру кезінде:

жер теліміне иелік ету (пайдалану) немесе меншік құқығын куәландыратын құжатты, алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге;

жұмыстардың белгіленген тәртіпте келісілген және бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуге;

тек бекітілген жобада көрсетілген объектілердің құрылысын жүзеге асыруға;

жергілікті сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, уәкілетті мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарының және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың басқа да органдарының өз құзыреттерінің шегінде берген, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың нұсқауларын орындауға;

Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес құрылыс салу аймағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін шараларды ұстана отырып жұмыс жүргізуді жүзеге асыруға;

жұмыстарды жүргізу және абаттандыру жобаларына сәйкес жас көшеттердің және межелік белгілердің сақталуын қамтамасыз етуге;

көшелердің жобада белгіленген «қызыл сызықтарын», құрылыс салуды реттеу шектері мен сызықтарын, жер телімдерінің шектерін қатаң сақтауға, жіберілген бұзушылықтарды өз күшімен және өз есебінен жоюға;

құрылыс алаңдарын жүргізіліп жатқан құрылыс схемалары, салынып жатқан объектінің қысқаша түсініктемесі, тапсырыс берушінің (құрылыс салушының), жұмыстарды жүргізіп жатқан мердігерлік ұйымдардың атаулары мен телефон нөмірлері көрсетілген ақпараттық стендтермен жабдықтауға;

3) құрылыс объектілерін пайдалану кезінде:

санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талаптарға, іргелес жер пайдаланушылардың заңды мүдделеріне, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың талаптарына сәйкес олардың техникалық және эстетикалық жай-күйін қамтамасыз етуге және қолдап отыруға;

4) тарихи-мәдени мұраны қорғау мақсатында:

пайдалануға немесе меншігіне берілген тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын, тиісінше күтіп ұсталуын, тиісті функционалдық пайдаланылуын және қалпына келтірілуін қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша заңнамаларымен белгіленген тарихи-мәдени мұраның материалдық құндылықтары қорғау аймақтар режимдерін орындау.

5) қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және абаттандыру мақсатында:

жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде аумақтарды, су және әуе алаптарын зиянды заттардың атмосфераға шығарылуынан, өндірістік ағындар мен өнеркәсіптік қалдықтармен ластануынан қорғау, өнеркәсіптік және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша нақты іс-шараларды қарастырып, оларды жүзеге асыру;

жобалық шешімдерге қалдығы аз және қалдықсыз озық технологияларды енгізу;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың, басқа да объектілердің санитарлық-қорғау аймақтарын, суағарлар мен суайдындардың су қорғау аймақтарын ұйымдастыруға және абаттандыруға;

құрылысты жүзеге асыру кезінде жас көшеттердің сақталуын және тиісінше күтіп ұсталуын қамтамасыз етуге, топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін топырақ құнарлылығы қалпына келтірілетін жерлерге, құрылыс салу телімдеріне ауыстырып салуға.



2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін субъектілердің жауапкершілігі

131. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамамен белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулерді) оның субъектілерінің бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке алып келеді.

Аталған бұзушылықтарға мыналар жатады:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің лицензияланатын жұмыстар (қызметер) түрлеріне жататын жобалау, іздестіру, сараптамалық, құрылыс-монтаждау жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар өндірісі бойынша жұмыстарын лицензиясыз жүзеге асыру;

2) аумақтардың бекітілген функционалдық пайдаланылуынан, қала құрылысы регламенттерінен, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарында белгіленген тәртіптен ауытқу;

3) заңнамада белгіленген жер телімін таңдаудан және беруден (пайдалануға рұқсат беруден), сондай-ақ қала құрылысын салу мақсаттарында жер телімдерін қайтарып алу тәртіптерінен ауытқу;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген құжаттамадан ауытқу не оны бекіткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгертулер енгізу, сол сияқты қала құрылысы, сәулет-құрылыс және басқа да жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекітудің белгіленген тәртібінен ауытқу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіпті сақтамай, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;

6) Қазақстан Республикасының Заңында сәулет-құрылыс бақылауы, техникалық және авторлық қадағалау міндеттілігі көзделген жағдайларда, құрылысты оларды сақтамастан жүзеге асыру;

7) өз бетінше ғимараттардың, жекелеген үй-жайлардың және (немесе) ғимарат бөліктерінің сәулеттік келбетін өзгерту, қайта жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта профильдендіру), сол сияқты өз бетінше құрылыс салу;

8) елді мекендерде құрылысты жоспарлау және салу кезінде белгіленген «қызыл сызықтардан» және құрылыс салу сызықтарынан, сондай-ақ жоғары сейсмикалық қауіптілік аймақтарында «сары сызықтардан» ауытқу;

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ еңбекті қорғау, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, санитарлық және экологиялық қауіпсіздік, нысанның салынуы және кейіннен пайдаланылуы барысында мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтарының әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік нормативтерді сақтамау;

10) құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға берудің және қабылдаудың, сондай-ақ пайдалану барысында оларды күтіп ұстаудың заңнамамен белгіленген тәртібін бұзу;

11) елді мекендерде (елді мекендердің бөліктерінде) құрылыс салумен (қайта құрумен) және жоспарлаумен байланысты шешімдердің даярлануы және қабылдануы, жобаланатын объектілер, сондай-ақ өмір сүру және мекендеу ортасының жай-күйі және онда болжамдалған қоғамдық және жеке мүдделерді тікелей қозғайтын өзгерістер туралы ақпаратты беруден лауазымды тұлғалардың уәжделмеген бас тартуы не анық емес ақпаратты беруі;

12) салдарынан азаматтардың, соның ішінде мүгедектердің, және жалпы қоғамның өмір сүру және мекендеу ортасының жай-күйі нашарлайтын, құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалатын, мемлекеттік мүдделерге зиян келтірілетін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершілікке алып келетін басқа да іс-әрекеттер.

132. Жіберілген бұзушылықты және оның салдарын жою, сондай-ақ келтірілген шығынның (зиянның) орнын толтыру міндеттері аталған бұзушылықтарға жол берген субъектіге жүктеледі.

133. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жіберген бұзушылықтары салдарынан салынған объектінің кепілдікті пайдаланылу мерзімінің сақталмау фактілері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына сәйкес анықталады.
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтарын қорғау

134. Елді мекендердің аумақтарында құрылыс салуды жүзеге асыру кезінде субъектілердің құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы заңнамасымен анықталады.

135. Елді мекендердің аумақтарында құрылыс салу жөніндегі заңнаманы бұзудан келген шығынды кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде және тәртіпте өтеулері тиіс.

7. Аумақтарда құрылыс салуды реттеу тәртібі

1. Тұрғын аумақтарға құрылыс салу тәртібі

136. Құрылымдық-жоспарлау тұрғысынан, қағида бойынша, елді мекендердің тұрғын аумақтары тұрғын ғимараттар, тұрғын кварталдар, шағын аудандар, тұрғын аудандар және басқа да тұрғын құрылымдар тобы түрінде берілуі тиіс.

Жаңа тұрғын үй құрылысы халыққа өмір сүрудің қолайлы жағдайларын, әлеуметтік қызмет көрсетулердің кепілденген ең аз мөлшерін және құрылыс салудың қандай да бір типі үшін экономикалық тұрғыдан негізделген инженерлік қамтамасыз ету деңгейін қамтамасыз ететін қала құрылысы кешендері түрінде тұрғын ортасын қалыптастыруды көздеуі тиіс.

137. Тұрғын аумақтарына құрылыс салу сәулет-қала құрылысы құжаттамасының (бас жоспарлардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының) негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

138. Тұрғын аумақтарды жобалау және тұрғын үйлерді орналастыру кезінде үйлер мен олар орналасқан жер телімдерін күтіп ұстау және қызмет көрсету мақсатында кейіннен көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің кондоминиумдары құрылуы мүмкін екендігін ескеру қажет.

139. Көп пәтерлі тұрғын үйлер кешендерін жобалау кезінде, экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарды есепке ала отырып, үстіңгі алаңда балалар ойнайтын, спорт және шаруашылық алаңдарын орналастырып, жер асты кеңістігін көлік тұрақтары, гараждар және инженерлік жабдық құрылыстарын орналастыру үшін барынша пайдалану қажет.

140. Аула кеңістігі элементтерін орналастыру үшін қажетті аудандардың есебі сәулет жоспарлау тапсырмасы және қолданыстағы нормативтерге сәйкес орындалады.

141.Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын және кварталдарын жобалау және салу (қайта құру) қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарын орналастыра және қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылымды қамтамасыз ете отырып, кешенді түрде жүзеге асырылады.

Жеке тұрғын үйлерді салатын азаматтарға заңнамамен белгіленген тәртіпте жер телімдерін беру құрылыс салу (қайта құру) аумағын инженерлік даярлау, кіре беріс жолдарын, көшелерді және квартал ішіндегі жолдарды, қажет болатын магистральдық инженерлік желілерді салу, аумақты тігінен жоспарлау бойынша жұмыстар кешенін орындағаннан кейін жүзеге асырыла алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет