Батыс Қазақстан облыстық маслихат сессиясының 2002 жылдың 8 қазанындағы №25-2 шешімімен бекітілген батыс қазақстан облысының



бет2/15
Дата13.06.2016
өлшемі1.64 Mb.
#132884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Келтірілген мәліметтер соңғы жылдары облыс тұрғындарының тұрмыстық деңгейімен ақшалай кірісінің өсіп отырғанын көрсетеді.

Тұрғындардың 2001 жылғы ақшалай шығынының құрамының 96,7 пайызы тұтыну тауарларын алу мен қызмет көрсетуге, 0,2 пайызы салық жинағы мен басқа да төлемдерге, 3,1 пайызы басқалай қаржылық шығынға келіп отыр. Тұтыну шығындарының құрылымында азық-түлік тауарларын сатып алуға жұмсалған қаржылай шығынының үлес салмағы 55,7 пайыз құраса, олардың ішінде нан өнімдері мен жармаларға 15,4 пайыз, ет және ет өнімдеріне 10,3 пайыз, қаңт пен кондитер өнімдеріне 8,2 пайыз, сары май мен тоң майға 4,5 пайыз сүт өнімдеріне 4,5 пайыз балық және теңіз өнімдеріне 1,6 пайыз жұмсалған.

Облыс тұрғындарының азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне жасалған талдау мынандай қорытынды жасауға ықпал етіп отыр:

картоп пен жұмыртқадан басқа ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру облыстың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді;

облыстың азық-түлік нарығы тұтастай алғанда негізгі тағамдарды тұтынудың ұлттық стандартын қамтамасыз етеді;

облыс тұрғындарының экономикалық қол жетімділігі тұтастай алғанда тұрғындардың кіріс деңгейі мен қамтамасыз етілуде, бірақ та ол әлеуметтік топтарға шаққанда бір деңгейде емес;

азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі облыстың ішкі нарығына импорттық азық-түліктер көлемінің ауқымды болуына байланысты тұрақты болмай тұр;

азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы бәсекеге қабілетті тауарларды өндіруді ұлғайту негізінде импорттық тауарларды қысқартуды жүзеге асыру және республиканың басқа аймақтарынан аумақаралық азық-түлік алмасуын ұлғайтудың шараларын алу қажет.
6- шы кесте

Тамақ өнімдерін тұтынудың ұлттық стандарттарына сәйкес



азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті шекті деңгейі


Атаулары

Тамақ өнімдерін тұтынудың стандарттары кг/жыл

Облыс бойынша тамақ өнімдерін тұтынудың шекті деңгейі , тонна

Облыс бойынша тағам өнімдерін тұтынудың ауыл шаруашылығы өніміне есептегендегі шекті деңгейі

2003 ж. тұрғындар 602,5 мың адам

2004 ж. тұрғындар 603 мың адамдар

2005 ж. тұрғындар 603,5 адам

өнімдер

2003 ж.

2004ж.

2005ж.

Нан өнімдері (қарабидай нанысыз астыққа есептегенде)

92,12

55502

55548

55594

Бидай барлығы

74723

74786

74848

Бидай ұны

18,25

10995

11005

11014

Бидай

16915

16931

16944

Бидай наны

94,45

56906

56953

57001

Бидай

53685

53729

53774

Макарондар

4,38

2639

2641

2643

Бидай

4123

4126

4130

Қара бидай наны

23,73

14297

14309

14321

Қара бидай

15049

15062

15075

Күріш

8,07

4862

4866

4870

күріш

-

-

-

Бұршақ тұқымдастар

3,72

2241

2243

2245

Бұршақ тұқымдастар

3201

3204

3207

Картоп

62,34

37560

37591

37622

Картоп

37560

37591

37622

Көкөніс және бақша дақылдары, барлығы

55,14

33222

33249

33277

Көкөніс және бақша дақылдары барлығы

33222

33249

33277

Капуста

14,73

8875

8882

8889

Капуста

8875

8882

8889

Пияз

14,66

8833

8840

8847

Пияз

8833

8840

8847

Сәбіз

11,15

6718

6723

6729

Сәбіз

6718

6723

6729

Қызылша

1,46

879

880

881

Қызылша

879

880

881

Басқа көкөністер,бақша дақылдарын қосқанда

13,14

7917

7924

7931

Басқа көкөністер, бақша дақылдарын қосқанда

7917

7924

7931

Жеміс –жидектер, барлығы

27,37

16490

16504

16518

Жеміс –жидектер, барлығы


16490

16504

16518

Алма

23,73

14297

14309

14321

Алма

14297

14309

14321

Жемістер (жүзім және басқалары )

3,64

2193

2195

2197

Жемістер (жүзім және басқалары )

2193

2195

2197

Цитрустар

1,83

1103

1103

1104

Шырынды жемістер

-

-

-

Қант

15,26

9194

9202

9209

Қант қызылшасы

-

-

-

Ет өнімдері (етке есептегенде)

41,60

25064

25085

25105

Ет, барлығы

25064

25085

25105

Сиыр еті

14,60

8796

8804

8811

Сиыр еті

8796

8804

8811

Шошқа еті

10,22

6157

6163

6168

Шошқа еті

6157

6163

6168

Қой еті

8,03

4838

4842

4846

Қой еті

4838

4842

4846

Құс еті

5,47

3296

3298

3301

Құс еті

3296

3298

3301

Басқа жануарлардың еттері

2,55

1536

1538

1539

Басқа жануарлардың еттері

1536

1538

1539

Балық, барлығы

4,38

2639

2641

2643

Балық, барлығы

3770

3773

3776

Жұмыртқа, мың дана

0,1034

62298

62350

62402

Жұмыртқа, мың дана

62298

62350

62402

Сүт өнімдері (сүтке есептегенде )

179,53

108167

108256

108346

Сүт, барлығы

108167

108256

108346

Сүт, л.

91,24

54972

55018

55063

Сүт, л.

54972

55018

55063

Қаймақ

2,19

1319

1321

1322

Қаймақ

1319

1321

1322

Ақ ірімшік

2,19

1319

1321

1322

Ақ ірімшік

1319

1321

1322

Сары ірімшік

2,55

1536

1538

1539

Сары ірімшік

1536

1538

1539

Сары май

2,19

1319

1321

1322

Сары май

1319

1321

1322

Өсімдік майы

8,47

5103

5107

5111

Майлы дақылдар

17010

17023

17037

Күнбағыс майы л.

6,53

3934

3937

3941

Күнбағыс

13113

13123

13137

Маргарин

1,75

1054

1055

1056

Маргарин

1054

1055

1056

Майонез

0,73

440

440

441

Майонез

440

440

441

Азық- түліктік қауіпсіздігінің маңызы, азық- түлік кешенінің негізі болып табылатын аграрлық сектордың алдында тұрған мәселелердің күрделілігі мен көпжақтылығы, 3-жылдық мерзімге қабылданған аймақтық аграрлық азық-түлік бағдарламасына кешенді түрде қарау қажет екенін айқындайды.


II Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі мақсаты: агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді жүйесін қалыптастыру және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде облыстың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:

ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімді жүйесін қалыптастыру және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу;

облысты азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа сату көлемін ұлғайту;

ауыл шаруашылығына және қайта өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту;

агроөнеркәсіптік өндірісті техникамен қамтамасыз ету мен қайта жарақтандыруды арттыру;

аграрлық өнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымын қалыптастыру.

lll Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері


3.1 Облыстың ауыл шаруашылық өндірісі жағдайының қысқаша сипаттамасы
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік -батысында орналасқан. 2001 жылдың 1-ші қарашасына облыстың жалпы жер қоры 15,1 млн. гектарды құраған. Оның ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 14 млн. гектар, соның ішінде жыртынды 0,6 млн. гектар, тыңайған жерлер 1,1 млн. гектар, шабындық 1,2 млн. га, жайылым 11,1 млн. га және көп жылдық екпе шөптер 2,7 мың га.

Топырақ пен климаттық ресурстарды және ауыл шаруашылығы өндірісін бәсекеге қабілетті жүргізуді ескере отырып, облыстың аумағы 3 табиғи экономикалық аймаққа бөлінген.





I ауылшаруашылық аймағы-далалық, астықты-мал шаруашылықты аймағы (облыстың солтүстік бөлігі), онда топырақтың балл бонитеті 23 тен 47 дейін қоңыр топырақтар кездеседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 230-300 мм, ал жылы кезеңде 125-135 мм жауады. Бұл аймақта дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, азықтық дақылдар, картоп және көкөністер, жеміс-жидектер өндірісі шоғырланған. Мұнда мал шаруашылығы салалары да дамыған: сүтті ірі қара мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы және етті-жүнді қой шаруашылығы.




II ауылшаруашылық аймағы-құрғақ-далалық, мал шаруашылықты-астықты (облыстың орталық бөлігі), бұған топырақтың балл бонитеті 18-ден 25-ке дейін ауытқитын, қоңыр топырақтар тән. Екінші аймақ құрғақтау келеді, жылына 240-260 мм, жылы кезеңде 100-130 мм жауын-шашын жауады. Бұл аймақта мал шаруашылығы мұқтажына қоспа жемшөп дақылдарын өндірумен айналысады. Шабындық және жайылым жерлердің кеңдігі етті ірі қара мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, табынды жылқы шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді.







III ауылшаруашылық аймағы-жартылай шөлейтті, мал шаруашылығына бағытталған (облыстың оңтүстік бөлігі). Топырақ жабыны –бұл ашық қоңыр және құба топырақтары, сіңімді заттар құрамы төмен, балл бонитеті 17-ден аспайды. Жылына 190-нан 230 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Бұл аймақта етті-майлы қой шаруашылығы, табынды жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы және етті ірі қара мал шаруашылығымен айналысады.





3.1.1 Жер қорын пайдалану
Облыстың аграрлық секторында ауылшаруашылық кәсіпорындарын реформалау және алқаптарды оңтайландыруға байланысты, ауылшаруашылық айналымынан өнімділігі төмен және сортаң жерлерді шығарудың нәтижесінде 1991 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 8357,4 мың гектарға немесе 2,5 есеге кеміген болса, оның ішінде егістік жер көлемі 1456 мың гектарға немесе 3,6 есеге кеміді.

2001 жылы ауыл шаруашылық айналымында 4,5 млн. гектар жер пайдаланылса, яғни ол облыстың барлық ауыл шаруашылығы жерлерінің 32 пайызын құраған.

7-ші кесте



    Әр жылдағы ауыл шаруашылығы мақсаттағы жерлер мен

    егістік жерлерін пайдаланудың динамикасы

    мың. га

    Аудандар


    1991ж

    1995 ж.

    2000ж.

    2001ж.

    2001ж 1991 ж қарағанда +,-

    2002 ж бағалау

    А/ш мақс. жер лер

    жыртынды

    А/ш мақс. жер лер

    жыртынды

    А/ш мақс. жер

    лер


    жыртынды

    А/ш мақс.

    жер


    лер

    жыртынды

    А/ш мақс.

    жерлер


    Жыр

    тын


    ды

    А/ш мақс.

    жерлер


    Жыртын

    ды


    Ақжайық

    2351,4

    126,8

    2094,3

    105,2

    605,6

    0,2

    444,3

    0,2

    -1907,1

    -126,6

    452,3

    0,3

    Бөкейордасы

    972,2

    49,8

    868,1

    25,6

    249,2

    1,4

    179,2

    1,4

    -793,0

    -48,4

    182,4

    2

    Бөрлі

    528,6

    276,6

    472,0

    254,9

    206,3

    50,6

    192,7

    56,4

    -335,9

    -220,2

    196,2

    82,3

    Жаңақала

    1394,3

    29,5

    1244,9

    19,5

    782,8

    1,9

    771,4

    2,1

    -622,9

    -27,4

    782,3

    3,1

    Жәнибек

    810,0

    106,6

    723,2

    80,5

    317,5

    11,0

    267,2

    11,7

    -542,8

    -94,9

    272

    17,1

    Зеленов

    667,6

    400,5

    596,1

    378,2

    338,7

    134,6

    398,3

    189,3

    -269,3

    -211,2

    407,2

    277,5

    Қазталов

    ка


    1820,8

    105,5

    1625,7

    94,2

    421,3

    1,3

    380,0

    0,7

    -1440,8

    -104,8

    386,8

    1,1

    Қаратөбе

    1018,5

    44,7

    909,4

    32,2

    339,8

    11,3

    316,1

    10,5

    -702,4

    -34,2

    321,8

    15,7

    Сырым

    1161,1

    187,4

    1036,7

    185,2

    585,5

    37,4

    524,7

    55,9

    -636,4

    -131,5

    534,1

    82

    Тасқала

    681,6

    135,9

    608,6

    131,3

    313,5

    30,6

    305,1

    42,6

    -376,5

    -93,3

    310,6

    62,5

    Теректі

    753,5

    298,3

    672,8

    303,8

    511,8

    72,6

    444,2

    100,8

    -309,3

    -197,5

    452,2

    147,2

    Шыңғыр лау

    654,1

    230,9

    584,0

    185,9

    238,8

    62,5

    239,2

    54,0

    -414,9

    -176,9

    243,5

    78,8

    Орал қ.

    59,7

    14,0

    53,3

    34,7

    53,3

    21,8

    53,6

    25,2

    -6,1

    +11,2

    54,6

    36,7

    Барлығы:

    12873,4

    2006,5

    11489,1

    1831,2

    4964,1

    437,1

    4516,0

    550,8

    -8357,4

    -1455,7

    4596

    806,3



2002 жылы өңделген егістік жерлердің көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 255,5 мың гектарға өсіп, 806,3 мың гектарды құрады.
Проблемалар :

Тұрақты жер қатынасының болмауы орта және ірі тауар өндіруші ауылшаруашылық құрылымдарын ынталандырмайды;

топырақтың сапасын анықтау жөніндегі осы замаңғы материалдардың болмауы (топырақтың сапасын анықтау жөніндегі ең соңғы толық ауқымдағы жұмыс ең соңғы рет 1986 –1987 жылдары жүргізілген) жер салығының мөлшерін дифференциялаумен нақты түрде бағалауға мүмкіндік бермейді;

топырақтың құнарлығын арттыруға ынталандырудың, сондай-ақ топырақ құнарлығының жай-күйін пәрменді қадағалаудың экономикалық тетігінің болмауы жер пайдаланушылардың жерді пайдалану жауапкершілігін төмендетеді;

жер қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы жерді пайдалануды түбірімен өзгертуді қажет ететінін куәландыруда. Жерді жаңартудың мақсаты оны пайдаланудың тиімділігін көтеруге, жердің өнімділік потенциалын және инвестицияны ұлғайту үшін жағдай жасаумен оны экономикалық өсудің күшті дербес факторына айналдыруға тиіс.
Шаралар:

ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығын сақтау және арттыру мақсатында жерді тиімді пайдаланбағаны үшін жауапкершілік механизмін енгізу;

жерді бөлудің қолданып жүрген заңнамаға сәйкестігіне тексеріс жүргізу;

жер учаскелерінің бағалау құнын анықтау әдістемесін жетілдіру: облыстың барлық аудандарында бонитетті бағалаудың 4-турын өткізу;

жерді кепілге беру арқылы несие берудің ипотекалық нысанын және несие тетігі арқылы жер пайдалану құқығын пайдалана отырып, аграрлық секторда қаржы –несиелік қатынастарын жетілдіру;

жоғары құнарлы тыңайған жерлерді айналымға салу;


Күтілетін нәтижелер:

Жерді нарықтық айналымға енгізу, ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін несие ресурстарын алуға мүмкіндігін ұлғайту, жердің пайдаланылуын жақсарту, салық салудың арнайы режимін сақтау;

Құнарлы тыңайған жерлерді айналымға енгізіп, соның негізінде өнделген егістік жерлердің көлемін 2005 жылға 948,1 мың гектарға дейін ұлғайту.
3.2 Ауыл шаруашылығында су пайдаланудың тиімді жүйесін қалыптастыру
Су қорлары.

Облыстың су қорларының негізін орташа есеппен су мол болған жылдары жылына 2,7 млрд. текше метр құрайтын өзен сулары құрайды. Оның 80 пайызы Ресей Федерациясының аумағынан келеді. Облыста барлығы 50 өзен бар. Облыс тұрғындары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мақсатына пайдаланатын ірі өзендердің қатарына: Жайық, Шаған, Деркул, Елек, Барбастау, Үлкен және Кіші Өзендер жатады.

Тұрғындарды және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мақсатында 4 шаруашылықаралық суармалы -жайылмалы жүйе жұмыс істейді: ( Жайық-Көшім, Жәнібек, Үлкен- Өзен, Кіші -Өзен). Оларда жалпы сиымдылығы 460 млн. текше метрлік 10 су қоймасы мен 1828 шақырым арналар бар.

Суландыратын жерлердің басым көпшілігі, Жайық –Көшім суландыру жүйесіне кіреді. Жайық өзенінен бұл жүйеге су жіберу жүйесі 840 млн. текше метрді құрайды. Ол 9,3 мың гектар тұрақты жерлерді, 97 мың гектар көлтабандарды және 2177 мың гектар жайылымдық жерлерді сумен қамтамасыз етуге жағдай жасады.

Оңтүстіктегі аудандардың көп бөлігі яғни Қазталовка, Жаңақала, Ақжайық аудандарының жерлері Үлкен және Кіші Өзендері арқылы суландырылады. Су мол болған жылдары орташа есеппен бұларға тасқын сулары есебінен 190 млн.текше метрге дейін су беріліп отырды. Ал жазғы маусымдарда судың жетіспеген бөлігі Ресей Федерациясының Саратов облысынан Саратов арнасы арқылы Еділ өзенінен берілді.

Жәнібек ауданы мен Бөкейордасындағы Мұратсай ауылдық округін негізінен сумен қамтамасыз ету көздері Жәнібек суландыру жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жүйеге су беру Ресей Федерациясының Волгоград облысындағы Палласов суландыру жүйесі арқылы Еділ өзенінен беріледі. Суландыру нысандарының суға деген нақты қажеттілігі жылына 70 млн. текше метр. Онымен 1,5 мың гектар тұрақты жерлер, 4,8 мың гектар көлтабандар, 489 мың гектар жайылымдық жерлер мен Мұратсай су қоймасы қамтамасыз етіледі.

ТМД елдері арасындағы жаңа экономикалық қатынастардың енгізілуінен Ресейден су беру 7 еседен аса кеміп кетті. Ал Кіші және Үлкен Өзендерден Саратов арнасы арқылы Еділдің суын Жәнібек суландыру жүйесіне беру мен Ресей Федерациясының Волгоград облысындағы Палласов жүйесінен су алу ақылы негізде жүргізіледі. Бір текше метр су берудің құнына тарифтердің өсуіне байланысты ең аз деген қажеттегі мөлшердегі су алуға жұмсалатын шығын жыл сайын өсе түсуде. Егер 2001 жылы ол 30 млн. теңге болса, ал 2002 жылы 65,2 млн. теңге болып отыр. Бұған 2003 жылы 92,4 млн. теңге қажет болады.

2002 жылы Үлкен Өзенге жобалық 124 млн. текше метрдің орнына 72 млн. текше метр тасқын су берілген болса, Кіші Өзенге жобалық 66 млн. текше метрдің орнына тиісінше 30 млн. текше метр су берілген.

Бұдан басқа Кіші Өзенге ақы төлеу арқылы Саратов арнасынан 9,4 млн. текше метр Еділ өзенінің суы берілген.

Палласов суландыру жүйесінен су беруде осындай жағдайда Жәнібек суландыру жүйесіне өткен жылы қажетті 70 млн. текше метрдің орнына 9,9 млн. текше метр, ал үстіміздегі жылдың 1-маусымына 5,9 млн. текше метр су берілген.

Облыстың суландыру кешенінің техникалық жағдайы гидротехникалық құрылыстардың анағұрлым ескіргенін білдірсе, арналардың ұзақ мерзімге дейін пайдаланылмауының нәтижесінде әртүрлі өсімдіктермен ластанып, механикалық жолмен тазартуды талап етуде. Сондай-ақ арналардағы барлық су тежегіш қондырғылар да қайта қалпына келтіруді талап етуде.

8-ші кесте

Батыс Қазақстан облысы бойынша қолда бар суармалы жерлердің жағдайы

мың. га

Аудандардың

атауы


Суарма лы жерлер

Олардың ішінде суарлатыны

Пайданылмайтын суармалы жерлер

Барлы ғы

соның ішінде

барлығы

с.і. себептері бойынша

Егістік жерлер

Су бар маған жерлер

Суландыру жүйесінің ақаулығы

Судың болмауы

Қаржы қорының болмауы

Ақжайық

3,4

1,1

1,01

0,09

2,3

1,5

-

0,8

Бөрлі

4,62

0,9

0,8

0,1

3,72

1,7

-

2,02

Жаңақала

0,8

0,28

0,28

--

0,52

0,3

-

0,22

Жәнібек

1,5

0,24

0,24

-

1,26

0,5

-

0,76

Зеленов

20,5

2,7

2,4

0,3

17,8

6,1

-

11,7

Қазталовка

1,03

0,25

0,20

0,05

0,78

0,4

-

0,38

Сырым

1,03

0,51

0,51

-

0,52

0,52

-




Тасқала

0,21

0,1

0,1

-

0,11

0,11

-




Теректі

14,5

3,32

3,14

0,18

11,18

4,28

-

6,9

Бөкейорда

1,06

0,1

0,1

-

0,96

0,46

-

0,5

Шыңғырлау

1,05

0,15

0,15

-

0,9

0,4

-

0,5

Қала маңының аймағы

5,8

1,45

1,17

0,28

4,35

4,13

-

0,22

Жиынтығы

55,5

11,1

10,1

1,0

44,4

20,4

-

24,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет