Батталов қайрат қанатұЛЫ


Жергілікті әкімшіліктер тұсындағы кедендік қызмет (1876-1890 жж.)



бет5/9
Дата09.06.2016
өлшемі10.63 Mb.
#124102
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.4 Жергілікті әкімшіліктер тұсындағы кедендік қызмет (1876-1890 жж.)
ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай Ресейдің Сібір кедендік аймағының шебі арқылы Батыс Қытай және Моңғолиямен саудасының негізгі бағыттары - Семейден Шыңжаң провинциясының Құлжа мен Шәуешек қалаларына және Бийск арқылы Улясутай мен Кобдоға баратын сауда жолдары болатын. Осы негізгі сауда жолдары арқылы ресей-қытай керуен саудасының келбеті қалыптасты. Алайда, ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы аймақтағы өзгерістер - 1855 жылғы орыс факториясының бүлікшілер тарапынан қасақана өртелуі, дүнгендердің көтерілісі сауда барысының даму қарқынын жоққа шығарды [124, 597п.]. Алайда бұл жағдай ұзақ тұрақтала бермеді. ХІХ ғасырдың 70 жылдарының орта шегіне қарай Батыс Қытайдан және Моңғолиядан Семей мен Бийскіге баратын жолда сауданың біршама жандануы байқалды. Томск губерниясының губернаторы 1876 жылғы патшаға есептемесінде орыс саудасының Моңғолиядағы жағдайы туралы былай деп мәлімдеген: «Біздің Моңғолиямен сыртқы саудамыз бірқатар жағымсыз жағдайларға қарамастан, жыл сайын өсіп келеді. Қазір біздің керуендер Улясутай және Кобдо қалаларына дейін Моңғолияның ішкі аумақтарына еніп, осы қалаларда және оларға тиесілі аймақтарда сауда жүргізуде» [124, 205 айн.п.]. Өлкедегі шай саудасының жандануының жөнінде тағы бір жерде: «Кяхталық сауданың құлдырауы нәтижесінде көптеген орыс көпестері Қалған қаласынан Угра арқылы Кяхтаға емес, Улясутай арқылы Бийск аймағына тауарларды өткізуге тілек білдірді. Бұл тілектің (Қалған қаласынан тауарларды тасымалдауға - Б.Қ.) іске асып жатқаны туралы дәлелі Бийск көпестерінің 1875 жылы Қытай мен Моңғолияда 140 кірпіштік және 92 үстелдік шай жәшіктерін сатып алып, оны тікелей Бийск қаласына жібергені бола алады, осы қалаға аталған тауарлар сол жылдың желтоқсан айында келіп түсті. 1876 жылдың қараша айында Уградағы консул Қалғаннан Улясутай арқылы Бийск қаласына 300 қара және кірпіш шай жәшігі бар бір кяхталық көпестің керуені шыққаны туралы мені мәлім етті. Бұл істе бойынша жақсы хабарланған тұлғалардың пікірінше, Улясутай арқылы Батыс Сібірге жол жергілікті жағдайлармен тәжірибелік және спецификалық бұл шаралардың орнығуы болған жағдайда Ирбит, Нижний Новгород және Мәскеу қалаларына баратын тауарлар үшін ең тікелей және қарапайым жолға айналар еді. Алайда, осы жаңа сауда жолының тұрақталуымен Шығыс Сібір мен Томск қаласының көпестерінің, сонымен қатар, Кяхтадан Омбыға дейінгі жол маңындағы тұрғындардың мүдделеріне уақытша зиян келеді, бірақ жалпымемлекеттік пайда тұрғысынан бұған назар аударудың қажет жоқ, себебі көпестердің капиталдары өздеріне қызметтің басқа саласын табады, ал жол маңындағы тұрғындар жер шаруашылығына көшеді...» делінген [124, 210-211пп.].

Батыс Қытай мен Моңғолия арқылы ресей-қытай сауда қатынастарының жандануы аталған жолдың Ресейдің ішкі губернияларына Кяхта арқылы өтетін сауда жолымен салыстырғанда, қашықтығының аздығымен, нәтижесінде тасымал шығындарының төмендігімен, ресейлік сауда орталықтарына жақындығымен байланысты болатын. Батыс Сібір территориясы арқылы шай саудасының мүмкіндіктері туралы В. Птицын: «К тому же вновь открытая, свободная для всех сословии торговля на западных границах Сибири, может доставлять современем такие же сорта чаев, как и мы (кяхталық жол арқылы – Қ.Б.), и продавать их дешевле, по очень естественной причине: доставка оттуда чаев на нижегородскую ярмарку, обходится несравненно дешевле нашей и капитал, обращающийся в той торговле, может сделать два оборота в год. Тогда как кяхтинская торговля не дает возможности полного возвращения капитала и в полтора года один раз. Если предположим, что торговля на западной границе получит более значительное развитие и будет приносить участвующим в оной пользу, то наверное можно сказать, что насколько она будет увеличиваться в своем объеме, настолько естественно должна уменьшиться торговля на Кяхте, с неизбежной потерей для всего сибирского края», - деп қорытқан [24, 134 б.].

Нәтижесінде, ескі кедендік шепті таратудан соң сегіз жыл өткеннен соң, 1876 жылы Томск губерниясы мен Семей облысының шекарасында шай саудасынан баждарды жинау қажеттігі шешілді. Бийскіге шай жолын кедендік бақылауда ұстау және қажетті баждарды жинау міндеті Бийск қаласында жергілікті полицейлік құрылымдарға жүктелді. Бұл туралы Қаржы министрі, статс-хатшы М.Х. Рейтернның Батыс-Сібір генерал-губернаторының атына 1876 жылдың 24 ақпанында жазылған қызметхатында былай делінген: «В дополнение к телеграмме моей от 7 сего февраля, имею честь уведомить Ваше превосходительство, для зависящих от Вас распоряжении и объявления торгующим, что впредь до установления постоянного движения чайных транспортов на Бийск и до решения вопроса об учреждении на этом пути таможни, я признаю возможным определение количества привозимого в Бийск чая и исчисление за него пошлины возложить на чиновников по назначению Вашему, местного Полицейского Окружного Управления совместно с Бийским окружным Казначеем, с тем, чтобы торгующие по прибытии чайных транспортов немедленно заявляли о том как Окружному Полицейскому Управлению, так и местному казначею, и чтобы причитающаяся за него пошлина была вносима в Бийское Окружное Казначейство, о чем и поручил сделать по сему Казначейству надлежащее распоряжение. К сему считаю долгом присовокупить, что пошлина должна быть взимаема с чаев: цветочного и торгового в размере 15 копеек с фунта, а за кирпичный по две и одной двадцатой (2 ¹/20) копеек с фунта» [148, 2п.].

Алайда, шай саудасы жалғыз Бийск қаласы арқылы ғана емес, сонымен қатар Ертіс бойымен Семейге баратын сауда жолында да кедендік бақылауды орнату қажеттілігі туындады. Бұған дәлел ретінде 1876 жылдың 17 маусымындағы статс-хатшы Рейтернның Батыс Сібірдің бас басқармасына қызметхатындағы мәліметтерді келтіруге болады: «В ответ на отношение от 8 мая за №527 и в дополнение к телеграмме моей от 17 сего июня, имею честь уведомить Ваше Превосходительство, что, впредь до установления постоянного движения транспортов чая из Монголии в Семиреченскую область, по указанным в отношении Вашем путям и до учреждения на этой части границы таможенного надзора и таможень, я не встречаю с своей стороны, согласно с мнением Вашим, препятствии к очистке пошлиною привозимого этими путями чая в станице Алтайской и Зайсанском посту на тех же основаниях, как сие допущено в Бийске, с возложением обязанности по досмотру и очистке пошлиною чая в поименованных выше двух пунктах на чинов местной администрации, по вашему назначению, если ваше Превосходительство изволите признавать существующий ныне в тех пунктах надзор за привозом товаров из-за границы обеспечивающим правильную очистку всего количества привозимого чая пошлиною» [149, 5айн.-6пп.]. Осы құжаттағы мәліметтер бойынша болашақтағы кедендік құрылымдарды ұйымдастыруға дейін Алтайская станицасы мен Зайсан постындағы шайдан баждарды алу тәжірибесі енгізіліп, Бийск қаласында бұл міндет жергілікті полицейлік органдарға жүктелсе, аталған екі пункттерде жергілікті әкімшілік шендерінің мойнына артылды. Яғни, Қытаймен шекаралас Семей және Жетісу өлкелеріндегі кедендік функциялар өздерінің тікелей міндеттерімен қатар сот, қоғамдық тәртіпті, мемлекеттік мүлікті қадағалау қызметтерін атқарған жергілікті облыс әкімшіліктеріне және полицейлік құрылымдарына жүктелді. Семей облысында кедендік жүйені енгізуге дейін ресейлік көпестер үшін сауда куәліктерін беру тәжірибесі әкімшілік тарапынан кең қолданылды. Семей облыстық басқармасы, Зайсан приставының басқармасы, Өскемен уездік басқармасы көпестерге және басқа да саудагерлерге Қытайға өту үшін «заңдастырушылық билеттер» беріп тұрды.

Аталған пунктердегі шай саудасының және жинақталған баждар көлемін келтіруге болады:
1-кесте - Батыс Сібір арқылы шай саудасы мен жиналған баж көлемі


Жыл

Бийск қаласы арқылы

Жиналған баждың

көлемі


Алтайская станицасы арқылы

пұт

фунт

пұт

фунт

1876

-

-

Осы жылдар аралығында жинақталған баждар көлемі

5390 рубль



169

36

1877

1007

24

412

21

1878

18

-

366

19

1879

20

10

173

10

1880

1009

5

51

-

1881

-

-

246

16

1882

-

-

130

30

1883

-

-

1876-1882 жылдардың аралығында барлығы 1550 пұт 12 фунт

1884

-

-

1885

-

-

1886

-

-

1887

926

30

1888

кірпіштік

932

27

2441 рубль

Олардан жинақталған баждардың көлемі 1302 рубль 26 тиын

қара

51

27

1889

кірпіштік

2365

36

45471 рубль

1883 және одан кейінгі жылдары шай үшін баждар түскен жоқ

қара

1602

27

Ескертпе - Торговые связи Семипалатинского Прииртышья (ХVІІІ-ХХ вв.): сборник документов / Управление архивами Восточно-Казахстанской области, Центр документации новейшей истории Восточно-Казахстанской области. – Семипалатинск, 2004. - 241б.

Осы кесте негізінде шай саудасының ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғына дейін тұрақсыз және көлемі шағын болғаны көзге түседі. Кедендік істі қадағалаушы облыстар әкімшіліктерінің, полицейлік құрылымдардың арасындағы байланыстың жоқтығы, олардың мойнына шамадан тыс артық функциялардың жүктелуі, шекараны кедендік тұрғыдан толықтай, үздіксіз бақылаудың болмауы, кедендік күзеттің нақты қатал тәртібінің жоқтығы шай саудасының баждарды төлеусіз, контрабандалық жолмен өтуіне әкеліп, өлкедегі істің ұйымдастырылуына қайта қарауды талап етті.

Жетісу облысында кедендік бақылау жүйесін орнату мәселесі ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары Түркістан генерал-губернаторы тарапынан көтерілді. Кедендік қызметті енгізу туралы ұсыныс 1873 жылы Түркістандағы акциздік басқарма тарапынан түсті. Жетісу территориясында кедендік қызметтің болмауы заң негізінде Жетісу арқылы Батыс Қытайға акцизсіз шығарылып жатқан спирттік өнімдерді контрабандалық жолмен енгізу қаупін жоғарылатты. Бұл акциздік төлемдер арқылы қазынаны толықтырып жатқан және фискалдық мүдделерді жоғары қойған билік иелері үшін кедендік қызметті шекарадағы жергілікті әскери құрылымдарға жүктеуге итермеледі. Түркістан генерал-губернаторы Жетісу әскери губернаторына жолдаған қызметхатында кедендік бақылау міндеткершілігін Бөріқұзыр, Нарын қамалдарында, Бақты мекенінде, Тянь-Шань және Қаптағай бекеттерінде орналасқан гарнизон жасақтарының бастықтарына жүктеуді ұсынды [147, 1-2пп.]. Алайда, бұл мәселенің шешілуі көптеген жылдарға созылды. Кедендік қызмет бойынша фунцияларды енгізу үшін ең алдымен, сыртқы саяси мәселелерді шешу қажет болды. Басты кедергі - орыс-қытай шекарасының шешілмеуі болатын. Осындай мәселелер қатарына Жетісу мен Батыс Қытай шекарасы жатты. Саяси тұғыда екі мемлекет арасындағы теке-тірестің пайда болуына «тәртіпті» орнату үшін ресейлік әскерлердің Іле өлкесіне енгізілуі ықпал етті. Ресейдің шекара мәселесінің ушығуы тіпті екі тараптардың шекара бойында белгілі бір мөлшерде қарулы күштерді шоғырлануына әкелді. 1881 жылғы Петербор келісіміне сәйкес екі мемлекет арасында шекара белгіленіп, саяси теке-тірес пен сауда-экономикалық байланыстар мәселесі шешімін тапты. Орыс-қытай саудасын дамыту үшін шайдан басқа рұқсат етілген тауарларға бажсыз, еркін айналымға түсуіне мүмкіндік берілді. Жоғарыда айталғандай, ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарына қарай капиталисттік даму жолына түскен Ресейдің анық протекционисттік саясаты айқындалып, Батыс Қытайды, яғни Синьцзян провинциясын Петербордағы билік иелері еуропалық нарықта бәсекеге қабілеттілігі төмен орыс мануфактурасының тауарларын өткізу нарығы ретінде қарастырған. Ресей мен Қытайдың Шыңжаң аймақтары арасындағы сауда қатынастарының дамуы Шыңжаңның Ішкі Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарының әлсіздігімен шартталған еді. Осының бірден-бір себебі – Ішкі Қытай мен Шыңжаң аймағы арасындағы үлкен қашықтық, сауда жолдарының шектеулігі, Гоби шөл даласының кедергі болуы, яғни, географиялық фактордың орын алуы болды. Сондықтан, ХІХ ғасырдың ортасынан саяси тұрақталудың үрдісінің барысына қарай аталған аймақ Ресейдің сауда орталықтарымен жақындасып, сауда қатынастары қалпына келе бастады. Нәтижесінде, Батыс Қытаймен шекаралас Семей облысы мен Томск губерниясындағы үлгі негізінде орыс-қытай саудасын, оның ішінде шай саудасын бақылауда ұстау үшін Жетісуда жергілікті әкімшіліктер тұсында кедендік функцияларды енгізу қажеттілігі туындады.

Болашақ Семей кедендік аймағының қарамағындағы Жетісу өлкесі бойынша кедендік істің бастамасы ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарының орта шенінен орын алады. Жетісу мен Семей облыстарының 1883 жылға дейін әртүрлі генерал-губернаторлықтар құрамында болуына қарамастан, кедендік істі ұйымдастыру шаралары ортақ болды. Қытаймен шекаралас жатқан Жетісу өлкесі Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына облыс ретінде кіргендіктен, 1883 жылғы Жетісу облысын Дала генерал-губернаторлығына қосуға дейін кедендік тұрғыдан толықтай Түркістан генерал-губернаторлығының әкімшілігіне бағынышты еді. Жетісу өлкесін қамтыған Түркістан генерал-губернаторлығында зекеттік жүйе кең қолданысқа ие болды. Аталған өлкедегі зекеттік жүйенің мағынасы аймаққа кіретін, шығатын және ол арқылы өтетін барлық тауарларға 2,5%-дық баждар салынуында еді. Алайда, бұл тәсілдер ресей саудасының талаптарына сай емес жүйе болатын. Нәтижесінде, 1875 жылы зекеттік алымдар тәжірибесі тіпті тоқтатылды. Тәжірибе ретінде Түркістан өлкесінде де саудаға баждарды төлеуден еркіндік берілді. Осындай жағдай 1881 жылға дейін сақталып келді. Осы жылдың аяғына қарай сыртқы шекараны бақылаумен қатар әскери-полицейлік басқарманың қарауында Жетісу облысының губернаторы, генерал-лейтенант Г.А. Колпаковский бекіткен уақытша ережелерге сай Ресейлік Түркістан мен Жетісу өлкелерінде кедендік бақылау да орнату көзделді. [113, 105 б.] Алайда, бұған Жетісудың Дала генерал-губернаторлығының құрамына енуі жоққа шығарып, аймақтағы кедендік саланың дамуы Түркістан генерал-губернорлығының құзырынан шығып, Дала генерал-губернаторлығына қарасты болды. 1884 жылы Жетісу облысындағы кедендік бақылаудың жағдайы Дала генерал-губернаторының қызығушылығын тудырды. Генерал-губернатор кеңсесінің қызметхатына жауап ретінде Жетісу әскери губернаторы: «Имею честь донести, что в Семиреченскую область чай привозится до настоящего времени исключительно через Кяхту, следовательно очищенный уже установленной правительством пошлиною; непосредственно из Китая через пограничные пропускные пункты области чай доселе не привозился и напротив Верненские чайные фирмы пока продолжают снабжать чаями китайскую Кульджу; По сведениям моим и консульств в Кульдже должен полагать, что доставка чаев из внутреннего Китая в Тарбагатайский и Илийский округа установится еще не скоро. Почему я полагал бы, в случае случайного появления чаев из других округов в пределы Семиреченской области применить правила, установленные в 1876 году в Бийском округе.

По поводу взимания пошлин с англо-индийских чаев и наблюдения за ввозной торговлей по границе с Средне-азиатскими ханствами докладываю, что установленные в 1881 году правила с Средне-азиатскими ханствами применяемы не были, так как индийские чаи в область не привозятся за невозможностью выдерживать здесь конкуренцию с кяхтинскими чаями, с которых пошлина по привозу в Верный возвращается», - деп жазады [148, 10-11пп.]. Жетісу губернаторы Қытайдан шайды әкелу тәжірибесі орнаған жағдайда шайдан баждарды жинау қызметін Бақтыда, Хоргоста және Теректідегі аудармашыларға артуды жөн көрді [148, 13п.]. Яғни, Жетісу әскери губернаторының пікірінше, өлкедегі кедендік қызметті орнатудың қажеттілігі мен маңызы төмен болған. Мәселе аясында әскери губернатор қытайлық шай тауарының шекара арқылы ену қаупі негізсіз еді. Сондықтан, губернатордың пікірінше, баждарды жинау бойынша кедендік функцияларды атқару тек аудармашыларға жүктеу қазынаның мүдделерін қамтамасыз ете алды.

Жетісудағы кедендік қызметтің ережелерін орнату 1884 жылдың 22 мамырында Дала генерал-губернаторы Г.А. Колпаковский бекіткен «Батыс Қытаймен Жетісу облысының шекарасындағы әкімшілік, кедендік және әскери саладағы бақылауды орнату бойынша нұсқаулықтан» бастама алады. Өлке әкімшілігі кедендік бақылау бойынша келесі талаптар қойды:

«г) Пропуск лиц, отправляющихся для торговли в Китай, совершался только в пунктах, указанных в списке, приложенном к 2 ст. правил для сухопутной торговли, т.е. через Бахты, Каптагай, перевал Коксу, станцию Хоргос, перевалы: Бедел, Теректы, Туругарт и Суок, и при том торговые люди и караван-баши были пропускаемы через эти пункты только в том случае, когда у них будут иметься билеты, установленные 2-й ст. правил для сухопутной торговли, - с другой стороны и китайские купцы, при провозе товаров к нам, имели такие же билеты от своего правительства.

д) Предметы, запрещенные к ввозу и вывозу 15 ст. правил для сухопутной торговли, именно: порох, артиллерийские снаряды, пушки, ружья, винтовки, пистолеты и всякое огнестрельное оружие, военные снаряды и припасы, соль и опиум, действительно не ввозились и не вывозились бы через границу. Кроме того запрещенный трактатом вывоз из Китая риса и китайской медной монеты также не должен производиться. Ввоз русскими подданными селитры, серы и свинца допускается лишь с особого разрешения китайского начальства и предметы эти могут быть продаваемы лишь тем китайским подданным, которые будут иметь надлежащее дозволение на покупку их». [140, 38п.]

Кедендік тексеруді Бақты мен Қаптағай арқылы өтетін керуендер үшін Бақтыда, Көксу арқылы өтетін керуендер үшін Көксу станицасында, Хоргос арқылы өтетін керуендер үшін Хоргос станциясында, Бедел арқылы өтетін керуендер үшін Қаракөл қаласында, Теректі, Тұруғарт және Сүйек арқылы өтетін керуендер үшін Нарын бекінісінде ұйымдастыру ұйғарылды. Кедендік бақылау шекаралық және уездік әкімшіліктердің мойнына артылып, кедендік тексеру ісі келесі шенеуніктерге жүктелді:


  • Хабар-асу өткелінен Қаптағайға дейін Сергиополь уезі бастығының аға көмекшісіне;

  • Сергиополь уезінің қалған шекаралық бөлігінде уездік бастыққа;

  • Қапал уезінің шекарасы бойымен Қапал уезінің бастығына, ал жол қиыншылықтарына қарай көп қолданыс таппайтын Көксу өткелі арқылы жолдағы кедендік тексеру уездік бастықтың бақылауында Көксу станицалық атаманның міндетіне;

  • Жаркент учаскесінде Жаркент учаскесінің бастығына және Іле өзенінен Нарынкөл өзенінің жоғары ағысына дейін оның көмекшісіне;

  • Ыссықкөл уезінде уезд бастығына [140, 38п.].

Аталған шекаралық уездік және учаскелік бастықтардың кедендік міндеттері туралы мәліметтерді келтіруге болады: «Они (уездік және учаскелік бастықтар - Б.Қ.) обязуются, путем собирания сведении, предупреждать также случаи контрабанды, своевременно сообщая имеемые сведения начальникам постов на пропускных пунктах и делая распоряжения, в случаях сомнения, об осмотре провозимых товаров начальникам постов на тех же пропускных пунктах. При осмотре караванов вскрытие тюков допускается только в случае крайности и начальник, прибегнувший к этой мере, должен иметь все данные для оправдания своих действии. Они обязуются всем лицам, для торговли отправляющимся за границу, выдавать билеты, бланки которых высылаются им от Военного Губернатора за его подписью, при чем точно руководствуются правилами, указанными в ст. 2 правил о сухопутной торговле Санкт-Петербургского договора, а также следующих:

а) При следовании в китайские пределы русских подданных из лиц постоянно или временно проживающих в г. Верном просьбы о выдаче им надлежащих поспортов подаются на имя Военного губернатора области, а в прочих городах и населенных пунктах на имя надлежащего уездного или участкового начальников.

б) При подаче просьбы о заграничных паспортах должна быть представляема, независимо оплаты маркою самого прошения, одна гербовая марка 60 коп. достоинства» [140, 38 айн.п.].

Нұсқаулықтың осы баптарына сай Жетісудағы көрсетілген учаскелік және уездік әкімшіліктерге кедендік функциялар арасында контрабанданың алдын-алу, сауда барысы жайлы мәліметтер жинау, жергілікті шекараны күзету қызметін атқаратын әскери бөлім меңгерушілеріне мәліметтер жеткізу, сауда жүргізу үшін билеттер беру қызметтері берілгені туралы толық негізде айтуға болады. Яғни, Бийск қаласының полицейлік құрылымдарына және Зайсан посты мен Алтайская станицасының әкімшілігіне берілген шай саудасын баждармен тазарту функциялары Жетісуда орын алмады. Оның себебі ретінде 1868 жылы қабылданған Батыс Қытай арқылы шай саудасының дамуына кедергі болған Түркістан мен Дала генерал-губернаторлықтарына Кяхта шайларын бажсыз өткізу туралы жарлығын қарастыруға болады. Өлкедегі сауда-экономикалық қатынастардың дамуына мүдделі болған ресейлік үкімет қалған қытайлық тауарларға Петербор келісіміне сәйкес еркіндік беріліп, олардан кедендік баждарды жинау қажеттілігі жоққа шықты.

Нұсқаулықтың келесі бір тұсында шекарадағы кедендік күзет бойынша функцияларды атқару да белгіленіп, шекара бойынша орналасқан әскери болімдерге жүктелді. Осы функциялар Жаркент учаскесінде орналасқан әскери бөлімдерге, Бақты және Нарын әскери бөлімдеріне және Қаракөл мен Лепсіде орналасқан казак бөлімдеріне артылып, оларды атқару үшін әскери бөлімдердің меңгерушілері тікелей жауапты болды. Саудагерлер мен саудаға және шекараны өтуге құқығы бар басқа да тұлғаларға Петербор келісімінде белгіленген Хоргос станциясы, Бақты бекінісі, Қаптағай пикеті, Ыссықкөл уезінде Бедел өткелі, Нарын өлкесінде Тұруғарт, Теректі және Сүйек өткелдері арқылы өту құқығы беріліп, аталған мекендерде өтпелі посттар құрылды. Қалған шекара бойында әкімшілік, кедендік және әскери күзет функцияларын атқару мақсатында әскер басшысы мен облыстың әскери губернаторының ұсынысы бойынша әскери аймақ пен өлкенің басшысы бекіткен алдыңғы посттар құрылды. Бұл мәселе бойынша Жаркент учаскесінде орналасқан әскер меңгерушілеріне келесідей міндеттер артылды:

«4) Заведующий войсками обязан, через начальников передовых постов, оберегать границу от прорыва шаек барантачей и укочевок киргиз, как в нашу, так и в китайскую стороны; равно он принимает меры, чтобы пропуск через границу был открыт только через означенный в трактате пункте Хоргос (почтовая станция) как для торговцев, так и других лиц, имеющих законные виды на право торговли и переход границы. Законными видами считаются билеты...

5) Неимеющие законного вида на пропуск через границу не пропускаются. Пробирающиеся через границу отдельные лица и партии злоумышленников в неуказанном месте задерживаются и передаются нашим гражданским властям со всем имуществом, товарами и скотом, если бы таковые перевозились или перегонялись не по дороге, разрешенной для перехода в китайские пределы, т.е. через Хоргосскую станцию...

7) Начальник пропускного пункта на Хоргосе обязуется вести ежедневно журнал или ведомость по прилагаемой форме о количестве, роде и ценности провозимых за границу и обратно товаров, а также прогоняемого скота. Журнал этот, по окончании месяца, доставляется начальнику участка или уезда для представления военному губернатору» [140, 40-40 айн.пп.].

Дәл осындай міндеттерді жоғарыда аталған өтпелі посттардың атқаруы қажет болды. Бұл жерде шекара бойынша орналасқан әскери бөлімдерге сауданы бақылау мен контрабандаға қарсы бағытталған шекаралық күзет міндеттерінің артылғаны көзге түседі. Яғни, шекара бойындағы жергілікті уездік және учаскелік әкімшіліктер негізінен сауда барысы туралы мәліметтер жинау, контрабандалық әрекеттер туралы шекара бойынша орналасқан әскери бөлімдерге мәліметтерді хабарлау, сауда үшін Қытайға бет алған саудагерлер мен басқа да тұлғаларға «заңдастырушылық» билеттер беру, жергілікті тұрғындар және саудагерлер арасында профилактикалық жұмыстарды атқару жүктелсе, шекарадағы әскери бөлімдерге сауда барысын белгіленген өтпелі посттарда бақылау, шекараны контрабандалық әрекеттерден күзету, сауда көлемі туралы мәліметтер жинақтау функцияларын атқару артылды. Әрине, шекара бойының ұзақтығы, мекендердің аздығы, күзет қызметтерін атқарған әскер бөлімдерінің аздығы, басқа да көптеген қызметтерді атқарған әкімшіліктердің сауда барысын төмен қадағалауы шекарадағы кедендік бақылау функцияларын қажет деңгейде жүзеге асыруды жоққа шығарып, контрабандалық әрекеттерге негіз салды.

Белгіленген кезеңнің куәгері Н.А. Диньгельштадт өзінің еңбегінде Қазақстан мен Орта Азиядағы кедендік істің ұйымдастырылуына келесідей баға береді: «Скажем несколько слов об устройстве таможенной части. До 1886 года таможенного ведомства в крае не существовало и часть эта ведалась, между прочим, в местных областных правлениях, - где ведалось все, для чего не существовало в крае отдельных учреждении (суд, общественное презрение, государственное имущество). Огромная по своему протяжению граница была почти открыта; из сотни контрабандистов попадался едва ли один, и край безнаказанно и безпошлинно наполнялся, кроме всякой другой (персидской и турецкой) контрабанды англо-индийскими произведениями: чаем, киссей и индиго. Устройство таможенной части требовалось не столько в качестве фискальной меры, сколько в качестве оплота русской промышленности против конкуренции и среднеазиатских рынков (Англо-Индия) и западно-европейских произведении, притекавших со всех сторон» [22, 57 б.]. Шекараны күзету міндеті артылған әскери бөлімдердің арасындағы өзара байланыстың жоқтығы да контрабандаға қарсы бақылауды орнатуға мүмкіндік бермеді. Н.Н. Балкашкинның есебінде бұл жағдай туралы: «за прилегающими местностями к Чугучаку не было организовано общего надзора и до настоящей поры Зайсанский и Бактинский посты производят свои пограничные разъезды, каждый сам по себе, без свякой связи между собой. Потому китайская граница между ними частью остается вовсе без наблюдения, и когда воспрещено было вывозить в Западный Китай из Туркестанских и Западно-Сибирских пределов хлеб и скот то ни Зайсанский, ни Бактинский отряды не в состоянии были воспрепятствовать контрабандной доставке этих предметов в Чугучак на сотни тысяч рублей. Подобное состояние пограничного надзора заранее указывает до каких обширных размеров может достигнуть контрабандная деятельность около Чугучака, если через него направится в Россию чай, подлежащий оплате пошлин», - деген еді [136, 117-118пп.].

Қалыптасқан жағдайдың өзгеруіне 1888 жылғы Мемлекеттік кеңестің Түркістан мен Дала генерал-губернаторлықтарына шайды бажсыз өткізуді тоқтату туралы шешімі әсер етті. Оның нәтижесінде Кяхтадан шайлардың бажсыз өткізілуі ауыздықталып, Қытай мен Жетісу өлкесінің шекарасында Түркістан өлкесіндегі кедендік бақылау үшін бекітілген негізде кедендік мекемелер мен кедендік бақылау орнату, осы мекемелер мен бақылау шендерін Түркістан өлкесіндегі Қаржы министрлігінің кедендік істер бойынша ерекше тапсырмалар шенеунігіне бағындыру көзделген [109, 438 б.]. Атап өту қажет, Түркістан аймағындағы жергілікті әскери-полицейлік басқарманың шенеуніктеріне артылған кедендік бақылау функциялары 1886 жылы Түркістан аймағы басқармасының құрамында кедендік істер бойынша Қаржы Министрлігінің ереше тапсырмалар шенеунігінің лауазымын бекітумен Қаржы Министрлігінің құзырына берілген болатын [113, 105 б.]. 1888 жылы «Туркестанские ведомости» басылымында жарық көрген «Түркістан өлкесіндегі кедендік істер бойынша Қаржы министрлігінің ерекше тапсырмалар шенеунігіне нұсқаулықта» оның қызметтік-құқықтық мәртебесі белгіленіп, негізгі міндеттері анықталды. Осы тұрғыда аталған шенеунікке Түркістан өлкесіндегі кедендік істі қадағалау жүктеліп, оның тікелей Кедендік алымдар департаментіне бағынып, аталған департамент бақылауымен Түркістан генерал-губернаторының кедендік істер бойынша тапсырмаларын орындау жүктелді. Шенеунікке келесідей міндеттер жүктелген еді:

- Түркістан өлкесіндегі кедендік істі меңгеру мен жергілікті кедендік құрылымдарды, кедендік күзетті басқару;

- өлкедегі күші бар барлық кедендік ережелердің және жоғары тұрған басқару органдарының тапсырмаларын тиянақты орындалуын және дұрыс қолданылуын қадағалау;

- жергілікті әкімшілік және әскери билікпен тікелей қарым-қатынаста болу;

- өлкедегі кедендік істі ұйымдастырудың жобаларын дайындау;

- штаттық шенеуніктердің қызметін, лауазымдарын реттеу, кедендік посттардың орналасу орындарын ауыстыру, олардың құрамының көлемін ауыстыру, күзет жалақысын белгілеу;

- кедендік бақылау қызметкерлерінің жіберген қателіктерін жою үшін шаралар қолдану;

- тауарларды тәркілеу кезінде олардың бағалауын және тәркілеуге қарсы шағымдар бойынша шешімдерді бекіту;

- кедендік құрылымдардың шаруашылық бөлімін бақылау;

- генерал-губернатордың келісімімен Бұқара арқылы орыс және түркістандық тауарлардың транзиттік қозғалысы туралы ережелерді шығару;

- аталған міндеттер бойынша шаралар туралы Кедендік алымдар департаментіне есеп беру [112].

Яғни, Кедендік алымдар департаменті мен аталған шенеуніктің құзырына аймақтағы кедендік істің ауысуын, орталықтанған кедендік жүйенің қалыптаса бастағанын байқауға болады. Осы кезден бастап аймақтағы кедендік бақылауды біріктіру, жаңа бастамалар негізіне қою, кедендік күзетті күшейту, тауарлардың бажысыз өтуіне қарсы ережелерді енгізу, жалпы кедендік тұрғыдан ресейлік кедендік құрылымдармен бірігуі үшін негіз болатын шаралар қатарын қабылдау басталды.

Ең алдымен, шекаралық кедендік пункттер мен бекеттердің үзіліссіз тізбегін құруға назар аударылды. Бүкіл аймақтағы кедендік басқарудың бір қолда бірігуі бекеттердің орналасуына, тіпті, кейбір кездерде үзіліссіз ортақ кедендік тізбекті орнату мақсатымен кедендік шептердің бағыттарын өзгертуге әкелді. Себебі, әртүрлі уездердегі кедендік бақылау бойынша шаралардың әрқилы сипаттылығы, уездер арасындағы бақылау байланысындағы кемшіліктер контрабандаға ыңғайлы кейбір жолдардың ашық қалуына әкелді.

Қаржы министрлігінің шенеунігі тұсында Орта Азия мен Жетісудағы кедендік істің ұйымдастырылуы туралы Н.А. Диньгельштадт: «С 1886 года на всем протяжении совершенно открытой таможенной линии, обращенной к Китаю, Афганистану, и Персии, устроен правильный надзор из постов с джигитами, стражниками и объездчиками, - введен в таможенное дело русский язык, и благодаря принятым мерам, сбор пошлин увеличен и контрабандисты значительно обузданы», - деп сипаттаған еді [22, 57 б.].

Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің қарауына аймақтағы кедендік саланың өтуінің алғаш жылдарында кеден қызметкерлерінің жұмысында мамандық талап ететін кәсіби білімдердің жетіспеушілігі анықталды. Қызметкерлердің кедендік тәжірибесінің жоқтығымен қатар қажет жағдайларда басшылыққа алуға нұсқаулардың, ескертулердің жетіспеушілігі орын алды. Сондықтан, кедендік шенеуніктердің іс-әрекеттері мен жергілікті жағдайларға ыңғайланған, қысқартылған іс жүргізу үшін жаңа ережелер жасалды. Аталғандай кедендік құрылымның ішкі саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу үшін 1887 жылдың аяғында аймақтағы кедендік меңгерушісі үшін нұсқаулық бекітілді, ал 1888 және 1889 жылдары 1)"Тауарларды таңбалау үшін ережелер"; 2) "Түркістан өлкесі үшін тарифпен Түркістан өлкесінде күші бар уақытша кедендік ережелер"; 3) "Түркістан өлкесіндегі кедендік мекемелердің іс-шаралары үшін нұсқаулық"; 4) "Күзет үшін қаруды сақтау және пайдалану туралы ережелер". Аталған ережелер арасында 1889 жылғы 25 сәуірде «Туркестанские ведомости» газетінде жарияланған «Түркістан өлкесіндегі күші бар уақытша кедендік ережелер» ерекше орынға ие. Осы құжаттың кедендік істі заң жүзінде негіздемеге айналғаны айқындалып, кедендік үрдіс субъектілерінің қарым-қатынастарын, құқықтарын белгілеуге негіз болғаны көзге түседі. Аталған ереже бойынша Түркістан өлкесінің көрші хандықтар мен қытай иеліктерімен шекарасын керуендермен немесе баж салынған тауарлар өту тек кедендік өтпелі посттар арқылы жүзеге асырылуының талабы белгіленді. Сонымен қатар ережеде контрабандалылық тауарларға қолданатын айыппұл көлемі мен оларды тәркілеу шарттары, тәртібі, тәркілеуге қарсы шағымдану тәртібі берілген. [113, 105-106 бб.]

Қазақстан территориясындағы кедендік істі ұйымдастыруға қатысты жергілікті әкімшіліктердің өз пікірлері болды. Бұл ең алдымен, кедендік істің әкімшілік құзырында сақталуында мүдделі Дала генерал-губернаторлығының және Жетісу облысының әкімшіліктері еді. 1887 жылғы Дала генерал-губернаторының ұсынысында: «Сообщив господину Министру Финансов, что по доставленным мне Вами сведениям, в минувшем году привезено из внутреннего Китая в Кульджу и Кашгарию только до трех тысяч пудов средних сортов чая, что чай этот хотя и продавался на Кульджинском базаре по ценам несколько низшим, чем кяхтинский в г. Верном, однако в пределы области не проникал и что по этому в учреждении в Семиречье особого, дорогостоящего института таможенной стражи, надобности пока не имеется», - деп мәлімдеген [148, 14 айн.п.]. Сонымен қатар, Дала генерал-губернаторы Қаржы министріне жолдаған хатында Жетісу өлкесіне 1876 жылы Бийск аймағы мен Семей облысы үшін белгіленген шайдан баждарды жинау ережелерін, ал қажеттілік болған жағдайда Түркістан өлкесі үшін бекітілген ағылшын-үнді шайларынан баждарды жинау ережелерін қолдануды ұсынды. Сонымен қатар, Дала генерал-губернаторы Кяхтадан Верныйға әкелінетін шай үшін баждарды қайтару тәртібі 1868 жылдың 13 желтоқсанында Түркістан өлкесіне енгізіліп, Дала генерал-губернаторлығының құрамына кірген Жетісу облысында оның бажсыз сатылуы заңға қайшы деп табады [148, 15п.].

Алайда, осындай уақытша жағдайдың ұзақ уақытқа тұрақталуы мүмкін емес болатын. Өлкенің Батыс Қытаймен саудасының дамуы кедендік құрылымдарды жергілікті әкімшілік құрылымынан жеке шығарумен қатар белгілі бір жүйелеу негізінде ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Жоғарыда айтылғандай, Түркістан өлкесіндегі Қаржы министрлігінің ерекше тапсырмалар шенеунігінің мойнына сала бойынша жағдайды сараптап, болашақтағы құрылуы тиіс кедендік қүрылымдарды ұйымдастыру бойынша жоба дайындау жүктелді. Бұл шараға жергілікті әкімшілік өкілдерінің және Батыс Қытайдағы консулдардың атсалысуы көзделді. Мәселе төңірегінде Қаржы министрі мен Дала генерал-губернаторы арасында хат алмасу орын алды. Жетісудағы кедендік ұйымдастырудың басты мәселесі - кедендік учаскелерді белгілеу еді. Кедендік учаскелерді ұйымдастыру сауда жолдары бойында іске асуы қажеттігі және оларды таңдау мәселелері жергілікті әкімшіліктерде және Ресейдің Қытайдағы дипломатиялық өкілдері арасында талқыға түсті. Шәуешектегі Ресейдің консулы Я.П. Шишмарев Бақтыда кеденді құруды ұсынды: «Главным проездным пунктом на границе Тарбагатайской области служит Бахты, где, конечно, должен быть установлен главный таможенный надзор». 1889 жылы Қашғардағы Ресей консулы Верныйге кедендік постты Жетісу облысының губернаторы, генерал Г.А. Колпаковский ойлағандай Нарын бекінісінде емес, Атбасы атты мекенде ұйымдастырған пайдалы болатыны туралы жазды [141, 22-23пп.]. Консул В. Успенский Құлжа учаскесінде кедендік қызметті орнатуға өз пікірін білдірді: «...для Илиского края можно было бы учредить таможенную заставу только на Хоргосе». Түркістан өлкесіндегі кедендік бөлім бойынша Қаржы Министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша шенеунігі Жетісу губернаторының атына жазған хатында Жетісу өлкесінің Қытаймен шекарасындағы кедендік учаскелерді 4-ке (Бақты, Жаркент, Прежевальск және Нарын) бөлуді ұсынды: «Для пропуска пошлинных товаров и оплаты их пошлиною назначаются Бахты, Хоргос, Нарынкол, Сливкино, селение Ат-Таш с одним надзирателем и писцом на каждом пункте для сбора пошлин и ведения статистики по товарному движению». 1889 жылы Верный көпестері бұл мәселені арнайы қарастырып, кем дегенде екі пунктте - Жаркент пен Бақтыда кедендік бақылауды орнату қажет деген қорытындыға келді [66, 43-44 бб.].

1889 жылдың 20 шілдесіндегі Жетісу әскери губернаторына жолдаған қызметхатында Түркістан өлкесіндегі кедендік бөлім бойынша Қаржы Министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша шенеунігі Жетісудағы кедендік саланың келесідей ұйымдастырылуын ойластырды:

«Всю границу я проектирую разделить на 4 участка: Бахтинский, Джаркентский, Пржевальский и Нарынский. Кроме Управляющего Семиреченским Таможенным отделом, в каждом участке, для заведывания стражей, денежной и товарной ответственностью и вообще таможенной частью, должен находиться один помощник, в Джаркенте же два, именно старший и младший, которым непосредственно будут подчинены надзиратели, объездчики и стражники участка.

Для пропуска пошлинных товаров и оплаты их пошлиной назначаются следующие пункты: 1) Бахты, 2) Хоргос (и Джаркент), 3) Нарынколь, 4) Сливкино, 5) селение Ат-Баши (и Нарын) с одним надзирателем и писцем на каждом пункте для сбора пошлин и ведения статистики по товарному движению» [141, 33п.].

Қаржы министрінің кедендік бақылауға шекаралық казак бекеттерін тарту мен оларға белгілі бір ақшалай сыйақыны беру туралы Дала генерал-губернаторының ұсынысын қабылдауына байланысты Түркістандағы кедендік шенеунік кедендік күзетшілердің көлемін келесідей жобалады:
2-кесте - Түркістан өлкесіндегі кедендік бөлім бойынша Қаржы Министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша шенеунігінің Жетісу облысындағы кедендік істі ұйымдастыру жобасы


Участок

Количество объездчиков

Количество стражников

Бахтинский

2

7

Джаркентский

3

8

Пржевальский

2

4

Нарынский

2

8

Ескертпе-дерек көзі - «Об организации на русско-китайской границе таможенного надзора» / ҚР ОММ, Қор 44, Тізбе 1, Том 26, Іс №37439 –, 1889-1899жж., 34п.

Кесте негізінде қазіргі Қазақстан территориясының Жетісу өлкесінде Бақты және Жаркент кедендік учаскелерінің құрылу жобаларын көруге болады. Күзет көлемі 9-10 адамнан тұратын учаскенің Түркістан өлкесіндегі шағын маңызы мен рөлін анық байқатады. Жетісудың Батыс Қытаймен шекарасын қамтыған Түркістан кедендік аймағын құру жобасын Түркістан өлкесіндегі Қаржы министрлігінің кедендік істер бойынша ерекше тапсырмалар шенеунігі Мемлекеттік кеңеске 1890 жылдың көктемінде ұсынды. Алайда, Батыс Қытаймен шекараның ұзақтығы, ыңғайлы қатынас жолдарының жоқтығы, бар жолдардың қанағатсыз жағдайы Түркістан өлкесіндегі Қаржы министрлігі ерекше тапсырмалар шенеунігі тарапынан кедендік учаскелерді тікелей басқару мүмкіндігін жоққа шығарды. Аталған факторларға байланысты Батыс Қытаймен шекара бойында Түркістан кедендік аймағынан жеке кедендік құрылымдар жүйесін құрудың қажеттігі туындады. Осы кезеңде Ресейдің кедендік саласында шекара бойымен істі біршама жүйелеу үшін аймақтық принцип негізінде құру тәжірибесі қолданылған болатын [163, 243 б.]. Нәтижесінде, 1890 жылдың 12 маусымында Қаржы министрлігінің Кедендік алымдар департаментінің ұсынуымен Мемлекеттік кеңестің қаулысының негізінде Батыс Қытаймен шекарада Семей және Түркістан кеден аймақтары құрылды [109, 445 б.]. Жетісу шекарасында екі кедендік аймақтар арасында шекараны белгілеу мәселесі Қаржы министрінің қарауына беріліп, нәтижесінде жоғарыда аталған шенеуніктің жобасында ұйымдасуы ұсынылған Жаркент және Бақты учаскелері Семей кедендік аймағына, ал Жетісудан оңтүстіктегі шекара бойындағы Нарын және Ыссықкөл учаскелері Түркістан кедендік аймағына қосылды [108, 2 б.].



Патшалық билік үшін аймақтың жедел түрде ресейлік кедендік жүйеге енуі оның протекционисттік саясатының бір қыры және жаңа қадам басып келе жатқан ресейлік өнеркәсібі үшін даму кепіліне айналған болатын. 1881 жылғы Петербор келісіміне сай мемлекеттік шекараны айқындап, кедендік шепті Қазақстанның Қытаймен шекаралас аймақтарына және Орта Азияға ауыстырып, алғаш кезеңде жергілікті әскери-полицейлік әкімшілікке жүктеген патша билігі түбінде аймақтағы кедендік жүйенің Қаржы министрлігінің құзырына беріп, орталықтанған құрылымға айналдыру, оны ресейлік кедендік жүйе қатарына қосу қажет деген қорытындыға келді. Ал, әскери-саяси жағдайларда әскери-полицейлік әкімшілік, кейін Кедендік алымдар департаментінің ерекше тапсырмалар шенеунігінің құзырындағы 1876-1990 жылдарда кедендік құрылымдарды ұйымдастыру барысында әлсіз бақылау секілді кемшіліктерге қарамастан, аймақтағы кедендік жүйені қалыптастыруға тәжірибе ретінде негіз болып, кедендік істің дамуына өзінің тарихи үлесін қосқаны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет