Батталов қайрат қанатұЛЫ



бет9/9
Дата09.06.2016
өлшемі10.63 Mb.
#124102
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу мен даму тарихын зерттеу негізінде келесідей кезеңдерін бөліп көрсету қажет:

1 кезең – 1868-1876 жылдар аралығы; осы кезеңде Сібір және Орынбор кедендік шептері таратылып, тәжірибе жүзінде орта азиялық саудаға еркіндік берілуіне және Шыңжаңдағы көтерілістен сауданың тұйықталуына байланысты кедендік қызмет болмады;

2 кезең – 1876-1890 жылдар аралығында кедендік функциялар (баждарды жинау, тауарларды тіркеу және шекараны кедендік тұрғыдан күзету) Семей мен Жетісу облыстарының шекаралық әкімшіліктеріне жүктеледі;

3 кезең – 1890-1900 жылдар аралығында Қазақстан территориясында кедендік сала жеке мемлекеттік құрылым ретінде бөлініп шығады. Өлкеде 5, ал кейін 4 учаскеден тұратын Семей кедендік аймағы ұйымдастырылады;

4 кезең – 1900-1917 жылдар аралығында Семей кедендік аймағы таратылуынан кейін кедендік істі басқару инспекторлық учаскелер негізінде ұйымдастырылады. Бұрынғы Семей кедендік аймағының территориясы 3 инспекторлық учаске құрамына кірді.

1868-1917 жылдар аралығындағы Қазақстандағы кедендік істің қалыптасу мен даму тарихын зерттеу негізінде оның басты кезеңдері мен тұстарын белгілеуге мүмкіндік бар. Өлкедегі кедендік істі сараптай келе, келесідей қорытулар жасауға болады.

Біріншіден, Ресейдің Қазақстан мен Батыс Қытай шекарасындағы кедендік саясатының басты тұстары қатарына жаңадан жауланған территорияларда өзінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Ресейдің өлкедегі үстемдігіне біршама бәсекелестік құрып отырған Ұлыбританияның белсенділігінің, экономикалық күшейуінің өсуіне тосқауыл қою, теңіз жолдарынан тыс Азияның ішкі аймақтарында өзінің экономикалық мүдделерін қорғау жатты. Қазақстанмен шекаралас Батыс Қытай нарығы дәл осындай аймақ категориясына жатты. Орыс шенеуніктері мен кәсіпкер топтары арасында бұл нарық өздерінің өнеркәсіптік тауарларды өткізу және шикізат қорларының нарықтары ретінде қарастырылды. Сондықтан, орыс-қытай сауда қатынастарына жан-жақты жағдай жасау ниеті мемлекеттік билік деңгейлерінің барлық сатыларында сезілді. Өлкедегі Ресейдің кедендік саясатында сауда қатынастарының басымдығы анық байқалады. Сауда қатынастарының басымдығы ең алдымен орыс-қытай шекарасының бойында, шекаралас аймақтарда орнаған еркін және бажсыз сауда тәртібін енгізуден көрініс тапты.

Екіншіден, кедендік саясаттың өлкелік нұсқасындағы фискалдық, фритредерлік және протекционисттік ұстанымдардың ара-қатынасын «үндестік» түсінігімен сипаттауға болады. Себебі, осы бағыттар арасында Еуропалық Ресейдің сыртқы шекараларындағы тартыс өлкеде керісінше бірізділік пен ортақ мақсаттарға ие болды. Ресей бұл аймақта белсенді, алға басушылық сауда саясатын ұстанды. Қазақстан мен Батыс Қытайдың шекаралас өлкелеріндегі еркін және бажсыз сауда тәртібі бір жағынан фритредерлік бағытпен, орыс мануфактурасын өткізу мүмкіндіктері мен ағылшын тауарларына кедендік тарифтер арқылы тосқауыл қою аясында протекционисттік бағытпен, ал шай саудасынан баждарды жинау тәртібі қазынаның орыс-қытай сауда балансының ара-қатынасын түзету мақсатындағы фискалдық мүдделерімен үндес болды.

Үшіншіден, Ресейдің өлкедегі кедендік-тарифтік мәселелерін реттеуде орыс-қытай келісімдері шешуші орын алды. Жалпы алғанда, орыс-қытай құрлықтық саудасын, саудаға қатысты кедендік-тарифтік мәселелерді реттеудің трактаттық бейнесі анық байқалады. Ресей өзінің Шыңжаңдағы кедендік мүдделерін жүзеге асыру барысында үлкен жетістіктерге жетті. Алдыңғы қатарлы еуропалық елдер қарудың көмегімен қол жеткізген сауда-кедендік жеңілдіктерге патша үкіметі дипломатиялық байланыстар арқылы иемденді. 1851 жылғы Құлжа келісімінен бастап, 1881 жылғы Петербор келісіміне қол қоюға дейінгі аралықта Ресей дипломатиясы орыс саудасы үшін Шыңжаңда еркін және бажсыз сауда, 50 шақырымдық кедендік шеп секілді негізгі жеңілдіктерге қол жеткізді.

Төртіншіден, өлкедегі кедендік істің бастамасы ретінде 1868 жылғы Сібір және Орынбор кедендік шептерін жою туралы шешімді қарастыруға болады. Әрине, аталған шара нәтижесінде жаңа шекарада кедендік істің көп уақытқа дейін туныдамауына қарамастан, аталған мәселе кедендік іс эволюциясын құрастыруда, себеп-салдық байланыстар жүйесін орнату үшін маңызды болып табылады. Аталған кедендік шептерді жоюдың негізгі себептеріне Орта Азиядағы әскери операциялар нәтижесінде мемлекеттік шекараның оңтүстік пен оңтүстік-шығысқа ауысуы, империя құрамына енген жергілікті тұрғындардың саудадағы, кедендік баждарды төлеудегі шетелдік азаматтарға теңестірілу секілді келеңсіз және түсініксіз жағдайды өзгерту қажеттігі жатты. Мәселені шешу мақсатында әртүрлі идаралық лауазымды қызметкерлердің қатысуымен арнайы комиссиялар құрылып, аталған шептерді жою қажеттілігін білдірді. 1868 жылғы аталған кедендік шептердің жойылуы жаңа шекарада кедендік саланың туындауына әкелмеді. Оның себептеріне Орта Азиядағы белсенді әскери операциялар, Орта Азиялық хандықтармен, Қытаймен шекараның анықталмауы, кедендік қызмет үшін материалдық-техникалық базаның болмауы жатты.

Бесіншіден, 1876-1890 жылдар аралығында кедендік функциялар жергілікті әскери-полицейлік әкімшіліктер тұсында шоғырланды. Сібір және Орынбор кедендік шептерін жою кезінде аймақ арқылы өтетін тауарлардан баждарды жинамау бұйрылған еді. Алайда қазынаның мүддесін құрған, баж салынған шай саудасы Батыс Қытайдағы саяси тұрақтылықтың орнауымен ұлғаю тенденциясына шалдықты. Патша қазынасының мүддесін қорғау және шай саудасынан баждарды жинау қажеттілігі 1876 жылы осы функцияларды Томск губерниясының Бийск полицей басқармасы мен Семей облысының Алтайская станицасы мен Зайсан бекетінің әкімшіліктеріне жүктелді. 1884 жылдан бастап кедендік функциялар Жетісу облысының уездік және шекаралық әкімшіліктеріне жүктеліп, шекараны кедендік қатынаста бақылау шекарадағы әскери бөлімдердің құзырына түсті. Кедендік функциялар жергілікті әкімшіліктерге биліктік-қоғамдық функциялардың басқа түрлерімен қатар артылды. Сондықтан, жергілікті әкімшіліктер тарапынан шай саудасын бақылау мен баж жинау қызметтерін жүзеге асыру төмен деңгейде болды. Кедендік істің жергілікті әкімшіліктерге жүктелуі заңды үдеріс еді. Кәсіби негіздегі кедендік істі жүйелеу мүмкіндігі кедендік жүйені орнатудағы көлемді шығындардың қажеттілігімен, шекараның анықталмауымен, кедендік қызмет үшін қажет қызметтік және тұрмыстық жағдайлардың болмауымен, сауда ауқымының Шыңжаңдағы саяси дүрбелең нәтижесінде көпке дейін қалпына келе қоймауымен шартталды. Аталған жағдай 1886 жылға дейін орынды болды, осы жылы орталықтан Түркістан өлкесіндегі кедендік істер бойынша қаржы министрлігінің ерекше тапсырмалар шенеунігі жіберілді. Шенеунік кедендік істі өлкедегі жеке сала ұйымдастыру жобасын әзірлеуге міндетті болды. Оның жобасында Жетісудағы кедендік істі ұйымдастыру қағидалары Семей кедендік аймағын құру кезінде басшылыққа алынды.

Өлкедегі кедендік істің жеке сала ретінде ұйымдастырылып, қызмет етунің кезеңі Семей кедендік аймағы мен аймақтың таралуынан кейінгі кезеңдегі кедендік учаскелер қызметінің тарихын қамтиды. 1890 жылы құрылған Семей кедендік аймағы Қазақстанның Батыс Қытаймен шекарасындағы кедендік істі белгілі бір жүйеге келтіріп, орталықтанған басқару негізінде құрылды. Аймақ басшылығы алдында шайдан кедендік баждарды жинау, контрабандаға қарсы күрес, берік бақылау жүйесін орнату, сауда айналымдарын тіркеу қызметтері жүктелді. ХХ ғасырдың басында өлке кедендерінің қызмет процедуралары біршама күрделеніп, кедендік баждарын қайтаратын мен акциздік алымдарды түсірілетін кейбір тауарларды шығару, оларға қызмет көрсету операциялары кедендік құрылымдардың мойнына артылды.

Алтыншыдан, Семей кедендік аймағын және инспекторлық учаскелік басқару жүйесін ұйымдастыру кезіндегі кедендік бас басқарманың аймаққа бөлген қаражат көлемінің шектеулігі кедендік құрылымдарды, әсіресе кедендік бекеттерді қажет мекемемен қамтамасыз етуге, қызметкерлердің жұмысы кезіндегі тұрмыстық мәселелерді шешуге мүмкіндік бермеді. Ал, кедендік қызметкерлердің жалақы көлемдерінің төмендігі мекендері жоқ, географиялық-климаттық жағдайлары күрделі шекарадағы тұрмысын ұйымдастыру бойынша шығындарды, ауыр қызмет пен өмірдің жағдайларын өтемеді. Шекараның ұзақтығы мен географиялық-климаттық жағдайларына байланысты кедендік бақылау жүйесін, яғни күзет бекеттері шебін үзіліссіз емес, тек саудасы жанданған, экономикалық тұрғыдан маңызды жолдарда, өткелдерде ғана ұйымдастыру ұйғарылды. Бұл шекараның толықтай бақылауда ұстау мүмкіндігінен айырды. Кедендік бақылауды жүзеге асыруға кедергі болған маңызды фактор – орыс-қытай келісімдерінде бекітілген 50 шақырымдық еркін және бажсыз шеп жүйесі болды. Кедендік бақылауды шептен тыс, шекарадан бірталай қашықтықта ұйымдастыру кедендік бақылауға шекара күзетімен айналысқан әскери жасақтарды тарту мүмкіндігін жоққа шығарды, кедендік күзет қызметін қиындатып, бақылау ауқымын кеңейтті. Осының барлығы кешенді түрде өлкедегі кедендік бақылау мүмкіндіктерін төмендетіп, контрабанданың қарқын алуына негіз болды. Шекара арқылы кеденнен тыс шай, арақ, мақта-қағаз бұйымдары және тағы басқа контрабандалық тауарлар ірі көлемде өткізілді. Аталған 50 шақырымдық шепті тек бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында 1913 жылы жойылды.

Жетіншіден, Қазақстанның Батыс Қытаймен шекарасындағы кадрлық мәселе де біршама қиыншылықтарға тап болды. Ең алдымен, бұл кедендік қызметкерлерді қаржыландырумен байланысты еді: төмен жалақы жергілікті тұрғындар арасынан кедендік қызметке қызығушылықты тудырмады, ауыр климаттық-географиялық жағдайда, қоныс-мекендердің алшақтығы салдарынан көптеген қиыншылықтар, қызмет ету ауыртпашылығы жалақы көлемімен өтелген жоқ. Кедендік құрылымдар орналасқан территорияларда қоныс-мекендердің аздығы кедендік қызметке таңдаудың шеңберін тарытты. Кедендік орта буын қызметкерлерін таңдау кезінде өлкеде кедендік сала мамандарының жетіспеушілігі сезілді, нәтижесінде кедендік салаға қатысы жоқ, сауатты қызметкерлер арасынан таңдау жүргізілді. Осы ретте кедендік әкімшілік тарапынан еркін жалданатын күзет қатарына қызметкерлерді таңдау кезінде басым түрде өлкедегі сауда спецификасын, қазақ тілін білетін, өлкенің географиясымен таныс, ішімдікке салынбаған және сенімді жас казактар мен жергілікті қазақтарды арасынан таңдау тиімді деп ұйғарылды.

Жалпы алғанда, 1868-1917 жылдар аралығындағы кедендік істің аймақтық нұсқасы тарихта маңызды орынды иеленді. Өлкенің кедендік құрылымдарының фискалдық тұрғыда қазынаға төмен табыс әкеліп, ресейлік кедендік жүйеде шағын рөлге ие болса да, олар арқылы өткен, қызмет көрсеткен сауда көлемі, Ресей үшін сауданың тепе-теңдік балансы жалпыресейлік деңгейде маңызды орын алып, шетелге ресейлік өнеркәсіп тауарларын өткізу тұрғысынан белгілі бір із қалдырды.

Қазақстандағы 1868-1914 жылдар аралығындағы кедендік істің қалыптасу мен даму тарихына жанама қатысы бар перспективті зерттеулерді талап ететін мәселелер шеңберін көрсетуге болады. Оларға: Орынбор және Сібір кедендік шептерінің тарихы, ХVІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Орта Азия мемлекеттеріне қатысты Ресейдің кедендік-тарифтік саясаты, 1868-1917 жыларда Орта Азиядағы кедендік іс тарихы, Түркістан кедендік аймағының құрылу және қызмет ету тарихы (1890-1917жж.), 1890-1917 жылдардағы Кедендік алымдар департаментінің Қазақстан мен Орта Азиядағы кедендік істі ұйымдастыру саясаты, шай саудасының тарихы мен шайға қатысты Ресейдің кедендік-тарифтік саясаты, Жетісу облысында шай саудасындағы кяхталық және жетісулық саудагерлердің бәсекелестігі, өлкелік орыс-қытай саудасын дамыту бойынша Батыс Сібір, Дала және Түркістан генерал-губернаторларының шаралары, Дала генерал-губернаторы, Жетісу және Семей облыстарының әскери губернаторлары тұсындағы ресейлік саудагерлердің мүдделерін қорғау бойынша шаралары жатады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов: в 2 т. - М.: «Наука», 1993. - 570с.

  2. Лист Ф. Национальная система политической экономии / перевод под ред. К.В. Трубникова. - СПб.: А.Э. Мартенс, 1891. - 486с.

  3. Осокин Е. Внутренние таможенные пошлины в России. - Казань: Губ. тип., 1850. - 184с.

  4. Толстой Д. История финансовых учреждений России со времени основания государства до кончины императрицы Екатерины II. - СПб.: Типография К. Жернакова, 1848. - 258с.

  5. Никольский С. О внешних таможенных пошлинах. - М.: изд. Университетская типография (Катков и Ко), 1865. - 124с.

  6. Кулишер И.М. Очерки по истории таможенной политики. - СПб.: Типография В.Киршбаума, 1903. - 51c.

  7. Соболев М.Н. Таможенная политика России во второй половине XIX века. - Томск: типо-литография Сибирскаго товарищества печатнаго дела, 1911. - 880c.

  8. Соболев М.Н. Очерки из истории всемирной торговли в связи с развитием экономической жизни. – М.: Книж. дело. - 1899. - 166с.

  9. Лодыженский К. История русского таможенного тарифа. - СПб.: типография В.С.Балашева, 1886 г. - 626c.

  10. Шапошников Н. Н. Протекционизм и свобода торговли. - Петроград: Тип. Министерства финансов, 1915. - 90с.

  11. Финансовая политика и таможенное покровительство / составитель Брандт Б.Ф. - СПб.: Тип. В.Ф. Киршбаума, 1904. - 184с.

  12. Струве П.Б. Торговая политика России: Лекции, читанные на экономическом отделении Санкт-Петербургского политехнического института. - 2-е изд. - СПб.: изд. И. Трофимова, 1913. - 238с.

  13. Витчевский В. Торговая, таможенная и промышленная политика России со времен Петра Великого до наших дней / Перевод с немецкого; под ред. Ю.Д. Филипова. – СПб.: Издание Д.А. Казицына и Ю.Д. Филипова, 1909. - 372с.

  14. Менделеев Д.И. Толковый тариф или исследование о развитии промышленности в связи с ее общим таможенным тарифом 1891 года. - СПб.: издательство В. Демакова, 1892. – 782с.

  15. Дзюбенко П.В. Д.И. Менделеев и таможенный тариф. Таможенно-тарифная политика в научном наследии Д.И. Менделеева: уроки для России. - М.: «Русская новь», 2003. - 381с.

  16. Менделеев Д.И. Толковый тариф или исследование о развитии промышленности в связи с ее общим таможенным тарифом 1891 //Сочинения: в 25-ти томах. Экономические работы. - М.-Л.: Издательство АН СССР, 1950. - Т.19. – 958с.

  17. Янжул И. Английская свободная торговля: исторический очерк развития идей свободной конкуренции и начало государственного вмешательства. Период свободной торговли. – М.: Тип. Ф.Б. Миллера, 1882. - Вып. 2. - 475с.

  18. Кази М. И. По поводу таможенной войны с Германией: Докл. общ. собранию О-ва для содействия русской промышленности и торговле 1 сент. 1893 г. - СПб.: типо-лит. С.Ф. Яздовского и К, 1893. - 67с.

  19. Новиков Я.А. Протекционизм. – СПб.: тип. М.М. Стасюлевича, 1890. - 292с.

  20. Министерство Финансов 1802 - 1902 гг. Исторический обзор. СПб., 1902. - Ч.1 - 640с.

  21. Трусевич X. Посольские и торговые сношения России с Китаем (до ХIХ в.). - М.: Тип. Т.Малинского, 1882. - 304с.

  22. Диньгельштадт Н.А. Мирная политика и бескровное завоевание // Северный вестник. – СПб.: Типография В. Демакова, 1892. - №5-6. - с. 42-58.

  23. Абаковский. Краткий исторический очерк развития русской торговли в Северо-Западном Китае. - Омск: Типография окружного штаба, 1888. - 236с.

  24. Птицын В.В. Селенгинская даурия: Очерки Забайкальского края. - СПб.: Типо-Литография Б. Вульфова, 1896. - 306с.

  25. Земляницын И. Исторические очерки русской торговли с Западным Китаем через Семипалатинск // Труды общества для содействия русской промышленности и торговли. – СПб. - 1875. – ч.8. – 80-151сс.

  26. Потанин Г.Н. Избранные сочинения: в 3-х томах. Путешествия, воспоминания и письма. – Павлодар: ЭКО, 2005. - Т. 1. - 549с.

  27. Ядринцев Н.М. Сибирь как колония в географическом, этнографическом и историческом отношении. 2-е изд. - СПб.: Изд. И.М. Сибирякова, 1892. – 720с.

  28. Губаревич-Радобыльский А.Ф. Значение Туркестана в торговле с сопредельными странами // Материалы для изучения хлопководства. Вып. 2. – СПб.: типография В.Э. Киршбаума, 1912. – 239с.

  29. Переслегина И.В. История формирования и деятельности Кяхтинской таможни (XVIII – 60-ые годы ХІХ века): дисс… к.и.н.: 07.00.02. - Улан-удэ, 2004. - 221с.

  30. Шапошников Н.Н. Таможенная политика России до и после революции. - М.-Л.: Тип. им. Володарского, 1924. - 281с.

  31. Экономика и политика внешней торговли / под ред. М.Н.Соболева. М., 1928.

  32. Таможенная политика стран Востока: сборник статей. - М.-Л.: «Внешторгиздат», 1933. - 104с.

  33. Потяев А.И. Теория таможенного дела. - М.: «Наркомторг», 1927. - 163с.

  34. Практика таможенного дела / под ред. А.П. Винокура. - М.: Наркомторг СССР и РСФСР, 1927. - 274с.

  35. Кулишер И.М. Очерки истории русской торговли. - Петербург: «Атеней», 1923. - 322с.

  36. Кулишер И.М. Основные вопросы международной торговой политики. - 3-е доп. изд. - Л.: «Прибой», 1929. - 612c.

  37. Покровский С.А. Внешняя торговля и внешняя торговая политика России. - М.: «Международная книга», 1947. - 403с.

  38. Сладковский М.И. История торгово-экономических отношений народов России с Китаем (до 1917 г.). - М.: «Наука», 1974. - 439с.

  39. Романова Г.Н. Экономические отношения России и Китая на Дальнем Востоке. XIX – начало XX в. / отв. ред. А.И. Крушанов. - М.: «Наука», 1987. - 168с.

  40. Непомнин О.Е. Экономическая история Китая. 1864-1894 гг. - М.: 1974.

  41. Непомнин О.Е. Социально-экономическая история Китая. 1894-1914 гг. - М.: «Наука», 1980. - 367с.

  42. Халфин Н.А. Политика России в Средней Азии (1857-1868 гг.). - М.: Издательство восточной литературы, 1960. - 272с.

  43. Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в XVII - первой половине ХІХ века. - М: «Наука», 1979. – 311с.

  44. Лаверычев В.Я. Крупная буржуазия в пореформенной России. 1861-1900 гг. - М.: «Мысль», 1974. - 251с.

  45. Зеленский Ю.И. Контрабанда - язва империализма. - М.: «Международные отношения», 1985 - 112с.

  46. Марков Л.Н. Очерки по истории таможенной службы. - Иркутск: изд. Иркутского университета, 1987. - 157с.

  47. Угаров Б.Н. Международная борьба с контрабандой. - М.: «Международные отношения», 1981. - 216с.

  48. Силин Е.П. Кяхта в XVIII веке: Истории русско-китайской торговли. - Иркутск: Областное изд-во, 1974. - 204с.

  49. Единархова Н.Е. Кяхтинская торговля и ее влияние на экономическое развитие России, Монголии и Китая: автореферат диссертации дисс… к.и.н.: 07.00.02. – М, 1979. - 23с.

  50. Чимитдоржиев Ш.Б. Россия и Монголия. - М.: «Наука», 1987. - 235с.

  51. Хохлов А.Н. Торговля – приоритетное направление политики России в отношении цинского Китая // И не распалась связь времен ...: К 100-летию со дня рождения П.Е. Скачкова: сборник статей. - М: «Восточная литература», 1993. – 197-229сс.

  52. Хохлов А.Н. Кяхтинская торговля и ее место в политике России и Китая (20-е годы XVIII в. - 50-е годы XIX в.) // Документы опровергают. Против фальсификации истории русско-китайских отношений. - М.: «Мысль», 1982, 83-145сс.

  53. Кузнецов В.С Экономическая политика циньского правительства в Синьцзяне в первой половине ХIХ в.: дисс… к.и.н.: 07.00.02 – Алма-Ата, 1961. - 251с.

  54. Мамедова Э.М. Из истории взаимоотношении народов Туркестанского края и Синьцзяна (со второй половины ХIХ в. до 1917 г.): дисс… к.и.н.: 07.00.02. – Ташкент, 1963. - 305с.

  55. Алдабекова Н.А. Русско-китайская торговля в Синьцзяне в середине XIX в. // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. - А., 1989. - №3.- 54-59сс.

  56. Алдабекова Н.А. Русско-китайская торговля в Синьцзяне в 40-х годах XIX в.: Материалы девятнадцатой научной конференции «Общество и государство в Китае». - М., 1988. - Ч.2.

  57. Касымбаев Ж.К. Торговля России с цинским Китаем через города Восточного Казахстана (30-70-е годы XIX в.): Материалы семнадцатой научной конференции «Общество и государство в Китае». - М., 1986. - Ч.2.

  58. Касымбаев Ж.К. О торговле России с Цинской империей через города Восточного Казахстана в 80-90-е гг. XIX в.: Материалы двенадцатой научной конференции «Общество и государство в Китае». Тезисы и доклады. - М., 1981. - Ч.2.

  59. Касымбаев Ж.К. «Семипалатинский таможенный округ в системе торговли России с империей Цин в 90-е годы XIX в.»: Материалы восемнадцатой научной конференции «Общество и государство в Китае». Тезисы докладов. - M., 1987. - Ч.2.

  60. Касымбаев Ж.К. Города Восточного Казахстана. – А.: Ғылым, 1990. – 184с.

  61. Сутеева А.К. Политика России в Илийском крае в 1871-1881 гг.: дисс… к.и.н.: 07.00.02 - А.: 1987. - 188с.

  62. Абдрахманова Б.М. История Казахстана: власть, система управления, территориальное устройство в XIX веке. - Астана, 1998г. – 137с.

  63. Абилов К.Ж. История становления и развития предпринимательства в Казахстане (вторая половина XIX – начало ХХ вв.). - Караганда: Издательство КЭУ, 2005. - 356с.

  64. Касымбаев Ж.К. Казахстан – Китай: караванная торговля в ХІХ – начале ХХ веков. – А.: «Өлке», 1996. – 206с.

  65. Кожирова С.Б. Российско-китайская торговля в Центральной Азии (вторая половина ХІХ - начало ХХ вв.). - Астана: ЕГУ им. Л.Н.Гумилева, 2000. - 138с.

  66. Галиев В.В. Казахстан в системе росийско-китайских торгово-экономических отношении в Синьцзяне (конец XIX - начало XX вв.). – А.: Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова МОН РК, 2003. – 188с.

  67. Мұхаметханұлы Н. Қазақ-қытай қарым-қатынастарының даму тарихы (ХVІІІ-ХХ ғғ. арасы): 07.00.02 мамандығы бойынша т.ғ.к... дисс. - А., 1995. - 184б.

  68. Хафизова К.Ш. Китайская дипломатия в Центральной Азии в ХIV-ХIХ вв. – А.: «Ғылым», 1995. - 286с.

  69. Шалтыков А.И. Таможенная служба Казахстана. История, опыт, традиции и перспективы. Учебное пособие. - А.: «Бастау», 2004. – 236с.

  70. Тілемесов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Оқу құралы. - А.: «Ғылым», 2001. – 159б.

  71. Моисеев В.А. Россия и Китай в Центральной Азии (вторая половина ХІХ в. – 1917 г.). - Барнаул: «АзБука», 2003. - 346б.

  72. Воскресенский А.Д. Дипломатическая история русско-китайского Санкт-Петербургского договора 1881 года. М.: «Памятники исторической мысли», 1995. - 441с.

  73. Воскресенский А.Д. «Илийский кризис» и русско-китайский Ливадийский договор 1879г. // И не распалась связь времен...: К 100-летию со дня рождения П.Е. Скачкова: сборник статей. – М.: «Восточная литература», 1993. - С.257-273.

  74. Мясников В.С. Договорными статьями утвердили: Дипломатическая история русско-китайской границы XVII-XX вв. - М.: РИО Мособлупр-полиграфиздата, 1996. - 482с.

  75. Дацышен В.Г. Очерки истории российско-китайской границы во второй половине ХІХ – начале ХХ вв. Источник: www.east.cyxa.net

  76. Дацишен В.Г. Сибирский чай. Из истории чайной торговли в России // ЭКО. – 2002. - №4. – 161-172сс.

  77. Разгон В.Н. Сибирское купечество в XVIII-первой половине ХІХ в. Региональный аспект предпринимательства традиционного типа. – Барнаул: Изд-во Алтайского университета, 1998. – 660с.

  78. Старцев А.В. Русская торговля в Монголии (2-ая половина ХІХ – начало ХХ веков): дисс… д.и.н.: 07.00.02. - Томск: Томский государственный университет, 451с.

  79. Куприянова Л.В. Таможенно-промышленный протекционизм и российские предприниматели (40-е – 80-е годы XIX века). - М.: Институт российской истории, 1994. - 308с.

  80. Кисловский Ю.Г. История таможни государства Российского. - М.: ИПО «Автор», 1995. - 286с.

  81. Кисловский Ю.Г. Контрабанда: история и современность / под ред. А.С. Круглова. - М.: ИПО «Автор», 1996. - 429с.

  82. Блинов Н.Н. Таможенная политика России X - XX вв.: Краткий научно-популярный очерк. - М.: «Русина», 1997. - 270с.

  83. Шумилов М.М. История торговли и таможенного дела в России IX—XVII вв. / под ред. А.Н. Мячина. - СПб.: «Синтез-Полиграф», 1999. - 447с.

  84. Крихунов В.Н. Таможенная политика России и ее экономическая эффективность 1877-1914 гг. - М.: Русина, 1999. - 231с.

  85. Бутов Я.В. Таможенно-торговая политика России во второй половине XIX века. - М.: РИО РТА, 2000.

  86. Калашников С.Д. Исторический опыт протекционистской таможенной политики России. 1877-1913 гг.: учебное пособие. - М.: РИО РТА, 1996. - 216с.

  87. Мушкет И.И. Генезис таможенной системы России (историко-правовой анализ) // История государства и права. – 2003. - №3 – С. 39-41.

  88. Обухов Н.П. Таможенная и тарифная политика России во второй половине ХІХ века // Финансы. – 2005. - №4 – С. 71-73.

  89. Обухов Н.П. Внешнеторговая политика России на Востоке до начала ХХ века // Экономист. – 2006. - №12 – С. 84-88.

  90. Обухов Н.П. Фритредеры и протекционисты в первой половине ХІХ века: борьба идей // Финансы. – 2005. - №11 – С. 73-76.

  91. Обухов Н.П. Таможенная политика России второй половины ХІХ века: фритредеры и протекционисты // Финансы. – 2006. - №7 – С. 65-66.

  92. Марченко Р.А. Становление и развитие основных элементов административно-правового режима обеспечения таможенного дела: (историко-правовой аспект) // История государства и права. – 2007. - №3 – С. 24-26.

  93. Смирнова Е.М. Протекционистский этап в развитии таможенной политики России второй половины ХІХ века // История государства и права. – 2007. - №4. – С. 24-25.

  94. Романова Г.Н. Порто-франко и протекционизм: торговые связи Дальнего Востока России и Северо-восточного Китая (вторая половина ХІХ – начало ХХ вв.) // Россия и АТР. – 2006. - №3. – С. 110-122.

  95. Таможенное дело России: Сборник документов и материалов. Российская таможенная академия. Сост.: П.В. Дзюбенко, С.Д. Калашников, Ю.Г. Кисловский и др. Т. 3: 1864—1917 гг. - М.: Русина, 2000. - 492с.

  96. Кисловский И.Ю. Борьба России против экономической экспансии иностранных государств в конце ХІХ - начале ХХ вв.: дисс... д.и.н.: 07.00.02. - М.: 2000. – 593с.

  97. Иванов К.Е. Таможенная политика Российской империи в конце ХІХ – начале ХХ веков: переход к системе конвенцальных торговых соглашении: дисс... д.и.н.: 07.00.02. – СПб., 2006. – 531с.

  98. Беляева Н.А. Таможенная политика России на Дальнем Востоке во второй половине ХІХ – начале ХХ веков: дисс... д.и.н.: 07.00.02. - Владиовсток, 2004. - 427с.

  99. Матвиенко И.Г. Формирование таможенной службы на Дальнем Востоке России в 1899-1917гг.: дисс... к.и.н.. 07.00.02. – Хабаровск, 2000. - 229с.

  100. Иванова Т.В. Совершенствование пограничного и таможенного надзора в пунктах пропуска через европейскую границу Российской империи (1893-1914гг.): дисс... к.и.н.: 07.00.02. – М., 2002. – 211с.

  101. Пилипенко А.Н. Торгово-таможенная политика и таможенная служба России в Северо-Кавказском регионе (90-е годы XVIII – 60-ые годы ХІХ века): дисс... к.и.н.: 07.00.02. – Отечественная история. – М., 2002. – 236с.

  102. Русско-китайские договорно-правовые акты (1689-1916). Сборник. Под общей редакцией Мясникова В.С. - М: «Памятники исторической мысли», 2004. – 694с.

  103. Полное собрание законов Росийской империи (ПСЗРИ). Собрание 3. Том 10. 1890. Отделение 1. СПб, 1893.

  104. Полное собрание законов Росийской империи (ПСЗРИ). Собрание 3. Том 19. 1899. Отделение 1. СПб, 1902.

  105. Свод законов Российской империи, повелением государя императора Николая І-го составленный. Том VІ. Уставы таможенные. СПб, 1892. – 513с.

  106. Свод законов Российской империи, повелением государя императора Николая І-го составленный. Том VІ. Устав таможенный. СПб, 1904. – 376с.

  107. Собрание узаконений и распоряжений Правительства, издаваемое при правительствующем Сенате. – 1889. – 6 января. - №2. – 1с.

  108. Сборник узаконении и распоряжении по таможенному устройству в Средней Азии. - СПб.: издание Департамента таможенных сборов, 1901. -224с.

  109. Крафт И.И. Сборник узаконении о киргизах степных областей. - Оренбург: типография П.Н. Жаринова, 1898. – 532с.

  110. Временные таможенные правила, действующие в Туркестанском крае, таможенный тариф для Туркестанского края на 1889 год. – Туркестанские ведомости. – 1889. - №17. – 63с.

  111. Об учреждении Туркестанского и Семипалатинского таможенных округов. – Туркестанские ведомости. – 1890. - №37. – 145-146сс.

  112. Инструкция чиновнику особых поручении Министерства Финансов по таможенным делам в Туркестанском крае // Туркестанские ведомости. - 1888. - №18. - 10 апреля. – 69с.

  113. Николаенко. Таможенное дело в Туркестанском крае // Туркестанские ведомости. – 1890. - №27. – 3 июля. – 105-106сс.

  114. Несколько слов о таможенном деле в Туркестанском крае // Туркестанские ведомости. – 1890. - №23. – 5 июня. – 80с.

  115. Иванов Н. По поводу заметки о таможенном деле в Туркестанском крае // Туркестанские ведомости. – 1890. - №25. – 19 июня. – 99с.

  116. О чайной торговле в Верном // Туркестанские ведомости. – 1880. - №42. – 21 октября. – 166с.

  117. Запрет вывоза хлеба из Туркестанского края и Сибири в западно-китайские земли // Туркестанские ведомости. – 1880. - №23. – 90с.

  118. Правила о взимании пошлин с англо-индийских чаев и наблюдении за ввозной торговлей по границе с Средне-азиатскими ханствами // Туркестанские ведомости. – 1881. - №38. – 136с.

  119. ООММ, Қор 3, Тізбе 6, Іс №8517 – «По предмету распространения торговых сношении с Западной Монголией (о том, кто должен взыскивать пошлину с чая, вывозимого на Сибирскую линию из Западного Китая)», 1868-1874жж., 616п.

  120. ООММ, Қор 3, Тізбе 7, іс №11080 – «По вопросу о том: следует ли выдавать заграничные билеты для торговли с Китаем лицам, не имеющим свидетельств первой и второй гильдии», 27п.

  121. ООММ, Қор 3, Тізбе 8, Іс №11663 – «По отношению тов. Министра Иностранных Дел относительно изменения правил сухопутной торговли России с Китаем», 1873-1876жж., 55п.

  122. ООММ, Қор 3, Тізбе 8, Іс №12807 – «По донесению Управляющего Ургинским консульством о торговле производимой русскими подданными в Монголии в 1874г.», 1875ж., 14п.

  123. ООММ, Қор 3, Тізбе 8, Іс №12808 - «О назначении особого пограничного чиновника для надзора за лицами торгующими в Китае и пограничным кочевым населением», 1875-1876жж., 16п.

  124. ООММ, 3 қор,8 тізім, 3 том, іс №13315 – «Отчет царю за 1876 год», 869п.

  125. ООММ, Қор 3, Тізбе 9, іс №13955 – «По донесению Семипалатинского губернатора по вопросу, какими документами должны быть снабжены приказчики, доверенные и прочие, отправляющиеся в китайские владения», 7п.

  126. ООММ, Қор 3, Тізбе 9, Іс №13966 – «Относительно доставления в Главное Управление сведении ургинским консулом о торговых оборотах русских в Монголии за 1879 год», 1876ж., 17п.

  127. ООММ, Қор 3, Тізбе 9, Іс №13968 – «По донесению ургинского консула по предмету назначения в Западной Монголии от русского начальства правительственного лица для наблюдения за торговлей и притеснении китайскими властями русских. Здесь же переписка об избрании из среды торгующего а Западной Монголии купечества купеческих старшин», 1876-1879жж., 56п.

  128. ООММ, Қор 3, Тізбе 9, Іс №13971 – «По донесению Ургинского консула о купце Котельникове, отправившемся для торговли в Баркуль», 1876-1877жж., 23п.

  129. ООММ, Қор 3, Тізбе 9, Іс №15148 – «По представлении Ургинского консула о неудачном проследовании первого пробного каравана из Калгана через Улясутай на Бийск», 1877ж., 5п.

  130. ООММ, Қор 3, Тізбе 9, Іс №15150 – «По представлению Омской контрольной палаты относительно учреждения таможенных пунктов по границе Западной Сибири с Китаем», 1877ж., 4п.

  131. ООММ, 3 қор, 10 тізім, іс №15380 – «Отчет царю за 1878 год», 2 т., 1878, 422п.

  132. ООММ, Қор 3, Тізбе 10, іс №16267 – «О претензиях и убытках понесенных как казной, так и частными лицами по сношению с Китаем», 101п.

  133. ООММ, Қор 3, Тізбе 10, Іс №16465 – «По вопросу о присоединении к пределам Западной Сибири северной части Сергиопольского уезда, а также и о государственной границе с Западным Китаем от Тарбагатайских гор», 1879-1881жж., 31п.

  134. ООММ, Қор 3, Тізбе 10, Іс №16466 – «Сведения о состоянии торговли русских подданных в Монголии за 1878 год и о дозволении Бийским купцам, торгующим Улясутае и Кобдо, провозки кирпичного чая прямым путем на Бийск. Кроме того сведения из отчета подполковника Генерального штаба Певцова», 1879-1881жж., 57п.

  135. ООММ, Қор 3, Тізбе 10, іс №17056 – «Отчет царю военного губернатора Семипалатинской области за 1881 год», 55п.

  136. ООММ, Қор 3, Тізбе 9, Іс №15808 – «Об исследовании порганичной местности около горного прохода Хабар-Асу для проложения колесного пути в Чугучак, об учреждении этом городе консульства, о назначении туда консулом чиновника особых поручении Балкашкина и о командировании статского советника Павлова-Сильванского для этой же цели в Бийск и далее в Кош-Агач», 1878-1882жж. (беттері көрсетілмеген).

  137. ҚР ОММ, Қор 64, Тізбе 1, том 2, іс №2823 – «Ведомости об оборотах внешней и внутренней торговли по Сибирской границе с 1883 по 1886 годы», 1883-1886. 375п.

  138. ҚР ОММ, қор 64, тізбе 1, кітап 2, іс №3881 – «Выписки из законопроекта МФ об отпуске средств на усиление таможенного надзора на границе с Монголией и Китаем в пределах Семипалатинской области; наставление по охране государственной границы и карты пограничной полосы Семипалатинской области», 36п.

  139. ҚР ОММ, Қор 64, Тізбе 1, Кітап 2, Іс 5071 – «Дело об устройстве таможенного надзора в Семиреченской и Семипалатинской области», 324п.

  140. ҚР ОММ, Қор 64, Тізбе 1, Кітап 2, Іс 5083 – «Инструкции по устройству надзора за границей Семиреченской области с Западным Китаем в административном, таможенном и военном отношениях, пограничным отрядам Семипалатинской и Семиреченской областей и прочее», 68п.

  141. ҚР ОММ, Қор 44, Тізбе 1, Том 26, Іс №37439 – «Об организации на русско-китайской границе таможенного надзора», 1889-1899жж., 118п.

  142. ҚР ОММ, Қор 44, Тізбе 1, Том 26, Іс №38165 – «Таможенные учреждения, об открытии таковых в Семиреченской области», 1913ж., 18п.

  143. ҚР ОММ, Қор 44, Тізбе 1, Том 26, Іс №37452 – «Ведомости о движении внешней торговли из разных мест в китайские пределы», 1889ж., 135п.

  144. ҚР ОММ, Қор 44, Тізбе 1, Том 26, Іс №37979 – «О принятии мер к прекращению вывоза в Китай из русских пределов опия», 1908-1918жж., 161п.

  145. ҚР ОММ, Қор 44, Тізбе 1, Том 26, Іс №38148 – «О неразрешении китайскими властями производить торговлю чаем нутри Западного Китая русскими торговцами», 1913-1914жж., 10п.

  146. ҚР ОММ, Қор 44, Тізбе 1, Том 26, Іс №38535 – «О доставлении в Департамент таможенных сборов о чае, привезенных из Иркутской таможни в г.Верный с 1868 по 1870 год», 1871-1881жж., 95п.

  147. ҚР ОММ, Қор 44, Тізбе 1, Іс №38705 – «Об учреждении таможенного надзора в пунктах пограничных с Китаем», 1873-1875жж., 7п.

  148. ҚР ОММ, Қор 44, Тізбе 1, Іс №39320 – «По поводу применения в области правил взимания пошлин с чая и наблюдения за ввозной торговлей из средне-азиатских ханств», 1884-1887жж., 17п.

  149. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №2 – «Об устройстве таможенной части на границе с Западным Китаем и об открытии Семипалатинского таможенного округа», 1890-1898жж., 228п.

  150. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №5 – «Об ассинговании кредита на первоначальное обзаведение таможенных учреждении. О высылке вооружения таможенной страже», 1891-1893жж., 230п.

  151. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №8 – «Правила и инструкция о правах и обязанностях всех чинов, выработанные для учреждении округа», 1891-1892жж., 135п.

  152. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №10 – «О доставлении сведении Департаменту таможенных сборов по покупке, постройке и ремонту здании таможенных ведомств», 1891-1892жж., 106п.

  153. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №14 – «Об обязательном обандеролевании байхового чая мелких помещениях», 1891-1896жж., 362п.

  154. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №18 – «Инструкция для таможенной стражи учреждении округа», 1891ж.

  155. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №21 – «Со сведениями о приграничной торговле с Китаем», 1891ж., 63п.

  156. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №23 – «О беспорядках в Кош-Агачской таможне»1891-1892жж., 110п.

  157. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №24 – «О задержании контрабандного чая», 1891ж., 58п.

  158. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №37 – «О постройке здания для таможни в укреплении Бахты», 1892ж., 83п.

  159. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №41 – «Канцелярская переписка с Кош-Агачской таможней, Зайсанским и Бахтинским таможенными участками и др. по делам службы», 1892-1893жж., 330п.

  160. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №65 – «О преобразовании системы таможенного надзора в районе 50-ти верст приграничной с Китаем полосы», 1895-1896жж., 81п.

  161. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №98 – «Переписка начальника Семипалатинского таможенного округа Ковалевского с таможенным ревизором при Департаменте таможенных сборов Рогаль-Качурой по делам службы», 1896 ж., 43п.

  162. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №109 – «Циркуляры Дпепартамента таможенных сборов об организации таможенных учреждении и пограничного надзора Семипалатинском таможенном округе», 33п.

  163. Торговые связи Семипалатинского Прииртышья (ХУІП-ХХ вв.): Сборник документов. - Управление архивами Восточно-Казахстанской области, Центр документации новейшей истории Восточно-Казахстанской области. – Семипалатинск, 2004. - 350с.

  164. Памятная книжка Западной Сибири. 1881 год. – Омск: Типография окружного штаба, 1881. – 331с.

  165. Памятная книжка Западной Сибири. 1882 год. – Омск: Типография окружного штаба, 1882. – 409с.

  166. Певцов М.В. Очерк путешестия по Монголии и Северным проинциям внутреннего Китая. - Омск: Типография окружного штаба, 1883. – 354с.

  167. Путешествие на Алтай и Саяны, совершенное летом 1883 года, по поручению ИРГО и его Западно-Сибирского отдела, членом-сотрудником А.Адриановым. // Записки Западно-Сибирского отдела ИРГО. Кн.8. Вып.2. - Омск: Типография окружного штаба, 1888. – 144с.

  168. Брещинский М.А. Исследование путей в Алтайском крае // Записки западно-Сибирского отдела ИРГО. Т.3. - Омск: Типография окружного штаба, 1881. – 320с.

  169. Боголепов М.И., Соболев М.Н. Очерк русско-монгольской торголи. Экспедиция в Монголию 1910 года. - Томск: Типо-литография т-ва Печатного дела, 1911. – 498с.

  170. Очерк поездки по горной системе Алтая. Географический очерк В.Л. Попова // Записки западно-Сибирского отдела ИРГО. Т.30. - Омск: Типография окружного штаба, 1903. – 256с.

  171. Шавров Н. О путях для торговли России с Азией. Доклад представленный в общество для содействия русской промышленности и торговли. – СПб.: Типография И.И. Глазунова, 1873. – 86с.

  172. Куропаткин А.Н. Кашгария: страны, ее военные силы, промышленность и торговля. – СПб.: Изд. имп. РГО, 1879. - 435с.

  173. Завалишин И. Описание Западной Сибири. Т.3: Сибирско-киргизская степь. – М.: Университетская типография, 1867. – 145с.

  174. Бабков И.Ф. Воспоминания о моей службе в Западной Сибири. 1859-1875 гг. – СПб.: Типография В.Ф. Киршбаума, 1912. - 575с.

  175. Обзор внешней торговли России по европейской и азиатским границам за 1893 год. – СПб.: изд. Типография В. Киршбаума, 1893. – 560с.

  176. Обзор внешней торговли России по европейской и азиатским границам за 1904 год. – СПб.: изд. Типография М.П. Фроловой, 1906. – 906с.

  177. Степанов С.А. С.Ю. Витте (исторический портрет). // Международный исторический журнал. - №3. – май-июнь. – 1999. – 14-20сс.

  178. Таможенное дело в России X - начало XX вв.: Исторический очерк. Документы. Материалы. Сост. А. В. Аграшенков, Н. М. Блинов и др. Руководитель и науч.ред. А. Н. Мячин. - СПб.: ПиК, 1995. - 213 с.

  179. Лейзерович Е.Е. Социальные и экономические итоги российской колонизации Туркестана. - Тель-Авив, 2001.- 269с.

  180. ҚР ОММ, 825 қор, 1 тізім, іс №12 – «Рапорт Г.А. Колпаковского командующему войсками Туркестанского военного округа с приложением записки «Об экономическом и политическом положении в отношении к Китаю, о невыгодах настоящего положения, о необходимости и средстве его изменить»», 1868, 8п.

  181. Ю.А. Гагемейстер О торговом значении Средней Азии в отношении к России // «Русский вестник». – 1862. - № 10. – с.713-736.

  182. ООММ, Историческая справка «Из истории Омской таможни». Составитель – главный палеограф Вутын Е.Н. - Омск: ГАОО, 19л.

  183. Ресей мемлекеттік әскери-тарихи мұрағаты, қор 38, тізбе 8, іс №89, 26п.

  184. ҚР ОММ, қор 800, тізбе 1, предисловие к фонду №800 «Канцелярия Семипалатинского таможенного округа (1890-1899 гг.)», құрастырушы - ғылыми қызметкер - И. Аспидова.

  185. ҚР ОММ, қор 126, тізбе 1 қосымша, іс №9 – «Переписка по приобретению в Хоргоссе помещения для таможенного пункта», 1892ж., 76п.

  186. ҚР ОММ, қор 126, тізбе 1 қосымша, іс №6 – «Распоряжения об организации стражи, открытии действия Джаркентского участка, разная переписка». 1891-1895жж., 105п.

  187. ҚР ОММ, қор 800, тізбе 1, іс №112 – «О покупке помещении для таможенных учреждении», 23п.

  188. ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №22 - «Книга на записку постановлении Начальника Семипалатинского таможенного округа», 20п.

  189. ҚР ОММ, қор 800, тізбе 1, іс №85 – «С секретными распоряжениями Департамента таможенных сборов», 74п.

  190. ҚР ОММ, қор 800, тізбе 1, іс №98а – По вопросу об отмене клеймления ямбового серебра в округе, 1896ж., 18п.

  191. ҚР ООМ, қор 126, тізбе 1 қосымша, іс №36 – «Об организации таможенной стражи», 1897ж., 9п.

  192. ҚР ОММ, қор 126, тізбе 1 қосымша, іс №43 – «К сведению и руководству (инструкции при ревизии участков о порядке состояния отчетов)», 1897-1898 жж., 115п.

  193. ҚР ОММ, қор №800, тізбе №1, іс №9 – «По ревизии таможенных участков округа», 106п.

  194. ҚР ОММ, Қор №800, Тізбе №1, іс №52 - «С отчетами гг. управляющих участками, по обозрению ими участков в 1893 году», 113п.

  195. ҚР ОММ, Қор №126, Тізбе №1 қосымша, іс №54 – «О постройке кордонов для таможенной стражи», 42п.

  196. ҚР ОММ, Қор №126, Тізбе №1 қосымша, іс №63 – «Книга со сводами о личном составе постов и распределении чинов», 37п.

  197. ҚР ОММ, Қор №126, Тізбе №1, іс №6 – «Об удовлетворении содержанием, наградами, акциденцией, добавочным довольствием на воспитание детей и другими деньгами», 125п.

  198. Дворецкий Е.В. Статистика внешней торговли // Массовые источники по социально-экономической истории России периода капитализма. М., 1979. С. 354.

  199. ҚР ОММ, Қор №800, Тізбе №1, іс №126 – «Циркуляры Департамента таможенных сборов и переписка начальника таможенного округа с управляющими участков», 259п.

  200. ҚР ОММ, қор №800, тізбе №1, іс №12 – «По вопросу содействия передовых отрядов в охране границы в таможенном отношении», 18п.

  201. ҚР ОММ, қор №126, тізбе №1 қосымша, іс №74 – «К сведению и руководству (по вопросу обращения товаров в пятидесятиверстной пограничной с Китаем полосе)», 1900ж., 57п.

  202. ҚР ОММ, қор №126, тізбе №1, іс №115 – «Журнал таможенной стражи Джаркентского таможенного участка», 1905ж., 40п.

  203. ҚР ОММ, қор №126, тізбе №1, іс №223 – «По мобилизации», 1914-1917жж., 162п.

Қосымша А

ХХ ғасырдың басында Қазақстан территориясындағы кедендер картасы



Ескертпе-дерек көзі - Губаревич-Радобыльский А.Ф. Значение Туркестана в торговле с сопредельными странами // Материалы для изучения хлопководства. Вып. 2. СПб.: типография В.Э. Киршбаума, 1912.
Қосымша Б

Бақты кедені мекемесінің жобасы



Ескертпе-дерек көзі: ҚР ОММ, қор 800, тізбе 1, іс №10, 42п.
Қосымша В

Бақты кедені мекемесінің жобасы



Ескертпе-дерек көзі: ҚР ОММ, қор 800, тізбе 1, іс №10, 70п.

Қосымша Г

Хоргосс өтпелі пунктісі мекемесінің жобасы



Ескертпе-дерек көзі: ҚР ОММ, қор 800, тізбе 1, іс №112, 17п.

Қосымша Д

Хоргосс өтпелі пунктісі мекемесінің жобасы



Ескертпе-дерек көзі: ҚР ОММ, қор 800, тізбе 1, іс №10, 17а

Қосымша Е

Жаркент учаскесінің Бестөбе бекетінің жобасы



Ескертпе-дерек көзі: ҚР ОММ, қор 126, тізбе 1 қосымша, іс №54, 21п.

Қосымша Ж

Жаркент учаскесінің Алмалы бекетінің жобасы



Ескертпе-дерек көзі: ҚР ОММ, қор 126, тізбе 1 қосымша, іс №54, 20п.

Қосымша И

Жаркент учаскесінің Карантинный бекетінің жобасы


Ескертпе-дерек көзі: ҚР ОММ, қор 126, тізбе 1 қосымша, іс №54, 23п.



Қосымша К

Жаркент учаскесінің Қолжат бекетінің жобасы



Ескертпе-дерек көзі: ҚР ОММ, қор 126, тізбе 1 қосымша, іс №54, 25п.

Қосымша Л

Қатон-қарағай учаскесінің Үкек өңірі



Ескертпе-дерек көзі: ҚР ОММ, қор 800, тізбе 1, іс №9, 9п.
Қосымша М

Зайсан учаскесінің Қаратал бекетіне бөлінген жер жоспары



Ескертпе-дерек көзі: ҚР ОММ, қор 15, тізбе 1, іс №2161, 19п.

Қосымша Н

Зайсан учаскесінің Қарашілік бекетіне бөлінген жер жоспары



Ескертпе-дерек көзі: ҚР ОММ, қор 15, тізбе 1, іс №2161, 20п.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет