- Асциті бар науқасқа екіншілік гиперальдестеронизм дамымауы үшін төсектік режим тағайындайды. Күнделікті тәуліктік диурез, тәуліктік ішілген сұйықтық көлемі,артериалдық қысым,тамыр соғысының жиілігі,дене салмағы бақыланып отырады және лабараториялық көрсеткіштер электролиттік көрсеткіштер, қандағы альбумин,зәр қышқылы,креатининнің мөлшерін бақылап отыру қажет.
- Жануарлық белокты шектеу 40-50г-1 тәулікте;
- көмірсу 300-400-1 тәулікте г;
- май 80-90г-1 тәулікте;
- тұз 0,5-2г1 тәулікте; тұссыз стол №7.
- су 0,5-1 л.
- Егер бір апта ішінде төсектік режим сақталып,тұссыз емдәм қолданған кезінде тәуліктік диурез 0,5 және науқас 2кг дене салмағын жоғалтса келесі қадам- зәр айдағыш заттармен емді жалғастырамыз.
Рекомендация 1 - Рекомендация 1
- Қатаң төсек демалысы Гипонатрийдің диетасы: минималды және орташа асцит кезінде ас тұзын қабылдауды тәулігіне 1-1,5 г дейін шектеу кернеулі асцит кезінде-тәулігіне 0,5-1 г дейін Қатты асцит кезінде сұйықтықты қабылдауды шектеу (күніне 0,8-1,5 литрге дейін)
- Рекомендация 2
- Диуретикалық терапия: альдостерон антагонистері (верошпирон тәулігіне 50-400 мг, алдактон) сонымен қатар альдостерон антагонистерінің әсері болмаған кезде натриуретиктер (фуросемид тәулігіне 20-160 мг, урегит тәулігіне 50-100 мг)
- Рекомендация 3
- Альбумин ерітіндісін көктамыр ішіне енгізумен терапевтік парацентез (3-6 л) (жойылған асциттің 1 литріне 6-8 г мөлшерінде альбумин ерітіндісі ) Ультрафильтрация Leveen немесе Denver перитонеовенозды шунт, трансъюгулярлы бауырішілік портосистемалық шунт Бауыр трансплантациясы
Зәр айдау терапиясы - Альдестерон антагонистері: верошпирон,альдактон,спиронолактон тағайындайды.Бүйректің дистальды иілген каналшаларына және қыртысты қабаттағы зәр жинайтын түтікшелерге әсер етеді.Нәтижесінде Na- дын кері сорылуы тежеліп, K-ды сақтау артады.Альдактон 150-200 мг – тәулігіне-7-10күн.Дозасын 75-100га дейін төмендетіп ол ұстамалы дозаны айлап, жылдап қажеттілігіне қарай береді.Бауыр жетіспеушілігінде оның дозасын 50-75мг-ға дейін төмендетеді.Әсері нашар білінгенде фуросемид қосады (40-80мг тәулігіне) 2-3 апта бойы.Емге нашар көнетін асцит синдромында бұл дәрілерді қосарлата береді:
- фуросемид 80мг+гипотиазид 100мг+альдактон 200мг;
- фуросемид 80мг+бринальдакс 40мг+альдактон 200мг;
- фуросемид 80мг+ оксодолин 100мг+ альдактон 200мг;
Қорытынды - Бауыр циррозы – қазіргі таңда әлемдегі ең қиын аурулардың бірі болып келеді . Себебі аурудан жазылу мүмкіндігінің болмауы және ауруға шалдыққан науқастардың көп ұзамай қайтыс болуы. Бауыр циррозынын алдын алу өте маңызды мәселе болып табылады . Халыққа барша алдын алу шараларын , диета , алкогольден бастарту ,белсенді өмір ұстанымын қадағалаудың маңызын түсіндіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |