Ббк 3. (5 Каз) д 42 Ответственный редактор



Pdf көрінісі
бет34/83
Дата30.06.2022
өлшемі7.81 Mb.
#459571
түріСборник
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83
Сведения об авторе:
Темиргалиев Радик Джексенбаевич – главный эксперт Института 
мировой экономики и политики при Фонде Первого Президента РК, 
Казахстан, Нур-Султан. E-mail: r.temirgaliev78@gmail.com


172
Базылхан Н. 
ҰЛЫҚ ҰЛЫСТЫҢ ЖОШЫ, 
БАТУ, ӨЗБеК ЖӘНе БАСҚА ХАНДАРЫНЫҢ 
МИНИАТЮРАЛАРЫ* 
Jochi, Batu, Uzbek and other miniatures of the khans of Ulug Ulus
Abstract
The article examines the Persian miniatures of the khans of the Ulug 
ulus in the manuscript book «Baysungur albumu», which is considered an 
integral part of the work of Rashid ad-din «Jāmi ՙ al-tawārīkh». «Baysungur 
albumu» is kept in the archives of the Topkapi Palace Museum in Istanbul, 
Turkey. In the genealogical part of the manuscript, the khans are depicted 
in a circle (58 images), the khatuns (5 women) are drawn in rectangles, the 
names are given in medieval Turkic (Uyghur) script. In the genealogy, the 
names of most of Timur’s descendants are given in Arabic script.
миниатюры Джучи, бату, узбека и других ханов улуг улуса
Резюме
В статье рассматриваются персидские миниатюры ханов Улуг 
улуса в рукописной книге Baysungur albumu, которая считается не-
отъемлемой частью сочинения Рашид ад-Дина «Джами
с
 ал-Таварих». 
Baysungur albumu хранится в архиве дворца-музея Топкапы в Стамбуле, 
Турция. В генеалогической части рукописи ханы изображены в кругу (58 
изображений), хатуны (5 женщин) нарисованы в прямоугольниках, име-
на даны средневековым тюркским (уйгурским) письмом. В генеалогии 
имена большинства потомков Тимура даны арабской графикой.
Ортағасырлардан бастап шығыс елдерінде әсіресе парсы 
қолжазба кітаптарында көркем безендіру, түрлі-түсті суреттер 
сызу өнері яғни миниатюралар сызу өнері қарқынды дами ба-
стады. Сөйтіп, Елхандық, Жалайырлық, Темірлік, Түркмендік 
«миниатюра мектептері» де түрлі өңірлерде Тебриз, Бағдат Ши-
раз, Исфахан және басқа қалаларында қалыптасқан болатын [1, 
s. 154; 2, s. 432; 3]. Осындай миниатюраларға бай кітаптардың 
қатарында Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих», Фирдоусидің 
«Шахнаме» сынды көптеген туындылар жатады. 


173
Осы орайда Шыңғыс қаған және оның әулеті әсіресе Ұлық ұлыс 
билік иелері мен қатұндардың бейнелерін сызған миниатюралар 
Рашид – ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» шығармасында молынан 
кездеседі.
Бұл ретте Рашид ад-дин «Жамиғ ат-тауарих» туындысының 
құрамдас бөлігі деп саналатын «Baysungur albumu» аталатын 
қолжазба кітабындағы парсы миниатюраларындағы Ұлық ұлыс 
хандары миниатюралары кездеседі. Түпнұсқасы Түркия, Стамбұл 
қаласы Топқапы сарай музейі архивінде сақтаулы (Istanbul, Top-
kapı sarayı müzesi kütüphanesi, № 2152-43а). 
Осы альбом-кітапта Шыңғыс қаған, оның ұрпақтарының 
шежіресі мен миниатюралары бар. Аталмыш шежіреде адам ат-
тары ортағасырлық түрк тілінде ұйғыр және арабграфикалық жа-
зуымен жазылған және хандардың бейнелері шығыстық (шағын 
суреттер) миниатюралары бойынша көркем безендірілген. 
Бұл шежіре жайында алғаш рет 1962 жылы З.В. Тоган Алан-
Қоғай (Alan-Gow-a) -дың ақ шулан бөрі-қасқырмен безендірілген 
бейне суретін жариялайды [4, p. 60-72]. 1963 жылы З.В. Тоган 
«Стамбұл кітапханаларындағы миниатюралары» [ 5, s. 59-60] 
деген атпен жариялаған мақаласында Топқапы сарай музейінде 
сақтаулы тұрған осы шежіреде жазылған хан аттарын транскрип-
циялап беріп, шежірені «Baysungur albumu» деп атайды. Бұдан 
кейін 1977 жылы О.Ф. Серткая «Ислам дәуіріндегі ұйғыр жазу-
лы ескерткіштеріне бір шолу» [6, s. 8-9] деген кітапшасында сөз 
болып отырған шежіредегі хан аттарының транкскрипциясын 
толықтай дерлік берген, алайда Себінбек дегенді «Секербек», 
Сатибек дегенді «Харбенде», Абусағит дегенді «Бусағит» деп 
оқыған. Ол аталмыш шежірені Темірдің (1336-1405 ж.) түрлі-түсті 
миниатюрасы берілгеніне орай «Темір шежіресі» деп атап, оны 
1390-1410 жылдары жасалынған дейді. О.Ф. Серткая хандардың, 
қатұндардың бейнелері безендірілген миниатюраларын 1981 
жылы арнайы брошюр етіп толық жариялады [7, s. 242-259]. 
Біздің тарапымыздан да Топқапы сарай музейі кітапханасындағы 
зерттеулерімізден соң бірнеше рет жарияланған еді [8, 51-54 б.; 
9, p. 61; 10]. 
Жалпы, Шыңғыс қаған (1162-1227 ж.) орнатқан Ұлы Моңғол 
империясының хандарының бейне суреттері жайында бірнеше 


174
зерттеулер жарияланған. Моңғол ғалымы Тэмэгэт Пекиндегі 
моңғол жазуының кеңесінен 1924-1926 жылдары «Юан 
мемлекетінің хандарының суреттері» деген кітапты жарыққа 
шығарған. Онда Шыңғыс, Өгедей (1228-1241ж.), Құбылай (1260-
1294 ж.), Өлжейіт Темір (1294-1308 ж.), Хайсан күлік (1307-
1311 ж.), Аюурбарбад (1311-1320 ж.), Төв Темір (1329-1332ж.), 
Ринчинбал (1332 ж.) және басқа хандардың бейне суреттері 
енген екен. Жалпы саны 8 хан, 7 қатұн бейнесі беріліпті [11, 6-р 
талд.]. Осы суреттері негізінде А. Мостарт [12, p. 147-156] 1927 
жылы Шыңғыс, Өгедей, Құбылай, Өлжейіт Темір хандардың 
бейне суреттері жайында ғылыми мақала жариялап, ол бейне 
суреттердің сол дәуірге қатыстылығын тілге тиек етеді. 
Моңғол ғалымы әйгілі археолог Довдойн Баяр [13, 6-15-р 
талд.] 1997 жылы жариялаған «Шыңғыс Боғданың ілкі бейне 
суреті» деген кітабында Шыңғыс қағанның бейне суреті деп 
жарияланып келген біршама нұсқаларды (Пекин, Тайвань, 
Жапониядағы) салыстыра зерттей келе, олардың ішінде жалған, 
жасанды суреттерді атап көрсетеді. Әсіресе зерттеушілердің 
қытайлық әскери басшылардың суреттерін Шыңғыс қаған 
деп жариялағанын, олардың ғылыми негізсіз екенін айрықша 
атайды. Д. Баяр Шыңғыс қаған бейне суретін сараптай келіп, 
оның жалпы келбеті, киім кешегі, бас киім секілді көптеген 
жайыттарын екшелей келе, қазіргі Моңғолияның шығыс аймақ-
тарында кездесетін тасмүсін-бәдіздері бейнелерімен сабақтас, 
өте ұқсас келетіндігін дәлелдейді. Және Шыңғыс қаған және 
басқа хандардың бейне суреттерін байырғы моңғол хандардың 
жарлығымен сурет салу дәстүрі бойынша Өлжейіт Темір (1295-
1308 ж.) ханның тұсында қызметте болған суретші шебер 
Қорықосұн суреттеген дейді. Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-
тауарих» туындысының көркемдік безендіру жұмыстары үшін 
моңғол, түрк тектес суретші шеберлер қатыстырылғаны туралы 
деректер кездеседі дейді. 
Ал, Моңғол империясы дәуірінде оның құрамындағы басқа 
жерлерде мысалы Иран, Үндістан, Орталық Азиядағы билік 
иелерінің бейне суреттері кездесетін қолжазба кітаптары, 


175
сирек басылымдары аз емес. Атап айтқанда қытай, парсы, араб, 
түрки тілді жазба деректерінде баршылық. Сонымен қатар, 
В. Ян [14], Л.П. Сычев [15, c. 92-98], М.В. Горелик [16; 17, p. 
147-150], Сайшаал [18] сынды зерттеушілер моңғол хандардың 
миниатюралары жайында азды-көпті материалдар жариялады. 
Мысалы Шайбани хан, Газан хан және басқа хан, билік иелерінің 
бейне суреттері М.Қ. Әбусейтова, Ю.Г. Баранова тарапынан 
жарияланды [19]. 
Енді Топқапы сарай мұражайы (№ 2152) альбом кітаптағы 
Шыңғыс қаған шежіресіне байланысты ескі ұйғұр жазулы 
хандардың аттарын тізбелесек: 
«- (Добун Байан-қатұнымен-?), Алан-Қоғай, Боданчар, Бұқа 
Тұдұн (?), Тұдұм Менен, Қайдұ хан, Бай Сұңқар, Түмбине 
хан, Қачұлай-Ердемчі-Арұл-Сұғұ шешен-Қарачар ноян-Исил-
Алаңғыр-Бұрғұл-Тарағай, Қабал хан, Йесүкей баһадүр, Шыңғыс 
хан, Жочы хан, Чағатай хан, Өгедей хан, Батұ, Тоған, Мөңке 
Темір, Тоғрылча, Өзбек, Жани, Жанидың қызы Себенбек, Се-
бенбек қызы Сүнбек, Сүнбек ұлы Халил сұлтан, Тұлұй, Мөңке 
хан, Құбұлай хан, Арық Бөке хан, Құлағұ, Ахмед хан, Абаға 
хан, Кейқатұ хан, Арғұн хан, Ғасан хан, Сатибек хан, Абусағит 
хан, Темір күйеу, Шахрух, Өміршах, Миранча күйеу, Жиһангер, 
Жиһанша, Пир мухамед, Мухамед султан.... » . 
Шежіреде хандардың бейне суреттері дөңгелек (58 бей-
не), қатұндардың (5 әйел бейнесі) бейне суреттері төртбұрыш 
сызық ішінде безендірілген. Шежіреде Темірдің ұрпақтарының 
көпшілігі арабграфикасымен берілген. 
Біз осы жолы Топқапы сарай музейінен алынған цифрлық 
фотосуреттеріміз бойынша аталмыш шежіредегі Ұлық ұлыс хан-
дары, атап айтқанда Жошы, Батұ, Тоқан, Мөңке Темір, Тоғрылча, 
Өзбек, Жанибек, Халил сұлтан және Себембек, Сүйүнбек 
ханшайымдардың бейне сурет минитюраларын ұсынып отыр-
мыз. Өйткені аталмыш шежіренің 61 дана минитюраларына бай-
ланысты егжей-тегжейлі тарихи-деректанулық біршама зерттеу-
лер жүргізу қажеттілігі бар. 


176
«JOČI QAN – Жошы хан» 
(Топқапы сарай мұражайы 
№ 2152, 43а)
(Жаңғыртып сызған Н.Базылхан)
Ортатүрк тілінде ұйғыр жазулы 
мәтіні: «bu BATU Joči oγl-u – бұ 
Батұ , Жошы ұлы» 
(Топқапы сарай мұражайы 
№ 2152, 43а)
(Жаңғыртып сызған Н.Базылхан)


177
Ортатүрк тілінде ұйғыр жазулы мәтіні: «bu Toqan Batu oγl-u – 
бұ Тоқан Батұ ұлы» (Топқапы сарай мұражайы № 2152, 43а)
(Жаңғыртып сызған Н.Базылхан)
Ортатүрк тілінде ұйғыр жазулы мәтіні: 
«bu Möngke Temür Toqan oγl-u – бұ Мөңке Темүр Тоқан ұлы» 
(Топқапы сарай мұражайы № 2152, 43а)
(Жаңғыртып сызған Н.Базылхан)
12–5626


178
Ортатүрк тілінде ұйғыр жазулы мәтіні: 
«bu Toγrilča Möngke Temür oγl-u – бұ Тоғрылча Мөңке Темүр ұлы»
(Топқапы сарай мұражайы № 2152, 43а)
(Жаңғыртып сызған Н.Базылхан)
Ортатүрк тілінде ұйғыр жазулы 
мәтіні: «bu Özbek Toγrilča oγl-u - бұ 
Өзбек , Тоғрылча ұлы»
(Топқапы сарай мұражайы № 2152, 36а)
(Жаңғыртып сызған Н.Базылхан)


179
Ортатүрк тілінде ұйғыр жазулы мәтіні: 
«bu Jani Özbek oγl-u - бұ Жани Өзбек ұлы»
(Топқапы сарай мұражайы № 2152, 36а)
(Жаңғыртып сызған Н. Базылхан)
Ортатүрк тілінде ұйғыр жазулы мәтіні: 
«bu Sebem bek Jani qïzï – бұ Себембек Жани қызы» 
(Топқапы сарай мұражайы № 2152, 36а)
(Жаңғыртып сызған Н.Базылхан)


180
Ортатүрк тілінде ұйғыр жазулы мәтіні: 
«bu Süyünbek Sekerbek qïzï - бұ Сүйүнбек Шекербек қызы» 
(Топқапы сарай мұражайы № 2152, 36а)
(Жаңғыртып сызған Н.Базылхан)
Ортатүрк тілінде ұйғыр жазулы мәтіні: 
«bu Halil sultan Süyünbek oγl-u - бұ Халил сұлтан Сүйүнбек ұлы» 
(Топқапы сарай мұражайы № 2152, 36а)
(Жаңғыртып сызған Н.Базылхан)


181
Топқапы сарай мұражайы № 2152 кітап альбомдағы шежіредегі 
көне ұйғыр жазуында хатталынған адам аттарын біз транскрип-
циялап кестеге жүйелеп нөмірлеп беріп отырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет