280
«Кирай хан мен Жәнібек хан күшіне толық енгеннен кейін,
бұл Бурудж оглан олардан өзін алысырақ ұстады да, Түркістан
[қалалары] территориясында болды. Моголдардың келгені ту-
ралы естіп және Йунус –ханның Қара-Тукайда екенін анықтап,
хан лагеріне тарпа бас салды. Сол күні [Йунус ханның] барлық
адамдары кездейсоқ...» [6, 117].
Біз
білетіндей, Қара-Тоқайдағы шайқас шамамен 1472
жылдың екінші жартысында болды [8, 60]. Яғни, әлдеқашан 1472
жылы Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын биледі, ал Ядигер-хан
мен Бурудж-оглан (Әбілхайыр-ханның ұлы Ақ-Бұрын) «олардан
өзін алшақ ұстады». Бұрын біз Жәнібек пен Керей әкелері Барақ
пен Болат қайтыс болғаннан кейін Моголистанға келгені туралы
нұсқаны ұсынғанбыз [7, 273].
Аллах жақсы біледі деген сөйлемнің мағынасын түсіну үшін,
Мухаммед Хайдар Дулати шығармасында кездесетін Аллах
біледі түсінігіне қатысты барлық айтылғанды қарап шыққан жөн.
Барлығы мұндай үзінді 13:
1.Моголдардың ауызша аңыздарында Илйас ходжа хан ту-
ралы бір де бір әңгіме және айтылу жоқ. Ол туралы «Зафар-
намеден» міне не мәлім: Туллук Темір хан өлімінен кейін хандық
құрылды. [Әкесінен] өлімінен кейін, «Балшық шайқасынан» және
ондағы жеңістен кейін, Самаркандыны қоршауға алғаннан және
жылқылардың қырылуына байланысты одан оралғаннан кейін, ол
шамалы уақыт патшалық етті. Туглук Темір хан өлімінен кейінгі
олар туралы моголдар айтқан және олар туралы көп ұзамай жа-
зылатын [оқиғалардың] басым бөлігі Илйас ходжа хан өлімінен
кейін болып өтті <ал Аллах жақсы біледі> [6, 60-61].
2.
(Хизр)хан 770 (1368 — 1369) жылға дейін туды, ал бұл
Достарыңызбен бөлісу: