Ббк 3. (5 Каз) д 42 Ответственный редактор



Pdf көрінісі
бет65/83
Дата30.06.2022
өлшемі7.81 Mb.
#459571
түріСборник
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
Сведения об авторе:
Темиргалиев Радик Джексенбаевич – главный эксперт Института 
мировой экономики и политики при Фонде Первого Президента РК, 
Нур-Султан, Казахстан. E-mail: r.temirgaliev78@gmail.com


277
Сәбитов Ж.М.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ 
УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ 
On the question of the time of the emergence of the Kazakh Khanate
Abstract
After the celebration of the 550th anniversary of the Kazakh Khanate, 
the point of view was fixed in Kazakhstan that the Kazakh Khanate was 
formed in 1465-66. But the years 1465-1466 do not fit in formal parameters 
to the place of the date of the Kazakh Khanate. Janibek and Kerey at that 
time lived in the territory of Moghulistan as political emigrants and potential 
pretenders to the khan throne. The point of view of T.I. Sultanov the fact that 
the Kazakh Khanate arose after the death of Abulkhair Khan around 1470 
seems more reliable. This article provides arguments in favor of the fact 
that the Kazakh Khanate emerged only after the death of Abulkhair Khan 
in 1468.
К вопросу о времени возникновения Казахского ханства
Резюме
После празднования 550-летнего юбилея Казахского ханства в Ка-
захстане закрепилась точка зрения, что Казахское ханство образова-
лось в 1465-66 годах. Но 1465-1466 годы не подходят по формальным 
параметрам на место даты возникновения Казахского ханства. Джа-
нибек и Керей в то время проживали на территории Могулистана как 
политические эмигранты и потенциальные претенденты на ханский 
престол. Точка зрения Султанова Т.И. на то, что Казахское ханство 
возникло после смерти Абулхаир-хана около 1470 года, кажется более 
достоверной. В данной статье приводятся аргументы в пользу того, 
что Казахское ханство возникло только после смерти Абулхаир-хана 
в 1468 году.
Тарихты екі «тарихқа» бөлуге болады: кәсіби тарих және 
Ұлттық тарих. Кәсіби тарихтың мақсаты нақты тарихи фактілерді 
айқындау. Кәсіби тарихшылар жазатын тіл өте күрделі және 
көпшілік үшін ол аса түсінікті емес. Одан басқа, кәсіби тарих-
шылар қарастыратын тақырыптар халықтың 99,9 % үшін аса 
қызықты емес. Айталық, кәсіби тарихшылар Беркенің Алтын 


278
Ордаға билікке келген жылдың басы туралы дауласады. Біреулері 
1257 жыл туралы айтса, ал екіншілері 1260 немесе 1262 жыл ту-
ралы айтады. Халықтың басым бөлігіне жалпы бұл тақырып аса 
қызықты емес, оның үстіне, олардың басым бөлігі ешқашан Бер-
ке есімін естімеген де шығар. Ұлттық тарих – бұл, ең бастысы, 
мифтендірілген жеңістердің және жеңілістердің, символдардың 
және шынайы тарихи тұлғалардың төңірегіне халықты-ұлтты 
біріктіруге арналған саясаттың құралы. Кәсіби тарихшылардың 
кейде кейбір тақырыптары саяси өзекті болады, және сонда бұл 
мәселе өзінің ғылыми құрылымын жоғалта бастайды да, арнайы 
жасалған мифтермен қаптап қаулайды. Таза тарихи мәселе – 
Қазақ хандығының құрылуы туралы мәселемен дәл солай бол-
ды. Путиннің Селигер-2014 «қазақтарда ешқашан мемлекеттілік 
болмағаны» туралы мәлімдеген сөзі [13] Қазақстанда көптеген 
адамардың «кішкентай Цахисуге» қазақтар мемлекеттілігінің 
үлкен дәстүрі бар екенін дәлелдеу пиғылының пайда болуына 
әкелді. Осыған байланысты Қазақстанда Қазақ хандығының 550-
жылдығын тойлау туралы іс-шараларды өткізу ұсынылды (және 
әлдеқашан жоспарлануда) [12] [10] [11]. Қазақ мемлеттілігінің 
юбилейін тойлау талпынысы бұрын да болған [2]. Алайда, ол кез-
де бұл мәселе, қазіргідей соншалықты саясиландырылған емес. 
Қазақ хандығының құрылу мерзімі (датасы) Н.А. Атығаевтың 
мақаласынан алынған болатын[1]. Қазақ хандығының құрылуы 
уақыты туралы мәселе шындығында өте даулы [15]. Аталған 
мақала осыны талдауға арналған. Зерттелетін мәселенің тарих-
намасы Н.А. Атығаевтың еңбектерінде жақсы қарастырылған 
[1], [2]. Алайда, сонымен қатар, Н.А. Атығаевтың қорытындысы, 
біздің пікірімізше, дәлелденбеген. Н.А. Атығаев Мырза Хай-
дар Дулатиге сынсыз сенеді. Ал методология классиктерінен 
мәлім болғандай [5], «методологиялық сенімсіздік» кез-келген 
дереккөзі үшін негізгі тәсіл болып табылады. Одан басқа, егер 
қазақ хандығының құрылу мерзімін сынсыз қабылдасақ, онда 
хижраның 870 жылының басым бөлігі (үштен екісі) 1466 жылға 
келеді, сондықтан «юбилейді тойлау» 2015 жылдың күзінен 2016 
жылдың жазына дейін жалғасуы керек екенін атап өткен жөн.
Қазақ хандығының пайда болуы туралы айтатын тек бір 
ғана дерек бар. Бұл Мырза Хайдар Дулатидің Тарихи Рашиди. 


279
Мырза Хайдар Дулати алғашқы Қазақ хандарының замандасы 
болмағанын атап өту керек және сондықтан, ол мәліметтерді 
«екінші қолдан» алды. Мырза Хайдар Дулати «Қазақ хандығының 
құрылу мерзімінен» кейін 30 жылдан кейін дүниеге келді. Қазақ 
хандығының құрылуы туралы үзіндісі келесідей: «Абу-л-Хайр хан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет