281
4. ханның алпыс бір рет қалмақтарға қарсы шыққаны және
тек бір рет қана шайқаста жеңгені, ал қалған шайқастарда
жеңіліс тапқаны айтылған, <ал Аллах жақсы біледі>[6, 93].
5.Қазақ сұлтандарының билеуі 870 (1465 — 1466) жылдан
басталып кетті, < ал Аллах жақсы біледі > [6, 106].
6. Йунус хан — Вайс хана б. Шир 'Али Углана б. Мұхаммад хан
б. Хизар Ходжа хан б. Тоғылық Темір ханның ұлы. Оның туған
жылы туралы мен есітген жоқпын, бірақ оның өмір сүрген
жылдарынан және қайтыс болған уақытынан анықталғаны,
оның туған жылы 819 (1416 — 1417) жылы — < ал Аллах жақсы
біледі > [6, 108].
7. Оның тамаша қасиеттері мен игілікті әрекеттері сон-
шалықты, тіпті, бәлкім, оған дейінгі хакандардың ішінде Увайс-
ханнан басқасында, мұндай қасиеттің болуы шамалы, < ал Ал-
лах жақсы біледі >[6, 171].
8.Ол маған бақыт сезімінде көз тастап, сосын екінші рет маған
қарап, сұрады: «Өткір көздің мақсаты қандай екенін сен білесің
бе?». Мен жауап бердім: «Аллах жақсы біледі» [6, 285-286].
9. Міне оның шежіресі: Афрасийаб, Пишаның ұлы, Дад
Нишинаның ұлы, ол Турдың ұлы, ол Афридунның ұлы. Бұл «Мад-
жма ат-таварих» Ходжа Рашидаддин Фазлаллахтан алынған
Та'рих-и гузида» бойынша келтірілген [автор]. Басқа тарихи
шығармаларда бұдан көп келтірілген, <ал Аллах жақсы біледі
>[6, 361].
10.Онда жартылай қиратылған күмбез бар. Ондағы жазудан
менің оқығаным: «
Шах Джалил б. Кусам б. Аббас...», ал қалғаны
түсіп қалған, сондықтан бұл шынында оның моласы ма, әлде
жорамалдап жазылған ба, <ал Аллах жақсы біледі >[6, 459].
11. Ештеңе қалмаған бұл жерде не қала болды, немесе
Шағатай хан Саккакиді ұстап алып өлтіргенде, бұл жерге оның
бейітінің үстіне осы ғимаратты салғызды, <ал Аллах жақсы
біледі >[6, 459-460].
12. Джанпа — саны көп халық. Оның дулпа деп аталатын
тайпаларының бірінде елу мыңнан астам жанұя. Және < осыған
ұқсас тайпалар көп, мен олардың құрметті ақсақалдарының
бірінен сандары қанша екенін сұрадым, бірақ олар жауап бере
алмады, Аллах олардың қанша екенін біледі >[6, 519].
282
13. Онда ғибадатханадағы жөндеу жұмыстары тура-
лы да өкім жазылған. Қысқаша айтқанда, Шакья Мунидің үш
мың жыл бұрын өмір сүргені туралы айтылған. Бұл бұйрықта
хижраға қарағанда және бізге беймәлім, бір, екі жылы жазылған.
Бұйрықтың мұқалған түріне қарағанда, бұған әлі жүз жыл да
болмағаны көрінеді, <ал Аллах жақсы біледі >[6, 525].
Жоғарыда келтірілген үзінділерден біз көргендей, «аллах
жақсы біледі» деген автор сөзі, автордың өз сөзіне сенімсіздігін
айтады. Мухаммед Хайдар Дулатидің өзі Қазақ хандығы пайда
болған соң бірнеше онжылдықтан кейін дүниеге келгенін есеп-
ке алсақ, бұл оның сөздеріне күмәндануға негіз болмақ (оның
үстіне, оның өзі өз сөздеріне күмәнданған).
Н.А. Атыгаев жазғандай:
«Әбілхайыр-хан мемлекеті толық
ыдырағанға дейін және Орталық және Оңтүстік Қазақстанда
XV ғасырдың соңғы ширегінде биліктің қазақ хандарының қолына
өткенге дейін, замандастары әлдеқашан Керей мен Жәнібекті
дербес билеуші ретінде қабылданды» деп 1977 жылы К.А.
Бұл жерде, «Әбілхайыр-хан мемлекеті толық ыдырағанға
дейін, замандастары әлдеқашан Керей мен Жәнібекті дер-
бес билеуші ретінде қабылдады» деген дәйексөздің негізсіз
екенін атап өткен жөн. Бізде аталған
дәйексөзді дәлелдейтін
авторлардың тура куәлігі және сол заман халқына жүргізілген
социологиялық сауалнамасы жоқ. Керісінше, Мырза Хайдар
Дулатидің куәлігі Әбілхайыр-ханның өлімінен кейін Қазақ
хандығының пайда болғаны туралы нақты айтады. Ал «Ал-
лах жақсы біледі»
деген бұлыңғыр сөйлем, Мырза Хайдар
Дулатидің өз датасына өзінің күмәнданғанын білдіреді. Бұл
жерде Мырза Хайдар Дулатидің тек 1499/1500 жылы туғанын
(ал шығарма, Қазақ хандығы пайда болғаннан кейін, (1540-шы
жылдары) дерлік 70 жыл жазылды) және Қазақ хандығының
негізі қалануының замандасы болмағанын,
сондықтан ол
Қазақ хандығының құрылуын шамамен («аллах жақсы біледі»)
бағалағанын атап өту қажет.
Оның үстіне, ол Қазақ хандығының пайда болуының келесідей
кезеңдерін анық атап өтті:
1. Керей мен Жәнібек саяси босқынға айналып және Моголи-
стан территориясында өмір сүрді.
283
2. Әбілхайыр-ханның өлімі. Б.А. Ахмедовтың пікірінше,
Әбілхайыр-хан өлімінің уақыты 1468 жыл [3,] Алайда, хижраның
674 жылы 1469-1470 жылдарға келеді. Біз білетіндей, ол 1469-
1470 жылдардың қысында дүниеден өтті [9, 173].
3. Әбілхайыр-хан өлімінен кейін қоластындағылардың басым
бөлігі Керей мен Жәнібекке кетті және олардың саны 200 мың
адамға жетті.
Мемлекет анықтамасының жалпы көрсеткіші, ол
нақты тер-
Достарыңызбен бөлісу: