Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар


1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет4/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Лизинг КАЗ

 


8
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕГІ 
ЛИЗИНГТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘН-МАҢЫЗЫ 
1.1 Лизинг – инвестициялау әдісі ретінде. Лизингтің түрлері, 
артықшылықтары және кемшіліктері 
Лизинг қазақ тіліне аударғанда, ұзақмерзімді негіздегі жалға беруді 
білдіреді. Экономикалық сөздікте белгілі бір ақысына мүлікті уақытша 
пайдалануға тапсыру, жалға беру болып түсіндіріледі, яғни жалға беруші 
қазіргі уақытта оған қажет емес мүлікті жалға өткізеді, сол арқылы оны ұстау 
шығындарын өтеп, белгілі бір пайда алады [1].
Сонымен бірге, ел экономикасында нарықтық қатынастардың дамуымен, 
шет елдерде бұрыннан және жеткілікті кең түрде пайдаланылатын жаңа 
қаржылық құралдар пайда болуда және олар қосымша инвестициялар тартудың 
маңызды көзіне айналуда. Қаржы лизингі (одан әрі – лизинг) осындай 
құралдардың бірі болып пайдаланылады.
Осы терминнің пайда болуы жалгерліктің жаңа түрі – отандық 
экономикада бұрын пайдаланылмаған қаржылық жалгерлікті (лизингті) бөліп 
көрсету қажеттілігін туғызды. Қаржылық лизинг – бұл жабдықты меншікке 
сатып алумен және оны белгілі бір ақысына уақытша пайдалануға жалға 
тапсырумен байланысты, экономикалық және қаржылық қатынастар жүйесі. 
Қаржылық лизинг кезінде жабдықты өндіруші мен оны пайдаланушы арасында, 
негізінен, осы мәмілені қаржыландыратын делдал қатысады. Уақытша 
жұмсалмай жатқан бос қаражаты жоқ лизинг алушының, лизингтік мәміле 
жасау туралы лизинг компаниясына ұсыныспен кіруі, мәміленің мәні болып 
табылады. Тиісті уағдаластық болған кезде лизинг алушы қажетті жабдықты 
сатушыны немесе өндірушіні таңдайды, ал лизинг беруші лизинг шартындағы 
белгілі бір ақыға лизинг алушы үшін уақытша пайдалануға лизинг затын сатып 
алады. Осындай шарт аяқталғаннан кейін аталмыш жабдық я лизинг алушының 
меншігіне өтеді (шарт талаптарына қатысты), я лизинг берушіге қайтарылады 
[1].
Осылайша, лизингтің табиғаты екіжақты. Лизинг қайтару негізінде 
қаражатты негізгі құралдарға салу болып көрінеді. Ал, негізгі құралдардың 
жекелеген элементтерін белгілі бір кезеңге бере отырып, меншік иесі 
белгіленген уақытта оларды кері қайтарып алады, яғни мерзімділік пен 
қайтарушылық қағидаттарының болатындығы көрініп тұр. Өзінің көрсеткен 
қызметтері үшін мүліктің меншік иесі, ақылық қағидатын жүзеге асыру сол 
арқылы қамтамасыз етілетін, комиссия түрінде сыйақы алады. 
Мәмілеге жаңа қаржы көздерін тарту есебінен қымбат тұратын жобаларды 
жүзеге асыру кезінде, лизингтік мәмілеге қатысушылар саны артуы мүмкін.
Егер лизинг шартында оның аяқталу мерзімі өткеннен кейін аталмыш 
жабдықты сату анықталған болса, онда мүлікті уақытша пайдалану қатынасы 
лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы сатып алу-сату қатынасына 
ауысады. Бұл ретте мүлікті уақытша пайдалануға табыстау қатынасы лизингтік 
қатынастардың аса маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Жабдықты сатып 


9
алу-сату жөніндегі қатынасқа қатысты айтатын болсақ, онда ол екінші кезекті 
рөл атқарады. Сол мезгілде шарттар кешені мен бұл ретте туындайтын мүліктік 
және қаржылық қатынастардың күрделі ұштастырылуы, тұтастай алғанда 
лизингке тән екенін атап көрсету қажет.
Өзінің экономикалық табиғаты бойынша лизинг несие қатынастарымен 
және инвестициялармен аса ұқсас. Мәселен, лизинг кезінде (сол сияқты несие 
қатынастары кезінде) меншік иесі, оны уақытша пайдалануға табыстай отырып, 
белгіленген мерзімге сәйкес оны кері қайтарып алады, ал көрсетілген қызмет 
үшін тиісті комиссиялық сыйақы алады. Айырмашалық мынада болып 
табылады: лизинг кезінде мәмілеге қатысушылар ақшалай қаражаттармен емес, 
нақты мүлікпен операция жасайды.
Нәтижесінде лизинг жиі түрде, пайдалануға табысталатын негізгі құралдар 
формасында лизинг беруші лизинг алушыға беретін тауар несиесі ретінде 
сараланады және оны дәстүрлі банк ссудасына балама, машиналар мен 
жабдықтарды сатып алуды несиелеу формаларының бірі ретінде қарау қажет. 
Осылайша, лизинг алушыны несиелеу (инвестициялау) ақша түрінде емес, зат 
түрінде жүзеге асырылатындығы, лизингтің маңызды жағы болып саналады. 
Бұл қымқыруды, сол сияқты тәжірибеде пайданы уыстан шығарып алуды 
болдырмауға мүмкіндік береді және бұл әсіресе біздің экономикамыздың 
қазіргі жай-күйі үшін маңызды.
Оның негізгі құралдарға ақшалай қаражат салу формасы, бюджет 
қаражаты, кәсіпорындардың меншікті қаражаты, ұзақмерзімді несие және өзге 
де көздер сияқты, қаржыландырудың дәстүрлі арналарына қосымша көз болып 
саналатындығы, лизингтің қаржылық функциясы болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде лизингтің: қаржылық және жедел екі түрінің аражігі 
ажыратылады. Жалға табысталатын жабдықты пайдалану мерімдері оларды 
ажыратудың негізгі өлшемдері болып пайдаланылады. Егер жедел лизинг, 
оларды пайдаланудың нормативтік мерзімдерімен салыстырғанда (сонымен 
байланысты лизинг беруші оны лажсыздан әлденеше рет уақытша пайдалануға 
тапсырады) машиналарды немесе жабдықтарды жалға тапсырудың неғұрлым 
қысқа уақытымен сипатталса, онда қаржылық лизинг үшін жалға тапсырудың 
ұзақ мерзімі тән болып саналады, демек, амортизациясы (өтемпұлы) немесе 
оның құнының бүкіл бөліктері көбірек [2]. 
Осылайша, бүкіл тәуекелдер мен кірістер, лизинг алушыға табысталатын, 
жабдықты пайдаланумен байланысты болатын мәмілені, қаржылық лизинг деп 
түсіну қажет. Бұл ретте лизингтік төлемдер лизинг берушіге жабдықтың құнын 
қайтаруды ғана емес, сонымен бірге салынған капиталға сәйкесінше пайда 
алуды да қамтамасыз етуі тиіс. Шарт мерзімі өткеннен кейінгі мүлікке меншік 
құқығына қатысты айтатын болсақ, онда ол лизинг алушыға берілуі немесе 
шарттың талаптарына қатысты берілмеуі мүмкін. Жедел лизинг кезінде 
жабдықты табыстау (беру) мерзімі, негізінен, аса қысқа болып саналады және 
мүліктің иесіне (иелеріне) тән бүкіл тәуекелдер мен ысыраптар, лизинг 
берушінің өзінде қалады.


10
Лизингтің негізгі субъектілері: 

лизинг беруші – тартылған немесе меншікті ақшалай қаражаттар 
есебінен лизингтік мәмілелерді жүзеге асыру барысында меншігіне мүлік сатып 
алатын және оны лизинг заты ретінде белгілі бір ақысына лизинг алушыға, 
белгілі бір мерзімге және белгілі бір жағдайларда уақытша иелік етуге және 
лизинг алушыға лизинг затына меншік құқығы ауысумен немесе ауысусыз 
пайдалануға беретін жеке немесе заңды тұлға; 

лизинг алушы – лизинг шартына сәйкес белгілі бір ақыға, белгілі бір 
мерзімге және белгілі бір жағдайларда уақытша иеленуге және лизинг шартына 
сәйкес пайдалануға лизинг затын қабылдауға міндетті жеке немесе заңды тұлға; 
- сатушы (жеткізуші) – лизинг берушімен сатып алу-сату шартына 
сәйкес, лизинг заты болып саналатын, өзі өндіретін (сатып алатын) мүлікті 
лизинг алушыға сататын жеке немесе заңды тұлға. Сатушы (жеткізуші) сатып 
алу-сату шартының талаптарына сәйкес лизинг затын лизинг берушіге немесе 
лизинг алушыға тапсыруға (беруге) міндетті (А-қосымшасы).
Екі бөліктен: жабдықты сатып алу-сату туралы лизинг беруші мен 
жеткізуші арасындағы шарттан және лизинг беруші мен лизинг алушы 
арасындағы лизинг шартынан тұратын лизинг шарты, лизингтік мәміленің 
негізгі құжаты болып саналады. Лизинг шартына сатып алынатын және 
пайдаланушыға берілетін жабдықтың атауы, оның құны мен жеткізу 
мерзімдері, шарттың қолданыс мерзімінің басталуы мен аяқталуы, тараптардың 
құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, жабдықты жеткізу және қабылдау 
тәртібі, оны пайдалану, күтім жасау, жөндеу және сақтандыру, лизингтік 
төлемдер мен айыппұл санкциялары, дауларды шешу тәртібі, шартты 
мерзімінен бұрын бұзу жағдайлары, тараптардың деректемелері (реквизиттері) 
және т.б. кіруі тиіс [1]. 
Лизингтің аса маңызды тұсы – өтемпұл аударымдарын дұрыс және 
уақытылы есептеу есебінен негізгі құралдардың толық ұдайы өндірісін 
қамтамасыз ету. Дәстүрлі тәртіпте өтемпұлдық аударымдар соңғы уақыттарға 
дейін оларды пайдаланудың бүкіл нормативтік мерзімі ішінде біркелкі өндіріс 
шығындарына есептен шығарылып келді және бұл, біріншіден, негізгі 
құралдардың жекелеген түрлерінің өтемпұлын толық есептемеуге әкелді, ал 
екіншіден, оларды тез жаңалап отыру үшін қаржылық мүмкіндіктер жасауға оң 
ықпал етпеді.
ҚР Салық кодексіне сәйкес өтемпұлдарды есептеу жүйесі түбегейлі 
жетілдірілді. Өтемпұлдық қызмет мерзімдері қысқартылды және бұл үлкен 
қаржылық мүмкіндіктер туғызу үшін неғұрлым маңызды фактор болып 
саналады. Ғылым мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізуді жеделдету 
мақсатында 
кәсіпорындар 
мен 
ұйымдарға 
мүліктің 
өтемпұлдарын 
жеделдетілген есептеу тетігін пайдалану құқығы берілген. Аталмыш тетік 
нормативтік мерзімдермен салыстырғанда негізгі активінің өзіндік құнын 
өндіріс шығындарына ауыстыруды жеделдетуге және сол арқылы 
кәсіпорындарға олардың негізгі құралдарының: машиналардың, жабдықтардың, 
көлік құралдарының актив бөлігін жаңалауды және техникалық дамытуды 
жеделдетуге мүмкіндік береді [4]. 


11
Қазақстандық 
тәжірибеде 
қаржылық 
қызмет 
саласында 
біздің 
көзқарасымызша, белгілі бір артықшылыққа ие қаржылық лизинг соның бірі 
болып саналатын, жаңа несиелік құралдарды пайдалануға көшу қажеттілігі 
пайда болды.
Қаржы лизингі (халықаралық тәжірибеде – «капитал лизингі» немесе 
лизингтелетін активтің толық өзін-өзі ақтайтын лизингі): жалгерлік, сауда, 
несие және т.б. экономикалық қатынастар жүйесін біріктіреді. Қаржы лизингі 
қаржылық несие формаларының бірі болып саналады және оның жұмыс 
істеуімен және басқарудың өзіндік ерекшелігімен байланысты несие 
қатынастарын сипаттайды [5, 67-б.]. 
Банктік несиемен салыстырғанда несиені ресімдеудің неғұрлым 
оңайлатылған рәсімі, қаржы лизингінің оң сипаттамасы болып саналады. 
Қазіргі отандық және шетелдік тәжірибе растап отырғандай, лизингтік 
келісімдер 
кезінде 
уақыт 
шығындарының 
көлемі 
мен 
қаржылық 
құжаттамаларды табыс ету үшін қажет тізбе, ұзақмерзімді несие беру туралы 
банкпен жасалатын шартты ресімдеу кезіндегіге қарағанда, түбегейлі түрде аз 
болып саналады. Алынған несиені қатаң түрде мақсатты пайдалану және оны 
сенімді қамтамасыз ету, елеулі дәрежеде осыған сәйкес келеді.
Мұнан өзге, қаржы лизингі ұйымда, лизинг объектісі өтемпұлының бірте-
біртелігімен байланысты негізгі қарызды өтеуге резерв қалыптастыруын қажет 
етпейді. Өйткені қаржы лизингі кезінде негізгі қарызға қызмет көрсету және 
лизингтелетін активтің өтемпұлы бірмезгілде жүзеге асырылады (яғни 
лизингтік төлемдер құрамына кіргізілген), лизинг кезеңі аяқталғаннан кейін 
лизинг активі бойынша негізгі қарыз құны нөлге келтіріледі. 
Жалгерлер үшін қаржы лизингінің артықшылықтары болып мыналар 
саналады: жалгерлік 100-пайыздық қаржыландыруды болжайды және қарыздың 
бүкіл сомасын тез қайтаруды талап етпейді; жалгерлік жалгерді 
қаржыландырылатын 
активтерге 
қажеттіліктермен 
дәл 
сәйкестікте 
қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Жалгерлік шарт жалгерлердің өзіндік 
ерекшеліктерін ескере отырып әзірленуі мүмкін; жалгерлік кезінде активтерді 
сатып алу және қаржыландыру мәселелері бір мезгілде шешіледі; жалгерлік 
шешім қабылдаудағы жалгердің икемділігін арттырады. Сол мезгілде сатып алу 
кезіндегі сияқты «сатып алмау» баламасы ғана болады, жалгерлік кезінде 
жалгердің таңдауы неғұрлым кеңірек болады. Жалгерлік шартына сәйкес, 
жалгер оның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне неғұрлым дәл жауап беретін 
жағдайды таңдауы мүмкін, өйткені жалгерлік төлемдер белгіленген кесте 
бойынша жүзеге асырылады, жалгердің капитал жұмсауды қаржыландыру 
шығындары мен өнімдерді өткізуден түскен түсімдерді үйлестіруге және сол 
арқылы қаржылық жоспарлардың жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етуге 
үлкен мүмкіндіктері бар және бұл жабдықтарды сатып алу кезінде орын алады; 
жалгерлік елеулі қаржылық ресурстары жоқ жалгерге, ірі жобаны бастауға 
мүмкіндік береді. 
Жалға беруші үшін лизингтік жалгерліктің артықшылықтары болып 
мыналар саналады: жалға берушінің жалға тапсырылған мүлікті сала отырып 
немесе жалгерлік төлемдер талабы құқығын бере отырып, қызметін жалғастыру 


12
және кеңейту үшін қосымша қаржылық ресурстар іздестіру мүмкіндігі бар; 
жалгерлік қаржылық ресурстарды материалдық активтерді сатып алуға тура 
бағыттайды және сол арқылы несие қаражаттарын мақсатсыз пайдалану 
проблемасын жояды. 
Лизингтің негізгі кемшіліктері болып келесілер саналады: 

лизинг беруші жабдықтың моральдық ескіру тәуекелі мен лизингтік 
төлемдер алуды өзіне алады, ал лизинг алушы үшін лизинг құны, сатып алу 
бағасынан немесе банк несиесінен үлкен. Сондықтан лизинг мәмілесенің 
алдында оны сараптау бойынша үлкен алдын ала жұмыстар жүргізіледі; 

лизинг алушы, өзінің негізгі құралдарының меншік иесі болып 
саналмайтындықтан, банк зайымы қажет болған жағдайда кепіл ретінде оларды 
бере (сала) алмайды және бұл, неғұрлым тиімді жағдайларда осындай займ 
алуға деген оның мүмкіндіктерін азайтады; 

меншікті қаржыландыру көзі жоқ лизинг беруші, лизинг алушының 
инвестицияларын қаржыландыру үшін ол лажсыз алатын несиелер бойынша 
сыйақы мөлшерлемелерінің күрт өзгеру тәуекеліне тартылған және бұл 
лизингтік жобаның құны қымбаттайды. Егер лизингтік компания ірі банктің 
филиалы болып саналса, жоғары айтқан тәуекел бейтараптандырылады [6]. 
Біздің пікірімізше, жалгер үшін жалгерліктің кемшіліктері болып келесілер 
саналады: қаржылық жалгерлік кезінде жалгерлік төлемдер келісімшарттың 
соңына дейін тоқтатылмайды, тіпті егер ғылыми-техникалық прогресс мүлікті 
ескіргеннің қатарына шығарса да, жалгер жабдықтың теңгерімдік құнын 
арттырудан ұтпайды. 
Тұтастай алғанда лизинг мәмілелердің бүкіл қатысушылары үшін жеткілікті 
түрде пайдалы қаржыландыру болып саналады. Лизинг алушы үшін бұл:
- төлемдер кезеңі мен мерзімі әр түрлі қаржыландыру; 
- негізгі құралдарды жаңалау, қымбат тұратын жабдықтарды сатып алу 
немесе ірі инвестициялық жобаны бастау; 
- қысқа мерзімді активтерді үнемдеу; 
- төлемдердің әр түрлі сызбалары: ақшалай, өтемақылық, аралас, сондай-ақ 
негізгі қарызды өтеудің құбылмалы мөлшерлемелерін тиянақтау немесе 
белгілеу.
Лизинг беруші үшін оң тұтастары болып келесілер саналады:
- қаражатты қайтармау тәуекелін төмендету (несие тетігінен өзгешелігі); 
- моральдық және физикалық тозу тәуекелін төмендету, өйткені мүлікті 
қаржылық лизинг кезінде ең алдымен лизинг алушы сатып алады
- мемлекет тарапынан салық жеңілдігін алу мүмкіндігі. 
Жеткізуші немесе сатушы аталмыш жағдайда: 
- өз өнімдерін өткізудің қосымша мүмкіндіктеріне ие болады; 
- тәуекел төмен болады, өйткені лизинг беруші мүліктің құнын қайтармау 
тәуекелін өзіне алады.
Лизинг тұтастай алғанда мемлекет үшін үлкен маңыз атқарады, атап 
айтқанда: 
- лизинг тетігі арқылы инвестициялардың құйылуы есебінен салаларды 
дамытады, капитал жұмсаудың жалпы деңгейін арттырады; 


13
- қаржыландыру көздері арасындағы бәсекелестікті күшейтеді; 
- мемлекеттік халықаралық лизинг кезінде алдағы лизингтік төлемдер 
сомасы ұлттық қарызды (берешекті) санау кезінде ескерілмейді, яғни жекелеген 
елдер бойынша Халықаралық валюта қоры белгілеген, несие (кредиторлық) 
берешектерінің лимиттерін арттыру мүмкіндігі пайда болады [6]. 
Осылайша, біздің пікіріміз бойынша, лизингке тән оң тұстары, теріс 
тұстарына қарағанда анағұрлым көп, ал көптеген елдердегі лизингті дамытудың 
тарихи тәжірибесі, өндірісті жаңалаудағы, өнімдер өткізуді кеңейтудегі оның 
маңызды рөл атқаратынын растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет