Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет14/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65

Аудиторлық Дəлелдемелерге Баға Беру (Сілт: Пар. A49)

34.  Аудитор аудиттің соңына қарсы немесе сол датаға жақын уақытта жүргізілген аналитикалық шаралардың бүкіл қаржылық есептіліктің аудитордың бизнес туралы білімімен сəйкес келетіндігі туралы жалпы қорытындыны қалыптастыру кезінде алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланудың қуатталмаған тəуекелін көрсетіп отыр ма, соны қарастыруы тиіс. (Сілт: Пар. A50)

35.   Аудитор алаяқтық жағдайы біржолғы болып табыла ма, оны болжай алмайды. Бұрмаланулар анықталған жағдайда аудитор мұндай бұрмаланулардың алаяқтықты көрсетуі мүмкін бе, соны қарастырып шығуы тиіс, жəне ондай белгілер болса, аудитор осы бұрмаланулардың аудиттің өзге аспектісіне қатысты, мысалы, басшылықтың ұсынымдарының сенімділігіне тигізетін зардаптарын қарастыруы тиіс. (Сілт: Пар. A51)

36. Егер аудитор не елеулі не елеулі емес болып келетін ауытқуларды тауып алса, және аудитор ауытқулар алаяқтық нәтижесінде пайда болуы мүмкін және асшылық қатысқан болса деп сенуге себебі бар болса, аудитор алаяқтықпен туындаған елеулі бұрмаланулар тәуекелдеріне және бағаланған тәуекелдіктерге орындалуы тиіс әрекеттерге қатысты аудиторлық шаралардың сипаты, мерзімі мен деңгейіне тигізітен әсеріне қайталап баға беруі тиіс. Аудитор тағы басқамен жағдайлар немесе жағдайлардан бұрын алынған дәлелдеме сенімділігіне қайта қарау кезінде қызметкерлер, басқарау өкілеттігіне ие тұлғалар немесе үшінші жақтарды қатыстырып отыратын сөз байлам ықтималдығын көрсетсе деп қарастырып шығуы тиіс. (Сілт: Пар. A52)

37.    Егер аудитор қаржылық есептілік алаяқтық себебімен елеулі түрде бұрмаланса деп санаса немесе қорытынды жасауға қабілетті болмаса, аудитор аудиттің салдарына баға беруі тиіс. (Сілт: Пар. A53)

Келісім бойынша Жұмысын Жалғастыра Алмайтын Аудитор

38.  Егер алаяқтық немесе күдікті алаяқтық себебінен туындаған бұрмаланудың нəтижесінде аудитор аудитті жүргізу қабілетіне күмəн келтіретін айрықша жағдайларға кез болса, аудитор төмендегі əрекеттерді орындауы тиіс:

(a)  Аудиторға сол аудиторды тағайындаған тұлғаға немесе тұлғаларға немесе кейбір жағдайда реттеуші органға есеп беруді ұсыну талабының орын алуын анықтауды қоса алғанда осы жағдайларда қолданылатын кəсіби жəне заңдық жауапкершілікті қарастырып шығуы тиіс;

(b) Қызметтерді көрсетуді тоқтату мүмкіндігін қарастыруы тиіс; жəне

(c) Егер де аудитор қызмет көрсетуін тоқтатса:

(i) Басшылықтың тиісті деңгейімен жəне басқару өкілеттігіне ие тұлғалармен аудитордың қызмет көрсетуді тоқтатқаны мен оның себептерін талқылауы тиіс; жəне

(ii) Аудиторды тағайындаған тұлғаға немесе тұлғаларға немесе кейбір жағдайларда реттеуші органға аудитордың қызмет көрсетуді тоқтатуы мен оның себептері туралы есеп беруді ұсыну бойынша кəсіби немесе заңдық талаптың бар-жоғын қарастыруы тиіс. (Сілт: Пар. A54-A57)

Жазбаша түрде Қайта Ұсынулар

39. Аудитор басшылық және қажет болғанда басқару өкілеттігіне тұлғалардан төмендегі жайлар туралы жазбаша түрдегі есеп беруді ұсынуды қарасытырып шағуы қажет:

(a) Олар алаяқтықты болдырмау мен анықтау үшін ішкі бақылауды әзірлеу, енгізу және қолдауға қатысты жауапкершілігін қуаттай береді;

(b) Олар аудиторды, алаяқтық нәтижесінде қаржылық есептілік елеулі түрде бұрмалануы мүмкін екені туралы басшылықтың тәуекелге баға беруі нәтижелері туралы хабардар еткен;

(c) Олар кәсіпорынға әсерін тигізетін күдік алаяқтық немесе алаяқтық туралы хабардар еткен:

(i) Басшылық;

(ii) Ішкі бақылауда елеулі жайғасымдарға ие болатын қызметкерлер; немесе

(iii)  Егер алаяқтық қаржылық есептілікке елеусіз əсерін тигізетін болса, өзге тұлғалардың; және

(d) Олар қызметкерлер, алдағы қызметкерлер, талдаушылар, реттеушілер немесе өзге тұлғалар хабар берген субъектінің қаржылық есептілігіне әсерін тигізетін алаяқтық немесе күдікті алаяқтық туралы аудиторды хабардар етуі қажет. (Сілт: Пар. A58-A59)

Субъект Басшылығы мен Басқару Өкілеттігіне ие Тұлғалармен Қарым-Қатынас

40.   Егер аудитор алаяқтықтың мүмкін болар орын алуын көрсететін ақпаратты анықтаса немесе алса, аудитор жауапкершіліктеріне қатысы бар мәселелердің алаяқтықты анықтау мен болдырмау жөніндегі бастапқы жауапкершілігі бар тұлғаларды хабардар ету үшін бұл мəселелер туралы басшылықтың мүмкіндігінше тиісті деңгейін дер кезінде хабардар етуі тиіс. (Сілт: Пар. A60)

41. Егер аудитор алаяқтықты төмендегілердің қатысуымен анықтаса:

(а) басшылықтың;

(b) ішкі бақылауда елеулі жайғасымдарға ие болатын қызметкерлердің; немесе

(c) егер алаяқтық қаржылық есептілікке елеусіз əсерін тигізетін болса, өзге тұлғалардың.

Аудитор басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды бұл мәселелер туралы дер кекзінде хабардар етуі тиіс. Егер аудитор басшылық қатысқан алаяқтыққа күдіктенсе, аудитор бұл күдіктер туралы басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды хабардар етіп, сондай-ақ аудитті аяқтау үшін қажет болатын аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімі мен ауқымын талқылауы тиіс. (Сілт: Пар. A61-A63)

42.  Аудитор басқару өкілеттігіне ие тұлғаларда аудитордың ой-пікіріне жауапкерлікке тән болатын алаяқтыққа қатысты кез-келген өзге мәселелер жөнінде хабардар етуі қажет. (Сілт: Пар. A64)



Заң шығарушы мен Атқарушы Органдармен Қарым-Қатынас

43.    Егер аудитор алаяқтыққа күдіктенсе немесе оны анықтаса, аудитор субъектінің сыртындағы тарапты күдіктер немесе пайда болуы туралы есеп беруге қатысты жауапкершілігі бар-жоғы қажеттілігін анықтауы тиіс. Аудитордың клиенттің ақпаратына қатысты құпиялылықты сақтау жөніндегі кəсіби жауапкершілігі сол сияқты есеп беруге тыйым салуы мүмкін болса, аудитордың заңдық жауапкершілігі кейбір жағдайларда аудитор өзінің құпиялылықты сақтау жөніндегі жауапкершілікті айналып өтуі мүмкін. (Сілт: Пар. A65-A67)



Құжаттар

44.    Аудитордың субъекті мен оның ортасы туралы білімі мен аудитордың елеулі бұрмаланулар тəуекеліне баға беруі туралы құжаттамаға123 315 АХС124 сəйкес төмендегілер енгізілуі тиіс:

(а) Жоба бойынша жасақ мүшелерінің арасында субъектінің қаржылық есептілігінің алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың əсеріне түсуіне қатысты қабылданған елеулі шешімдері; жəне

(b)  Қаржылық есептілік деңгейі мен тұжырымдар деңгейіндегі алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың анықталған жəне бағаланған тəуекелдері.

45.  Елеулі бұрмаланулардың бағаланған тəуекелдеріне қатысты аудиторлық тұрғының құжаттамасына 330 АХС125 сəйкес төмендегілер енгізілуі тиіс:

(а)  Қаржылық есептілік деңгейіндегі алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың бағаланған тəуекелдеріне қатысты жалпы тұрғы жəне аудиторлық шаралардың сипаты, мерзімі мен ауқымы, сондай-ақ осы шаралардың тұжырымдар деңгейіндегі, алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмланулардың бағаланған тəуекелдерімен байланыстары, жəне


(b) Басшылықтың бақылауларды елемеу тəуекелдеріне қатысты əзірленген шараларды қоса алғанда, аудиторлық шаралардың нəтижелері.

46. Аудитор басшылықты, басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды, реттеуші органдар мен өзге тұлғаларды алаяқтық туралы хабарда еткендігін құжаттауы тиіс.

47.  Егер аудитор табысты растаумен қатысты алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың тəуекелі орын алуда деген болжам келісімнің бұл жағдайларына қатысты қолдануға келмейді деген қорытындыға келсе, аудитор мұндай қорытындының негіздемесін құжаттауы тиіс.

***


Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал

Алаяқтықтың сипаттамасы (Сілт: Пар. 3)

A1. Алаяқтық, бұрмаланған қаржылық есептілік немесе активтерді заңсыз пайдалануда ынталандыру немесе қысым жасау, оны жəне əрекеттерді тиімді ету мүмкіндігі, негіздеу ескерілген. Мәселен:

•   Қаржылық есептілік бұрмалануына ынталандыру немесе қысым орын алуы мүмкін, егер басшылық күтілген кірістерге немесе қаржылық

нәтижеге (мүмкіндігінше іске аспайтын) жету үшін субъектінің сыртындағы немесе ішіндегі көздерінің әсеріне түскен болса – атап айтқанда, басшылықтың қаржылық мақсаттарға жету қабілетімен туындайтын салдары елеулі болуы мүмкін. Осыған сәйкес, тұлғалар активтерді заңсыз пайдалануға ынталандырылуы мүмкін, мәселен, себебі тұлғалардың қаражаты асып тұр.

•   Мысалға, тұлға ішкі бақылаудағы айрықша жетіспеушіліктер туралы білімі бар немесе сенімділік жайғасымға ие болғанымен, әрекеттерді тиімді ету мүмкіндігі орын алуы мүмкін, егер тұлға ішкі бақылауды елемеуге сенсе.

•  Тұлғалар алаяқтық әрекетті жасауды негіздеуі мүмкін. Кейбір тұлғалар әділетсіз әрекетті қасақана түрде жасауға мүмкіндік беретін мінез-құлақ, жайғасымдар, немесе этикалық бағалықтар жиынтығы бар. Бірақ, өзге жолдар арқылы әділ тұлғалар, оларға тиісті түрде әсерін тигізетін ортасындағы алаяқтық әрекетін жасауы мүмкін.

A2.  Қаржылық есептілік қолданушыларды алдау үшін қаржылық есептіліктегі сомалар мен ашулар жетімсіздігін қоса алғанда, бұрмаланған қаржылық есеп беру қасақана түрдегі бұрмалануларды қамтиды. Басшылық субъектінің қызметі мен пайдалылығына қатысты аялдауларына әсерін тигізу арқылы қаржылық есептілік қолданушыларын алдау үшін кірістерді басқаруға айла іздеуі мүмкін. Басшылық ой-пікірлер тиісті емес түзетпелерң немесе болмашы әрекеттер және пікірлеріне басшылық жасаған өзгерістермен бастауы мүмкін. Қысым жасау мен ынталандыру сондай әрекеттерді олар бұрмаланған қаржылық есептілікке әсерін тигізеді деген деңгейіне дейін жетуге келтіруі мүмкін. Нарықтық аялдауларға жетуге қысым немесе қызмет негізінде өтемақыны арттыру қалауы болғанымен, басшылық қасақана түрде қаржылық есептілік елеулі түрде бұрмалануы арқылы бұрмаланған қаржылық есеп беруге келтіретін жайғасымға ие болғанда, сол сияқты жағдай орын алуы мүмкін. Кейбір басқа субъектілерде басшылықтың салықтарын азайту үшін табысын елеулі сомаға азайтуға немесе банкілік қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін табысын арттыруға себептері болуы мүмкін.

A3.  Бұрмаланға қаржылық есеп беру төмендегі арқылы аяқталуы мүмкін:

• Манипуляция, бұрмалау (оның ішінде боямалық), немесе есептік жазулар немесе қаржылық есептілік дайындалған қосымша құжаттарды өзгеріп жіберу.

•  Жағдайлар, әрекеттер немесе басқа елеулі ақпарат бойынша қаржылық есептілікті дұрыс емес ұсыну, немесе қасақана түрдегі жетімсіздігі.

•  Ұсыну немесе ашу сомалары, топтастыруы, сипатына қатысты есептік тұғырларды қасақана түрде дұрыс емес қолдану.

A4.   Бұрмаланған қаржылық есеп беру әдетте өзгеше түрде тиімді қызмет көрсететінде орын алуы мүмкін басшылықтың бақылаулар елемеуін

қамтиды. Басшылық сондай тәсілдерді қолданып, бақылауларды елемей отырып, алаяқтықты жасауы мүмкін:

•  Қызметтік нәтижелерді айла-шарғылау немесе мақсаттарға жету үшін есептік, кезең соғына жақын жазбаларды қоса алғанда, жалған журналдық жазуларды жазып қою.

•  Тиісті емес түрде түзетпелер сальдоларға баға беру үшін қолданылатын пікірлеріне өзгерту.

•   Есептік кезеңде пайда болған әрекеттер мен жағдайлар бойынша қаржылық есептілікте растауды кешіктіру, алға жылжыту, одан да айрылып қалу.

•   Қаржылық есептілікте анықтап белгіленген сомаларға әсерін тигізетін деректерді ашпау немесе жасыру.

•  Қаржылық жайғасымды дұрыс емес қайта ұсыну үшін құрылған күрделі әрекеттер немесе субъект қаржылық қызметке қатысу.

• Елеулі мен әдетте тыс әрекеттерге қатысты жазулар мен шарттарды өзгеріп жату.

A5.   Активтерді заңсыз пайдалануға кәсіпорынның активтерін ұрлау кіреді және әдетте кішігірім мен елеусіз сомаларға қатысты қызметкерлер арқылы бұрмаланады.

Алайда басшылық сонымен қатар өздерінің заңсыз қолданылуын, оларды анықтау қиын болатындай түрде бұрмалап көрсету немесе жасырып қалу мүмкіндігі көбірек болып келетін активтерді заңсыз пайдалануға қатысуы мүмкін. Активтерді дұрыс пайдаланбау əртүрлі сипатқа ие болуы мүмкін, мысалы:


  • Ысырап қылу (мысалы, дебиторлық берешекті заңсыз түрде жинақтау немесе жабық шоттардағы түсімдерді жеке банкілік шоттарға аудару);

  • Жеке активтерді немесе зерделік меншікті ұрлау (мысалы, қорларды жеке пайдалануға немесе сатуға арнап ұрлау, метал қалдықтарын қайта сатуға арнап ұрлау, бəсекелеспен төлем үшін технологиялық деректерді ашу туралы сөз байласу);

  • Субъектінің алынбаған тауарлардың немесе қызметтердің ақысын мəжбүрлі түрде төлеуі (мысалы, жалған жеткізушілерге төлеу; жеткізушінің субъектінің сауда агенттеріне көтермеленген бағалар үшін төлеген паралары, жалған қызметкерлерге төлеу); жəне

  • Субъектінің активтерін жеке пайдалануға арнап пайдалану (мысалы, субъектінің активтерін жеке қарыз немесе байланысты тарапқа қарыз беру үшін кепіл ретінде пайдалану).

Активтердің заңсыз қолданылуына көбінесе активтердің жоғалу немесе олардың тиісті бекітусіз өтелім ретінде қолданылу фактісін жасырып қалу

мақсатымен қате немесе жалған түрдегі жазбалар немесе құжаттар ілеспеленіп жүреді.



Мемлекеттік Сектор Субъекттеріне Өзіне Тән Талқылар

A6.  Алаяқтыққа қатысты мемлекеттік сектордағы аудитордың жауапкершіліктері аудитор мандатымен қамтылған жекелеген немесе мемлекеттік сектор субъектілеріне қолданылатын басқа орын, заң немесе нормативті-құқықтық нәтижесі болуы мүмкін. Атап айтқанда, мемлекеттік сектордағы аудитордың жауапкершіліктері қаржылық есептілік елеулі түрде бұрмалану тәуекелін қарастырып шығумен шек қойылмай, алаяқтық тәуекелін қарастыру жөніндегі кең жауапкершілікті қамтуы мүмкін.



Кəсіби Скептицизм (Сілт: Пар. 12-14)

A7.  Кəсіби скептицизм алаяқтықтан туындаған елеулі бұрмаланулардың бар-жоқтығына қатысты алынған ақпарат пен аудиторлық дəлелдемелерді ұдайы зерттеуді ескереді. Әзірлеуге қатысты бақылауларды жəне қажет болса олардың орындалуын қарастыруды қоса алғанда аудиторлық дəлелдеме ретінде қолданылатын ақпараттың сенімділігін қарастыруы тиіс. Алаяқтықтың сипатының салдарынан аудитордың кəсіби скептицизмді сақтауы алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың тəуекелін қарастыру кезінде өте маңызды болып табылады.

A8. Алайда аудитор субъектінің басшылығы мен басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың адалдығына қатысты өткендегі тəжірибесін толығымен елеусіз қалдыра алмағанымен, кəсіби скептицизмді сақтаған өте маңызды болып табылады, себебі жағдайлар өзгеруі мүмкін.

A9.   АХС-қа сəйкес жүргізілген аудитте егер аудитор оқытылмаған болса немесе дұрыстығын растау жөніндегі сарапшы болып табылмаса құжаттардың түпнұсқалығын растау жағдайда ескерілген.126 Алайда егер аудит барысында анықталған жағдайлар аудиторды құжат шынайы болмауы мүмкін немесе құжаттағы шарттар өзгертілген деген ойға итермелесе, аудитор оларды барынша егжей-тегжейлі түрде зерттеп шығуы тиіс:

• Аудитор тікелей үшінші жақтан алынған растауы тиіс.

• Аудитор құжаттардың түпнұсқалығын анықтау үшін сарапшылардың жұмысын пайдалануы тиіс.



Жоба бойынша Жасақпен Талқылаулар Жүргізу (Сілт: Пар. 15)

A10.  Жоба бойынша жасақ мүшелері субъектінің қаржылық есептілігінің алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың əсеріне түскендегін талқылауы тиіс:

•  Талқылау жасақтың одан да тəжірибелі мүшелеріне қаржылық есептіліктің алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың əсеріне

қалайша жəне қай жерінде түсуі мүмкін екендігі туралы өз пікірімен бөлісуге мүмкінді береді.

•  Ол аудиторға сол сияқты əсеріне түсуге қатысты əрекеттерді белгілеп жəне жасақ мүшелерінің қайсысы белгілі түрдегі аудиторлық шараларды орындайтындығын белгілеуге мүмкіндік береді.

•   Ол аудиторға аудиторлық шаралар нəтижелерінің жоба бойынша жасақ мүшелерінің арасында қалай бөлістірілетінін жəне аудитордың көңілін аулауы мүмкін алаяқтық туралы көретулерге қалай əрекет ету керек екендігін белгілеуге мүмкіндік береді.

A11. Талқылауға əдетте төмендегілер кіреді:

• Жоба бойынша жасақ мүшелерінің арасында кәсіпорынның қаржылық есептілігі алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың əсеріне қалайша жəне қай жерінде түсуі мүмкін екендігі туралы, басшылықтың қаржылық есептілікті қалайша бұрмалауы жəне соны қалайша жасыруы мүмкін екендігі туралы жəне субъектінің активтері қалайша заңсыз түрде иемделуі мүмкін екендігі туралы пікір алмасу;

•   Бұрмаланған қаржылық есептіліктің бұрмалануына əкеп соқтыруы мүмкін табыстардың айлашарғылануын жəне басшылықтың табыстарды айлашарғылауға арнап ұстануы мүмкін тəжірибесін көрсететін жағдайларды қарастыру;

•  Субъектіге əсерін тигізетін жəне алаяқтық жасау, алаяқтық жасауға мүмкіндік беру мақсатымен басшылыққа немесе өзге тұлғаларға арнап стимул тудыратын немесе соларға қысым көрсететін, сондай-ақ басшылық пен өзге тұлғаларға алаяқтықтың жасалуын оңталандыруға мүмкіндік беретін сыртқы жəне ішкі факторларды қарастыру;

•   Басшылықтың заңсыз пайдалануға түскен қолма-қол ақша мен өзге түрдегі активтерге қолы жететін қызметкерлерді қадағалау ісіне қатысуын қарастыру;

•   Басшылықтың немесе қызметкерлердің мінез-құлқы немесе өмір сүру мəнеріндегі жоба бойынша жасақтың көңілін аулаған əдеттен тыс немесе түсініксіз өзгерістерді қарастыру;

•   Бүкіл аудит барысында алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмалану мүмкіндігіне қатысты тиісті көңіл-күйді сақтап отырудың маңыздылығын басып айту;

• Өздері туындаған жағдайда алаяқтықтың орын алу мүмкіндігін көрсетуі мүмкін жағдайлардың түрлерін қарастыру;

•  Болжамсыздық элементінің өздерін орындау қажет болатын аудиторлық шаралардың сипатына, мерзімі мен ауқымына қалай енгізілуі мүмкін екендігін қарастыру;

• Субъектінің қаржылық есептілігінің алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың əсеріне түсу мəселесін шешу үшін жəне басқасына

қарағанда барынша тиімдірек шараларды анықтау үшін таңдалып алынуы мүмкін аудиторлық шараларды қарастыру;

•   Аудитордың көңілін өзіне аударған алаяқтық туралы көрсетулердің барлығын қарастыру;

•   Басшылықтың бақылауды елеусіз қалдыру тəуекелін қарастыру.

Тəуекелдерге Баға Беру Жөніндегі Рәсімдер және Байланысты Іс-Шаралар

Өкілетті тұлғалардың қадағалауы туралы сауалнама алу

Басшылықтың Алаяқтықпен Туындалған Елеулі Түрдегі Бұрмаланулар Тәуекеліне Баға Беруі (Сілт: Пар. 17(a))

A12.  Басшылық субъектінің ішкі бақылауы мен қаржылық есептіліктің əзірленуіне жауапкершілікте болады. Аудитор басшылықтан алаяқтықтың тəуекелдері мен сол тəуекелдерді болдырмау мен анықтау үшін қолданылып жатқан бақылауларға қатысты пікірін білуі тиіс. Басшылықтың мұндай бақылаулар мен бақылауларға баға беруінің сипаты, ауқымы мен жиілігі субъектіге байланысты өзгеріп отырады. Кейбір субъектілерде басшылық мұндай баға беруді жыл сайын немесе тұрақты түрде мониторинг жүргізу кезінде жүргізіп отыруы мүмкін. Басқа субъектілерде басшылыққа қатысты берілген баға шамалы ресми жəне жеке сипатқа ие болуы мүмкін. Басшылықтың баға беруіның сипаты, ауқымы және жиілігі өздері аудитордың субъектінің ішкі бақылау ортасын білуіне сәйкес болып табылады. Мысалы, басшылықтың алаяқтықтың тəуекеліне қатысты баға бермегені туралы факті кейбір жағдайда басшылықтың ішкі бақылауға жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін көрсетеді.

Кішігірім Субъектілерге Өзіне Тән Көретулер

A13.  Кейбір субъектілерде, көбінесе кішігірім субъектілерде, басшылықтың баға беруі қызметкердің немесе активтерді заңсыз пайдалану тәуекелдерін басып отыр.

Басшылықтың субъектідегі алаяқтық тəуекелдерін қалай анықтап жəне қалай əрекет ететіндігі туралы үдеріс (Сілт: Пар. 17(b))

A14.  Бөлімшелері əр түрлі жерлерде орналасқан компанияларға қатысты аудитор өндірістік бөлімшелердің немесе бизнес-сегменттердің мониторингісінің әр түрлі деңгейлерін қамти алады. Басшылық алаяқтық тəуекелінің орын алу ықтималдығы көбірек болып келетін өндірістік бөлімшелер немесе бизнес-сегменттер бойынша сұрату жасауы тиіс.

Басшылықты, субъекті шеңберіндегі өзге тұлғаларды сұрату (Сілт: Пар. 18)

A15. Аудитор қызметкерлердің алаяқтығынан туындаған қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануларының тəуекеліне қатысты пайдалы ақпаратты беруі мүмкін. Мұндай сауалнамалар басшылықтың алаяқтығынан туындап отырған қаржылық есептіліктің елеулі бұрмаланулары тəуекеліне қатысты пайдалы ақпарат бере алмайды. Мұндай сауалнама аудиторға

өзін басқаша түрде хабарлау мүмкін болмайтын ақпаратты хабарлау мүмкіндік беруі мүмкін.

A16. Өздеріне аудиторлар алаяқтықтың орын алуы немесе соған қатысты күдік туралы сұратулар жібере алатын субъекті шеңберіндегі өзге тұлғаларға төмендегілер жатады:



  • Қаржылық есептілікті ұсыну процесіне тікелей қатыспайтын өндіріс қызметкерлері;

  • Уəкілеттік деңгейі əртүрлі болып келетін қызметкер;

  • Ауыр немесе əдеттен тыс əрекеттерді орындауға, өңдеуден өткізу мен көрсетуге қатысатын қызметкерлер, сондай-ақ осындай қызметкерлерді қадағалайтын немесе солардың мониторингін жүргізетін тұлғалар;

  • Ішкі заңды қызметкер;

  • Əдептану жөніндегі аға қызметкер немесе соған баламалы жайғасымды алып отырған тұлға;

  • Алаяқтық туралы көрсетулермен байланысты мəселелерді шешуге қатысатын тұлға немесе тұлғалар.

A17. Басшылық әдетте алаяқтықты болдырмау мен анықтау жөніндегі ең жақсысы жайғасымға ие болып келеді. Басшылардың сұратуларға арналған жауаптарына баға беру кезінде аудитор басшылықтың алаяқтық жасау үшін тиімді жайғасымға ие болатындығын мойындаумен кəсіби салқынқандықты сақтауы тиіс.

Ішкі бақылауы туралы ақпарат алу (Сілт: Пар. 19)

A18. 315 АХС мен 610 АХС талаптарды бекітіп, ішкі аудит қызметі бар болып келетін анау субъектілердің аудиттері бойынша нұсқалықты қамтамасыз етіп отырады.127 Алаяқтыққа қатысты АХС талаптарын орындау кезінде аудитор төмендегіні енгізіп айрықша ішкі аудит шараларын талап етуі мүмкін. Мысалы:

• Ішкі аудиторлардың жыл бойы алаяқтықты анықтау жөніндегі орындаған шараларды.

• Басқару өкілеттігіне ие тұлғалар анау шаралар салдарынан кез-келген сұратуларға қанағат етерліктей жауап берген бе.



Басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың қалай қадағалайтындығы туралы ақпарат алу (Сілт: Пар. 20)

A19. Субъектінің басқару өкілеттігіне ие тұлғалары тəуекелдердің мониторинг жүйелерін, қаржылық бақылау мен заңдарға сəйкес болуына қатысты қадағалау үшін жауапкершілікте болады. Көптеген елдерде корпоративтік басқару тəжірибесі жеткілікті дəрежеде жақсы əзірленген жəне басқару

өкілеттігіне ие тұлғалар субъектінің алаяқтық тəуекелдері мен ішкі бақылауға баға беруін қадағалауда белсенді роль атқарады. Басқару өкілеттігіне ие тұлғалар мен басқарманың жауапкершілігі елге жəне субъектіге байланысты өзгеріп отыратындықтан, аудитордың тиісті қызметкерлер жүргізетін қадағалау туралы ақпарат алу үшін олардың жауапкершілігін білгені өте маңызды.128

A20. Басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың қадағалайтыны туралы білгені субъект басшылығы алаяқтығы тəуекелінің əсеріне түскендігі, ішкі бақылаудың сəйкестігі, басқарманың құзырлығы мен адалдығы туралы ақпаратты беруі мүмкін. Аудитор бұл ақпаратты кездесулерге қатысу тəрізді шараларды орындау арқылы алуы мүмкін, аталмыш кездесулерде талқылаулар жүргізіліп, кездесулердің хаттамалары қарастырылады немесе басқару өкілеттігіне ие тұлғалардан жауап алынады.

Кішігірім кәсіпорындарды қарастыру

A21. Басқару өкілеттігіне ие тұлғаларға көбінесе субъетіні басқаруға қатысты болып табылады. Басқару өкілеттігіне ие тұлғалар ол дəл сондай қызметтерді орындап, басқарма рөлін атқарған жағдайда, бұл көбінесе шағын компанияларға қатысты болып табылады. Бұл жағдайларда, басқармадан тыс қадағалау жоқ болғандықтан, әдеттегідей аудитор ешқандай әрекет жасамайды.



Басқа ақпаратты қарастыру (Сілт: Пар. 23)

A22. Аналитикалық шараларды қолданумен алынған ақпаратқа толықтыру ретінде аудитор субъекті мен оның ортасы туралы өзге алынған ақпаратты қарастырып шығуы тиіс, ол алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулар тəуекелін анықтау кезінде пайдалы болуы мүмкін. Жоба бойынша мүшелердің арасындағы талқылау осындай тəуекелдерді анықтау кезінде көмегін тигізетін ақпаратты ұсынуы мүмкін. Сонымен қатар, клиентпен қатынастарды қабылдау мен оларды ұзарту жөніндегі аудиторлық шаралардан жəне субъектіге арнап орындалған өзге келісімдерден алынған тəжірибеден алынған ақпарат, мысалы, аралық қаржылық ақпаратқа шолу жасау жөніндегі келісімдер алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулар тəуекелін анықтау кезінде көмегін тидіруі мүмкін.


Алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың тəуекеліне баға беру (Сілт: Пар. 24)

A23. Алаяқтық жасырылған деген факті əдетте оны анықтауды қиындатады. Алайда аудитор алаяқтық жасау немесе алаяқтық жасау мүмкіндігін ұсыну мақсатындағы стимулдың немесе қысым көрсетудің орын алғандығын көрсететін жағдайларды белгілеуі мүмкін. Мысалы:

•   Қосымша капиталдық қаржыландыруға ие болу үшін үшінші жақтардың талаптарын орындау қажеттігі алаяқтық жасау мақсатындағы қысымды тудыруы мүмкін;

•   Мүмкін емес табысқа қол жеткізу кезіндегі елеулі бонустарды ұсыну алаяқтық жасау мақсатындағы стимулды тудыруы мүмкін; жəне

•   Бақыланатын орта тиімсіздігі алаяқтық тудыруы мүмкін.

A24. Тəуекелдер факторлары міндетті түрде алаяқтықтың орын алып отырғандығын көрсетпегінімен, олар алаяқтық жасалған жағдайларда жиі түрде орын алып жатады. Алаяқтық тəуекелі факторларының маңыздылығы өзгеріп отыруы мүмкін. Соған сəйкес, аудитор алаяқтық тəуекелі факторларының орын алғандығын жəне ол алаяқтықпен туындалған қаржылық есептіліктің елеулі бұрмаланулар тəуекеліне баға беру кезінде ескерілуі тиіс пе соны анықтау кезінде кəсіби скептицизмді сақтайды.

A25. Бұрмаланған қаржылық есептілік пен активтерді заңсыз пайдалануға жататын алаяқтық тəуекелі факторларының мысалдары осы АХС-ның 1-қосымшасында келтірілген. Тəуекелдер факторларының бұл мысалдары əдетте алаяқтықтың орын алуы кезінде орын алатын үш жағдайдың негізінде жіктемеленеді:

• Алаяқтық жасау мақсатымен стимул жасау немесе қысым көрсету;

• Алаяқтық əрекетті оңтайландыру мүмкіндігі; және

• Алаяқтық әрекетті негіздеу бойынша қабілеті.

Алаяқтық əрекеттің оңтайландырылу мүмкіндігін көрсететін факторлар аудитордың бақылауына түспеуі де мүмкін. Алайда аудитор мұндай ақпараттың орын алғандығы туралы білуі мүмкін. 1-қосымшада сипатталған алаяқтық тəуекелінің факторлары аудитордың алдында кездесетін жағдайлардың көптеген нұсқаулары қамтылған, олар тек мысал болып қана табылады жəне өзге де тəуекел факторлары болуы мүмкін.

A26.  Субъекті меншігінің көлемі, күрделілігі мен сипаттамалары алаяқтық тəуекелінің факторларын қарастыруға əртүрлі əсер етеді. Мысалы, объект ірі болған жағдайда аудитор əдетте басшылықтың сəйкес емес түрдегі мінез-құлқы факторлары болуы мүмкін:

• Басқару өкілеттігіне ие тұлғалар тиімділігін.

• Ішкі аудиттің тиімділігін.

• Ресми мінез-құлқы кодексінің орын алуы мен орындалуы.

Оның үстіне, бизнес-сегмент деңгейіндегі алаяқтық тəуекелдігіне қатысты факторлар бүкіл кәсіпорынның деңгейіндегі орынды өзгеше ақпаратты ұсынуы мүмкін.

Кішігірім кәсіпорындарды

A27. Кәсіпорын шағын болып табылатын жағдайда осы факторлардың кейбірі немесе барлығы тиімсіз немесе маңыздылығы төмен болуы мүмкін. Мысалы, шағын к2с3порында мінез-құлық кодексінің жазбаша нұсқасы болмауы да мүмкін, алайда ауызша нысандағы хабарлаулар мен басшылық көрсеткен үлгі арқылы адалдық пен этикалық мінез-құлқының маңыздылығын көрсететін мəдениет орнатылуы мүмкін. Бір адамнан құралатын басшылық шағын субъектіде əдетте басшылықтың ішкі бақылауға немесе қаржылық есептіліктің ұсынылу процесіне өздігінен əсер ете алмайтындығы дегенді білдірмейді. Кейбір кәсіпорындарда басшылықтың бекіту қажеттігі əлсіз бақылалулардың орнын толтырып қызметкерлердің алаяқтық жасау тəуекелін азайтады. Алайда жалғыз адамнан құралатын басшылық потенциалды əлсіз тарап болып табылуы мүмкін, себебі басшылық бақылауларды айналып өтуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет